Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_PT_ZhD.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.51 Кб
Скачать
  1. Әуе көлігімен тасымалдаулардың артықшылықтары

Көліктің жай-күйі мен дамуы Қазақстан Республикасы үшін ерекше маңызға ие.Қазақстанның географиялық ерекшеліктері (кең-байтақ аумағы, теңізге шығатын жолының болмауы, елді мекендерінің және табиғи ресурстарының біркелкі орналаспауы) көлік жүйесіне жоғары тәуелділіктің себебі бола отырып, оның экономикасын әлемдегі барынша жүк қажеттілікті экономикалардың бірі етеді.Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан Қазақстан Азия елдеріне Ресей және Еуропамен географиялық жағынан баламасыз жер үсті көлік байланысын ұсына отырып, айтарлықтай транзиттік әлеуетке ие. Республика әуе кеңістігінің тартымдылығы мен транзиттік әлеуеті де өсуде. Аса көлемді өткізу нарықтары бар елдермен көршілес болу да отандық көлік жүйесінің дамуын келешекті етеді. Әуе тасымалдауларының ерекшелігі – оларды тәртіп бойынша, тұрақты түрде емес, жедел жағдайда жеткізу үшін пайдаланады. Сөйтіп, әуе көлігімен тасымалданатын негізгі тауарлар ― қымбат тұратын, не болмаса, тез бұзылатын тауарлар болып табылады; бұл кезде, жоғары көлік шығындары ақталады. Сонымен қатар, халықаралық әуе тасымалдауларының әлеуетті нысандары қатарына өнеркәсіп жабдықтары мен өндірістік желілерге арналған құрастыру бөлшектері мен құрамдас бөліктері сияқты, оларсыз өндіріс мүмкін болмайды, логистика оталары үшін дәстүрлі өнімдер де кіреді. Әуе тасымалдауларының тағы бір салмақты артықшылығы - қауіпсіздік. Жүк таситын әуе тасымалдаулары барлық бағыт бойы бірге жүруді қажетсінбейді. Тауарды әуе көлігімен жеткізу жеткілікті қымбат нұсқа, бірақ, әуе тасымалдаулары әуе жеткізілімінің жылдамдығы есебінен өзін толық мөлшерде өтейді. Тауарларды қысқа мерзімде және төрткүл дүниеге жеткізу кезінде әуе тасымалдаулары таптырмайтын көлік түрі болып келеді.

3

1.С және Сп габариттерінің талаптары

С және Сп габариттері магистральдық темір жол желісін, теміржолдық кірме жолдарды, олардағы құрылыстар мен құрылғыларды жобалаған, салған, қайта жаңғыртқан кезде, екінші жолдарды электрлендірген және салған кезде, сондай-ақ бұрын аталған габариттерге келтірілген пайдаланымдағы барлық құрылыстар мен құрылғыларда сақталуы тиіс. С мен Сп габариттерінің талаптарына жауап бермейтін қолда бар құрылыстар мен құрылғыларды қайта орналастыруды жоспарлаған кезде, бірінші кезекте, Тпр және Тц габариттерінің перспективалық жылжымалы құрамын, сондай-ақ зоналық габарит бойынша тиелген жүктерді өткізуді қамтамасыз етпейтін объектілер ескерілуі тиіс. Кез келген жөндеу, құрылыс және басқа жұмыстарды жүргізген кезде құрылыстар мен құрылғылардың габариттерін бұзуға тыйым салынады. Қос жолды желілердің аралықтарындағы түзу учаскелердің жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 4100 мм-ден кем болмауы тиіс. Үш және төрт жолды желілерде екінші және үшінші жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 5000 мм-ден кем болмауы тиіс. Темір жол станцияларында (бұдан әрі - станциялар) түзу учаскелерде іргелес жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық 4800 мм-ден кем болмауы, екінші дәрежелі жолдар мен жүк аудандарының жолдарында 4500 мм-ден кем болмауы тиіс. Станцияларда бас жолдар шетте орналасқан қалыпта Ұлттық темір жол компаниясы басшылығының рұқсаты бойынша олардың арасындағы қашықтықты 4100 мм етуге жол беріледі. Жүкті тікелей вагоннан вагонға қайта тиеуге арналған жолдардың осьтері арасындағы қашықтықты 3600 мм етуге жол беріледі. Аралықтар мен станцияларда қисық учаскелердегі іргелес жолдар осьтерінің арасындағы және жол осі мен құрылыстардың жақындау габариті арасындағы горизонтальдық қашықтықтар белгіленеді. Ашық жылжымалы құрамға тиелген жүк (орамасын және бекітілуін ескергенде) Министрлік белгілеген тиеу габариттері шегінде орналасуы тиіс. Көрсетілген габарит шегінде жүктің дұрыс орналастырылуын тексеру үшін жаппай тиеу орындарында (темір жол кірме жолдарында, теңіз және өзен порттарында, қайта тиеу станцияларында) габарит қақпалары орнатылады. Жолдың жанына түсірілген немесе тиеуге дайындалған жүк құрылыстардың жақындау габариті бұзылмайтындай етіп қойылуы және бекітілуі тиіс. Жүктің (жол жұмыстарына арналып түсірілген балласттан басқа) биіктігі 1200 мм-ге дейін болғанда ол шеткі рельс бастиегінің сыртқы қырынан 2.0 м-ден жақын, ал биіктігі жоғары болғанда 2.5 м-ден жақын тұрмауы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]