- •Мазмұны
- •Кiрiспе
- •1.1 Жiбек жолының қалыптасуы мен Жiбек ролi
- •1.3 Жiбек жолының Қазақстанда жандануы
- •2 Ұлы жiбек жолының туристiк потенциалы
- •2.1 Ұлы Жiбек жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы
- •2.2 Жібек жолы бойындағы керуен жолдары
- •2.3 Ұлы Жiбек жолының рухани мұрасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
2 Ұлы жiбек жолының туристiк потенциалы
2.1 Ұлы Жiбек жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы
Қазiргi уақытта туризм халықаралық экономиканың маңызды саласына айналғанына ешкiм күмәнданбайды. БҰҰ-ның осы жүзжылдықты “Туризм ғасыры” деп атауы кездейсоқ емес. Туризмнiң алдыға суырылып шығуының себебi - дүниежүзiлiк жақандану процесi мен адамдардың басқа елдер мен ұлттарға қол жеткiзуге ұмтылуы септiгiн тигiздi.
Дүниежүзiлiк Туристiк ұйымның бас секретарi Франческо Франжиали Алматыда 2002 жылы халықаралық туристiк жәрмеңкенi ашқанда адамдар күннен күнге қыдыруға тырысады және көбiнiң оған жағдайы бар деген/19/.
Бiздiң республика туризмдi дамытуға барлық ресурстарға ие. Елiмiз Орталық Азия аймағында өте қолайлы геосаяси жағдайға. Қазақстан арқылы Ұлы Жiбек жолы – ежелгi халықарлық сауда трассасы өтуi мемлекетiмiзде аса бағалы архитектуралық объектiлердiң пайда болуына жол бердi.
Жiбек жолы Батыс пен Шығыстың мәдени, дипломатиялық, сауда-экономикалық қарым-қатынастың трансконтинентальды байланыс жолы болып, Қазақстан территориясында Iле, Шу, Талас алқабтары мен Отырар-Сырдария оазистерiнде қала мәдениетiнiң күштi дамуына ырғақ болды.
Жетiсу қалаларының алғашқы сипаттамасын буддалық паломник Сюань-Цзян жазған. Ол бұл жерде 630 жылы болып, былай деген: “ Көгiлдiр көлден 500 км солтүстiк-батысқа жүргеннен кейiн Сүйе өзенiндегi қалаға келдiк. Қала көлемi 6-7 ли. Онда түрлi елдерден саудагерлер мен хустар тұрады. Сүйенiң батысында бiрнеше жалғыз қалалар бар, әрбiреуiнiң өз бас ақсақалы болады. Бiр-бiрiнен тәуелсiз болғанмен, олар қағанға бағынады. Бұл ел Сули деп аталады”.
Көптеген қалалар мен ауылдардың кеңейiп-нағаюы, олардың айналасында әскери-әкiмшiлiк, сауда-саттық агломерациялар мен ауыл шаруашылық аудандардың қалыптасуы, сонымен қатар үлкен көлемде жаңа сауда орындары, дiни орталықтар, этникалық отарлар мен әскери қорғандардың салынуы арқылы Жiбек жолы аймағында урбандалу процесi жүрдi.
Археологиялық зерттеулер арқылы Қазақстанның оңтүстiгiнде 25 қалашықтар ашылған (VI-IX ғасырлар). Олардың кейбiреуiнiң аттары белгiлi – Испиджаб, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавғар. Бұл қалаларда арк (цитадель), шахристан (iшкi қала), рабад (қала маңы) бөлiнедi. Жетiсудың оңтүстiк-батысында (Шу мен Талас алқаптары) археологиялық зерттеулер бойынша 27 қалашық белгiлi: Тараз, Мерке, Джамукат, Құлан, Атлах.
Қазақстанның оңтүстiгiнде VII ғасырға дейiн 22 қалашықтары белгiлi, ал VII мен IX ғасырлар аралығында олардың саны 61 жеткен. Мұндағы 30 iрi қала Қытай мен Иран маршрут карталарында түсiрiлген.
Қалалар сауда мен өнер орталықтары болған. Халықаралық саудамен қатар жергiлiктi сауда мен көшпендi тайпалармен сауда дамыды. Оның дамуы туралы көптеген табылған тиындар дәлелдейдi. Осы ортада түрлi дiндер таралды. Қалалардың қалыптасуында түркi тайпалары белсендi қызмет еттi.
Жетiсудың оңтүстiк-батысындағы 36 қалашықтан 22 ортағасырлық авторлармен қала деп аталады.
Қалалар саны бойынша Талас пен Шу алқаптары Орта Азияның тығыз шоғырланған оазистерiне жатады.
Жетiсудың солтүстiк-шығыс бөлiгiнде қалалардың күрт өсуi IX-XII ғасырларға келедi. Егер IX-X ғасырларда мұнда 10 елдiмекен болса, XI-XIII ғасырларда саны 70 жеттi.
IX-XIII ғасырларда қалалардың саны күрт өседi. Жазба деректер бойынша Талас Алатауларының бөктерiнде Джумишлагу мен Манкент қалалары пайда болды, Орталық Азияда Кенджиде аймағы қалыптасып, оның орталығы Усбаникетте орналасты, Отырар оазисiнде Кедер, Весидж пен Будук, Шавғар аймағында Яссы, Шағылжан, Қарнақ пен Қарашық; Сауран; Сырдарияның төменгi ағысында Сығанақ, Жент, Асанас, Баршыкент, солтүстiк бөктерде Баладж пен Берукет қалалары пайда болды [15].
Жетiсудың солтүсiгiндегi Талғар қалашығында жүргiзiлген қазба жұмыстар бұл қаланың кварталдармен салынғандығын көрсетедi.Бiрақ оның ауданы Құйрықтөбеге қарағанда үлкенiрек болды. Бiр кварталда 12-14 қала болған.
Қалаларды салуда жаңа элемент – мешiттер едi. Аль-Максиди авторының деректерi бойынша X ғасырда Кедер қалашығында (Құйрықтөбе) соборлы мешiт салынған. Оның қалдықтары археологтармен табылып, зерттелген. Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу қалаларын салуда көпшiлiк монша салу дәстүрi таралған едi. Екеуi Отырар рабады мен тағы екеуi Тараз шахристанында табылған.
XI-XII ғасырларда тұрғындардың жаңа түрлерi пайда болады. Алаңдар тастан жасалған дуалдармен қоршалатын. Оның iшiнде мал қоралары мен киiз үйлер болған. Бұл Жетiсудың солтүстiк-шығысында қала тұрғындарының көшпендi шаруашылық пен мал өсiру дәстүрiн сақтап қалғанын көрсетедi.
Қазақтанда қала салу мәдениетiнiң екi қалыптасу жолы болған: ежелгiсi б.д.д. III-II ғасырларға келедi. Ол сақтар мен қаңлылардың отырықшы және жартылай отырықшы елдi мекендерiмен және Солтүстiк Қытайдан ғұн мен үйсiн тайпаларының Жетiсу жерiне көшiп келуiмен байланысты едi. Алматы және Алматы облысы, Тараздың төменгi қабаттарындағы ежелгi қалалар, Шу мен Талас алқаптарындағы қорғандар сақ пен ғұн-үйсiндiк бiрлестiктердiң қалыптасу кезеңiне жатады. Қаңлылардың елдiмекендерi мен соқдылардың негiзiнде бiздiң дәуiрдiң алғашқы ғасырларында Сырдария маңы мен Отырар оазистерiнде ежелгi қала жүйелерi қалыптасады.
Қала мәдениетiнiң қалыптасуының бұл жолдары қалалардың түрлi структураларының орнығуына әкелдi, олар келесi жолмен бөлiнедi: Жетiсудың солтүстiк-шығыс бөлiгiндегi төрткүл түрiндегi бiрбөлiктiк қала жүйесi тән едi (сауда-әкiмшiлiк орталықтар мен қорған қалалар немесе керуен-сарайларынан құралған). Жетiсудың оңтүстiк-батысында қалалар цитаделi мен шахристаны бар екiбөлiктi жүйеде едi. Мұнда ауыл шаруашылық аймақтар ұзын қабырғалармен қоршалатын [16].
Оңтүстiк Қазақстан қалалары ортаазиялық қалалар типiнде үшбөлiктi жұйеде салынатын (цитадель, шахристан мен рабат). Бұлардың әрқайсысы қорқан қабырғаларға ие болған.
