
- •Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялардың бөлінуі
- •Жол қосындары (блок-қосындары) бар аралықтар бойынша поездардың жүруі
- •Әуе көлігімен тасымалдаулардың артықшылықтары
- •1.С және Сп габариттерінің талаптары
- •Маневрлердің жүргізілу жылдамдықтары
- •Станцияның сыныбы қалай анықталады?
- •Поездар қозғалысының керегені
- •1.Станциялық блоктау
- •2.Қоймалар сақтау тәсілі бойынша қалай бөлінеді?
- •3.Аралық стансалар және оларда қандай операциялар орындалмайды?
- •1.Теміржолда тасымалдау құжаттары қандай болады?
- •2.Сұрыптау стансалары не үшін қажет?(фото)
- •3. Маневр жұмысында пойыздар жүрісін ұйымдастыру, сондай-ақ жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай құрылғыларды қолданады?
- •Тасымалдаушының жауапкершілігі
- •Тасымалдау кезінде тексеріс арқылы жүктің ақаулығы байқалғанда орындалатын операциялар.
- •Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар
- •Басты және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер
- •Өткізгіштік қабілет. Оның түрлері
- •Шығу бағдаршамы
- •Локомотивтік бағдаршамы
- •Қоймалар сипаты бойынша қалай бөлінеді
- •Жартылай автоматты блоктау кезіндегі поездар қозғалысы(фото)
- •Автобус көлеміне қарай бес топқа бөлінеді. Олардың қандай түрлері бар?
- •Пойыздың жүріс керегенінің түрлері
- •Поездарды жөнелту
- •Локомотивтерді поездарға қою(фото)
- •Пойыздарға техникалық қызмет көрсету кезінде тексеруге жататындар
- •Қоршау және бөгегіш бағдаршамдар
- •Станциялардың түрлері және олардың айырмашылықтары
- •1 Автоматтық блоктау кезіндегі поездардың қозғалысы
- •2 Шығу бағдаршамдары
- •2 Станциялық блоктау(5 билет 1с)
- •3 Пойыздардың қозғалыс керегені және станциондық интервал
- •1 Пойыздардың түрлеріне қарай бөлінуі
- •1 Стансалық радиобайланыс
- •2 Теміржол торабы дегеніміз не? Оның түрлері?
- •3. Торап орналасқан ауданның өндірістік күшіне қарай тораптар екіге бөлінеді:
- •4. Тораптың негізгі құрылыстарының географиялық орналасуына қарай:
- •3 Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдердегі поездардың қозғалысы
- •1Автоматтық және жартылай автоматтық блоктаумен жарақтандырылған желілерде орналасқан станцияларда болуы тиіс құрылғылар
- •2 Маневр жұмыстарын жасау
- •3 Пойыздалрдың жүріс керегені
- •1 Жартылай автоматты блоктау кезіндегі поездар қозғалысы
- •2 Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялар қалай бөлінеді
- •3 Сұрыптау дөңестері
- •2 С және Сп габариттерінің талаптары
- •3 Локомотивтік бағдаршамы
- •1 Тиеу габаритсіздіктердің түрлері және деңгейлері
- •2 Сигналдар және олардың түрлері
- •3 Тартым жолдар деп қандай жолдарды айтамыз?
- •1 Жүктерді автокөлікпен тасымалдаудың артықшылықтары
- •2 Кіру бағдаршамдары. Шақыру сигналы
- •3 Қосымша және тұрақты рейс дегеніміз не?
- •1 Телефондық байланыс құралдары кезіндегі поездардың қозғалысы(фото)
- •2 Әуе көлігімен тасымалдаулардың артықшылықтары
- •3 Өтпелі бағдаршамдар
- •2 Қоршау және бөгегіш бағдаршамдары
- •3 Маневрлердің жүргізілу жылдамдықтары
- •1 Теміржол тасымалындағы жүк қағазы және басқа да тасымалдау құжаттары?
- •2 Теміржол көлігінде жүк тасымалдауды ұйымдастыру
- •3 Ақ түс жұмыс атқаратын барлық бағдаршам сигналдары
- •1 Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялардың бөлінуі
- •2 Пойыздардың нөмірленуі және тақ-жұп бағытының ерекшелігі
- •1 С және Сп габариттерінің талаптары
- •2Блок телімдер және оның толық автоблоктау кезіндегі көрсеткіштері
- •3 Станциядағы маневр жұмыстары
- •1 Бағдаршам түрлері және олардың сипаттары
- •2 Толық автоблоктау кезінде пойыздарды жөнелту
- •3 Жүк поезының индексі
- •1 Басып озу пункті, ұзындығы арттырылған жүк поезы және станциялық жолдар
- •2 Толық автоблоктау кезінде пойыздарды жөнелту
- •3 Тиеу габариті және габаритсіздіктердің түрлері
2.Сұрыптау стансалары не үшін қажет?(фото)
3. Маневр жұмысында пойыздар жүрісін ұйымдастыру, сондай-ақ жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай құрылғыларды қолданады?
1) жолдың, түйiспе желiсi құрылғыларының, өтпелiк сигнал беруiнiң, жасанды және басқа құрылыстардың ақаулығы кезiнде, сондай-ақ жылдымдықты азайту немесе жолда тоқтауды талап ететiн жол және құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде; 2) қолданысқа сигнал беру және байланыстың жаңа құралдарын енгiзу кезiнде, сондай-ақ бағдаршамдардың жаңаларын қосу, қолданыстағыларының орнын ауыстыру немесе жою және бағдаршамды жабық жағдайға келтiру мүмкiн емес ақаулығы кезiнде; 3) автоматты локомотивтiк сигнал беруiнiң жол құрылғыларының ақаулығы кезiнде; 4) поездарды тиеу габаритiнен тыс шығатын жүктермен жөнелту кезiнде, бұл поездың жүруi кезiнде жылдамдықты төмендету немесе ерекше жағдайларда сақтау қажет кезде; 5) қос жолды аралықта қар тазалағыш, балластер, жол төсегiш, көтеру краны, шағылтас тазалағыштар және басқа машиналардың жұмысы кезiнде; 6) поезға осы учаске үшiн белгiленген жылдамдықпен жүре алмайтын жылжымалы құрамды қойған кезде; 7) алынып-салынатын жылжымалы бiрлiктердiң нашар көрiну жағдайындағы жұмысы кезiнде, сондай-ақ жол вагоншаларында ауыр жүктердi тасымалдаған кезде; 8) жолда поездың жылдамдығын азайту немесе тоқтату талап етiлетiн барлық жағдайларда, сондай-ақ локомотив бригадаларын поездың жүруiнiң ерекше жағдайлары туралы ескерту қажет жағдайларда берiледi. 453. Барлық ескертулер үш түрге бөлiнедi: 1) тиiстi басшы жұмыстарды жүргiзу жағдайлары бойынша олардың аяқталуының дәл мерзiмiн анықтай алмағанда белгiленген сәттен күшiн жойғанға дейiн; 2) ескертулердi беруге арналған өтiнiмде көрсетiлетiн, жұмыстар басшысы белгiлейтiн белгiлi мерзiмде қолданылатын; 3) жекелеген поездар үшiн, оларды өткiзудiң ерекше жағдайларын сақтау қажеттiлiгi кезiнде (мысалы, поезда кестемен көзделмеген аялдамалар тағайындау кезiнде белгiленген жылдамдықпен жүре алмайтын жүк немесе жылжымалы құрам болған кезде) белгiленетiн.
№7
Тасымалдаушының жауапкершілігі
Тасымалдаушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген жолаушыларды тасымалдау кезiнде олардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
2009.11.07. № 185-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2. Тасымалдаушының осы Заңды тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу бөлігінде орындалуына мемлекеттік бақылау жасау:
1) автомобиль көлігін және қалалық электр көлігін пайдалануға қатысты ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелеріне;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді
2) темір жол, теңіз, ішкі су және әуе көлігін пайдалануға қатысты көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ;
3) Мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктеледі.
7-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынсыз жолаушыларды тасымалдауға жол бермеу
1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспаған тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдауына жол берілмейді.
2. Халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
3. Жолаушылар мен олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралын жүргізуші адам тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін өзімен бірге алып жүруге және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бұған уәкілеттігі бар адамдарға оны тексеру үшін көрсетуге міндетті.
Ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексерген кезде жолаушылар мен олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асырушы автомобиль көлігі құралын жүргізуші адамнан тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін көрсетуін талап етуге міндетті.
4. Көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы баптың 1-тармағын бұзғаны үшін тасымалдаушы лицензиясының күшін алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
8-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
2009.30.12. № 234-IV Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн:
1) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетiлген Қорды құру және оның қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртiппен оның акционерi болуға;
2) оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен ( бұр. ред . қара); 2009.11.07. № 185-IV Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
- Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда -шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін және аудиторлық есебін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жыл сайын жариялауға міндетті.
- Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, бір сақтандырушыларға басқалар алдында тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі негізсіз артықшылықтар беруге немесе оларды алуына, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берілмейді.
- Мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңдарына сәйкес тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша көрсететін сақтандыру қызметін алуға міндетті.
- Сақтандырушылар тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдері, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері бойынша деректердің ақпараттық базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.