- •Мазмұны
- •Кiрiспе
- •1.1 Жiбек жолының қалыптасуы мен Жiбек ролi
- •1.3 Жiбек жолының Қазақстанда жандануы
- •2 Ұлы жiбек жолының туристiк потенциалы
- •2.1 Ұлы Жiбек жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы
- •2.2 Жібек жолы бойындағы керуен жолдары
- •2.3 Ұлы Жiбек жолының рухани мұрасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
1.1 Жiбек жолының қалыптасуы мен Жiбек ролi
«Жібек жолы» дегеніміз не, ол қашан пайда болып, қандай кәдеге жарады, қай жерлерді басып өтті - әркімді -ақ толғандыратын алғашқы сұрақтар осындай.
Бұтқа табынушы (будда дініндегі - ауд) қажы Сюань-Цзан 629 жылы «Будданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру және дін ілімін шыңдап зерттеу үшін» Қытайдан Үндіге сапар шекті. Ол Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және техникалық жаңалықтарға дінге мұраттар мен мәдени жетістіктерге мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді.
Чань-Анань шыққан саудагерлердің қоспақ-түйелі керуенімен атақты Гоби шөлін жағалап Дунхан арқылы «Ұлы айдаһар құмы» аталатын сортаң шөлейтті Хами мен Тұрфан алқаптарын, Тянь-Шаньның солтүстік бөктерімен мұздақ тауларын шамасы, Музур-Ола жоталарын басып өткен Сюань-Цзян түрік қағаны тұрған Суяб қаласына келді. Сюань – Цзян түрік қағаны мен оның жанпеліндегілер жөнінде былай сипаттайды: «Бұл қателіктердің аттары керемен екен. Қаған үстіне жасыл жібек шекпен киген, жолақ басына ұзындығы чжан (3,2м) ұштары желкесіне түскен жібек шолпа орап алған. Оған оқалы – зерлі жібек шапан киіп, шаштарын айдар – тұлындап өрген екі жүзден астам тархан (нөкер) еріп жүрді. Өзге жауынгерлер тері астарлы киімдер киіп, айбалта, садақ асынып ту көтеріп жүреді. Түйеге, атқа мінгендердің көптігі сонша, көзбен шамалаудың өзі мүмкін емес» [1].
Бұл әңгіме барысында ежелгі дәуір мен орта ғасырда халықаралық қатынастың күретамырына айналған ұлы жолға өз атауын берген және Шығыс пен Батыстың негізгі сауда затына айналған жібек бірнеше рет аталады. Ал бұл жол қай кезден «жұмыс істей бастады» деген сұраққа күні бүгінге дейін әрқилы жауап беріліп келеді.
Егер Жібек жолының жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар болсақ, ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары біздің дәуірімізге дейінгі 3-2 мыңжылдықтарда басталған. Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит (көк лағыл) кені, ал Хотан аймағындағы Яркент (Жаркент) – Дарияның жоғарғы ағысынан нефрит (көк минерал) кені ашылуына орай жолға қойылды.
Бадақшаннан шығарылған лазурит Иранға, Месопотамияға, Анатолийге, Египет пен Сирияға тасылып жатты. Бадахшан лазуриті, 1 мыңжылдықтың жартысында Қытайға да жеткізіле бастады.
Орта Азия мен Орта шығысты Жерорта теңізімен және Үнді мен жалғастырып жатқан «Лазурит жолымен» қатар дүниеге келген «Нефрит жолы» Шығыс Түркістанды Қытаймен жалғастырды.
Біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдықтың орта кезінен «Дала жолы» деген жол болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына жүгінсек, бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғары Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген агриппийлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты.
Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдық саналып келеді.
Қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне сақтар мен скифтердің көшпелі әулеттері де атсалысты. Солардың қатынасаралық көмегімен сол кезде қасқалдақтың қанындай қымбат тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне дейін тарады.
Жібек жолы тек біздің дәуірімізге дейінгі 2 ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал осының бәрі император У - Дидің көрмеген Батыс елдеріне жұмсаған книязі Чжон Цзян бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылы басталды. Чжон Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды (сурет 1).
Сурет 1. Ұлы Жібек жолымен тауарды жеткізуге ат салысқан
қытайлық У- Ди [2]
Ол осы күнгі Ауғаныстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға, Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.
Ұлы Жiбек жолы – Жерорта теңiзiнен қытайға дейiн Еуразияны көктей өтiп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ал сонау ежелгi дәуiрдегi орта ғасырдағы осы аймақтың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Мiне осы ежелгi өркениеттiң аса бiр тамаша жетiстiгi қашан пайда болып, қандай қадеге жарады, қай жерлердi басып өттi - әркiмдi ақ толқандыратын алғашқы сұрақтар болмақ.
Ұлы Жiбек жолы –ұрпақтар жадыларында мәңгiлiкке қалатын адамзат iс әрекетiнiң ерекше құбылыстар қатарына жатады. Ал ең бастысы –бұл уақыт байланысының символы, оның өткенiн бiлмей Еуразиялық кеңестiкте өркениеттердiң даму динамикасын анықтайтын көптеген тарихи құбылыстарды бақылап түсiндiрү мүмкiн емес.
Жiбек жолының қалыптасу уақыты туралы нақты мәлiмет жоқ, тек қана жекелеген бөлiктерi туралы айтуға болады.
Пұтқа табынушы қажы Сюань Цзан 629 жылы Будданың қасиеттi қалдықтарын көзбен көру үшiн және дiн iлiмiн шындап зерттеу үшiн Қытайдан Ұндiге сапар шектi. Ол қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және техникалық жаналықтарға, дiни мұраттар мен мәдени жетiстiктерге мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрдi.
Жiбек жолының жекелеген бөлiктерiнiң сыңарлары жөнiнде айтар болсақ, ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары б.д.д. III-II мыңжылдықтарда басталған.
Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит кенi, ал Хотан аймағындағы Яркент дарияның жоғарғы ағысынан нефрит кенi ашылуына орай жолға қойылды [3].
Орта Азия мен Орта шығысты Жерорта теңiзiмен және Ұндiмен жалғастырып жатқан Лазурит жолымен қатар дүниеге келген Нефрит жолы Шығыс Түркiстанды Қытаймен жалғастырды.
Б.з.д. бiрiншi мыңжылдықтың орта кезiнен Дала жолы деген жол болғаны белгiлi. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына жұгiнсек, бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңiз жағалауынан Дон жағасына дейiн, одан ары савроматтар мекендеген Орал тауы етегiнен Ертiске, Алтайға, сонан Жоғарғы Ертiс пен Зайсан көлiн мекендеген аргийпилер елiне дейiн Қытайға қарай созылады.
Бұл жолмен былғарылар мен терiлер, иран кiлемдерi, құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты.
Ұлы Жiбек жолы атауы Батыс үшiн аса қымбат тауар – жiбекпен байланысты. Жiбектi жiбек құртының уыршағынан жасауды қытайлықтар V мың жыл бұрын ашқан деп есептеледi. Жiбек зертеумен айналысқан белгiлi ғалым ТихомировА.А. бұл ашылудың дәл уақытын айтады - 2698 жылы б.д.д. Басқа зерттеушiлер бұдан да ерте кезеңдi белгiлейдi – VI-VII мың жыл бұрын [4].
Қытай аңызы бойынша алғашқы жiбек жiбiн ашқан Хоанг-ти жұбайы Си Линг Чи ханшасы едi. Шай iшiп отырғанда ханша кесесiне ағаштан жiбек қуыршағы түскен. Си Линг Чи қуыршағтан шығып тұрған жiптi тартып едi, ол сол күйiше созыла берiп, қуыршақ жiптен босай бастады. Солай алқашқы жiбек жiбi ашылып, ал Си Линг Чи ханшасы соның құрметiне Аспан патшалығының құдайы боп атанды. Оның құрметiне Қытайдың көптеген аудандарында жыл сайын түрлi мейрамдар өткiзiледi. Ал жiбектi алу процесi ежелден мүлдем өзгермеген.
Кейбiр зерттеушiлер жiбек өсiрудiң отанын Шань-дунь провинциясын санайды. Бiраз жылдар өткен соң жiбек маталар бүкiл Қытайға тарайды. әсiресе жiбек өсiру б.з.д. 1 мыңжылдықтың екiншi жартысында кең дамиды. Бұл кезде жiбектен ақша, маталар жасалып, сауда-саттықта төлем ретiнде қолданылатын. Б.д.д. VI-V ғасырларда қытай жiбегi басқа елдерге, оның iшiнде батысқа да шығарыла бастады.
Көп ұзамай халықаралық сауда тiзгiнiн орта Азияның Зеравшан мен Қашқария алқаптарын мекендеген Соғды елi саудагерлерi қолына алды. Олар Шығыс Түркiстан мен Қытай қалаларының iшiнде сауда отарларын ұстады.
Алқашқы Жiбек жолы Қытай жiбегiнiң батыс елдерге экспорттауына қызмет еткен. Алайда Рим, Византия, Ұндi, Иран, Араб халифаты кейiнен Ресей және басқа Еуропалық елдерден Жiбек жолы арқылы Қытайға түрлi тауарлар жеткiзiлетiн. Бұл экзотикалық тауарлардың тiзiмi Ұлкен. Мирра мен ладан, жасмин суы мен амбра, кармадон ж„не мускат жаңғағы, кiлемдер, бояғыштар мен минералды шикiзат, алмастар мен яшма, пiл сүйегi мен алтын-күмiс, былғары мен тиындар, садақ пен жебе, қанжар мен семсер. Жiбек жолы бойымен Ферғана аттарын, араб пен ниссия жүйрiктерiн, пiл мен түйе, арыстан мен гепарттар, тотықұс пен түйеқұстарды сатуға апаратын. Жемiс жидек түрлерi де кең таралды жүзiм, шабдалы, қауын қарбыз.
II-V ғасырларда Жiбек жолы шығыстан бастасақ Чаньаньнан басталып, Хуанхе арқылы Ланджоу ауданына өттi, ары қарай Тянь-Шаньның солтүстiк бөктерiмен ұлы Қытай қорғанының батыс жағына және Ямалық қақпаға қарай өттi. Бұл жерде жол бөлiнiп Такла Макан шөлiн солтүстiк пен оңтүстiк жағынан айналды. Солтүстiгi Хами Оазисi , Турфан, Бешбалық. Шихоны басып Iле өзенiнiң алқабына апарса, ортаңғысы Чаоган, Қашғар, Ықсу, Бедел асуы арқылы Ыстық көлдiң оңтүстiк жағалауына өттi, ал оңтүстiк жолы Дунхуан, Хотан, Яркент арқылы Бактрия, Ұндi елi мен Жерорта теңiзiне барды. Солтүстiк жол Қашғардан Ферғанаға ары Самарқанд, Бұхара, Мерв арқылы Хамадан мен Сирияға апарды.
Мiне осылай ұлы Жiбек жолы адамзат тарихында алғаш рет Жерорта теңiзiнен Тынық мұхитқа дейiн ұшаң теңiз аймақтарды бiрiктiрдi [5].
Қымбат бағалы жiбектердi тарату iсiне сақтар мен скифтердiң көшпелi әулеттерi де атсалысты. Солардың қатынасаралық көмегiмен сол кезде қасқалдақтың жанындай қымбат тауарлар Орталық Азия мен Жероорта теңiзiне дейiн тарады.
Жiбек жолы тек б.д.д. II ғасырдың орта шенiнен бастап қана тұрақты дипломатиялық және сауда тамырына айналды. Ұлы Жiбек жолы тарихында маңызды оқиға болып 138 жыл саналады. Бұл жылы батыстың белгiсiз елдерiне У Ди императоры жiберген елшiлiк керуенi хан астанасынан алыс сапарға атанған болатын. Елшiлiк қазiргi Ауғаныстанға дейiн жетiп, алғаш болып Қытайды iшкi аудандарынан Орталық Азияға жол салады. Елшiлiк керуен Чжан-Цзян басқаруымен Қытайға тек 13 жылдан соғ қайтып оралды. Бұл оқиғадан соң Батысқа осы жолмен жiбек керуендерi барып, ал Қытайға Таяу, Орта және Орталық Азиядан тауарлар тасылды.
Сөйтiп екi ұлы жолдар қосылған едi. Бiреуi, Александр Македонский жорықтары кезiнде эллиндiктер мен макендондықтар басып-шарлап өткен жерортатеңiздiк елдерден Орталық Азияға дейiн созылып жатты. Ал екiншiсi Шығыстан Хань империясынан Орталық Азияға дейiн өттi. Бұл жолды Чжан-Цзян Давань, Қанғұй, Соғды, Бактрия арқылы солтүстiктен оңтүстiкке қарай басып өткен.
1.2 Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі
Жібек жолы 2-5 ғасырларда, егер Шығыстан бастасақ Чаньниден басталып, Ланчжоу ауданындағы Хуанхэ өткеліне беттейді, одан әрі Нан-Шаньның солтүстік сілемдерін қуалай Ұлы Қытай қорғанының батыс беткейіне және «Яшмо қақпалары заставасына» жетеді. Ол жерде жалғыз жол Такла-Макан шөлін солтүстігі мен оңтүстігінен орап өтіп, үшке айрылады. Солтүстік тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына жетеді, ортаңғы жол тармағы Чаочаннан Қарашәрге, Ақсуға және Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына жетеді, оңтүстіктегі тармағы Дунхан, Хотон, Яркент арқылы Бактрияға, Үнді мен, Жерорта теңізіне жетіп, «Оңтүстік жолы» аталады. «Солтүстік жолы» Қашқардан Ферғанаға, ал одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв арқылы Хамадан Сирияға жетеді. Қытайдан Батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын бұрынғы қысқа да қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жаңа жол 6-7 ғасырларда барынша жандана түсті. Негізгі жолдан басталған біреулері жарамсыз болып қалды, басқалары, керісінше, қызу жұмыс істеді, ал жолдармен бірге сауда жолдары мен қиылыстарында тұрған қалалар, селендер және керуен сарайлары дамыды немесе қаңырап қалды. Жібек жолының бағыттары қатып қалған бірдеңе болмағанын атап көрсеткен жөн, жүз жылдың барысында оның жеке учаскелері мен тармақтарының бағыттары өзгеріп отырды [6].
Бұл жол бас жолға айналды да 7-14 ғасырлардағы елшілер мен сауда керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп жүрді. Алайда Жібек жолының бұл бағыты да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның анау, не мынау бөлігі, не жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие болды. Ал кейбіреулері, керісінше, мәнін жойып, жоғалып кетті де олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, 6-8 ғасырларда негізгі жол сорабы Сирия - Иран - Орта Азия - Оңтүстік Қазақстан - Талас алқабы - Шу алқабы - Ыстықкөл қазан-шұңқыры-Шығыс Түркістан арқылы таратылды. Бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын - Маңғыстауды - Арал жағалауын - Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғары аталған негізгі жолға келіп қосылды (сурет 2).
Сурет 2. Ұлы Жібек Жолының жылжу тармақтары [7]
Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап отыратын түрік қағандары отырды. Екіншіден, Ферғанадан өтетін жол 6 ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды. Үшіншіден, түріктің ауқатты қағандары мен олардың жанпеліндегілер теңіздің арғы бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды [8].
Сөйтіп бұл жол бас жолға айналды да 7-14 ғасырлардағы елшілер мен сауда керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп жүрді. Алайда Жібек жолының бұл бағыты да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның анау, не мынау бөлігі, не жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие болды. Ал кейбіреулері, керісінше, мәнін жойып, жоғалып кетті де олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, 6-8 ғасырларда негізгі жол сорабы Сирия - Иран - Орта Азия - Оңтүстік Қазақстан - Талас алқабы - Шу алқабы - Ыстықкөл қазан-шұңқыры-Шығыс Түркістан арқылы таратылды. Бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын - Маңғыстауды - Арал жағалауын - Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғары аталған негізгі жолға келіп қосылды.
Батыс Түркі қағанаты Византиямен сауда-дипломатиялық одақ келісім жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып өтті. Дегенмен 9-12 ғасырларда Орта Азия, Орта және Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу пайдаланылды.
Жібек жолы шеңберіне ену қарсаңында Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу қандай жағдайда еді дегенге келсек: бұл жерде көшпелі түрік тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын. Оның үстіне этникалық жағынан алғанда көшпенділер де, отырықшы тұрғындар да туыстас немесе біркелкі этникалық саяси қауымға бірлескен тайпалар еді. Отырықшылар (жатақтар) мен көшпенділердің өз мәдениеттерінің бір-біріне өзара әсер етуі мен байытып отыруы дүниежүзілік өркениеттің қызыл арқау-күретамыры болды. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының бір-біріне осылайша кірігуі, сондай-ақ олардың жерінде тұратын халықтардың дәстүр-салтының үйлесімділігі өркениеттік көп жетістіктердің бастауы болды. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі 6-3 ғасырларда бұл жерлерді көшпелі және жартылай сақтар мекендеді, ал көптеген қорғандарды қабірлерден, оның ішінде Бесшатыр, Есік, Түгіскен, Үйгәрәк қабірлерінен табылған қазбалар бойынша олардың мәдениеті жоғары болғаны баршаға мәлім. Сол кездің өзінде-ақ сақтардың Қытаймен, Үндімен, Таяу және Орта Шығыспен байланысы болған. Бұған сақ шонжарларының қабірлерінен табылған қытай айналары, Орта Азия мен Ираннан әкелінен аса көркем безендірілген шетелдік бұйымдарда куә бола алады [9].
6 ғасырдың екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Кореядан Қара теңізге дейінгі ұлан - ғайыр алқапты алып жатқан ірі көшпелілер мемлекеті - Түрік қағанаты құрамына кірді.
Жібек жолы осы кезде жанданып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы феодалдық мәдениеттің өркендеуінде маңызды роль атқарды. Жетісуда ол талай қалалардың орталық негізгі қалануына мұрындық болып, Қазақстанның оңтүстігінде тікелей осы жолдың ұзынна-бойында тұрған немесе онымен сауда сораптарымен байланысып жатқан қалалардың тез өсіп, өркендеуіне септігін тигізді [6].
Өзара талас-тартыстар мен жортауыл-жорықтар, сондай-ақ Қытайда теңіз жолдарының игерілуі бұл жердегі қалалық мәдениетті титықтатып, күйдіруге жеткізгенге дейін, яғни 14 ғасырға дейін Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек Жолынан кереуен арылған жоқ.
Батыстан Шығысқа қарай қозғалсақ, Жібек жолының қазақстандық бөлігінің сыр-сипаты, міне, мынадай еді. Жол Шаштан (Ташкенттен) Турбат асуы арқылы Испиджабқа өтетін. Бұған дейін айтқанымыздай, Қытай сапарнамасында Испиджаб «Ақ өзендегі қала» аталды, ал ХІ ғасырда Махмуд Қашғаридің түсініктемесі бойынша «Испиджап деп аталған Ақ қаланың (Ал-мединат ал Байда) шын атауы-Сайрам». Оны Сарьям деп те атайды. Ежелгі қаланың осы атауы күні бүгінге дейін сақталып келеді. Шымкент іргесіндегі орта ғасырлық ірі қаланың қалдықтары қалған қалашық та осылай аталады. Оның орнында бұрын Жібек жолындағы ірі орталықтардың бірі болған. Түрлі елдердің саудагерлері осы жерге тоқтайтын, өйткені бұл қалада Бұхара, Самарқанд көпестерінің сауда құрылыстары базарлар мен керуен – сарайлары болды, ал Испиджаб көпестері Мерв Балх, Бұхара мен Хорезм көпестерімен бірге Бағдаттағы Харб ибн Абдаллақ ал Балх рабадында өздерінің сауда-саттық орындарын ұстады. Испиджабтан сыртқа құлдар мен ақ маталар, қару-жарақ, қылыштар, мыс пен темір сатылатын.
Ең алдымен Жiбек жолы – бұл уақыт байланысының символы: оның өткенiң бiлмей көптеген тарихи процестердi түсiну мүмкiн емес.
Тауарлармен алмасу тайпадан тайпаға, облыстан облысқа делдалдар арқылы жүрдi. Ол уақытта керуендер сондай алыс қашықтыққа жiберiлуi бiрталай. Жолдардың қалыптасуында тайпалар мен ұлттар миграциясы үлкен роль атқарды. Ұндiеуропалықтардың миграция процесi нәтижесiнде Батыстан шығысқа алғашқы жолдар жүргiзiлдi. Ұндiеуропалықтар екi бағытта қозғалатын: оңтүстiк орыс далаларынан Орталық Азия арқылы Ұндi елiне, екiншi толқын Шығыс Түркiстанға жетедi.
Жолдарды салу мен онымен керуендер қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi өзiне алған iрi мемлекеттер пайда болуымен жолдардың ұдайы құрылысы мен қолданылуы туралы айтуға болады. Ең үлкен жол ұзындығы 2400 км жететiн патша жолы едi. Ол Эфесте басталып, Месопотамия арқылы Тигр жағалауымен, Персополь мен Пасаргад арқылы Сүзге апарды. Жол бойында әрбiр 20-30 км жерде жол станциялары орналасты [10].
Шығыс Жерорта теңiзiнен жолдың бiрiншi сипаттамасын Мая македондығы құрастырды. Осы деректерге қарағанда б.з.д. I – б.з. I ғасырларында Шығыс пен Батысты үш негiзгi жолдар байланыстырды: Оңтүстiк, Теңiз жолы Египед пен Ұндi елiне апаратын. Ол Қызыл теңiздегi Миос Хормос пен Береника порттарында басталып, Аравия түбегiн айнала өтiп үш негiзгi портқа әкелетiн. Олар Үндiнiң батыс жағалауында орналасты. Нилдан Суэцке қарай канал арқылы кемелер Жерорта теңiзiне шығып, Римге баратын. Үндi порттарынан жол Үндiстан түбегiнiң iшiне, солтүстiкке және Бактрияға баратын. Теңiз жолы түбектi айнала Оңтүстiк-Шығыс Азияға барды.
Екiншi жол Римнен басталып, Жерорта теңiзi арқылы сириялық Гиерополь қаласына, ал ол жерден Месопотамия, Солтүстiк Иран, Орталық Азия арқылы Шығыс Түркiстан, одан ары Қытайға баратын.
Үшiншi трасса –Дала жолы Орталық Азияның солтүстiгiмен өтетiн. Ол Қара теңiз солтүстiгiнен басталып, Каспий маңынан өтiп, Арал жағалауы арқылы Оңтүстiк Қазақстанға беттеп, одан Алтай мен Шығыс Түркiстанға баратын, ол жерде өлы Жiбек жолының негiзгi трассасына қосылатын.
Ұлы Жiбек жолының солтүстiк трассасы қиын едi, өйткенi көптеген шақырымдар бойы ол сусыз далалармен өттi. Мұнда қалалар да болмады, керуендер түрлi тайпалардың шапқыншылығына ұшырады.
Ұлы Жiбек жолы тек сауда-керуен жолы болған жоқ, этникалық миграция жолы да едi. Тура осы жолмен б.з.д. I мыңжылдықта Шығыстан Батысқа мыңдаған көшпендi тайпалар ағымы өттi.
Үш негiзгi траcсадан басқа жолдар да болды, сол арқылы осы үш негiзгi траcса қосылатын. Батыс жағалаудың теңiз порттарынан кейбiр жолдар солтүстiкке бағытталатын, Хайбер асуы арқылы Бактрияға баратын. Соғды астанасында – eжелгi Марақандта Кавказдық Жiбек жолы басталатын, ол Хорезмге барып, Каспийдi айнала өтiп, Солтүстiк Кавказ далаларын басып, Дарий жолы арқылы Цхуми қаласына беттейтiн. Осында сауда керуендерi Қара теңiздi жүзiп өтiп, Византия Империясының астанасы Константинопольға баратын.
Маңызды жол төменгi Волга арқылы Каспий теңiзiнiң батыс жағалауымен оңтүстiкке ежелгi Албания мен Парфийге баратын.
Табиғи жағдайдың қиындығына қарамастан көптеген жолдар Орталық Азияның және Шығыс Түркiстан оазистерiнiң солтүстiк аудандарынан Памир асулары арқылы Кашмирге, одан ары Үндi елiне баратын [11].
Сөйтiп еуразиялық континенттiң едәуiр бiр бөлiгi Ұлы Жiбек жолын құрайтын жолдар жүйелерiнен түрды.
Бұл жолдардың типологиясын келесiдей түрде көрсетуге болады:
Континентаралық мағынасы - Ұлы Жiбек жолы Еуропа мен Азия континенттерiн байланыстырады.
Континентальдық мәнi – бiр котиненттiң түрлi аудандарын байланыстыратын коммуникациясы – Бактрия мен Ұндi, Бактрия мен Қытай.
Аймақтық мәнi – Бактрия мен Соғды, Бактрия мен Хорезм арасындағы байланыс.
Облыстық мәнi – белгiлi бiр тарихи-мәдени облыс iшiндегi iрi тұрғындар арасындағы коммуникация.
Жергiлiктi мағынасы – ауданның қалалары мен елдi мекендер арасындағы байланыс.
Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар.
Ежелгi деректерде жолдар ұзындығы мен оны өту уақыты туралы толық мәлiмет жоқ. Бiрақ та козғалу тәсiлi – жаяу, есек, ат, түйе арқылы, арбаны қолдану жаңа технологияны енгiзгенге дейiн өзгерген жоқ. Бiркүндiк жол ұзындығы 25-30 км тең болатын.
