Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Онайгул апай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.97 Кб
Скачать

3.4.1. Пресс-кит.

Пресс-кит – бұл бұқаралық ақпарат құралдарына тарату үшін жасақталатын ақпараттық құжаттар кешені. Оның құрамында ұйым туралы немесе белгілі бір жоба әлде жеке тұлға тура – қысқасы PR-объекті туралы мәтіндік, аудио және визуалды құжаттар жиынтығы. Бұл құжаттар негізінен көрмелерде, дөңгелек үстел өткізілгенде, пресс-турларда, кездесулерде, акционерлердің бас қосуларында таратылып беріледі. Пресс-кит дайындаудағы мақсат – оқиға немесе қандай да бір саяси немесе экономикалық немесе халықаралық шара, жоба, өнім, жеке тұлға туралы БАҚ өкілдерін нақты деректермен хабардар ету. Пресс-кит те PR-объекті туралы жан-жақта ақпараттар беріледі, оның нақты бір ұжымда болып жатқан жаңалықтар, оның өндірген өнімі туралы, тағы да басқа қызмет көрсетулер жайында, мекеменің немесе өнімнің тарихы туралы да деркетер барынша тартымды етіп баяндалады.

Пресс-кит құрамында мынадай құжаттар болады:

- іс-шара бағдарламасы;

- баспасөз парағы;

- басшының немесе PR-объекті ретіндегі жеке тұлғаның өмірбаяны;

- брошюра;

- деректер парақшасы;

- шақырылған қонақтар тізімі;

- іс-шараға басшылық ететін жауапты адамдармен сұхбат;

- БАҚ өкілдеріне арналған өтініштер мен тілек-талаптар.

Пресс-киттің қандай іс-шараға арналып отырғандығына байланысты оның құрамындағы құжаттар қатарына шараның өткізілетін орнының карта-схемасы да кіреді.

3.4.2. Ньюс-кит

Ньюс-кит – белгілі бір іс-шараның өткізілуіне орай жасақталатын құжаттар салынған арнайы папка. Оның ішкі жағында іс-шара материалдары салынатын қалташалары болады, олардың сыртына әдетте баспасөз мәслихатына қатысатын тұлғалардың визиттік карточкалары қыстырылып қойылады.

Коммерциялық емес ұйымдар баспасөз мәслихатын өткізген кезде өткізілгелі отырған іс-шараға қаржылық немесе ақпараттық қолдау көрсеткен коммерциялық ұйымдар мен БАҚ-тардың логотиптерін ньюс-киттің ішкі немесе сыртқы жағына орналастырады. Ал олардың қатарында нарыққа көптеген өнімдер сериясын шығаратын коммерциялық ұйымдар бар болса, бұл ұйымның логотипімен қоса, олар өндіретін өнімдердің сауда маркаслары да көрсетіледі.

Ньюс-китке салынатын құжаттар негізінен мыналар:

  • медиа-китке салынған құжаттардың тізбесі көрсетілген парақша;

  • осы іс-шараға шақыру қағазымен қоса жіберілген меди-релиз;

  • өткізілетін іс-шара туралы кеңірек ақпарат беретін медиа-релиз, мұндай медиа-релиздер осы шара туралы көлемді материалдар даярлайтын журналистерге арналады;

  • осы іс-шараны өткізуге жауапты тұлғалардың өмірбаяндық қысқаша деректері;

  • іс-шараға қатысатын ұйымдар өкілдерінің сөйлейтін сөздерінің мәтіндері;

  • бэкграундер немесе деректер парақшасы;

  • іс-шараның тақырыбына байланысты парақшалар немесе брошюралар;

  • мекеменің паблик рилейшнз бөлімі жарыққа шығаруға даярлаған мақалалалар мәтіні;

  • фотосуреттер, кестелер, сызба көрсеткіштер;

  • іс-шараға қатысатын ұйымдар өкілдерінің визит-карточкалары;

  • өнімнің жарнамалық шағын кескіндері, фирма туралы CD-дисклері ;

  • фирманың логотипі бар естелік блокноттар, қалам, пластик қалталар.