Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_PT_ZhD.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.51 Кб
Скачать

2 Маневр жұмыстарын жасау

Станциялық жолдардағы маневрлер тек бір ғана қызметкердің нұсқауымен — станция бойынша кезекшінің, маневрлік диспетчердің, сұрыптау дөңесі немесе паркі бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде — поезд диспетчерінің нұсқауымен жүргізілуі тиіс.Маневрлерді басқару жөніндегі міндеттерді бөлісу жөнінде станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

Маневрлік жұмыстағы нұсқаулар берудің негізгі құралы радиобай- ланыс, ал қажетті жағдайларда — екі жақты парктік байланыс құрылғылары болуы тиіс.Маневрлік жұмыста сигналдарды қол сигнал беру аспаптарымен беруге рұқсат етіледі.

Маневрлер кезінде стрелкаларды бұруды төмендегілер жүзеге асы- руы мүмкін:

а) поезд диспетчері орталық пунктінен тиісті қызметкерлерге манев- рлік қозғалулар үшін маршруттың дайын болғандығы жөнінде радиобай- ланыс арқылы немесе станциялардың қылталарында орнатылатын теле- фондар арқылы диспетчерлік байланыс бойынша нұсқаулар бере отырып жүзеге асырады;

б) станция бастығы немесе станцияны резервтік басқаруға тапсыру кезіндегі поездарды қабылдау және жөнелту жөніндегі әрекеттерді орындау ісі жүктелген өзге қызметкерлер жүзеге асырады;

в) поездарды құрастырушы немесе станцияның өзге қызметкері станцияның жекелеген стрелкаларын жергілікті басқаруға тапсыру кезінде «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.

Станциялық жолдар бойынша жекелеген локомотивтер мен ар-найы өздігінен жүретін жылжымалы құрам қозғалған кезде жергілік-ті басқаруға тапсырылған стрелкаларды бұру ісін локомотивтік бригада қызметкерлерінің бірі (жүргізуші) орындауы мүмкін.

Стрелкаларды бұрушы қызметкер әрбір бұрудан кейін жергілікті басқару пультіндегі бақылау аспаптары бойынша немесе үшкірлердің қалпы бойынша үшкірлердің дұрыс қалпында тұрғанына көз жеткізіп отыруы тиіс.

2.10. Стрелкалық оқшауланған телім босағанша, ал стрелканың оқшаулауы тәуелділікке қосылмаған жерлерде стрелка жылжымалы құрамнан босағанша стрелканы жергілікті басқару пультінен немесе жергі- лікті басқару кілтімен бұруға тыйым салынады.

2.11. Маневрлер аяқталғанда стрелкалық және маневрлік қолтұтқалар, сонымен қатар жергілікті басқару кілті қалыпты жағдайға қойылады, манев- рлерді басқарушы жұмыстың аяқталғандығы жөнінде поезд диспетчеріне баяндайды, ал соңғысы тиісті батырмаларды қалыпты жағдайға қояды.

2.12. Жергілікті басқару пульттері әрдайым бекітілген болуы тиіс. Өздерін пайдалану немесе тексеру үшін жергілікті басқару пультте- ріне қол жеткізуге рұқсат етілетін қызметкерлердің тізімін, сонымен қатар пульттердің кілттерін тапсыру және сақтау тәртібін «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

3 Пойыздалрдың жүріс керегені

Қозғалыс керегенітеміржол жүйесінің толық бағытына өңделіп: жолаушылардың және жүктердің тасымалдау жоспарын уақытымен және сапалы түрде орындауды; пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін; техникалық қондырғылар мен құралдарды және қозғалмалы қондырғыларды тиімді пайдалануды; стансалар мен аралықтар жұмысының тұрақты байланысын; пойыздық және локомотивтік жұмыстардың үздіксіз жалғасуын қамтамасыз етеді.

Пойыздардың қозғалыс керегенін өңдеу барысы аралықтар мен бағыттардағы ең жақсы қозғалыс жылдамдықтарының көрсеткіштеріне байланысты әр түрлі санаттағы берілген пойыздардың өтімін, локомотивтерді және де басқа техникалық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ темір жолдардың техникалық жабдықтарының қалыпты жағдайының маңызды талаптарын қарастыруы болып табылады. Анығырақ, пойыздардың қозғалыс керегені – теміржолдың пайдалану жұмыстарының жоспары және жүк пойыздарының қозғалысын ұйымдастырып қана емес, сонымен қатар станса, депо, вагон қызметтерінің, жол жұмыстарының, құрылыстық, шаруашылық және басқа кәсіпорындардың жұмыстарын реттейді. Жүктерді жеткізу жылдамдығы, жолаушылар тасымалының тездігі және сапалылығы – бәрі пойыздардың қозғалыс керегеніне байланысты.

Пойыздардың қозғалыс керегені үнемі жетілдірілген түрде іске асырылады және оның әрі қарай дамуы дұрыс бағытта болуы тиіс: яғни, көліктік жол бөлімшелерінің жұмысының жетілдірілген талаптарын қамтамасыздандыру, олардың бір-бірімен тұрақты байланыстары, пойыздардың қозғалыс жылдамдықтарын арттыру, салмақты мейлінше көтеру, ауыр салмақты пойыздардың тартымын қамтамасыздандыру, қазіргі заманғы есептеу техникаларын қолдану негізінде қозғалыс керегенін өңдеу және автоматтандыру.

Қозғалыс керегенімен пойыздардың керегенде бір-біріне қарама-қарсы орналасуын, аралықтар бойынша келу-кету уақытын, локомотивтердің телімдерде және стансаларда болу уақытын анықтауға болады.

Өнеркәсіптік көлікте пойыздар қозғалысының керегені магистралды стансаға түйісетін теміржол цехтарының барлық бөлімшелерінің жұмыстарын пайдалануды ойластырудағы тасымал ұжымының негізі болып табылады. Керегеннің құрылуы кезіндегі негізгі мөлшерлер теміржол көлігі жұмысының бірыңғай технологиялық үрдісі (БТҮ), зауыттармен, бөлімшелердің үрдісі, Техникалық пайдалану ережесінің (ТПЕ) талаптарын қарастыра отырып түйіспе стансаларының жұмыстары негізінде орындалады.

Қозғалыс керегені координатты осьте уақытын, жылдамдығын, арақашықтығын және уақытына байланысты жүрілген жолдың тәуелділігін қарастыра отырып пойыздың жүруін сызба арқылы көрсететін керегендік сурет. Керегеннің торы жеке пункттер осіне сәйкес көлденең сызықтардан және тік сызықтардан тұрады. Мұнда, тігінен келген қалың сызықтарды тәуліктегі 24 сағатқа бөледі, пунктирлі сызықтар – жарты сағаттық интервалға сәйкес, ал түгел жіңішке сызықтар – он минуттық аралыққа сәйкес келеді.

19

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]