
- •Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялардың бөлінуі
- •Жол қосындары (блок-қосындары) бар аралықтар бойынша поездардың жүруі
- •Әуе көлігімен тасымалдаулардың артықшылықтары
- •1.С және Сп габариттерінің талаптары
- •Маневрлердің жүргізілу жылдамдықтары
- •Станцияның сыныбы қалай анықталады?
- •Поездар қозғалысының керегені
- •1.Станциялық блоктау
- •2.Қоймалар сақтау тәсілі бойынша қалай бөлінеді?
- •3.Аралық стансалар және оларда қандай операциялар орындалмайды?
- •1.Теміржолда тасымалдау құжаттары қандай болады?
- •2.Сұрыптау стансалары не үшін қажет?(фото)
- •3. Маневр жұмысында пойыздар жүрісін ұйымдастыру, сондай-ақ жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай құрылғыларды қолданады?
- •Тасымалдаушының жауапкершілігі
- •Тасымалдау кезінде тексеріс арқылы жүктің ақаулығы байқалғанда орындалатын операциялар.
- •Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар
- •Басты және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер
- •Өткізгіштік қабілет. Оның түрлері
- •Шығу бағдаршамы
- •Локомотивтік бағдаршамы
- •Қоймалар сипаты бойынша қалай бөлінеді
- •Жартылай автоматты блоктау кезіндегі поездар қозғалысы(фото)
- •Автобус көлеміне қарай бес топқа бөлінеді. Олардың қандай түрлері бар?
- •Пойыздың жүріс керегенінің түрлері
- •Поездарды жөнелту
- •Локомотивтерді поездарға қою(фото)
- •Пойыздарға техникалық қызмет көрсету кезінде тексеруге жататындар
- •Қоршау және бөгегіш бағдаршамдар
- •Станциялардың түрлері және олардың айырмашылықтары
- •1 Автоматтық блоктау кезіндегі поездардың қозғалысы
- •2 Шығу бағдаршамдары
- •2 Станциялық блоктау(5 билет 1с)
- •3 Пойыздардың қозғалыс керегені және станциондық интервал
- •1 Пойыздардың түрлеріне қарай бөлінуі
- •1 Стансалық радиобайланыс
- •2 Теміржол торабы дегеніміз не? Оның түрлері?
- •3. Торап орналасқан ауданның өндірістік күшіне қарай тораптар екіге бөлінеді:
- •4. Тораптың негізгі құрылыстарының географиялық орналасуына қарай:
- •3 Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдердегі поездардың қозғалысы
- •1Автоматтық және жартылай автоматтық блоктаумен жарақтандырылған желілерде орналасқан станцияларда болуы тиіс құрылғылар
- •2 Маневр жұмыстарын жасау
- •3 Пойыздалрдың жүріс керегені
- •1 Жартылай автоматты блоктау кезіндегі поездар қозғалысы
- •2 Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялар қалай бөлінеді
- •3 Сұрыптау дөңестері
- •2 С және Сп габариттерінің талаптары
- •3 Локомотивтік бағдаршамы
- •1 Тиеу габаритсіздіктердің түрлері және деңгейлері
- •2 Сигналдар және олардың түрлері
- •3 Тартым жолдар деп қандай жолдарды айтамыз?
- •1 Жүктерді автокөлікпен тасымалдаудың артықшылықтары
- •2 Кіру бағдаршамдары. Шақыру сигналы
- •3 Қосымша және тұрақты рейс дегеніміз не?
- •1 Телефондық байланыс құралдары кезіндегі поездардың қозғалысы(фото)
- •2 Әуе көлігімен тасымалдаулардың артықшылықтары
- •3 Өтпелі бағдаршамдар
- •2 Қоршау және бөгегіш бағдаршамдары
- •3 Маневрлердің жүргізілу жылдамдықтары
- •1 Теміржол тасымалындағы жүк қағазы және басқа да тасымалдау құжаттары?
- •2 Теміржол көлігінде жүк тасымалдауды ұйымдастыру
- •3 Ақ түс жұмыс атқаратын барлық бағдаршам сигналдары
- •1 Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялардың бөлінуі
- •2 Пойыздардың нөмірленуі және тақ-жұп бағытының ерекшелігі
- •1 С және Сп габариттерінің талаптары
- •2Блок телімдер және оның толық автоблоктау кезіндегі көрсеткіштері
- •3 Станциядағы маневр жұмыстары
- •1 Бағдаршам түрлері және олардың сипаттары
- •2 Толық автоблоктау кезінде пойыздарды жөнелту
- •3 Жүк поезының индексі
- •1 Басып озу пункті, ұзындығы арттырылған жүк поезы және станциялық жолдар
- •2 Толық автоблоктау кезінде пойыздарды жөнелту
- •3 Тиеу габариті және габаритсіздіктердің түрлері
№1
Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялардың бөлінуі
Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялар аралық (оның iшiне айырықтар мен озба бекеттерi кіреді), телiмдiк, сұрыптау, жүк және жолаушылар станциялары деп бөлiнедi. Пойыздарды қабылдап, жөнелтіп және өткiзетiн, сондай-ақ шағын көлемде жүк және коммерциялық операциялар жүргiзетiндерін аралық станцияларға жатқызады. Кейбiр аралық станцияда жөнелтушілер пойыздары құрастырылады, қаламаңдық пойыздар айналымы (зоналық станциялар) жүзеге асырылады, локомотив бригадалары ауыстырылады. Аралық станциялар, әдетте, телiмдiк станциялар аралығында немесе телiмдiк және сұрыптау станциялары аралығында орналасады. Олардың телiмдерде орналасуы елдi мекендерге жүк және жолаушылар тасымалы жөнiнен қызмет көрсетуге байланысты, орта есеппен алғанда олар 15-25 км қашықтықта орналасқан. Негiзiнен алғанда, транзиттiк пойыздармен айналысатын (вагондарды тексеру, локомотивтердi, бригадаларды ауыстыру) станциялар телiмдiк станцияларға жатады. Мұндай станциялардағы сұрыптау жұмыстарының көлемi аса үлкен емес – олар негiзiнен телiмдiк, құрама және жақынаралық пойыздарды сұрыптау және құрастырумен айналысады. Телiмдiк станциялар, әдетте, жүк пойыздарының локомотивтерi айналатын телiмдердiң шекараларын қамтиды. Олардың арақашықтығы локомотивтер (тартым иiндерi) айналатын телiмдердiң ұзындығына, сондай-ақ жүк вагондарының техникалық күтудi қажет етпей өтетін қашықтығына байланысты. Пойыздар жаппай сұрыпталатын және құрастырылатын станциялар сұрыптау станцияларына жатады. Олар вагон ағындарының жаппай жиналатын және жаппай таратылатын бекеттерде (iрi өнеркәсiп орталықтарына, өзен және теңiз порттарына кiреберiсте) орналасқан. Телiмдік және сұрыптау станцияларында, негiзiнен алғанда, техникалық операциялар атқарылатындықтан, бұлар техникалық станциялар деп аталады. Жүк станцияларында мынадай операциялар атқарылады: жүктердi қабылдау, өлшеу, сақтау және иесіне беру, тиеу және түсіру, тасымалдау құжаттарын ресiмдеу, кiрме жолдарға қызмет көрсету. Мұндай станцияларда сонымен қатар жүктер көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан бір-біріне (мысалы, шекаралық станцияларда) тиеледi. Оларда жүк операцияларын атқаруға арналған вагондар құрастырылады және сұрыпталады. Жүк операциялары жалпы пайдаланылатын жерлерде де, сондай-ақ кәсiпорындардың кiрме жолдарында да атқарылады. Жолаушылар және жолаушылар пойыздарына қызмет көрсетумен айналысатын станциялар жолаушылар станцияларына жатады. Оларда жолаушылар пойыздарының құрамдарымен iстелетiн операциялар (қарауға берілетін құрамдарды техникалық тексеру және жарақтандыру, ақырғы бекетке келген құрамдарды құрастыру және рейске дайындау); жолаушыларды отырғызу және түсiру; теңдеме жүктер мен қол жүктерiн қабылдау және беру; жол жүру билеттерiн сату; пошта операциялары атқарылады. Жолаушылар пойыздарын сұрыптап-құрастыратын және оларды жарақтайтын жолаушылар станциялары техникалық-жолаушылар станциялары (жүк пойыздары жүрісінің техникалық станцияларынан айрықшылығы) деп аталады. 2. Жүктерді автокөлікпен тасымалдаудың артықшылықтары Көліктің жай-күйі мен дамуы Қазақстан Республикасы үшін ерекше маңызға ие.Қазақстанның географиялық ерекшеліктері (кең-байтақ аумағы, теңізге шығатын жолының болмауы, елді мекендерінің және табиғи ресурстарының біркелкі орналаспауы) көлік жүйесіне жоғары тәуелділіктің себебі бола отырып, оның экономикасын әлемдегі барынша жүк қажеттілікті экономикалардың бірі етеді.Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан Қазақстан Азия елдеріне Ресей және Еуропамен географиялық жағынан баламасыз жер үсті көлік байланысын ұсына отырып, айтарлықтай транзиттік әлеуетке ие. Республика әуе кеңістігінің тартымдылығы мен транзиттік әлеуеті де өсуде. Аса көлемді өткізу нарықтары бар елдермен көршілес болу да отандық көлік жүйесінің дамуын келешекті етеді. 3. Кіру бағдаршамдары. Шақыру сигналыKipy бағдаршамдары келесi сигналдарды бередi:бip жасыл шам – «Поезға станцияға басты жолмен белгiленген жылдамдықпен жүрiп өтуге рұқсат бepiледi; келесi бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық»;бip сары жыпылыктаған шам – «Поезға станцияға басты жолменбелгiленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етiледi; келесi бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және оны азайтылған жылдамдықпен өтудi талап етедi»;бip сары шам – «Поезға станцияға басты жолмен токтауға әзiрлiкпен жүруге рұқсат етiледi; Keлeci бағдаршам (маршруттық немесе шығу) жабық» екi сары шам, олардың үcтiңгici жыпылықтаған – «Поезға станцияға азайтылған жылдамдықпен бүйiрлiк жолға жүруге рұқсат етiледi; келесi бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық»;екi capы шам – «Поезға станцияға азайтылған жылдамдықпенбүйiрлiк жолға және тоқтауға әзiрлiкпен жүруге рұқсат бepiлeдi; Keлeci бағдаршам жабық»;бip кызыл шам – «Тоқта! Сигналдан өтуге тыйым салынады»Kipy бағдаршамдары станцияға поездарды қосжолды (көп жолды) аралықтың тepic жолынан қабылдау үшiн мына сигналдарды бередi:екi сары шам – «Поезға станцияға азайтылған жылдамдықпен және келесi шығу (маршруттық) бағдаршамының немесе шектiк бағаншаның алдында тоқтауға әзiрлiкпен жылжуға рұқсат етiледi»;
бip кызыл шам – «Тоқта! Сигналдан өтуге тыйым салынады».
Kipy және маршруттық бағдаршамдарда поездарды жатық маркалы айқастырмалары бар бағыттамалы бұрмалар бойынша бүйiрлiк жолдарға қабылдағанда мына сигналдар қолданылады:бip жасыл жыпылықтаған және бip сары шамдар және бip жарқыраған жасыл жолақ –«Поезға станцияға 80 км/сағ аспайтын жылдамдықпен бүйiрлiк жолға жүруге рұқсат берiледi; кeлeci бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және оны 80 км/caғ аспайтын жылдамдықпен жүрiп өтудi талап етедi екi сары шам, олардың ycтiңгici жыпылықтаған, және бip жарқыраған жасыл жолақ – «Поезға станцияға 80 км/caғ аспайтын жылдамдықпен бүйiрлiк жолға жүрiп өтуiне рұқсат етiледi; кeлeci бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және азайтылған жылдамдықпен жүрiп өтудi талап етедi екi сары шам және бip жарқыраған жасыл жолақ - «Поезға станцияға 60 км/сағ аспайтын жылдамдықпен және тоқтауға әзiрлiкпен жүругe рұқсат етiледi; келeci бағдаршам жабық»
Қажет болған жағдайларда кiру және маршруттық бағдаршамдарда бip жасыл жыпылықтаған шамның сигналы қолданыла алады – «Поезға станцияға белгiленген жылдамдықпен басты жолмен жүруiне рұқсат етiледi; келесi бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және оны 60 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуiн талап етедi»
бір жыпылықтаған жасыл және бір сары шам және екі жарқыраған жолақтар – «Поезға станцияға 120 км/сағ аспайтын жылдамдықпен бүйірлік жолға жүруіне рұқсат етіледі; келесі бағдаршам ашық және оны белгіленген жылдамдықпен өтуді рұқсат етеді» Жекелеген станцияларда, ТПЕ-де қарастырылған жағдайларда, кіру және маршруттық бағдаршамдарда үш сары шам сигналы қолданылуы мүмкін – «Моторвагондық поезға, жалғыз локомотивке, мотовозға, дрезинаға жолдың бос теліміне ерекше сақтықпен және 20 км/сағ аспайтын жылдамдықпен қызыл шамды маршруттық бағдаршамға дейін жүруіне рұқсат беріледі»
Шақыру сигналы
Шақыру сигналы – бір ай түсті жыпылықтаған шам поезға қызыл шамды (немесе сөнген) бағдаршамнан өтуге және келесі бағдаршамға дейін (немесе шығу бағдаршамы жоқ жолға қабылданғанда шектік бағаншаға дейін) 20 км/сағ аспайтын жылдамдықпен ерекше қырағылықпен және ары қарай қозғалысы үшін кедергі кездессе, дереу тоқтауға әзір болып, қозғалысын жалғастыруға рұқсат береді. Бұл сигнал кipy, сондай-ақ маршруттық және шығу (топтықтарынан басқа)бағдаршамдарындақолданылады.
№2