Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Онайгул апай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.97 Кб
Скачать

3. Лоббист қызметі

Лоббистер қызметінің бүгінгі таңда да өзекті болып отырғандығының басты себебі парламенттегі партиялар қоғамдағы саяси және әлеуметтік жағдайлардың иірімдеріне көп бойлай бермейді. Лоббистік топтар солардың назарынан тыс қалып жатқан шешімін күткен мәселелерді көтереді. Билікке ықпал етудің партиялық және лоббистік жүйесі өркениетті, құқықтық, демократиялық мемлекетте әлеуметтік және басқа да мүдделер мен қажеттіліктердің дер кезінде жүзеге асырылуына мүмкіндік береді. Бүгінгі таңдағы лоббизм – бұл жабық жағдайдағы іс-қимыл ғана емес, ол деректемелер жүйесі, тиісті заңдылықтарды қабылдаттыруға қоғамның әртүрлі саласындағы қоғамдық игілікті жасап жатқандардың әрқайсысы өз саласы бойынша ұсыныс айтып, талаптар қою арқылы қатыса алуының механизмі, дәлелдемелер мен деректер жүйесі.

Лоббистік ұйымдар негізінен жеке меншік институттар болып келеді. Олар парламенттердің жанынан немесе үкіметке қолжетімді жағдайда ұйымдасады. Бірақ лоббистік ұйымдар толықтай өздерін өздері қаржыландыруы тиіс.

Бүгінгі таңдағы лоббизм жан-жақты дамыған, оның қазіргі кездегі талаптарына сай түрлі формалары мен әдіс-тәсілдері де жеткілікті. Олардың ішіндегі әлемдік тәжірибеде ең жиі қолданылатын технологиялары мыналар:

  • ақпарат жинау;

  • ақпаратты заң шығарушыларға ұсыну;

  • Парламенттің белгілі бір мәселеге қатысты отырыстарына қатысуға рұқсат алып, көзделіп отырған мәселе бойынша баяндама жасау;

  • дайын заң жобаларын ұсыну;

  • заң жобаларын даярлауға қатысу;

  • бұл қарастырылып отырған заң жобасы нақты бір депутаттың оның сайлау округінде қандай жағдай туғызуы мүмкіндігі туралы сол депутатқа ақпарат беру;

  • ресми емес байланыстар орнату;

  • үгіт-насихат кампаниясын ұйымдастыру;

  • хат жазу, телефон соғу, жедел хат жіберу;

  • сайлау науқанын қаржыландыру;

  • сайлау науқанын өткізуге қатысу;

  • беделді сайлаушылар арқылы заң шығарушыларға ықпал ету;

  • бірнеше ұйымның біріккен лоббизмі (ұжымдық лоббизм);

  • мемлекеттік лауазымды қызметке тағайындау үдерісіне ықпал ету;

  • ведомстволарды саяси жағынан қолдау;

  • ақылдастар алқасы арқылы ықпал ету;

3.1.Лоббистке қойылатын талаптар:

Лоббист ең алдымен өз қызметінің басым бағыты мен негізгі стратегиясын анықтап алуы тиіс. Ол үшін мыналарды нақты білуі керек:

  • осы мәслеге байланысты талқыланатын жағдайлар;

  • заң шығарушылық үдерісінің ерекшеліктері;

  • лоббистің заң шығарушылармен тіл табыса алуы;

  • бюджет айқындаудың үдерісі;

Сондай-ақ лоббист кәсіби маман ретіндегі өзіне қойылатын мынадай талаптарды естен шығармауы тиіс:

- ақпараттарды тасымалдаушы;

- белгілі бір мәселе бойынша жетіспейтін ақпаратты толықтырушы;

- ақпарат жеткізуде басқалардың алдында жүру;

- тиісті ақпаратты тиісті жеріне ең қысқа жолмен жеткізе алу;

- қашан да өз орнынан табылу;

- қашан да «оқиғаның дәл ортасынан» табылу;

- қандай да бір талап не ұсыныс жасағанда шектен шығып кетпеу;

- іс-қимылға барынша жедел кірісу, уақыт жоғалтпау;

- жұмысты аса ұқыптылықпен және үлкен жауапкершілікпен атқару;

- жұртшылықтың сенімін ие болу, жұртшылықты өз сөзіне ұйыта білу;

- танымал болуы;

- өзі көтеріп отырған мәселе жөнінде екіұшты ой айтпау, немесе біресе олай деп, біресе бұлай деп тайғанақтық танытпау;

- мәселені асырып, көпіршітіп айтудан сақтану, мақсатқа жету үшін алдап-арбап, жалған деректер ұсыну – лоббист жұмысы үшін аса қауіпті екендігін естен шығармау;

- өзіңе-өзің сенімді болып, өз жұмысыңа және көтеріп отырған мәселеңе өзіңнің лайықты екендігіңді сезініп жүру;

- бір-біріне пікірлері мен ұстанымдары жағынан ұқсас адамдары таныстыру, бұл осы мәселе жөнінде кеңірек пікір алысуға және ынталы топтың қатарын көбейтуге септігін тигізеді;

- лоббистік жұмысын айқайламай, жұртшылықты елеңдетпей, тыныш қана атқару;

- сол мәселеге қатысты өзінің біліктілік тұрғысынан лайық болуы – лоббистің бірінші қажеттілігі;

- лоббист мәселені жеткізгенде ауызша болсын, жазбаша болсын, мазмұнды да нақты сөйлеуі керек.

4.3.Қызғылт PR

Қызғылт PR-дың міндеті – өз объектісі туралы «ғажайып» нәрсені елестету, жарқын болашаққа сендіру. Ол қай тарапқа болса да қандай да бір зиян келтіруді мақсат етпейді. Қызғылт PR, әсіресе, қоғамда қандай да бір себептерге байланысты ауыр жағдай орныққанда қолданылады.

«Дамыған елдерде қандай ұйым болса да өзінің өткен шағы туралы тартымды тарих жасақтауға ерекше маңыз береді. Фирма туралы имидждік роликтерде оның өнімдері фирма өмірге келген кездерден басталған тарихымен қоса өріліп беріледі. Өйткені тұтынушының санасына «өткен шағы жоқтың болашағының болуы да екі талай» деген стереотип әбден орнығып қалған.

Әрине, фирманың тарихы соншалықты қызғылықты бола қоймауы мүмкін. Бірақ оған аңыз қосып әспеттеп, алғаш жұмыс істеген адамдар мен фирманың ең алғашқы өнімдері туралы, кейбір сәтсіздіктер туралы, бәсекелестері мен олармен болған қақтығыстар, ақыры осы жолда құрбан болып кеткен адам немесе қандай да бір материалдық шығын туралы тартымды аңыз-өмірбаян құрастыруға болады. Фирманың өмір сүріп кетуі жолында құрбандықтардың болғаны барынша айқын көрініс табуы керек. Онсыз тұтынушылар сіздің аңызыңызға сене қоймайды.

Қазақстанда бір фирма шығарған айранның қорабында айранның о баста жұртшылыққа қалай таралып кеткендігі жөнінде аңыз келтіріліпті. Аңызда айран ұйытуды баяғы заманда Қап тауының тұрғындары ойлап тапқандығы, олардың айран ұйытқысын даярлаудың әдістерін құпия сақтап келгендігі, бір батыр жігіт айранның қалай ұйытылатынын білу үшін Қап тауының қызына үйленгендігі туралы баяндалады. Өкінішке орай бұл аңыздың Қазақстан мен Орта Азия тұрғындары тұтынушылары үшін кері ықпал ететіндігі анық. Бәлкім, осы иелерінің отанында солай жазылған шығар, ал өмір бойы мал шаруашылығымен айналысқан қазақстандықтар мен ортаазиялықтар айранды кавказдықтардан үйреніп қайтеді, олардың атам заманнан бері келе жатқан өз технологиялары бар. Сондықтан аңызды ойлап тапқанда өнімнің сатылатын географиялық, этнографиялық, ұлттық-салт-дәстүрлік тарихын танып барып, шындыққа жанастыра, тарихи деректерді саралай, біреудің ашу-ызасына тиіп кетпей құрастырғанда ғана ол қызғылт PR-дың қызметін атқара алады.

Пиартанушылар аңызды құрастырғанда мынадай жағдайларға басымдық берілуі керек дейді:

  • осы жағдай туралы аңызда: Кім? Қашан?Неліктен? Қалай? Неге? деген сұрақтарға жауап табылуы тиіс;

  • осы тарихи деректің жазылуы туралы дерек, яғни: бұл деректі кім тапты? Бұл не үшін керек болды? Ол мұны қалайша жүзеге асырды? Ол мұны неліктен жазып қалдырды?

  • аңызға өзек болып отырған тарихи заттың өзі туралы: Ол қай жерде сақталған немесе сақтаулы тұр? Оған сараптама жасалған ба?

4.4.Сұр PR

Сұр PR ақ пен қараның ортасынан шыққан деп айтуға келетін бағытты ұстанады. Дегенмен мұның қызметі де ақтан гөрі қара PR-ға жақынырақ болады. Қара PR-дың мақсатын былайғы жұрт түсініп отырады, ақ PR-дың мақсаты өзінің мазмұнына қарай белгілі болып тұрады. Ал сұр PR-дың не мақсат көздеп тұрғаны түсініксіздеу, жасырын болып келеді. Ол әлде бір жағдайды қолдайтын да сияқты, қолдамайтын да сияқты. Осындай әдісі арқылы сұр PR адиторияны өз уысына түсіріп алуды көздейді. Сұр PR да өсек тарату, нақтыланбаған деректерді ұсыну, сол арқылы қандай да бір компанияның немесе ұйымның жұмысына күдік келтіру сияқты әрекеттерді жүзеге асырады.

Сұр PR бір жағынан өзінің негізгі тегін көрсетпей тұратын жарнаманың да қызметін атқарады. Ол негізгі объектісі туралы жанамалай ғана айтып өтіп, ымдап көрсеткендей нышан танытады.

Википедияда сұр PR-ға мынадай анықтама берілген: «қара PR-ға қарағанда ол ашықтан ашық алдап-арбауды мақсат етпейді. Мысалы, қандай да бір тұлғаға немесе ұйымға қатысты қайғылы оқиға болғандығын баяндайды да, оның қандай ұйымның офисінде немесе офисінің жанында, кейде қандай да бір аты шулы тұлғаның туған ауылында болғандығы туралы баяндалады».