
- •Аңдатпа
- •Орындаушылар :
- •Жобаның мақсаты мен міндеті
- •Қр экономикасын қорландыру құралы ретінде сукукты орналастырудан күтілетін нәтижелер:
- •2.Жобаның маңыздылығы
- •3. Жобаның мақсаты мен міндеттері
- •4. Жұмыстың сипаттамасы
- •4.1 Ислам қаржы жүйесіндегі сукук: анықтамасы, құрылымы
- •2014-2015 Жылы корпоративтік шығарылым көбеюі мүмкін.
- •5.Алынған мәліметтер бойынша Қазақстандағы сукук нарығы үшін swot талдау және ұсыныс кестесі
- •6. Сукук моделін құру
5.Алынған мәліметтер бойынша Қазақстандағы сукук нарығы үшін swot талдау және ұсыныс кестесі
SWOT талдауында зерттелген барлықжақтар, Қазақстан сукук нарығының дамыту мақсатында «Ұсыныс кестесі» құрастырылды:
6. Сукук моделін құру
Қазақстан заңнамасы бойынша рұқсат етілген, жақын болашақта іс жүзінде қолданысқа енейін деп отырған сукук иджара бағалы қағазының нарықққа орналастырылу моделін ұсынамыз. Модельдің элементтері:
Сукук операциясына қатысушылар
Оригинатор: заңды кәсіпорын, ол үшін сукук шығарылады;
Эмитент(SPV): ислам бағалы қағаздарын шығкратын құзырлы орган;
Инвесторлар: бағалы қағаздарды сатып алу арқылы серіктес болатын тұлға;
Сақтаушы немесе қамқоршы: ол дегеніміз, нормалар мен ережелерге сай инвесторлардың атынан барлық операцияны бақылайтын заңды тұлға;
Инвестициялық банк: инвестор мен эмитент арасындағы делдал қызмет атқаратын компания;
Агент: агенттіктік келісімшар бойынша, эмитент атынан белгілі бір мерзім бойынша төлемдер төлеп тұратын және инвесторлардан фонда жинайтын қаржылық, несиелік ұйым немесе банк;
Гарант:капиталдың қайтатөлемділігі мен белгіленген мерзім бойынша алынып тұратын пайдаға кепіл беруші;
Рейтингілік агенттік: құнды қағаздарды бағалайтын агенттік;
Маркет-мейкер: бағалы қағаздар саудасымен айналысатын және оның өтімділігі мен сұраныс пен ұсынысын бақылайтын, олардың баға тұрақсыздығын шектейтін құзырлы брокерлік\дилерлік немесе инвестициялық банк;
Аудитор: сақтаушы н\е қамқоршының бақылауын қызмет атқаратын Бағалы қағаздар және Биржа бойынша Ұйымның сенімді аудиторы;
Реттеуші: Бағалы қағаздар және Биржа бойынша Ұйым;
2. Талап етілетін құжаттар
Құжаттар |
Жақтар |
Суреттеу/ мақсаты |
Сату және сатып алу келісімшарты |
Жасаушы (сатушы) және трасти(сатып алушы) |
Сенімді тұлға (және инвесторлар) перспективасынан,табыс әкелетін активтерге меншік құқығын беретін құжат. Жасаушы перспективасынан, ол қаржыландыру алатын құжат. |
Жалгерлік (иджара) келісімшарты |
Сенімді тұлға (жалға беруші) және жасаушы (жалға алушы ретінде) |
Сенімді тұлға активтерді жасаушыға кері жалға береді, осылайша жасаушыға иелік етуге және қолдануға мүмкіндік береді. Активтер негізгі бизнес үздіксіз жалғаса беруі үшін және жалгерлік төлемдер арқылы сенімді тұлға (және инвесторлар) ii табыс әкеледі
|
Агенттіктің қызмет көрсету келісімшарты |
Сенімді тұлға (жалға беруші/ негізгі) және жасаушы (қызмет көрсетуші агент)
|
Сенімді тұлғаға негізгі қызмет көрсетуге, сақтандыруға (немесе такафул) және салық төлеуге (яғни меншік иесінің міндеті) жауапкершілікті жасаушыға кері беруге рұқсат етеді. Қызмет көрсететін агент төлеміне жататын кез келген компенсация сомасы немесе (ii) қызмет көрсету төлемі Иджарада немесе атқару бағасына қосылған қосымша сомада (сатып алу міндеттемесі не сату міндеттемесі төлеміне жататын) «қосымша жалгерлік төлемге» сәйкес келуге қарсы белгіленеді. |
Сатып алу міндеттемесі (Wa’d) |
Сенімді тұлға пайдасына жасаушымен (борышқор) кепілдендірілген |
Сенімді тұлғаға міндеттемелерді төлемеген не өсірілген жағдайда активті жасаушыға қайта сатуға мүмкіндік береді, орнына сенімді тұлға инвесторларға төлей алуы үшін жасаушы барлық төленбеген соманы (қызмет көрсету бағасы арқылы) өтеуге міндетті |
Сату міндеттемесі (Wa’d) |
Жасаушы (борышқор) пайдасына сенімді тұлғамен кепілдендірілген |
Жасаушыға шектеулі жағдайларда (мысалы салықтың пайда болуы) сенімді тұлғадан активті сатып алуға мүмкіндік береді, орнына жасаушы сенімді тұлға инвесторларға төлей алуы үшін барлық төленбеген соманы (қызмет көрсету бағасы арқылы) өтеуге міндетті |
Алмастыру міндеттемесі (Wa’d) - ҚОСЫМША |
Жасаушы (борышқор) пайдасына сенімді тұлғамен кепілдендірілген |
Жасаушыға кейбір активтерді құны және табыстылық әкелу сипаты бірдей активтермен (ол сатыла алатын не арыла (құтыла) алатын болуы мүмкін) алмастыруға мүмкіндік береді |
11-сурет. Иджара сукугының жұмыс істеу механизмі
Иджара сукугының структурасын келесідей қарастыруға болады (Tariq, 2004):
Оригинатор SPV- ге белгілі бір сомаға1,5 жер телімін сатты.
Сатып алу бағасы оригинатор берілді.
Оригинатор SPV- дан активті кері жалға алады.
Жалгерлік төлем оларды сукук ұстаушыларға үлестіретін SPVге мезгіл-мезгілімен беріліп тұрады. Өсірілген кезде актив оригинатор мен сукук ұстаушыларға берілген басшымен қайтадан сатып алынатын болады.
Активті сатып алуды қаржыландыру үшін SPV сукук ұстаушыларға сукукты шығарады және олардан сукук табысын алады.
Жалгерлік төлем немесе сукук ұстаушыларға берілген мерзімді бөліну төмендегідей құбылмалы ставкамен есептелінеді:
Алғашқы төрт бөліну мезгілі үшін жалгерлік төлемдері:
(LIBOR
+ 0 . 4 %) *(1 500 000 ) *
Қалған бөліну мезгілдері үшін жалгерлік төлемдері:
A+ (LIBOR + 0.4%) * (1 500 000) *
(х есептік периодтағы күндер, А амортизация төлемі).
иджара келісімнен түсетін кірісті есептеу
Шарттары:
Инвестициялар сомасы |
1 500 000 теңге |
Актив бірлігінің құны |
150 000 |
Жалдама мерзімі |
24 ай |
Актив үстемебағасы |
30% |
Төлемдер төлеу периоды |
1 ай |
Актив тозу периоды |
36 ай |
Активетр саны |
10 |
Ескерту: жалдама қойылымы нарықтық конъюктураға байланысты өзгеруі мүмкін. Жалдама төлемдері құрамына сақтандыруға, тағы басқа қызметтерге кеткен шығындар есептелінуі мүмкін.
Ай сайынғы төлемдер есептемесі:
((150 000/36*24 + (150000 * 30%))/24)*1= 287 500
Тәуекелді есептеуге қолданылатын формула
Кез келген потенциалды эмитенттің активтерге мүмкіндігі бола бермейді, неге десеңіз сақтандыру, қызмет көрсету сияқты жоғары транзакциялық шығындарды талап етеді. Сонымен қоса, Шариғат активтерді жұмыс істеу жағдайында болуын талап етеді. Төлем мен аудитте арзан емес және көп уақыт алады. Бірақта, негізгі мәселе ретінде баға қойылым үшін қолданылатын пайыздық ойылымның және риба қағидасының арасындағы жақын байланыс Шариғат ғалымдарын алаңдатадыю иджара сукугы доллар негізіндегі активтерге LIBORдың жоғары деңгейін көрсетуде.
Пайыздық қойылыммен байланысты проблеманы шешу үшін профессор Аббас Миракхор Тобиннің Qін капитал бағасын анықтауға олдануды ұсынған.
q = 1 нарықтық баға мен баланстық баға тең
q > 1 нарықтық баға баланстықтан жоғары, инвесторлар қызығішылығы жоғары
q < 1 нарықтық баға баланстықтан төмен, нарық компанияны бағаламайды
Қалдық құнға сәйкес келетін дисконттау қойылымын агықтау үшін сол қалдық құнның табыстылығы мен тәуекел бағалануы керек. Қалдық құнның тәуекеліне, нарықтағы активтердің ырғақтылығына, технологияның ескіру мен қолжетімді жаңа активке әсер ететін фактор сұраныс пен ұсыныс болып келеді. Тәуекелдің қалдық құнын анықтау үшін қолданылатын теориялардың бірі заманауи портфель теориясы. Капиталды активтер моделі нарық тәуекелділігін бағалауға қолданылуына болады:
r дегеніміз капиталдан күтілетін қайтарым
табыстылықтың
тәуекелсіз қойылымы
нарытық
портфельден күтілетін қайтарымдылық
Активтер бетасы мына жолмен есептеледі:
активтер
бетасы
бета
акциялары
Бетаны қор нарығы мәліметтері арқылы бағалауға болады, егер активтер тәуекелі компания шығаратын өніммен тығыз байланысты болса. Бірақ та, бұл тәсілдң біз бір немесе активтердің бір ған түрін реализациялайтын компанияға қолдана аламыз. Өндіріс пен қолданушы компаниялар бета активтерге жақсы прокси көрсетеді.
Қорытынды Қаржы дағдарысынан шығудың ең оңтайлы жолы- ел экономикасының исламдық қаржыландыру жүйесіне бет бұруы, оған әлемдік тәжірибе куәлік етеді. Мемлекет экономикасын сауықтыру мен оның бірқалыпты даму тенденциясын ұстану тиімді қаржы тетіктерін енгізу арқылы жүзеге асады. Ендеше, қазіргі таңдағы жоғары Үкімет басшыларының алға қойып отырған мәселелері исламдық қаржыландыру жүйесінің элементтері арқылы орындалмақ. Дамушы мемлекеттердің басты жіті мәселерінің бірі инфрақұрылымның дамыған мемлекеттермен салыстырғанда анағұрлым артта қалуы. Халықтың әлеуметтік, экономикалық хал- ахуалын жақсарту үшін ел экономикасын қорландыру көздері айқын болуы керек. Демек, бұл біздің қаржы жүйемізге елдегі экономикалық, әлеуметтік, нормативтік заңдарды қанағаттандыра отырып, ислам заңдарының негізінде сукук бағалы қағаздарын енгізудің дұрыс екендігін айқындайды. Активпен толтырылған сукук сертификаты әділеттілікке негізделген сәтті экономика құрудың бірден бір құралы. Ұлттық банк 5-7 жыл мерзімінде исламдық бағалы қағаздар үшін 10 млрд доллар көлемінде қаржы тартуды жоспарлап отыр. Экономикамыздың ақсаңдап тұрған салалары пайыздық қойылым, пени, айыппұл санкцияларынсыз Ислам шариғатымен жұмыс істейтін сукук бағалы қағаздары арқылы қаржыландырылатын болады. Осылайша, еліміздің резервтік қоры толығудың тиімді жолына бет бұрады. Сукук шығарылымы экономикамызды диверсификациялау мен ұлттық жинақты мобилизациялаудың тиімді құралы. Бұл монетарлық саясатымыздың тиіміділігін жоғарылататын құрал екенін еске сала кету керек. Келешектегі тұтыну пайдалылығы бүгінгі күнгіге қарағанда жоғары екенін ескере отырып жасалынатын, экономика жинағы, әлемдік нарықта сукук сертификаттары шығарылымын сәтті орындап, экономикасын қорландырған мемлекеттер тәжірибесі арқылы орындалады деген сеніммен, аталмыш бағалы қағаздарды шығару мемлекет экономикасының даму сатысының жаңа белестеріна жол ашады.
Пайдаланылған әдиеттер тізімі:
Сукук. Шариатский стандарт № 17 / Пер. с англ.; [Ред. совет: P.P.
Вахитов и др.]; Орг. бух. учета и аудита исламских фин. учреждений (AAOIFI). - М.: Исламская книга, 2010. - 40 с
ISLAMIC FINANCE OUTLOOK 2015 September 2014. -86с
Мақала: «Объем выпущенных в GCC сукук за 2011 г. почти утроился»
http://www.takaful.kz/index.php?view=article&id=81%3Asukukgcc&option=com_content&Itemid=20&lang=ru
Мақала: «Спрос на Сукук может подскочить до 300%»
http://www.istisna.kz/rus/?page_id=34
Мақала: «Global sukuk issuance hits $131bn in 2012»
http://www.arabianbusiness.com/global-sukuk-issuance-hits-131bn-in-2012-485528.html
Мақала: «Иджара – правила аренды в Исламе
http://www.islam.ru/content/economica/idzhara-pravila-arendy-v-islame
Riding the future on sukuk
http://www.qinvest.com/QINvest_NewDesign/QInvest/English/SecImg/File/Click%20here.pdf
GDP growth (annual %);
http://data.worldbank.org/indicator/NY.GDP.MKTP.KD.ZG
Индонезия - Темп прироста ВВП, в постоянных ценах
http://knoema.com/atlas/Indonesia/GDP-growth
Saudi Arabia projects real GDP growth at 4.4% for 2014
http://www.bqdoha.com/2014/02/saudi-arabia-projects-real-gdp-growth-at-4-4-for-2014
United Arab Emirates: Gross domestic product (GDP) growth from 2004 to 2014 (compared to previous year)
http://www.statista.com/statistics/297772/uae-gross-domestic-product-change-percent/