Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tour_kurs_Kainar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
605.18 Кб
Скачать

2.2 Жібек жолы бойындағы керуен жолдары

Жібек жолындағы ең үлкен қала Талас алқабындағы Джувикат болатын, Таразға сол арқылы жететін. Бұл сонау 6 ғасырдан белгілі Қазақстандағы ең ежелгі қала еді. Түрік қағаны 568 жылы дәл осы жерде Иранға қарсы әскери одақ шартын жасасу және жібек саудасы мәселелерін шешу мақсатымен Византиядан әскери сарапшы Замархтың бастауымен келген Юстиниан 2-нің елшілігін қабылдаған болатын. Тарихи деректерде Тараз «көпестер қаласы» деп аталады. Сонымен бірге ол кейін қарлұқтар мен қараханидтердің де сауда-саттығының орталық астанасы болды.

Талас алқабындағы Таразға керуендер, сондай-ақ, Ферғана алқабынан Шатқал жотасындағы Чанач, Алатаудағы Қарабура асулары арқылы өтетін жолмен де жүретін. Жолдың бұл бөлігі Жібек жолының «Ферғанаға» және «Жетісу» бағыттарын жалғастыратын.

Бұл қалалардың жұрты жатқан жерлерді археологтар таба білді: олар осы күнгі Тоқмақ қаласына таяу маңда жатқан болып шықты және олардың бір-бірінен 5 км жерде жатқан ескі Ақбешім, Боран қалаларына келетіні анықталды.

Жібек Жолы Суябтан Ыстықкөлдің не солтүстік, не оңтүстік жағалауымен өтеді. Жолдың оңтүстік тармағында керуен ірі Жоғарғы, Барысқан қаласын басып өтетін, ал солтүстік тармағында атаулары бізге жетпеген шағын керуен – сарайлардың қалдықтары кездеседі. Одан әрі бұл жолдар Бедел асуында немесе сол арқылы Ташрабатта түйісіп, Жібек жолы Қашғар мен Ақсуға апаратын.

10-12 ғасырларда Жібек жолының бір тармағы Іле алқабын оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай көктей кесіп өтті [17].

Керуен жолы Испиджабтан Арыс жағалауындағы Арсубаникетке, Отырар-Фарабқа және одан әрі Сырдария өзені ағысын қуалай отырып Арал теңізі алқабына кетеді.

Сырдарияны жағалай созылған керуен жолындағы аса ірі қалалар Отырар-Фараб пен Шавгар қалалары болды. Бірінші қаланың атауы Арыстың Сырдарияға құяр сағасындағы қираған қаланың аты арқылы осы күнге дейін сақталып келеді. «Фараб» сөзін тәжімалағанда «арғы беттегі қала» деген ұғым береді, ал мұның өзі Сырдария өзенінің арғы бетінде тұрған қала атауына сәйкес келеді (cурет 3).

Сурет 3. Ескі Отырар қаласының орны [18]

Отырар маңында 10 ғасырда Отырардың көгал алқабында болған басты қаланың бірі – Кедер. Ол «әр елден ағылған көпестер мекені» ретінде белгілі.

Отырар көптеген керуен жолдары тоғысқан түйін еді. Бір жол осы жерден Шавгарға кетсе, екінші жол Сырдария өткелі арқылы Басиджа қаласына барады. Соңғысы Шығыстың көрнекті ғұламасы Әбу Насыр әл – Фарабидің алтын бесігі болды. Бұл қала 13-14 ғасырларда Зернук аталады. Жібек жолы одан Сырдарияны жоғары бойлап, оғыз қаласы – Сүткент арқылы Шашқа, ал төмен қарай Жентке барады. Осы жерден жол Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке, одан Еділ жағалауымен Кавказға кетеді. Жібек жолының бұл бөлігі 13 ғасырда, яғни Еділдің төменгі ағысы сағасында Алтынордалық Сарай қаласы салынған кезде қатты жанданды.

Бұл жол 13-14 ғасырларда Сарайшық, Сарай-Бату және Каффа қалалары арқылы өтті (сурет 4).

Сурет 4. Сарай Бату қаласының орны [19]

8-ші ғасырдағы деректерден белгілі Шавгар қаласы осы күнгі Түркістан маңындағы қираған ескі Чуйтөбе (Шойтөбе) қаласына сәйкес келеді. Шавгар атауы «Қаратау қаласы» деген мағына береді, ол бұл Қаратау бөктерінде орналасқан қалаға сайма-сай келеді. 10-12 ғасырларда қазіргі Түркістанмен қарайлас Шавгарға жақын маңнан Яссы қаласы ірге тепті. Бұл кәдімгі аты шулы Темірдің бұйрығымен моласының басына күмбез мазар орнатылған атақты ақын Қожа Ахмет Яссауи туып, өз уағызын жүргізген қала еді.

Жібек жолы Шавгардан оғыздардың астанасы болған Янгикентке (Жаңакент) баратын. Жол бұл жерден де Қызылқұм арқылы Хорезмге тірелетін. Бұл аралық 10 күндік жол еді.

12 ғасырда Жент, оңтүстік-батысқа таман орналасқан Сығанақ тәрізді, қыпшақ мемлекетінің орталығы болды.

Шавгардан, кейінірек Яссыдан Тұрлан асуы арқылы шыққан жол Қаратаудың солтүстік бөктеріне жететін, ал дәл осы жерден Сырдарияны бойлай созылған екінші жолмен иықтаса жарысып жататын. Ол жол әсіресе 13-14 ғасырларда қатты жанданды. Аралдың солтүстік жағалауынан Монголияға бет алған армян патшасы Гетум мен сопы Рубрук дәл осы жолмен жүрді. Бұл жолдың бойында Созақ, Уростан, Құмкент, Сүгүлкент қалалары жатты. Ол Таластың төменгі ағысына жетіп, өзенді жоғары өрлей көтерілетін немесе Билікөлдің батыс жағалауын бойлап, Бүркіт-Паркет, Хутухнин арқылы Таразға апаратын.

7-8 ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ «Отырарбенді патшасы » деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі –Кедер 9-10 ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі 10-12 ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен. Қазақстанға белгілі болған  орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің  Батыс түрік қағанаты Дизабулға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 680 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды.  7 ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде  түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран  жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.   10-12 ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен  көпшілік үшін салынған  моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі  көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған  бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші-Қарахан күмбезі.  Өкінішке орай, қираған күмбез  XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, сәнді өрнектері  өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана. Тараз Жетісудың  саяси, экономикалық және мәдени  өмірінің  ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты  өзендердің бойында  төменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикет, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ Іле өзенінің алқабында  Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз   сияқты басқа да қалалар орналасқан. XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Яссауи  күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады. Сырдариядағы ірі қала-Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен  солтүстік-шығысына баратын  керуен жолдарының  қилысында орналасқан  ол XII ғасырда қыпшақ  бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ –ата  жұрты бар.  X-XII ғ. Орта Азия мен Қазақстанда  жоғарыда  айтылған кенттерден басқа  жаңа бірқатар   қалалар –Қарашоқы, Қарнақ, Ашынас, Баршылылықкент т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі  ұлғайып,  сауда шаруашылық орталығы-шахристаннан  рабадқа ауысқан.   Қазақстан жеріндегі халықтардың зкономикалық  өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу  қалаларының  Визиантия,  Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI- X ғ. Халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол  Шаштан Газгирдке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына  беттеген. Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар «Жібек жолы»Тараздан  терістікке қимақтарға қарай Адахкет, Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті. Тараздан  «Жібек жолымен»Төменгі Барысханға, Құланға, одан әрі Меркеге және Аспараға қарай  шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен. Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын,одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған. Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан.Өзендерге көпірлер салынған.Қалаларда сауда орны,ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар,көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т.б шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінетін. Шеттен әкелінетін бұйымдар-меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген  заттар. Қалалардың өсіп өркендеуі,сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған.Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің Оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды.Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты. 9-12 ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды.Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды.Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп,оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды.Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз  еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған. Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір,не шойын ұштары бар,жер жыртатын құралдармен өңделіп,егін ору темір орақпен жүргізілген.Дәнді ұнтақтау үшін тас дирмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім  шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және   Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған  су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылып, гүлдеп тұрған.Қазақстан  жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының біртіндеп  ыдырауына әкеп  соқты [20].

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолының негізі торабынан солтүстікке де, шығысқа да жол бұтақтары тармақталып жатты. Олар Орталық және Шығыс Қазақстанды басып өтіп, кейін Сарыарқа ретінде баршаға мәлім болған Дешті - Қыпшақ жеріне Ертіс жағалауына, Алтай мен Монғолияға жетелеп кететін. Бұл жерде атты көпшелілер тайпалары жүретін дала жолы болатын. Алайда, бұған қарап Қазақстанның далалық аймақтарын тек қана көшпенділер мекендеген екен деп ойлауға болмайды. Мұндай егіншілікке қолайлы жерлерде - Сарысу, Кеңгір, Жезді өзендері жағалауларында, Ұлытау етегінде, Ертіс жағасында, орта ғасырда егіншілік және қалалық тіршілік төңірегінде суармалы көгалдар алқаптар көбейе түсті. Оның үстіне мыс, қалайы, қорғасын, күміске бай кен орындары сонау қола дәуірінен игеріле бастады, ал көп кейінірек осы жерлерде кеншілер, метал балқытушылар, мысшылар мен күміс бұйым шеберлерінің қалашықтары бой көтереді. Мал, жүн, былғары, металл тәрізді шикізат қорына бай Орталық Қазақстан аудандары сауда-саттық жүйесіне, оның ішінде халықаралық байланысқа тартылды және көптеген керуен жолдарымен қоса Жібек жолы жүйесіне енгізілді.

Отырардан Арсубаникет, Арыстанды, Шаян арқылы, Қаратаудың аласа жоталарынан асып, Тұрлан асуы арқылы Шавгар мен Яссыдан, Сауран мен Сығанақтан, Янгикенттен шыққан жолдар Орталық Қазақстанның далаларын шарлап, Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Есіл өзендері жағалауларына жетіп жатты. Бұл жерлерде Болған-Ана, Жаман-қорған, Нөгербер-дарасы, Домбауыл, Милы-құдық, Ормамбет тәрізді қабырғалары шөгіп кеткен, төрт бұрышты елді мекен табылып, аршылды. Олардың айналасынан Жошы-хан, Алаша мавзолейлері тәрізді сәулеткерлік ескерткіштер сақталған ауқымды зираттар кешендері ашылды. Әл-Идриси Бақырлытаға, Махмуд Қашғаридің орта ғасырлық жазбаларындағы деректерінде кездесетін Жұбын, Қоңғылыкент қалаларын, Ортау мен Кейтау (Кейтаг) жайлауларын, Гарбин кен орындарын да осы жерлердің шеңберіне енгізу керек.

Тағы бір торап - «Ханжолы». Жаңа дәуірге дейін кәдеге жараған, бұл жол Тараздан шығып, Таластың ағысы бойымен төмен жүріп, Мойынқұм мен Бетпақдала арқылы Атасу жағасына апарды [21].

Ибн-Бахра мен әл-Идрисидің мәліметтеріне қарағанда, сауда жолы Тараздан басталып, Адахкес, Дех-Нуджикес қалалары арқылы Ертістегі қимақтарға-қимақ қаханы ордасына, одан әрі Енисейдегі қырғыз еліне жеткізеді екен. Жібек артқан керуен қырғыздарға әрбір үш жыл сайын қатынап тұрған.

Іле алқабы Шу – Іле тауларын бөктерлей қуалап, Шу өзені сағасына қарай төмендеп барып, Сарысу өзені жағасына жететін жол арқылы Орталық Қазақстанмен ұласып жатты. Тағы бір маңызды жол негізгі солтүстік-Іле жолынан Шеңгелді маңында бөлініп, Балхаш атырабындағы Көктал мен Бояулы керуен – сарайлары арқылы, одан соң Іле өзенінің бойында Ақтам, Ағашаяқ қалаларының қалдықтары жатқан Ортасу тармағын бойлай жүреді де Балхаш жағасына жетеді, одан ені 8 километрден сәл ғана астам түбек қалдырып, Өзеннің оңтүстік және солтүстік жағалауларын қосып жібере жаздап тұрған Ұзынарал түбегімен кетеді. Міне, осы маңдағы мүйістен көп бөлігі су астына қалып, қираған қала қалдығы табылды. Шамамен, керуендер бұғаздың кешу - өткелінен өтіп, Тоқырау өзенінің құйылысынан шыққан, содан соң осы өзеннің арнасын бойлап, Ұлытаудың етегіне қарай жүрген деп болжауға болады.

Жоңғар қақпасына қарай беттейтін солтүстік - Іле жолынан Алакөлді батыс жағынан айналып өтіп, Тарбағатай арқылы қимақтар мемлекетінің жеріндегі Ертіске шығатын бір жол бөлініп кетеді. Тарбағатай мен Ертіс өзені жағалауларында Банджар, Ханаум, Астур, Сисан атты қимақ қалалары және берік қорған қабырғалар мен қоршалған, темір қақпалары бар үлкен қала - «Қаһан астанасын» қоныс тепкен. Қимақ қалалары Енесейдегі қырғыздармен Монғолиядағы ұйғырлармен және Шығыс Түркістанның көкорай алқаптарымен сауда жолдары арқылы байланысып тұрды.

Қазақ даласы арқылы өтетін бөлігінен тарайтын Хан жолы (Түркістан қаласын Шымкент, Тараз, Қарағанды, Ақмола, Көкшетау, Қызылжар өңірлерімен байланыстырған), Хиуа жолы (Маңғыстаудан Хиуа баратын жол), Абылай жолы, Қарқаралы жолы, Сарысу жолы (Отырар, Жаркент, Сығанақ қалаларын байланыстырған), Тарақтылар жолы, Қимақ жолы, тағы басқа деп аталатын Керуен жолдары дәлел бола алады. Ұлы Жібек жолы торабтары экономикаға тигізген пайдасы аса зор.

Жiбек жолының қазақстандық бөлiгiндегi қалалар iшiнде ерекше орын алатын – Түркiстан, Тараз, Отырар, Алматы қалалары.

Түркiстан – қазақ хандықының бiрiншi астанасы.

Шымкент облысы, Түркiстан ауданының шығысында орналасқан. Түркiстан қаласы оңтүстiк Қазақстан қала мәдениетiнiң едәуiр археологиялық ескерткiшi. Қазақ халқының тарихында бұл қаланың қалдырған iзi барлығына мәлiм. Бұл түрлi мемлекеттердiң экономикалық және саяси қызығушылықты тудыратын, дала байтақтары мен ежелгi егiстiк аудандары тоғысындағы мәдени және сауда орталығы, Қожа Ахмед Йассауидiң дiни әрекеттер жерi, қазақ хандығының саяси орталығы, мұсылмандық шығыстың екiншi Меккесi.

Қазақстанның оңтүстiгiндегi бұдан ежелгi және тарихи маңыздылығы кем емес Отырар, Испиджаб, Сауран т.б. қалаларға қарағанда өзiндiк артықшылықтарға ие. Ең бастысы мұнда ортағасырлық Қазақстанның рухани және әкiмшiлiк орталығының бiрiгуi. Алғашқы елдiмекен Түркiстан жерiнде IV-VI ғасырларда пайда болды. XI-XII ғасырларда қалашық пен некрополь арасында Зиарат жолында Йассауи орденiнiң суфистер мекенi орнығады. XIV ғасырда өмiр Темiр Ахмед Йассауи қожаның қабiрi үстiне кесене салады. Бiрiншi археологиялық қазбаларды 1928 жылы жүргiзген Массон қаланы Шавгармен сәйкестендiредi. Алғашқы кезде Шавгар, кейiннен Йассы деп 1868 жылға дейiн атанған, ал кесене осы аймақта XII ғасырда өмiр сүрген ұлы әулиелi адам Ахмед Йассауидiң атымен атанған.

Ахмет Иассауи мазары – көне архитектуралық ескерткiш. әуелi Қарахан дәуiрiнде тұрғызылып, оның қираған iргесi XV ғасыр аяғы мен XVI ғасыр басында әмiр Темiрдiң бұйрығымен жаңартылды. Бұл архитектуралық комплекс түрлi функция атқаратын бөлмелердi бiрiктiредi: мавзолей, мешiт, мемориалды комплекс, ханака.

Бұл ескерткiште исламға дейiнгi салт-сана түрi мен Ислам дiнiнiң қағидалары, құран аяттары тоғысқан. Қазандық бөлме – ежелгi тайпалар өмiрiндегi қазанды қасиет тұту дәстүрiн бейнелесе, мешiт – мұсылмандар ғибадатханасы. Тайқазанға 60 шелек су сияды,салмағы 2 тонна. Қазан 1399 жылы жасалған. Мешiттiң қабырғалары кiлем тәрiздi күйдiрген ақ керiшпен безендiрiлген. Күмбез көгiспен қапталып, орталықта ақшыл, жасыл түстi теңбiл яшмадан қашалған Ахмед Йассауидiң бесiкшiсi орнатылған. Ахмед Йассауи ескерткiшi – халық өнерiнiң лағыл-маржанын бiздiң заманымызға дейiн жеткiзген ғажайып асыл туындылардың бiрi.

Ахмед Йассауи ханакасы түркiстандық некрополь құруға үлкен рол атқарды. Ханаканың пайда болуы мұнда хандардың жерленуiне жол бердi. Сөйтiп XV ғасыр соңында Түркiстанда Раби Сұлтан Бегiм мавзолейi салынады - өлықбек қызы, …бiлхайыр хан әйелi. Бұл жердi қылыми тұрғыда зерттеу XIX ғасыр соңында басталады. Алғашқысы 1905 жылы болды. Кең көлемде зерттеулер 1950, 1970 жылдары жүргiзiлдi.

XV-XVII ғасырларда мұнда қазақ хандарының ставкасы құрылады да, некрополь территориясында Тәуке, Жәңгiр, Есiм, Абылай мавзолейлерi салынады. Мiне осының бәрi үлкен емес қаланың астанаға айналуына септiгiн тигiзедi. Түркiстанның тарихы XV ғасырға жетедi. Ортағасырлық қала орталығының сағталуы, монуметтi ескерткiштердiң болуы, архитектуралық және этномәдени ортаның жаңғыртып, онда туризм инфроқұрылымының объектiлерiн орналастыру Түркiстанға iрi қажылық және туристiк орталыққа айналуына мүмкiндiк бередi [22].

Тараз – Жiбек жолы трассасының ежелгi және ең iрi сауда-әкiмшiлiк орталығы. VII-VIII ғасырларда түргештер мен қарлұқтардың қала-мемлекетi ретiнде құрылады. Бұл кезеңде ол радиалды-сақиналық агро-қалалық жүйеге ие болды. Оны бес қабат қоршаулар жаулардан қорғап тұрды. Орталықта шахристан мен цитадель орналасып, маңайындағы ауыл аймақтары үш қабат ұзын қорғандармен қоршалқан едi. Керуен жолдарының қиылысында және сыртқы қоршауда сауданы қадағалайтын және ауыл шаруашылық жерлердi, қаланы қорғайтын ел көсемдерiнiң қорғандары – кешiктер тұрғызылды. Қазiргi кезде көптеген монументалды ескерткiштер, дәстүрлi құрылыс фрагменттерi, радиалды-сақиналы пландағы көшелер жүйесi, цитадель, шахристан мен қаланың үзын қабырғасы сақталған. Мiне осы ежелгi ескерткiштердi жаңғырту, оның қайталанбас келбетiн қалпына келтiру, халықаралық сауда орталығы қызметiн қайта орнату елiмiздiң туризм саласына үлкен үлес әкеледi.

Тараз туралы алЈашјы дерек Византия елшiсi Земарх хабарнамасында айтылады, ал 630 жылы Сюань-ЦзанныЎ жазбасында iрi сауда јаласы ретiнде сипатталады. Қала VI-IX ғасырларда қарлұқтар қарамағында болған. X-XI ғасырларда Тараз Қарахан хандығының астанасы болды.

Қазiргi Тараз қаласының орнында орналасқанын алғаш В.В. Бартольд дәлелдеген.Қаланы қазу кезiнде қыштан жасалған құбырлар, суару заттары, шыныдан, қоладан және күмiстен жасалған бұйымдардың көптеген коллекциялары табылды. Бұл Тараздың Ұлы Жiбек жолы бойындағы iрi сауда орталығы болғандығын дәлелдейдi. Қала кезiнде Қазақстан жерiндегi маңызды саяси және экономикалық орталық болған.

Алматы – Қазақстанның ежелгi қалаларының бiрi, oңтүстiк астана, елiмiздiң мәдени және ғылыми орталығы. Қалада оның дамуының сатыларын көрсететiн бiрнеше есекерткiштер бар. Қала ежелде б.д.д. I мыңжылдықта сақтар мекендеген жерде орналасқан. Б.д.д. III ғасырда бұл жерлер құдiреттi Үйсiн мемлекетiнiң құрамына енедi. Бiрiншi этапта Алматы қаласының солтүстiк шетiнде б.д.д. X-VIII ғасырларда қола дәуiрiне жататын Терен-қара елдiмекенi болған. Екiншi этапында Кiшi Станица, Зенков, Қонаев, Қастеев көшелерiнiң территориялары мен Бурундай ауылы және аэропорт аймағында табылған сақтар мен үйсiндердiң б.з.д. IV-III ғасырлары – б.з. III ғасыры көптеген қорғандары мен бiрқатар елдiмекендерi болған. Келесi кезең Таулы Алып совхозы, әскери училище, ботаникалық бульвар мен бiрнеше Алматы аймағында б.з. X-XIII ортағасырлық бес қалашықтар iзi түрiнде анықталған.

Революцияға дейiнгi тағы бiр этап 1854 жылмен бекiтiледi. Бұл Верный қорғаны, Кiшi мен Үлкен станица, Татар слабодасы мен Верный қаласы. Кезең заманындағы қала құрылысы өзiнiң тарихына ие. 20-30 жылдардағы архитектурада функционализм мен конструктивизм кезеңiндегi қызықты құрылыстармен белгiленедi.

Қаланың басты даму этаптарында ескерткiштер үлкен ғылыми және танымдық маңызға ие. Бұл ескерткiштердi туристiк маршруттарға енгiзiп, кейiнгi кезеңдегi құрылыстарды туристiк инфрақұрылым мен мәдени-этнографиялық орталықтар ретiнде қолдануға болады.

Бұл қалалардан басқа Жiбек жолы бойында Хурлук, Турбат, Испиджаб, құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент, Қаялық және т.б. көптеген қазiргi кезге дейiн сақталған ортағасырлық қалалар мен елдi мекендер тамаша архитектуралық ескерткiштерге ие бола отырып, туризмнiң басты объектiлерiне айналуы сөзсiз.

Қазақстан оңтүстiгiндегi қалалар туралы көптеген қолжазбалар қалған. Соның бiрi Испиджаб қаласы туралы. Испиджаб – Мавереннахрдың басты, Түркiстанмен шекарада орналасқан қала. Оның көлемi үлкен және көптеген қалашықтары бар. Ол ежелгi заманда көркейген қалалардың бiрi едi. Қалада жабық сауда базарлары, мешiттер болған. Қала рабат пен түрғылықты мединадан құралған едi. Келесiдей төрт қақпа болды: Нуджакет, Фархан, Шахрани, Бухара. Рабаттар саны 1700-ге жеттi. Испиджаб қоршаумен айнала қоршалып тұрды [23].

Құлан. Орта ғасырдағы шағын қаланың орны (V-XII ғасырлар). Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы – Құлан ауылы. Қала туралы алғашјы деректер V ғасырдан бастап белгiлi. Саяхатшы Ибн Хордадбек пен Құдама жол дәптерiнде Құлан Тараз қаласының шығысына таман Ұлы Жiбек жолындағы қала деп көрсетедi. әл-Максидидiң көрсетуiнше, ол үлкен мешiтi бар бекiнiстi қала болған. Ғылым Академиясының археологтары қазiргi Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы қасындағы төбе-төбе үйiндiлердi Құлан қаласының орны деп ұйғарды.

Қойлық, қаялық. Iле-Aлакөл алқабындағы ортағасырлық қала (IX-XIII ғасыр). Қойлық қарлұқ жабғыларының астанасы болған. Бұл қала туралы монғол ханы Мөңкеге жiберiлген француз елшiсi Вильгельм де Рубрук 1253 жылы жол дәптерiнде: “Бұл сол жерден бұрын базары болған және оған көтеген көпестер қатынап тұрған Қаялық деген үлкен қала таптық”, - деп жазады. Қазақстан ұлттық Ғылым Академиясы археологтары қазiргi Алматы облысы. Сарқант ауданы, қойлық ауылы маңындағы аумағы 1200x650 м мұнаралы дуалдармен қоршалған, айнала ор қазылған қала деп анықтайды.

Сарайшық. Атырау қаласынан елу шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында, бiр кездегi ұлы атақты Сарайджук (қазiргi атауы – Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Сарайшықтың негiзiн XIII Ғасырда Батухан салған деген тұжырым бар. Қала Еуропа мен Азияны байланыстыратын керуен жолында орналасқан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешiт-медреселер салынған. Қалада Алтын Орда хандарының мүрделерi жерленiп, кейiн олар қасиеттi атанған.

Сайрам. Жалпы тарихи деректерге жүгiнсек, Исфиджаб (көне Сайрам) антикалық заманда ұлы Жiбек жолының келiп шығуымен пайда болған ең iрi қалалардың бiрi, оның кем дегенде үш мың жылдық құмырнамасы бар екенiн Қазақстан ғалымдары да ғылыми зерттеулерiне өзек етiп тартқаны шындық.

Сайрам туралы алғашқы деректер бiздiң жыл санауымызға дейiнгi VI ғасырда жазылған парсылардың шежiре кiтабы Авестада кездеседi.

Жазба әдебиеттерде Сайрам VII ғасырдың басынан-ақ белгiлi. Осы аттас округтың iрi саяси, экономикалығ және стратегиялық орталығы ретiнде ол көптеген араб, түркi және қытай әдебиеттерiнде сиппатталған. Сюань-Цзянның сапарнамасында (629 жылы) Сайрам Ақ өзендегi қала деп атанған.

Сол дәуiрлерде қала тез өсiп, өркендеп, Орталық Азияда алдынғы қатарларға шықты. Оған ықпал еткен тек құнарлы жер жағдайы ғана емес, егiншiлiк пен қолөнердiң, iскерлiк пен кәсiпкерлiкдiң дамуына, өндiрiс пен өндiрiстiк құралдарды, шаруашылық жүргiзу тәсiлдердiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға, құрылыстың, соның iшiнде мелиоративтiк жүйелердiң көптеп салына бастауына ұлы Жiбек жолының шешушi ықпалы тидi. Қала көшелерiнде қатынас жолдарының бойында құрылыс материалдарын, терi өңдейтiн, кездеме, кiлем тоқитын шеберханалар, дүкендер, наубайханалар, асханалар, мейманханалар бiр-бiрiмен жалғасып, оларда өндiрiс пен сауда тiршiлiгi қыз-қыз қайнап жатты. Сайрам базарлары әлемдегi ең бай базарлар қатарында тұрды. Көне жобалардан қаланың жан-жақты ойластырып, тиянақталған жоба бойынша салынғанын көруге болады.

Ескiдегi тарихшылардың Таразды саудагерлер шақары, ал Сайрамды бүкiл дүние жүзi саудагерлердiң отаны деп атауы тегiн болмаса керек. ұлы Жiбек жолы үстiмен дамылсыз ағып жататын керуендерден түскен пайда халықаралық қатынастың ықпалы мен сауда-саттық Сайрамның әлемдiк беделiн көтердi, қаланың қазынасын қорландырды.

X ғасырда Сайрам Азиядағы бiлiмдар қала саналды. Алғашғы мыңжылдықтың соңына қарай шарықтау шегiне жеткен Сайрам өркениетi төрт ғасырға созылып, Шыңғысхан шапқыншылығынан кейiн бiртiндеп әлсiрей бастады. XV ғасырдан Сайрам қаласы билеушiлер арасындағы таң таласына тартылды. Қала бес ғасырда жетi рет жолдан-ғолға өттi, қатты күйзелiске ұшырады.

XV-XVI ғасырларда Қазақ хандығының шаңырақ көтерiп, бiр халық болып бiрiгуi Сайрам тарихымен кiндiктес.

Көне түркi тiлiнде Сайрам “Тастақ сай” деген ғылым бередi. Ал Испиджаб “Екi дария аралығы” деген сөздiң баламасы екен.

Алғашқы деректер Махмұд Қашқаридың “Диуана Лұғат ат-түрiк” атты еңбегiнде де кездеседi. Сайрам қаласы бiздiң дәуiрiмiзде де аз зерттелген жоқ. 1923 жылы П.П.Иванов, 1925 жылы Массон, 1947 жылы А.Н. Бернштам басқарған археологиялық экспедициялар жүргiзген жазба жұмыстары барысында көлемi 28 гектар жердi алып жатқан 4 қақпалы дуалмен қоршалған қала орны анықталған.

Бүгiнгi Сайрамда мемлекет қорғауына алынуға тиiстi тарихи ескерткiштер де, жәдiгерлiктер де аз емес. Солардың iшiнен атап айтсақ, Ахмед Йассауидiң ата-анасы Ибрагим-ата мен Қарашаш-ана кесенелерiнiң, жер асты жолының, бақылау мұнарасының орны ерекше...

Отырар. Отырар оазисi Сырдария мен Арыс өзендерiнiң қиылысында (Оңтүстiк Қазақстан) орналасқан. Жiбек жолы тармақтарының тоғысында б.д.д. 3000 жылы қалыптасты. Орталық Азияның Батыс бөлiгiндегi көшпендi мен отырықшы мәдениеттердiң шекарасында орналасјан. Отырар оазисi Қазақстан мен Орта Азия тарихын зерттеуде мәдени-тарихи маңыздылықа ие. Оның ескерткiштерi ЮНЕСКО-ның дүниежүзiлiк ескерткiштер қатарына енгiзiлуге сұраныс берiлген. Қала ауданы 200 гектарға жеткен. Ол 6 ескi қалаларды бiрiктiредi. Каналдарына 2000 жыл. Отрар төбе оазистiң ең көнесi – I-XVIII ғасырлар. Қалғандары: Құйрық-төбе I-XV ғасырлар, Алтын-төбе I-XI ғасырлар, Пшакши-төбе I-XII ғасырлар, Мардан құйрық-төбе I-XV ғасырлар, Көк Мардан I-XVII ғасырлар. Отрар 1969 жылдан бастап зерттелдi.

Отырар тарихы мен археологиясы. Отрар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.д.д. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған қаңлы мемлекетiнiң тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар деп аталған. Самани әулетiнiң ықпалында болды.

Өзiнiң тарихи атын сақтап келген, ұлы мәдени және сауда орталығы. Отырар туралы естелiк жүздеген жылдар бойы өмiр сүрдi. Мұнда ұлы ортағасырлық философ Аль-Фараби туып, әмiр Темiр ажалын тапқан. Бұл жерден жолдар Тараз, Баласағұн, т.б. Арыс бойымен барса, Шаш пен Соғды, Мерв, Нишапуруға Сырдария арқылы барды. Басқа жолдар Батыста Орал, Хорезм, Кавказ, Кiшi Азия мен Еуропаға апарды. 1219 жылы Отрарды Шыңғысхан жаулап алды. Қала қиратылып, адамдары өлiп, айналасындағы көптеген қалалар мәңгiлiкке жоғалды. XIII ғасырда қайта өркендеп, Жiбек жолы бойындағы маңызды сауда орталығына айналды. әмiр Темiрдiң басты қаласына айналады. XVI-XVII ғасырлар бойы қазақ даласында билiк үшiн қазақ Хандығы мен Жоңғарлар арасында тайталас бiтпейдi. Кейiн тоқырау кезеңi келiп, қаланың экономикалық маңыздылығы төмендейдi. Жiбек жолының Еуразиялық тармағының маңыздылығы азайған соң, қала өз функциясын жоғалтты. XVIII ғасыр соңында 40 жанұя ғана қалды. Ал XIV-XVII ғасырларда 5000-7000 жанұя болған. Ал өңделген жер көлемi 500 гектарға дейiн төмендедi.

Отырар археологиясы. Нағыз Шығысқа тән қала әкiмiнiң сарайы, көпестер мен қолөнершiлердiң үйлерi, мешiт, бiрнеше моншалар болған.

ЮНЕСКО проектiсiнiң құрамы. Жiбек жолы бойында орналасқан мәдени мұра ескерткiштерiнiң маңыздылығын ескере отырып, Жапония үкiметi ЮНЕСКО-ға (Жапондық Трастық фонд) үлкен көлемде қаржы бөлдi. 2001 жылы тамыздаҚазақстан Республикасы үкiметi мен ЮНЕСКО арасында Ежелгi Отырар қалашығын сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi келiсiмге отырды. Соңғы жылдары ашылған объектiлер тез құруда, туристер көбейген сайын архитектуралық құрылыстарға қауiп төнуде. Нәтижесiнде мыңдаған жылдар бойы құм астында берiк сақталған Отырар жер бетiнен жоғалып кетуi мүмкiн, Проект 4 жылға бағдарланған (2001-2004). Проект аяқталысымен мастер-план құрылмақ. Бұл документте тұрақты туризм дамуы мәселесi қаралады. Туристiк инфроқұрылым құруда: туристерге жолдар салу, картамен бiрге ақпараттық стендтер орналастыру, буклеттер шығару, заңсыз археологиялық қазбалар мен келушiлерден қорғау мақсатында қоршау жасау.

Карл Байпақов “Ежелгi Отырардың тарихи маңызы” атты докладында: Отырар ғасырлар тоғысында қалыптасқан, оның жалпы жасы 2000 жуық. Әрине бұл Қазақстанның iрi қаласы болды. Ол үлкен оазис пен саяси аймақтың орталығы едi. ұлы Жiбек жолы жүйесiнде қала маңызды рол атқарды. Ол Қазақстанды Қытай, Еуропа, Орта Шығыс, Сiбiр және Оралмен байланыстыратын пункт едi. Отырар оазисi ауыл шаруашылығы мен ирригацияның даму жерi болған. Әрине ЮНЕСКО жобасының шеңберiнде және болашақ жобаларда Отырар Жiбек жолы бойындағы маңызды туризм орталығына айналуы тиiс.

Ақтөбе қаласының орны Ақсу өзенiнiң екi қапталында, оның Шуға құяр сағасына таман, Жетiсудың қазақ далалы аймағына қарай жайылып жатыр, сол себептен ескерткiштiң бiр атауы далалық Ақтөбе делiнедi. Айналасы дуалмен қоршалған, бiр қараған адамның көзiне шым-шытырақ болып көрiнетiн объект болып табылады. Тұтас ескерткiштiң атауына айналған қираған қаланың орталық бөлiгi Ақсу өзенiнiң сол жақ жағалауында жатыр. Қаланың қамалы биiктiгi 15 метрдей бұрыштары дүниенiң төрт құбылысын меңзейтiн төртбұрышты төбе түрiнде жасалған. Ақтөбе мен Баласағұн екеуiнiң бiр қала екендiгi жөнiнде сан рет айтылып жүрген болжамдар сын көтермейдi. Дегенмен, Ақтөбенiң Жiбек жолы бойындағы қалалардың бiрi болғандығында дау жоқ [24].

Жаркент өңiрi – Жетiсудың шұрайлы бөлiгi. Географиялық орналасу жағдайына байланысты бұл өлке бұрын жаугершiлiк пен шапқыншылықтың өтiнде тұрды.

Жаркент өңiрiнде шипалы сулар өте көп. Олардың адам бойын жайлаған дертке дауа болар қасиеттерi де әр алуан. Санамаласақ, Найзатапқан, Үсек, Қу, Бұрхан, Қорғас арасандары ежелден-ақ елге таныс. Iле өзенiнiң солтүстiгiнде “Құндызды” деп аталатын жерде шипалы қасиетi жоғары “Сақ батпағы”деп аталатын арасан болған. Тарихи тұрғыдан ой өрсек Iле өңiрiнiң осыдан мың жыл бұрын да бiздiң арғы тегiмiз сақтардың мекенi болғанын аңғартса, қасиеттiлiгi жағынан бұл өңiрдiң топырағы мен суының, табиғаттың ертеден-ақ артықтығын анықтай түседi.

Жаркент-арасан, Көктал-арасан, Кермағаш шипажайы мен санаторийлерi белгiлi.

Жаркент қаласында сонымен қатар XIX ғасыр аяғына жататын қытай шеберлерi жасаған мешiт өзiнiң әсемдiгiмен таңғалдырады. Оның ерекшелiгi - құрылыста бiрде-бiр шеге қолданылмаған.

Ұлы Жiбек жолының пайда болуымен қазақ жерiнде бой көтерген қалалардың маңыздылыңы күннен күнге артудa. Туризм объектiлерi бола тура олар өткенге үңiлiп, қиын тарихи процестерiнiң даму сатыларының анық көрiнiсi. Ежелгi қалаларды сақтау мен қорғаудың маңызы мiне осында.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]