
- •Педагогикалық тәжірибе бойынша магистрант-практиканттың есебі
- •Мазмұны
- •Педагогикалық тәжірибе бойынша бағалау парағы
- •Оқу жұмысы бойынша магистрант-практиканттың жеке жұмысы
- •Ғылыми жетекшісі д.Э.Н., профессор Даулетбаков б. Д.
- •Ашық тәрбиелік сабақ өткізудің жеке жоспары
- •Ғылыми жетекшісі д.Э.Н., профессор Даулетбаков б. Д.
- •Тәжірибелік іс-шараның әдістемелік құрылымы
- •Тәжірибелік іс-шараның әдістемелік құрылымы
- •Тәжірибелік іс-шараның әдістемелік құрылымы
- •Ғылыми жетекшісі д.Э.Н., профессор Даулетбаков б. Д.
- •Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасының
- •Мінездеме
- •Ғылыми жетекшісі д.Э.Н., профессор Даулетбаков б. Д.
- •Студенттік топтың әлеуметтік-психологиялық паспорты Топтың әлеуметтік-демографиялық құрылымы
- •Студенттердің әлеуметтік белсенділігінің мінездемесі
- •Қоғамдық-саяси ақпаратпен қамтамасыз етілу
- •Топ студенттерінің кәсіби бағыты мен оқу қызметі
- •Қорытынды және ұсыныстар
- •Ашық дәріс сабағының технологиялық картасы
- •Ғылыми жетекшісі д.Э.Н., профессор Даулетбаков б. Д.
- •Ашық дәріс сабағын талқылау хаттамасы
- •Ғылыми жетекшісі д.Э.Н., профессор Даулетбаков б. Д.
- •Ғылыми жетекшісі д.Э.Н., профессор Даулетбаков б. Д.
- •Семинар сабағын талқылаудың хаттамасы
Студенттік топтың әлеуметтік-психологиялық паспорты Топтың әлеуметтік-демографиялық құрылымы
Студенттік топ 2012 жылы құрылған. Жастары бойынша барлығы құрбылас, айырмашылық тек 1-2 жыл. Студенттердің барлығы орта білімге ие, көбісі Алматы қаласы, Батыс Қазақстан облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының орта білім беру мектептерін тәмамдаған. Үлгерімге келетін болсақ, барлығының білім деңгейі жоғары деңгейде. Топ оқуға бейім, оқу үлгерімі нашар студенттер жоқ.
Студенттердің әлеуметтік белсенділігінің мінездемесі
Топтың қоғамдық белсенділігінде білімге деген құмарлық басты рөлге ие. Бұны студенттердің ғылыми жобалар, конференциялар мен мәдени шараларға белсене қатысуынан байқауға болады. Топ студенттерінің көпшілігі факультет ішіндегі жарыстар мен олимпиадаларға қатысқан. Белгілі бір қиындықтар туындаған жағдайда топ мүшелері оны бірігіп шешуге дайын. Мемлекет іші мен халықаралық аренада болып жатқан жаңалықтардан студенттердің барлығы хабардар. Ақпараттардың дәйек көзі ең алдымен интернет жүйесі болса, одан бөлек теледидар мен газет бетіндегі мақалалар. Көпұлтты мемлекет болғандықтан, менің байқауымша, студенттер өзге ұлт өкілдеріне тек сыйластықпен ғана қарайды.
Студенттердің пәнге деген қызығушылық деңгейі жоғары. Мұның өзі әр жұмысты уақытында өткізу керектігімен байланысты.
Қоғамдық-саяси ақпаратпен қамтамасыз етілу
Студенттер халықаралық жаңалықтар мен саяси қалыптасқан жүйені түсунуге тырысады. Олардың көп бөлігі шығармашылыққа бейім әрі белсенді. Өздерінің мамандықтарына байланысты «Эксперт Казахстан», «Экономика» секілді журналдар оқып, елдегі экономикалық жағдайлар туралы теледидарлық бағдарламалардан хабардар болып тұрады.
Топ студенттерінің кәсіби бағыты мен оқу қызметі
Жалпы алғанда, студенттердің мамандыққа деген қызығушылығы өздерінің қалауымен пайда болған. Экономика мамандығы бойынша оқып жатқандықтан көпшілігі осы салада білімді маман болып шыққысы келеді. Алға қойған мақсаттары әртүрлі: біреуі жеке бизнес ашқысы келсе, біреуі қаржы саласында, өзгелері дамыған компаниялар мен банктерде қызмет атқарғысы келеді. Сонымен қатар барлығының негізгі мақсаты бір – мемлекетке пайда әкелу, оның көркейуіне ықпал ету.
Қосымша жұмыстарды барлығы жарыса жасайды, СӨЖ бен СОӨЖ өз уақытында өткізіледі. Барлығы уақытты үнемдеудің оңтайлы жолдарын біледі, семинар мен дәрістерде кешігу мүлдем болмады.
Қорытынды және ұсыныстар
Студенттер тәрбие мен білімді қатар алып жүр, оның өзі биік жетістіктердің бастауы. Бос уақытта олар рухани байлықтарын байыту мақсатында мұражай, театр, саябақтарға барса, одан бөлек көңіл көтеру үшін кинотеатр мен табиғатқа шығуды әдетке айналдырған.
Топтың өзара қарым-қатынастары да жақсы, бір-бірін сыйлап, көмектесуге әрдайым дайын тұрады. Достық пейіл барлығына тән. Болашақта барлығы үлкен жетістіктерге жететініне кәміл сенеміз.
Методист-психолог,
п.ғ.к., доцент Кунанбаева М.Н.
Магистрант Исмаилова И.Х.