Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет Индира преподование.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.81 Кб
Скачать

Ғылыми жетекшісі д.Э.Н., профессор Даулетбаков б. Д.

Методист-психолог,

п.ғ.к., доцент Кунанбаева М.Н.

Методист-педагог,

аға оқытушы Шагырбаева М.Д

Тәжірибе жетекшісі

доктор PhD, аға оқытушы Кондыбаева С.К.

Магистрант Исмаилова И.Х.

Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасының

2-курс магистранты Исмаилова Индира Халилуллаевнаға

Мінездеме

Исмаилова Индира Халилуллаевна Экономика және бизнес Жоғары мектебінде 2.09.2014- 13.12.2014 кезең аралығында педагогикалық-тәжірибелік практикадан өтті. Тәжірибе уақытында магистрант «Инновациялық кәсіпкерлік», «Экономика және бизнестегі компьютерлік модельдеу», «Кәсіпорын экономикасы» пәндерінен сабақ берді. Тәжірибеден өту барысында магистрант 5 лекция және 6 семинар жүргізді, оның ішінде 1 ашық дәріс, сонымен қатар 3 ашық тәрбиелік іс-шара өткізді.

Магистрант педагогикалық тәжірибеден өту барысында ЖОО-да оқу процесінде қазіргі маманға қажетті барлық құжаттармен танысып, дәріс және семинар жоспарын құру әдістерін зейін қоя меңгерді.

Магистрант тәжірибеге өте үлкен жауапкершілікпен қарады. Әрбір сабақ алдында магистрант қажетті әдебиеттерді оқып, сабақтың жоспарын, сабақтың технологиялық картасын, дәріс мәтінін, семинар сабақтарына сұрақтар мен тапсырмалар, есептер дайындап, сабаққа тыңғылықты дайындалды. Дәріс мәтіні түсінікті және қолжетімді болды. Тәжірибе барысында практиканың жоспарына сәйкес өткен дәріс және семинар сабағының уақыты университеттің аудиторялық сағатына сәйкес өтті.

Магистрант сабақ өту барысында өзі жасаған мультимедиялық өнімді – презентацияны көрнекілік құрал ретінде, психологиялық-педагогикалық тестілеуді, іскерлік ойындарды және басқа да сабақ өткізудің инновациялық формаларын тиімді қолдана білді. Дәріс және семинар сабақтарында магистрант мультимедиялық құралдарды (проектор, компьютер) белсенді қолданды.

Магистранттың өткен сабақтары студенттер тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Әдістемелік базаға сәйкес пән бойынша студенттерде жоғары білім қалыптасты. Сабақты өткізу түрі әртүрлі болды. Дәрісті оқу манерасы өте тартымды болды.

Магистрант өзін үлгеретіндігімен және дәл уақытында істі орындай білетіндігімен сипаттады. Магистрант өзінің терең білімін, ғылыми зерттеуге байланысты алған тәжірибесін, сондай-ақ жақсы теориялық дайындығын көрсетті.

Тәжірибе уақытында магистрант педагогикалық этикетті сақтай отырып, өзін жас педагог ретінде көрсете білді. Магистрант сабақ берген студенттерінің арасында педагог және жеке тұлға ретінде жоғары беделге ие.

Ғылыми жетекшісі д.Э.Н., профессор Даулетбаков б. Д.

Тәжірибе жетекшісі

доктор PhD, аға оқытушы Кондыбаева С.К.