Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tour_kurs_Kainar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
605.18 Кб
Скачать

Қорытынды

Тарихта бүкiл дүние жүзiнiң мәдениетiнде өшпес таңба қалдырған, жер мен жердi байланыстырған Ұлы Жiбек жолының Қазақстан территориясымен басты тармақтарының өтуi, елiмiздiң байланыс желiсiне айналуы мемлекетiмiздiң атағын дүние жүзiне атақты қылып қоймай ортағасырлық қалалар мен мәдени ескерткiштердiң бой көтерiп, оңтүстiк Қазақстанда тамаша мәдени үлгiлердiң қалыптасуына жол бередi. Отырар, Сайрам, Талғар, Тараз, Янгикент, Түркiстан сияқты қалашықтар, Бабаджа-қатын, Айша-бибi, Қожа Ахмед Яссауи күмбездерi, Тамғалы тас, Арпаөзен, Құлжабасы петроглифтерi үлкен маңызға ие. Сондықтан да ұлы Жiбек жолының Қазақстанды басып өтетiн тармағындағы ежелгi ескерткiштер мен қалаларда қайта өңдеу шараларын жүргiзiп, туристiк маршруттарға еңгiзу қажет.

Соңғы жылдары ұлы Жiбек жолының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен қайта жаңғыртуда дүниежүзiлiк және бiздiң мемлекеттiк деңгейде түрлi жобалардың пайда болуы Жiбек жолының бұрынғы келбетi мен маңыздылығын қалпына келтiруге жол ашты. Ұлы Жiбек жолының Қазақстандық тармағында түрлi мақсатты көздейтiн 70 астам туристiк маршруттар құрастырылған. Алайда көптеген жобалар жүзеге аспай жатыр. ¤йткенi жергiлiктi халық бұл жолдың маңыздылығын әлi толығымен түсiнбеуде, сонымен қатар инвесторларды табу қиын. Бұқара халыққа ұлы Жiбек жолының мәдени-архитектуралық ескерткiштерiнiң, жалпы жол желiсiнiң маңыздылығын ашып жарнамалау қажет. Сонда ғана көпшiлiк қауымнан қолдау тауып, үлкен құлшыныспен аса бағалы объектiлердi қорғап, қайта өңдеп, сақтау шараларын жүргiзуге болады. Соңғы жылдары “Жiбек жолы - Қазақстан”ұлттық компаниясы бұл бағытта бiрқатар iс-шаралар тындырды.

Осы тұрғыдан Жiбек жолының ел экономикасы мен туризм индустриясын дамытуда атқаратын ролi зор екендiгiн көрсетедi.

Туристiк салада Ұлы Жiбек жолы бойындағы объектiлердi түрлi желiлерде қолдану арқылы қаржы көзiн ұлғайтуға болады. Ұлы Жiбек жолының тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту экономикалық жағынан өте қолайлы: жаңа жұмыс орындары пайда болады, елдiң iшкi табыс мөлшерi ұлғаяды, шетел мемлекеттермен саяси байланыс тұрақтанады, қарым-қатынас желiсi, жолдар торабы жөнделедi, ел әл-ауқаты жоғарылайды. Сонымен қатар туризмнiң өз алдына Жiбек жолына тиiмдi жақтары бар: бiрiншiден, туризмдi жаңғырту арқылы үлкен мен кiшiлерге Ұлы Жiбек жолының тарихи маңыздылығын жеткiзуге болады; екiншiден, бұқара халықтың туристiк, архитектуралық объектiлердi сақтауға, қорғауға, бағалауға жол ашады.

Осы және басқа Жiбек жолындағы туризм индустриясын дамытуға байланысты басты мәселелерi, оған әсер ететiн керi факторлар тiзiмi жұмыс барысында келтiрiлiп қана қоймай, оны шешудiң тиiмдi жолдары ұсынылды.

Ұлы Жiбек жолының тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту, елiмiздiң туризм саласында белсендi қолдану, туризмнiң танымдық, дiни, экологиялық түрлерiн дамытуға жол ашылып, мемлекетiмiздiң туризм саласын дүниежүзiлiк аренаға шыуына толық мүмкiншiлiктер бередi. Бұл мәселенi түсiнумен қатар нақты шаралар қолданғанда ғана нақты нәтижеге жете аламыз.

Жоғары сапада, бүкiл қауiпсiздiк, экологиялық жағдайларды ескере отырып ұйымдастырылған маршруттар - Ұлы Жiбек жолы бойындағы туризм болашағын шешпек. Алайда бұл бастапқы қадам ғана. Әрине, қандай да экономиканың саласы проблемасыз болмайды. Ең бастысы бiз туризм саласындағы мәселелерге көзiмiздi жұмып тұрмай, олардан шығу жолдарын ұсынғанымыз жөн.

Жұмыс ауқымдылығын ескерсек, оның нәтижелерiн оқу орындарында, сонымен қатар туристiк фирмалар мен ұйымдардың қызметiнде қолдануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]