Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Онайгул апай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.97 Кб
Скачать

Қоғаммен байланыс саласындағы зерттеулер.

Негізгі ұғымдар:

- жұртшылықпен шынайы байланыс орнатудағы мақсат – көпшіліктің шынайы қолдауына ие болу;

-PR – бұл кейбір жобалардың, сондай-ақ жобаға қатысушылар мен оны қоршап тұрған сыртқы ортаның осы жобаны табысты жүзеге асыру мақсатында өзара ішкі қарым-қатынасын үйлестіруге бағытталған ақпараттық-сараптамалық және іс-қимылдық-технологиялық жүйе;

-қарашы – халық пен биліктің арасында байланыс орнатушы.

Осы саланың аты-шулы білгірі, пиар-теоретиктерінің бәрі құдайдай көретін америкалық Сэм Блэктің қысқа ғана тұжырымы бойынша «жақсы PR-сыз демократияның болуы мүмкін емес». PR-дың сан қыры, Сэм Блэк айтқандай, демократияға қызмет етуі тиіс. Бұл тұжырым PR-дың нағыз демократиялық сипатын айқындап тұр. Өйткені жұртшылықпен байланыс тек қана демократиялық қоғамда мүмкін болады. Олай болатын себебі жұртшылықпен шынайы байланыс орнатудағы мақсат – көпшіліктің шынайы қолдауына ие болу. Ал жұртшылық өзімен байланысқысы келетіндердің мақсат-мүддесі өзінің мақсат-мүддесіне сай келмесе, онымен байланыс орнатуға ынталы бола қоймайтыны түсінікті. Яғни, екі жақты байланыс үзіледі.

Г.Г.Почепцов тоталитарлық жүйедегі ақпараттың қызметін былайша түсіндіреді: «PR өз мәнінде екі жақты байланыс орнатуды мақсат етсе, біз өмір сүрген әкімшілік-әміршілік жүйе тек тікелей, яғни бір жақты байланысқа сүйенді. Ол жүйеде билік қажетті ақпаратты көпшілікке жеткізсек болды, арғы жағы автоматты түрде өзінен өзі үйлесуі тиіс деп есептеді». Яғни, халыққа керек пе, керек емес пе, немесе тиімді ме, тиімді емес пе, ол жағы билікті аса мазаламайды, билік айтты, бітті, ол дәл солай орындалуы тиіс.

Ресейлік пиартанушы А.Н.Чумиков "PR – бұл кейбір жобалардың, сондай-ақ жобаға қатысушылар мен оны қоршап тұрған сыртқы ортаның осы жобаны табысты жүзеге асыру мақсатында өзара ішкі қарым-қатынасын үйлестіруге бағытталған ақпараттық-сараптамалық және іс-қимылдық-технологиялық жүйе» деген анықтама береді [3].

Осындай анықтамаларға зер салып отырсақ, жұртшылықпен байланыстың біздің тіршілігіміздегі аса маңызды рөлін байқау қиын емес. Демек, бұл туралы әр саланың мамандары мен әр саланың зерттеушілері өзіндік түйін жасап, оның ғылыми тұжырымдамасын қалыптастыруға тырысқан. Бірақ бәрінің тоғысатын түйіні біреу-ақ, яғни, жұртшылықпен байланыстың үйлесімді кілтін табу арқылы қоғамдық даму барысындағы қиын түйіндерді шешуге жол ашылады.

Ресейлік пиартанушы Г.Почепцов «Басқа адаммен қандай да бір қарым-қатынасы бар кез келген адам қалай да PR-ға жүгінуге мәжбүр» деген америкалық Ф.Зейтель деген пиаршының сөзінің астын сызып тұрып көрсетеді [5. 12].

Дегенмен сол Ф.Зейтельден де бұрын Шығыстың ұлы ғұламасы, жұртшылықпен байланыс теориясының негізін қалағандардың бірі, өз бабамыз әл-Фараби «Адам жаратылысындағы қасиеттің бірі сол – ол өзінің көздегеніне талпынуда басқа адаммен немесе басқа жұртпен байланыс жасайды. Кез келген адам осындай жағдайда болады» деп бұқарамен байланыстың негізін ашады. әл-Фараби өзінің осы тұжырымын тереңдете отырып, «басқа жұртпен байланысты» зерттейтін жаңа ғылымның пайда болатындығын да нақты айтып, былай деген: «...сондықтан әрбір адам өзінің шамасы келерлік кәмелетке жету үшін басқа адамдардың қоршауында болуға және солармен бірігуге мұқтаж болады. ...Сосын осы ақыл бастамаларды, сонымен қатар адамның кәмелеттікке жетуіне дем беретін әрекеттері мен қасиеттерін зерттейтін басқа ғылым мен басқа білім пайда болады. Бұдан азаматтық ғылым туады» дейді [6. 441]. Ал PR дегеніміз – нағыз азаматтық ғылым, азаматтық, демократиялық іс-қимыл.

Айви Ли қандай да бір ұжым не мекеме үлкен сынға ұшыраса, одан шығудың жалғыз ғана қадамы өзі жайлы шын және нақты ақпарат беру екендігін түсіндірді. Және бұқараны үгіттей бергенше, компания өзіне деген көпшіліктің сенімін орнықтыру керек деген пікірде болған. Егер компания кінәлі болса, көпшілік алдында өз қателігін мойындай білуі де қажет екендігіне ерекше назар аударды.

Қазақтың «қарашы» деген көне сөзі бар. Бұл сөз Бұқар жырауда да, Махамбет жырларында да кездеседі. Мысалы Бұқар жырау жырларындағы: Уақытыңыз толғанда, Қарашың қашар қасыңнан, немесе Ханның жақсы болмағы – қарашының елдігі, - деген жолдардағы қарашының [2. 35] ханның әрбір ісінің халықтың қолдауына ие болуына мүмкіндік жасап беретін адам ретіндегі қызметі айқын көрініп тұр, яғни, қарашы ел басқарған адамның әрдайым ақылдасып отыратын, ел мен ханды байланыстырып отыратын әрі кеңесшісі әрі байланысшы қызметін атқарған. Бұл туралы академик Рабиға Сыздықова «Сөздер сөйлейді» атты зерттеу еңбегінде былай деп келтіреді: «Қарашы сөзі көбінесе хан сөзімен қатар жүреді: «Хан – қазық, қарашы - азық», «Хан қасында қарашың болса, Қара жерден кемең жүрер», «Ханды құдай алайын десе, қарашысымен қас болар», «Ханның ісі қарашыға да түседі». Бұл мақал-мәтелдерге қарағанда қарашы – хан қасындағы адам, яғни қарашы сөзі ханды сағалаған, соған қызмет еткен, соған бағынышты, бірақ саяси-праволық және экономикалық жағынан басы азат қоғамдық топ уәкілі дегенді білдірген. ...Тарғын батыр («Ер Тарғын» жырындағы) өз ханына ренжіп: қадір білмес сен итке, қарашы болып нетемін, - дейді. ...Қасым ханы Оразмұхамедтің оң тізесін басқан (оң жағында отырған) жалайырдан шыққан биі, шежіреші Қадырғали Қосымұлы өзін Оразмұхамедтің қарашысымын дейді» [3. 86]. Жоғарыдағы келтірілген мақал-мәтелдердің ішіндегі «Хан қасында қарашың болса, Қара жерден кемең жүрер» деген мақал бүгінгі PR маманы қызметінің дәл мағынасын беріп тұр. Жұртшылық пен басшылықтың арасының кілтін тауып байыппен тіл табыстырса, «қара жерден кеме жүрердей» болып, қандай бір қиын іс те оңға басады дегенді айтып тұрған бұл мақал бұқарамен байланыстың қандай жолдардан өтіп келгендігін көрсететін нақты дерек. Осыған қарап «қарашы» деген сөздің түп-төркіні «қара халықпен жұмыс істейтін адам» деген мағынадан бастау алатын болар деп те пайымдай аламыз. Бұл сөздің «қара, қарау» етістігімен байланысы да болуы мүмкін. «Қараушы, байқаушы, бақылаушы», яғни, жан-жақтағы жағдайды бақылау, қалың көпшіліктің ішінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды немесе қара халықтың көңіл ауанын бақылау қызметін атқарушы адам деген мағынаны да беріп тұр дей аламыз. Махамбет кезінде Жәңгір ханның сарай ақыны болған еді. Сарай ақынының міндеті – ханның халық алдындағы жағымды образын жасау. Махамбет солай жасады да. Бірақ ел ішінің ауыр жағдайы мен саяси мәселелердегі хан мен екеуінің келіспеушілігінен Махамбет халықтың жоқшысы болып, ханның қысымынан зардап шегіп отырған халық жағына шығып кетті. Жай-қоныстан айрылып, Мен бір қаңғып жүрген қарашы, - деген жолдар соның куәсі. Демек, қоғаммен байланыс ежелден өзіндік ұғымдар жиынтығын құраған, өмір сүру қағидаттарын бойына жинақтаған ғылым. [4. 116].

3.4. БАҚ-қа арналған құжаттар