Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Онайгул апай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.97 Кб
Скачать

Өндірістік сегмент және оның міндеттері

Негізгі ұғымдар:

-макросегменттеу - мұнда тұтынушылар жеке мемлекет, ірі аймақтар шеңберінде қарастырылады. Олардың табиғи-географиялық орталары, экономикалық потенциалы, шаруашылық құрамдары, жетекші басты салалары, технолгиялық даму деңгейі есепке алынады.

-микросегменттеу - түрлерін белгілі бір мемлекеттің ішкі ерекшеліктеріне сәйкес бөледі. Онда экономикалық аудандардың кәсіптік бағдарға қарай мамандандырылуы, олардың жергілікті ерекшеліктері, сол жерді мекендейтін халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, салт-дәстүрлері мен өндіріс жаңалықтарына деген өзіндік көзқарастары сегмент құрамына жатуы мүмкін

Нарықты сегменттеу - маркетингтің тиімді құралдарының бірі. Ол нарықты сегменттеуге негізделген маркетинг процесі болып табылады. Тұтынушыларды (нарықты) мінез-құлқы мен сипаттамасы және тұтыну өзгешеліктеріне қарай жіктеу маңызды болғандықтан нарықты сегменттеу мыналарға мүмкіндік береді:

-сатып алушылардың тауарларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға;

-кәсіпорынның тауарларды шығару және өткізу шығындарын оңтайландыруға;

-маркетингтің тиімді стратегиялық бағдарламасын жасап шығаруға;

-толтырылмаған нарық кеңістіктерін табуға;

-сатып алушылардың мінез-құлқы туралы ақпараттарға сүйене отырып,

-кәсіпорын және оның тауарларының немесе идеясының бәсекедегі артықшылықтарын көбейтуге.

Әрбір фирма үшін өзі қызмет көрсете алатын және ең тиімді деген сегменттеудің 2 түрін бөліп көрсетуге болады:

  • макросегменттеу

  • микросегменттеу

Өндірсті сегменттеудің салыстырмалы түрде ұқсас белгілері бар: олар: фирма үшін жұмыс істеп, пайда алуға қолайлы; екі немесе одан да көп нарық сегменттерінің • өндірістік және коммерциялық іс-әрекет шеңберіндегі бизнестің инновациялық Микросегменттеу негізінде жергілікті (локальный) және жекелей маркетинг іске асырылыдаы. Сегменттеудің критерийлері мен қағидалары (белгілері) болады. Критерий - таңдап алынған нарық сегментін бағалайтын әдіс. Нарық - маркетинг әрекеттеріне байланысты мүдделер тоғысатын біртұтас құрамды орта. Ал қажеттеліктің нақты бағытына қарай ондағы болашақ тауарларды топтарға немесе түрлерге бөлу нарықты сегменттеу деп аталады.

Нарықтың жалпы мүмкіндіктерін тұтынушылардың мұқтаждык айырмашылықтарына немесе оларды тауар өткізуге қатысты шаралар қабылдау дәрежесіне байланысты реттеп отыру - нарықты зерттеуге қолайлы жағдай туғызумен бірге, өндіріс-тауар өткізуді соған сәйкес икемді ұымдастыруға жәрдем етеді. Тұтынушылар қабілетін және олардың тауарға деген көзқарасын бейнелейтін тауар топтары нарықтың сегменттік сайымдылығы мен сапалық құрамын көрсетеді және бұл стратегиялық бағдарлама жасауға негіз болады.

Нарықтың құрамы және сегменттік қалыптасуы тұтынушылар ортасын өзіне тән географиялық орналасуына, табиғи жағдайына, олардың ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесіне және тұтынушының сатып алу қабілетіне тікелей байланысты. Сондай-ақ ол нарық түрлерін ажырата алуына септігін тигізеді. Нарықты сегменттеу өзіндік ерекшелектері бойынша мынадай біренше түрге бөлінеді: Макросегменттеу - мұнда тұтынушылар жеке мемлекет, ірі аймақтар шеңберінде қарастырылады. Олардың табиғи-географиялық орталары, экономикалық потенциалы, шаруашылық құрамдары, жетекші басты салалары, технолгиялық даму деңгейі есепке алынады. Микросегменттеу - түрлерін белгілі бір мемлекеттің ішкі ерекшеліктеріне сәйкес бөледі. Онда экономикалық аудандардың кәсіптік бағдарға қарай мамандандырылуы, олардың жергілікті ерекшеліктері, сол жерді мекендейтін халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, салт-дәстүрлері мен өндіріс жаңалықтарына деген өзіндік көзқарастары сегмент құрамына жатуы мүмкін.