- •Ауру туғызатын бактериялар және олармен күресу шаралары
- •Бактериялар классификациясы
- •Цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар)
- •Архебактериялар
- •Бактериялардың құрылысы және тiршiлiк процестерi
- •Бактериялардың көбеюi
- •Бактериялардың экологиясы адамға пайдалы бактериялар
- •Ағын суларды тазарту
- •Симбиотикалық бактериялар
- •Ашудың өндiрiстiк процестерi
- •Адамға зиянды бактериялар
- •Инфекцияларды таратушылар
- •Инфекциялардың таралу жолдары
Адамға зиянды бактериялар
Бактериялар адамға екi жағдайда зиянды болуы мүмкiн. Бiрiншiден, егер ерекше шаралар қолданбаса сапрофиттi бактериялар ас азық – түлiктердi бұзады; осыдан азық – түлiктердi сақтаудың көптеген түрлi және экономикалық жағынан пайдасыз тәсiлдерi. Екiншiден, бактериялар аурулардың қоздырғышы болуы мүмкiн: бұл әсiресе жануарларға қатысты. Адамдарда, үй жануарлары да (хайуандар) ауырады, ал кейбiр кездерде егiстiктерде зардап шегедi. Аса тараған бактериалды және вирусты аурулар инфекцияларының таралу тәсiлдерi ұқсас болғандықтан, бұл ауруларды бiрге қарастыру ыңғайлы.
Жануарлардың аса қауiптi ауруларына сальмонеллез жатады. Өсiмдiктердiң бактериалды ауруларынан жемiс өсiмдiктерiнiң галлдары және алма ағашпен алмұрттардың бактериалды күйiгiн тудыратын Agrobacterium tumefaciens және Erwinia amylovorum – мен ауруларды атап кетсе болады.
Инфекцияларды таратушылар
Таратушы – бұл инфекцияны тарататын кез-келген тiрi организм. Ол инфекциялық бастамасын тасымалдаушы немесе резервуар деп аталатын организмнен алады. Мысалы, бүргелер тиф және оба (бубонды оба немесе «қара өлiм») сияқты бактериалды аурулардың тасымалдаушысы, ал олардың резервуарлары егеуқұйрықтар. Құтыру вирусы бiр жануарда сақталып таратылады, мысалы итпен немесе жарғанатпен а) тасымалдаушы мен және б) резервуармен. Бұл жағдайларда денесiнде патогендi микроорганизм көбейе алатын тасымалдаушы екiншi қожайын ретiнде шыға алады. Насекомдар ауру қоздырғыштарын денесiнiң сыртқы жабындарында тасымалдай алады. Мысалы, шыбындар тырысқақ, дизентерия сияқты iшек ауруына шалдыққан адамдардың нәтижесiнде жорғалап және қоректенiп жүрiп мiндеттi түрде бұл аурулардың қоздырғыштарын денi сау адамдар пайдаланатын азық – түлiктерге тасымалдауы мүмкiн.
Инфекциялардың таралу жолдары
Ас қорыту жолдары инфекциялық ауруларға шалдыққанда қоздырушылар нәжiстерге түседi. Осыған байланысты бұл аурудың ең қарапайым үш таралу жолы қарастырылады:
Су арқылы — Тырысқақ, дизентерия сияқты аурулар жұғады. Егер гигиена мен санитарияның ең қарапайым ережелерi үнемi орындалмаса, аурулардың нәжiстерi тiкелей ас суларының көздерiне түседi немесе өзендерде жинақталады. Осындай жолмен бұл аурулар халық арасында жылдам тарайды.
Ас арқылы: Ас азық – түлiктерi таза емес суда жуылса, кiр қолмен ұстаса немесе оған шыбындарды қондырса ластанып ластанған қалады.
Заттар арқылы: Кез – келген заттар тiкелей кiрленудiң немесе дұрыс емес қолданудың нәтижесiнде жуынды – шайындымен ластанады. Осындай заттарды қолдан қолға бергенде, ауру астарлап айтқанда «қолдан ауызға» тасымалданады.
Тiкелей ас арқылы тасымалданатын қоздырғыштар толығымен пiсiрiлмеген немесе қуырылмаған ет жиi астан уланудың себепшiсi болады. Бұл етке сальмонеллалардың жұғуының тiкелей нәтижесi. Ботулизмдi қоздыратын бактерия – Clostridium botilinum. Бұл аспен улану өлiмге алып келедi, Clostridium botilinum токсинi белгiлi токсиндер iшiне улылығы ең жоғары (тышқанның өлiмiне 5-105 мкг дозасы жеткiлiктi). Бұл бактерия ақуызға бай азық – түлiктерде, соның iшiнде ет консерваларда жақсы дамиды.
Жаралардың ластануы
Тасымалдаушы – жануарлардың шағуымен тасымалданатын инфекциялардан тыс, жараларға аурушаң бактериялардың түсуiмен байланысты бiрқатар ауруларды атауға болады. Ең алдымен бұл iрiңдеу және сiреспе сияқты терең жарақаттардың инфекциялары. Екi ауруда әдетте жараға топырақтан түсетiн Clostridium –ның әр түрлерiмен қозады. Көптеген үстiңгi жарақаттар мен күйген жерлер стафилококктармен және стрептококктармен инфекцияланады.
СҮТТЕГI БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ
Сиырларды сау уақытында және одан кейiнгi өңдеуде сүтке даусыз бактериялар түседi бұл қанша гигиена шарттарын сақтаса да болатын нәрсе. Әдетте жаңа сауылған сүттегi бактериялардың дамуын тежеу үшiн бiрден салқындатады, өңделмеген шикi сүттi пастерлейдi, яғни патогендi бактерияларды жою үшiн ысытып жылытып алады. Соның өзiнде көптеген патогендi емес бактериялар тiрi қалады. Бактериялардың сүттегi құрамы мынадай +15 +30 С- де Streptococcus lactis грамоң микроорганизм және көптеген басқа стрептококктар (грамоң) оған қоса Lactobacillus- қа ұқсас бiрақ ұшында iсiнетiн таяқ тәрiздi клеткалары бар коринеморфты яғни шоқпар тәрiздi коринеморфты бактериялар Мысалы, Microbacterium, Brevibacterium, Streptococcus lactis 10 C-те жақсы дамиды, бiрақ 40 С жоғары температурада оның дамуы тоқтайды, 30-40 С –те Lactobocillus, Streptococcus lactis грамоң әр түрлерi және полиморфты iшектi бациллалары басымдылық танытады Мысалы, Е coli, Streptococcus lactis және Lactobacillus сүтқышқылды бактерияларға жатады. Ашыту үстiнде анаэробты тыныс бұл бактериялар лактозадан сүт қанты жиналып сүттiң ашуына әкелетiн сүт қышқылын түзедi Streptococcus lactis және Lactobacillus құрайтын колониялар аса үлкен емес колонияның максималды диаметрi бiрнеше миллиметрден аспайды, пигменттелмеген және өзiндiк бор түсi болады. Streptococcus lactis түзу қырлары бар тегiс колонияларды құрайды. Егер қорек агарына майдаланған кальций карбонатын салса колония маңында сүт қышқылы кальций карбонатын ерiткен орнында ашық зоналар пайда болады. Стрептококктер сүтқышқылды өнiмдердi алуға қажет Сыртқы түрiнен оларың басқа стрептококктерден айырмашылығы жоқ, Lactobacillus клеткалары таяқша тәрiздес болады, бiр-бiрiне қосылып колония түзедi. Колониялардың бетi бұдыр текстуралы, ал шеттерi формат дұрыс емес болады.
Сүтте басқа да бактерияларды табуға болады, солардың iшiнде iшекте тiршiлiк ететiн Alcaligenes (грамтерiс) туысына жататын таяқшаларды. Мак-Конки агарында оларды колония айналасындағы сарғыш зоналар арқылы тануға болады.
Биология пәнінен ашық сабақ Сыныбы: 7 (12 жылдық эксперимент) Сабақтың тақырыбы: Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Бактериялардың қоректенуі, тыныс алуы бойынша жіктелуі, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биотехнология, ауру тудыратын бактериялар және олармен күресу шаралары туралы түсінік беру, жаңа терминдерді түсіндіру. 2.Дамытушылық: Оқушылардың теориялық және логикалық ой - өрісін дамыту, танымдық құштарлықтарын арттыру, бактерияларды салыстыру, жүйеге келтіру арқылы өздігінен шешім қабылдау, суреттер арқылы дәлелдеу. 3.Тәрбиелік: біржасушалы организмдер ретінде бактериялардың маңызы туралы түсіндіре отырып, бактериялар тарататын аурулардың алдын үшін гигиеналық ережелерді орындап, салауатты өмір сүруге баулу. Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кесте, тірек – сызба, суреттер, лупа, жоңыршқа. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақ әдісі: ойын әдістері, салыстыру, топтастыру, сипаттау. Сабақта пәнаралық байланыс: Медицина, технология, экология. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру: Сыныпты сабаққа дайындау, оқушыларды есепке алу. II:Үй жұмысын тексеру. 1 тапсырма. «Зымыран сұрақтар» 1) Бактериялар қандай организмдер? 2) Бактерия жасушасының құрылысының қандай ерекшеліктері бар? 3) Эукариоттар қандай организмдер? 4) Қандай оаганизмдердің жасушасында ядро болмайды? 5) Бактериялардың формалары қандай болады? 6) Олардың қозғалысқа келтіретін органоидтері бола ма? 7) Бактериялардың мөлшері қандай? 8) Бактериялар қалай қоректенеді? 9) Сапрофит бактериялардың қоректену ерекшелігі неде? 10) Паразит бактериялар қалай қоректенеді? 11) Олар қалай тыныс алады? 12) Бактериялар қалай көбейеді? 2. тапсырма: Суретті толықтырыңдар. Бактерия суретіндегі органоидтерді орнына қою және атап айту. 3 тапсырма: Сиқырлы түстер. Тақтаға бактериялардың суреттері жасырылған 3 түрлі түс қойылған, оқушылардың әр қайсысы өз таңдаған түстерін ашады содан шыққан бактерия формасына сипаттама береді. IV.тапсырма. Бактериялар шежіресі (жүйелеу). Тіршілік формалары Жасушалық емес Жасушалық Вирустар әлемі Прокариоттар әлемі Эукариоттар Вирустар Бактериялар Жаңа тақырыпты баяндау. Сабақтың жоспары: 1.Бактериялардың табиғатты маңызы. А) Шіріту бактериялары. Ә) Топырақ бактериялары. Б) Зат айналымы. Г) Азотты сіңіретін бактериялар. 2. Бактериялардың адам өміріндегі маңызы. А)Ашу бактериялары. 3.Бактериялардың биотехнологиялық маңызы. 4.Ауру тудыратын бактериялар. 5. Бактериялармен күресу. V.Жаңа тақырыпты пысықтау 1 тапсырма: Бактериялармен күрес( Тақтадан бактериялар шығады оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы оларды жояды.) 1)Бактериялардың табиғаттағы маңызы қандай? 2)Шіріту бактериялары қандай рөл атқарады? 3) Азотты сіңіретін бактериялардың топырақ түзу процесінде рөлі қандай? 4)Сүт өнімдері қандай бактериялар арқылы алынады? 5) Тамақ өнімдерін бұзбай сақтау үшін не істеу керек? 6) Микробиология өнеркәсібінің маңызы қандай? 7) Р.Кох қандай жаңалық ашты? 8) Туберкулез қандай ауру? 9) Туберкулез қалай жұғады және одан қалай қорғану керек? 10) Бактериялар туберкулезден басқа қандай аурулар тудырады? 2- тапсырма: Бактериялар отбасы Бактериялар туралы кестені толтыру Бактериялар Тіршілік ету ортасы Қоректену әдісі Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы Шіріткіш бактериялар Сүт қышқылы бактериялары, Топырақ бактериялары Түйнек бактериялары Ауру тудыратын бактериялар 3.тапсырма: Пайдасы мен зияны 1.Кокка 2.Топырақ бактериясы Пайдалы. 3.Спирилла 4.Азот жинақтаушы 5.Бацилла 6.Сүт қышқылы Зиянды. 7.Вибриондар 8.Ауру тудыратын IV. Қорытынды Вирустар мен бактерияларды салыстыру. Вирустар Ұқсастығы Бактериялар Зертханалық жұмыс: Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырларынан түйнектерін көру. V. Үйге тапсырма: 29.Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. «Бактериялық аурулар», «Бактериялық індет» тақырыптарында хабарлама дайындау.
