Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет Индира преподование.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.81 Кб
Скачать

Тәжірибелік іс-шараның әдістемелік құрылымы

Ашық сабақ «Қазақстан жолы» тақырыбына өтті.

Практикант- магистранттар

Орны

Ауди

тория

Өткізу уақыты

Тобы

Мақсаты

Абдульманова Г. Исмаилова И. Кубаев Д. Құдайбергенова А. Марат Ш. Мурабилдаева Р. Ногаева Е. Сейсенбаева Н.

ЭжБЖМ

214 аудито

рия

16.00-17.00

Экономика маманды

ғының

1,2,3 студент

тері

Әрбір отбасы өзінікі деген меншікті мекен-жай салып алуды арман етеді. бәрі де кәдімгі қарапайым тілектен басталады. ең әуелі отағасы болашақ үйінің нобайын ой жүзінде жобалап, көз алдына елестетеді. Әрбір бөлшегін ой елегінен өткізеді. Үйдің салынатын орыны анықталғаннан кейін, оның  жобасы қағаз бетіне түсіріледі. Үй іргетасынан басталып, қабырғалары мен шатырына қарай біртебірте салына бастайды. көптеген жанұялар үйіміз сәнді де сапалы болсын деп,  оны жылдар бойы салады.

Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. 

Тәжірибелік іс-шараның әдістемелік құрылымы

Ашық сабақ «Қазақ даласының сұңқары – Абай Құнанбаев» тақырыбына өтті.

Практикант- магистранттар

Орны

Ауди

тория

Өткізу уақыты

Тобы

Мақсаты

Абдульманова Г. Исмаилова И. Кубаев Д. Құдайбергенова А. Марат Ш. Мурабилдаева Р. Ногаева Е. Сейсенбаева Н.

ЭжБЖМ

214 аудито

рия

15.00-16.00

Экономика маманды

ғының

1,2,3 студент

тері

Тақырыбы: Қазақ даласының сұңқары – Абай Құнанбаев Мақсаты: Абай пікірлерінің құндылығына, өміршеңдігіне көз жеткізу. Шығармашылық жұмысқа баулу, адам атына лайықты азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу; Түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу.

Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды. 

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсету.