- •Тапсырма орындалу реті:
- •Есептің берілгені
- •Автоматтандыру жүйенің құрылым сұлбасын жасау.
- •1.2 Орталық процессорды таңдау
- •Орталық процессор cpu 224 (6es7 214-1ad23-0xb0) техникалық сипаттамалар:
- •1.3 Қоректік блок көзін тандау
- •Характеристикасы
- •2.TiAportal программасында есепті құру
- •2.2 Stl тілінде программа құрастыру
- •3. Scada жүйесінде кескін құру
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.2 Stl тілінде программа құрастыру
Программа листингін құрастыру үшін Program Blocks папкасын ашып, ұйымдастыру блогында программаны жазамыз (mainOB1). Программа листингі 9 Network-тан тұрады.
Бірінші Network-та біз “PUSK” батырмасын басып,жүйені іске қосамыз.
“K1” конвейер іске қосылады.
Екінші Network-та “D2” қосқан кезде, “O1” мақта шиттеуші құрылғысы іске қосылады.
Үінші Network-та “D3” қосқан кезде, “K2” конвейер іске қосылады.
Төртінші Network-та “D4” қосқан кезде, “K2” конвейер іске қосылады.
Бесінші Network-та “D8” қосқан кезде, “L3”авариялық лампасы жанады да “K3” конвейер сөнеді.
Алтыншы Network-та “D6” қосқан кезде, “L2”авариялық лампасы жанады да“O3” рычагі,сол қканатты жауып оң қанатты ашады.
Жетінші Network-та “D5” қосқан кезде, “O2” май шығаратын құрылғысы іске қосылады.
Сегізінші Network-та “D7” қосқан кезде, “L1”авариялық лампасы жанады
да“O2” және “K2” құрылғылары өшеді.
Тоғызыншы Network-та “STOP” кнопкасы басылғанда жүйе өшеді.
3. Scada жүйесінде кескін құру
Жұмыстың орындалу реті:
3.1 HMI-мен байланыс орнату.
3.2 HMI-дағы символ кестесі.
3.3 Құрал-жабдықтың орналасуын құрастыру.
3.4 Онлайн режимде құрал-жабдықтың жұмыс істеуін тексеру
3.1 HMI-мен байланыс орнату.
Микропроцессордың түріне қатысты НМІ таңдап аламыз. Оны таңдау үшін Add new device терезесін ашып, HMI TP 1500 Basic PN таңдап алдым. Одан кейін HMI мен микпроцессордың байланысын жасаймыз
3.2 HMI-дағы символ кестесі.
5-сурет.HMI-дағы тэг кестесі
Айнымалыларды HMI тэгіне ауыстыру үшін, жоғарыда көрсетілген Default Tag Table терезесінен айнымалыларды HMI кескіндеу жүйесімен байланыстырамыз. Яғни, айнымалылардың кескіндеу жүйесінде көрсетілген аттары жазылады.
3.3 Құрал-жабдықтың орналасуын құрастыру
6-сурет. HMI блогында жүйені құрастыру
HMI жүйесінде кескінді салу үшін, бірінші HMI блогын ашамыз. Блог ішінде Screens папкасын ашып, Root screen терезесін ашамыз. Бұл терезеде құрал-жабдық құрлысын құрастырамыз(10 сурет). Терезенің оң жақ бөлігінде «Option» бөлімшесінде, сурет салуға керекті құралдар орналасқан. Олар: Basic object, Elements, Controls, Graphics.
Basic object - бұл бөлімшеде жалпы нысандар орналасқан.
Elements – бұл бөлімшеде батырма түрлері мен әр түрлі графикалық нысандар орналасқан.
Controls – бұл бөлімшеде адамның рұқсатымен жұмыс істеуі орналасқан.
Graphics – бұл бөлікте әр турлі құрал-жабдықтардың кескінін орналасқан.
«Пуск» батырмасын салу үшінElements бөлімшесінен Switch элементін таңдап аламыз. Оны орналастырғаннан кейін Properties бөлігінде, батырмаға лайықты кіріс және шығыс сигналдарын Events арқылы өзгертеміз. Осы бөлікте батырманың түстерін өзгертуге болады. Кескінге клапандарды салу үшін Basic object бөлігінен, GraphicsView элементінен кескінді таңдап аламыз. Оның түсін өзгерту үшін Properties бөлігінде, Animation бөлімшесінің ішінен Аppearance функциясы арқылы өзгертеміз. Дискретті датчиктерді кескінге енгізу үшінElements бөлігінен Button элементін таңдаймыз. Оның кіріс, шығыс сигналдарын Properties бөлігіндегі Events бөлімшесі арқылы енгіземіз. Құбырларды кескінге салу үшін Basic object бөлігінен, Rectagle элементін таңдаймыз. Л1 лампасын кескінге енгізу үшін Basic object бөлігінен, Сircle элементін таңдаймыз. Оның түсін өзгерту үшін Properties бөлігінде, Animation бөлімшесінің ішінен Аppearance функциясы арқылы өзгертеміз.
НMI блогында Start Simulation батырмасы арқылы онлайн тексереміз. Келесі сурет арқылы құрал-жабдықтың жұмыс істеу принципін тексереміз.
3.4 Онлайн режимде құрал-жабдықтың жұмыс істеуін тексеру
7-сурет. “PUSK” батырмасы “K1”конвейер іске қосылады.
8-Сурет. “D2” датчик мақтанын келгенін сезгенде, “O1” мақта шиттеуші құрылғысы іске қосылады.
9-Сурет. “D3” датчигі сезгеннен конвейері іске қосылады, 2-ші шығысынан шиттелген мақта шығады да “K2” іске қосылады.
10-Сурет. “D4” датчигі сезгеннен “K3” конвейері іске қосылады.
11- Сурет. “D8” деңгей датчигі шегінен асып кетсе “L3” авариялық лампасы жанады да “K3” конвейері сөнеді.
12- Сурет. “D6” деңгей датчигі шегінен асып кетсе “L2” авариялық лампасы жанады да “O3” рычагі, сол қанатты жауып оң қанатты ашады.
12- Сурет.“D5”датчигіен сигнал келегнде“O2”май шығаратын құрылғы іске қосылады.
13- Сурет. “D7” деңгей датчигінін шегінен асып кетсе “L3” авариялық лампасы жанады да “O2” және “K2” құрылғылары өшеді.
