Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tour_kurs_Kainar.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
605.18 Кб
Скачать

Мазмұны

КIРIСПЕ 2

1.1 Жiбек жолының қалыптасуы мен Жiбек ролi 5

1.3 Жiбек жолының Қазақстанда жандануы 13

2 ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТУРИСТIК ПОТЕНЦИАЛЫ 16

2.1 Ұлы Жiбек жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы 16

2.2 Жібек жолы бойындағы керуен жолдары 18

2.3 Ұлы Жiбек жолының рухани мұрасы 30

ҚОРЫТЫНДЫ 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 36

Кiрiспе

Қазақстан Республикасының егемендiк алып, экономикалық жағдайының көтерiлуi туризмдi дамытуға қол жеткiздi. Бұл саланың елiмiздегi болашағы зор объектiсi - ұлы Жiбек жолының тармағы болмайды.

Ұлы Жiбек жолы – Батыс пен Шығыстың ежелгi өркениеттерiн байланыстыратын ерекше сауда және дипломатиялық қарым-қатынас магистралi. Ұлы Жiбек жолының дүниежүзiлiк өркениеттiң дамуында үлкен роль атқарғаны бәрiмiзге мәлiм. Бұл трансконтинентальды жол тек ғана сауда-саттықтың көтерiлуiне емес, сонымен қатар қалалар мен өнердiң гүлденуiне, мәдениеттер, дiндер мен тiлдердiң араласып-толысуына, жалпы айтқанда адамзат мұрасының қалыптасуына әсер еттi.

Ұлы Жiбек жолы адамзат тарихында алғаш рет Жерорта теңiзiнен Тынық мұхитқа дейiн ұшаң-ғайыр аймақтағы түрлi ұлттар мен елдердiң мәдениетiн бiрiктiрген едi. Шын мәнiнде бұл халықтар диалогының жолы болды.

Мыңдаған жылдар бойы мыңдаған адамдар Жiбек жолы бойымен елдер кезiп жүрген. Ал ендi қазiр, ұзақ жылдар өткен соң, әрбiр адам осы ежелгi жолды жаңадан ашуға, оның бай тарихына үңiлуге мүмкiндiгi бар.

Ұлы Жiбек жолын тарихи, географиялық, мәдени аспектiлер жағынан ғылыми зерттеу жұмыстары шын мәнiнде XIX ғасырдың екiншi жартысында басталды. Оның зертеулерiне үлкен үлестi Батыс еуропалық , орыс және жапон ғалымдары қосты. 1877 жылы классикалық ғылыми “Қытай” атты еңбегiнде белгiлi немiс ғалымы Фердинанд Пауль Вильгельм Рихтгофен Еуразия материгiнiң түрлi бөлiктерiн байланыстыратын жолдар жүйесiн “Жiбек жолы” - Seidenstrassen, кейiннен ұлы Жiбек жолы деп атап кеттi. Осыдан кейiн Жiбек жолына бұқаралық қауымның қызығушылығы артты. Бұл заңды да, өйткенi Жiбек жолының тарихи-мәдени мұрасын бағалау қиын.

Қазiргi кезде күптеген елдердiң ынтасымен ұлы Жiбек жолын қайта жандандыру шешiлген. Мәдени, экономикалық, туристiк байланысты дамытудың аса маңызды каналы ретiнде, Шығыс пен Батыс арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында көзделмек.

Соңғы жылдары ЮНЕСКО, ДТҰ сияқты iрi ұйымдар Ұлы Жiбек жолын комплекстi түрде зерттеу мен онда ерекше туристiк концепцияны дамытуға байланысты iс-шаралар жүргiзуде. Бұл заңды да, өйткенi жылдан-жылға бұқаралық қауымның ұлы Жiбек жолына деген қызығушылығы артуда.

Тарихқа жүгiнсек ұлы Жiбек жолының “Дала жолы” атты тармағы Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан территориясынан өтiп, нәтижесiнде қазiрге дейiн сақталып келген Сырдария, Арыс, Талас өзендерi бойында көптеген қалалардың бой көтеруiне ұйытқы болды. Қазiргi уақытта ұлы Жiбек жолының Қазақстандық бөлiгi (1700 км) қайталанбас тарих, архитектура, археология, қала салу мен монументтi көркем-өнердiң үлгiлерiне ие. Сондықтан да ұлы Жiбек жолының Қазақстандық бөлiгiндегi ескерткiштерi мен жол тораптарын зерттеп, оларды болашағы бар туристiк маршруттарға енгiзу – көкейкестi мәселелердiң бiрi.

Ұлы Жiбек жолы трассасын жандандырудың практикалық қажеттiлiгi – ол Қазақстан туризм индустриясынның берiк негiзiнiң кепiлi болмақ. Ғылыми тұрғыда бұл жұмыс ежелгi керуен жолына тарихи жақтан ғана емес, сонымен қатар туристiк саланың маңызды объектiсi ретiнде қарауға мүмкiндiк бередi.

Сөйтiп зерттеудiң басты объектiсiне ұлы Жiбек жолы трассасы мен оның тарихи-мәдени мұрасы айналды.

Жұмысты жазу барысында әрi зерттеу кезiнде тарихи, статистикалық, анализ бен синтез, картографиялық, географиялық әдiстер қолданылды.

Тарихи тұрғыдан зерттеуге келесi авторлардың еңбектерi негiз болды: Байпақов К.М., Ртвеладзе Э., Бартольд В.В., Акишев К.А., т.б. Ұлы Жiбек жолының туристiк потенциалын әр облыс бойынша қарастырып, топтастырдық. Ұлы Жiбек жолының Қазақстан бөлiгiн дамыту проблемалары жөнiнде нақты кiтаптар жазылмағандықтан, соңғы мәлiметтердi интернет, бұқаралық ақпарат құралдарынан iздестiрдiк.

1 ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТАРИХЫНА ШОЛУ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]