Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tour_kurs_Kainar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
605.18 Кб
Скачать

1.3 Жiбек жолының Қазақстанда жандануы

Бүгiнгi күнi бүкiл дүние жүзiнiң ықласы мен назарын туғызып отырған Ұлы Жiбек жолының тарихына байланысты материалдар да өзiнiң ерекшелiгiмен құнды. Бәрiмiзге белгiлi өте ерте заманнан Батыс пен Шығысты байланыстырған Жiбек жолының ең ұзақ бөлiгi Орта Азия мен Қазақстан жерiн басып өтетiн едi.

Тарихтың атасы аталған Геродоттың жазбаларына сүйенген зерттеушiлер дала жолдарының ең жанданған шағы VI-VII ғасырлар деп есептейдi. Ол кезде бұл жол Қытай мен Батысты Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан арқылы жалғастырған.

Қытайдан Батысқа Ферғананың үстiнен өтiп, баратын бұрынғы қысқа да қолайлы жолға қарағанда Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан арқылы өтетiн жаңа жол VI-VII ғасырларда барынша жандана түстi.

Сөйтiп бұл жол бас жолға айналды да, VII-IX ғасырлардағы елшiлер мен сауда керуендерi негiзiнен осы жолмен ғана өтiп жүрдi. Нәтижесiнде VI-VIII ғасырлардағы негiзгi жол торабы Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстiк Қазақстан – Талас алабы – Шу алқабы – Ыстықкөл қазаншұнқыры – Шығыс Түркiстан арқылы тартылды. Бұл жолдың тармақталған бiр бұтағы, дәлiрек айтқанда тағы бiр жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауына – Маңғыстауды – Арал жағалауын – Оңтүстiк Қазақстанды кесiп өттi, жоғарыда аталған негiзгi жолға келiп қосылды. IX-XII ғасырларда Орта Азия, Орта және Таяу Шығыс, Кiшi Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиiмсiздеу пайдаланды. Жiбек жолының басты қазақстандық бөлiгiнiң дамуында және белсендi қызметiнде VI ғасырдан бастап екi басты бағыттар бөлiнедi: сырдариялық пен тянь-шаньдық. Бiрiншiсi Қытайдан басталып, Шығыс Түркiстан, Жетiсу ары қарай Сырдария жағалауы арқылы Арал маңына барып, одан Таяу Шығыс пен Византияға апаратын [12].

Бұл бағытта басты байланыс шынжыры Сырдария болса, ал сауда орталықтары болып жетiсулық және оңтүстiк Қазақстандық Қалалар Суяб, Құлан, Тараз, Испиджаб, Отрар, Шавғар, Янгикент едi. Тяньшаньдық бағыт Шығыс Түркiстаннан басталып, Жетiсу арқылы Жоңғар, Iле Алатауы, Қырғыз, Талас Алатауларының етегiн бойлай Ташкентке, одан соң Самарқанд, Бұқара, Мерв арқылы Кiшi Азия мен Византияға барды. Бұл жолда Суяб, Баласағұн, Құлан, Тараз, Испиджаб, Газгирд қалалары ерекше к¤зге түсетiн.

Жiбек жолы шеңберiне ену қарсанында Қазақстанның оңтүстiгi мен Жетiсу қандай жағдайда едi дегенге келсек: бұл жерде көшпелi түрiк тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын. Жолдың бұлай ауысуы келесi себептерге байланысты: бiрiншiден, Жетiсуда Орта Азия арқылы өтетiн сауда жолдарын қадағалайтын түрiк қағандарының ставкасы болды; екiншiден, VII ғасырда Ферғана арқылы жол өте қауiптi едi; үшiншiден, тауарлардың негiзгi тұтынушылары бай түрiк қағандары едi. Б.д.д. II-I мыңжылдықтын орта шеңiнде үйсiндер мен қаңлылар мемлекеттерi өмiр сүрiп, Жiбек жолы жұмыс iстеп тұрған кезде мұнда римдiк әйнектер мен теңгелер, қытай жiбегi мен айналары, сырлы ыдыстар, еуропалық қарсы iлгектер мен Сасанид Иранынан әртүрлi мөр тастар жеткiзiлiп тұрды.

Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында мұнаралы қорғандармен қоршалған қала орталықтары, дихандардың алғашқы тектерi орналасқан елдi мекендер қалыптаса бастады.Солардың көпшiлiгi дерлiк қазiргi Тянь-Шань тауы етегiнен, Арыс өзенi мен Сырдарияның орта және төменгi ағысындағы алқаптардан ашылып отыр.

VI ғасырдың екiншi жартысында Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан Кореядан Қара теңiзге дейiн ұшаң-ғайыр алқапты алып жатқан iрi көшпелiлер мемлекетi – Түрiк қағанаты құрамына кiрдi.

Жiбек жолы осы кезде жанданып, Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан қалаларындағы феодалдық мәдениеттiң өркендеуiнде маңызды рол атқарды. Жетiсуда ол талай қалалардың орталық негiзiнiң қалануына мұрындық болып, қазақстанның оңтүстiгiнде тiкелей осы ұзына бойында тұрған немесе онымен сауда сораптарымен байланысып жатқан қалалардың тез өсiп, өркендеуiне септiгiн тигiздi [13].

XIV ғасырда дейiн Орта Азия, Оңтүстiк Қазақстан және Жетiсу арқылы өтетiн Жiбек жолынан керуен арылған жоқ.

XIV ғасырдан бастап теңiз жодарының ашылуы маңызын тоқтата бастайды. Бiрақ та өмiр заңының күштiлiгi бұл жолды мүлдем тоқтата алған жоқ. Шығыс пен Еуропа арасында байланыс бәсеңдегенмен ұлы Жiбек жолының соқпақтарымен шығыстағы атақты елдер Азия, Кавказ, Ресей, Иран және қазақ жерiмен сауда жүргiзуiн тоқтатпаған. Сондықтан да бұл елдермен қарым-қатынас жасауда басты қақпа тәрiздi қызмет жасаған десек артық айтқан болмаймыз.

Орта ғасырдың алғашқы кезiндегi ұлы Жiбек жолының Жетiсу аймағында өмір сүргендiгiн, Түрiк қағанатының астанасы Суяб қаласында болған Сюань-Цзянның мына бiр хабарынан анық байқауға болады. Ол өзiне жасалған түрiк қағанының қабылдау кезiн суреттей келiп былай дейдi: “Түрiк ақсүйектерiнiң жiбек киiмдерiнiң сән-салтанаттылығы соншалықты әсем... Қаған жасыл жiбек шапан киген. Оның басы жалаңаш тек ұзындығы бiр чжаннан асатын астам жiбек шүберекпен орап, ұштарын артына салбыратып жiберген. Оның iзiне зерлi шапан киiп, шаштарын бұрым етiп өрген екi жүзден астам тархан ерiп жүр...” Хабардағы екi жүзден астам тархандардың киiмдерiнiң барлығы жiбектен жасалған кең етектi шапандардың киiп тұрғандардың өзiнен-ақ түрiк дәуiрi кезiнде Қазақстан жерiндегi Түрiк қағанаттығы мен Қытай елiнiң қарым-қатынасты қандай дәрежеде болғандығын, ұлы Жiбек жолының дамуы жоғары деңгейге жеткенiн байқау қиын емес. Осы кезден бастап ұлы Жiбек жолының тарихи маңызы артып, шығысқа шығатын қақпа есебiнде Оңтүстiк Қазақстан ролi күшейген [14].

XX ғасырда жүргiзiлген археологиялық ашылулар әйгiлi трасса ежелгi және орта ғасырларда Қазақстан территориясында өмiр сүрген халықтар мәдениетiнiң, салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарының қалыптастыруына әсер етiп қана қоймай, елiмiздiң көршi мемлекеттермен терең де тығыз қарым-қатынас орнатуға жол бердi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]