- •1..“Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы
- •3.Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
- •4.Шартты белгілер олардың түрлері мен картада орналасу реттілігі
- •5.Стратиграфиялық бағана, оны түсірудің ерекшеліктері
- •6.Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері
- •7.Қабат және оның элементтері
- •8.Қабаттылықтың түрлері
- •9.Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы
- •10.Трансгрессивті жатыс типтері
- •11.Регрессивті жатыс типтері
- •12.Миграциялық жатыс типтері
- •14.Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
- •17.Тектоникалық үйлесімсіздіктер
- •18.Географиялық үйлесімсіздіктер
- •19.Үйлесімсіздіктер беттері құрылысы
- •20.Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері
- •21.Жазықты қабаттар, жазықты жатысты қабаттардың негізгі белгілері
- •22.Еңіс қабаттардың жатыс элементтері мен оларды анықтау әдістері
- •23.Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы
- •24.Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
- •25.Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
- •26.Флексуралар мен олардың элементтері
- •27.Қатпарлардың генетикалық түрлері
- •28.Конседиментациялық қатпарлардың қалыптасу ерекшеліктері
- •29.Интрузивті денелердің үйлесімді жатыс түрлеріне сипаттама
- •30.Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
- •31.Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
- •32.Интрузия жапсарлары: белсенді және белсенсіз жапсарлардың белгілері
- •33.Интрузиялардың қышқылды және орта қышқылды құрамды түрлерінің геологиялық картадағы шартты белгілері
- •34.Протрузия анықтамасы, пайда болуы
- •38.Эффузивтік денелердің сыртқы пішіндері
- •39.Эксплозивтік денелердің түрлері
- •40.Экструзивтік денелерге сипаттама
- •41.Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері
- •42.Эффузивтерді геологиялық картада бейнелеудің ерекше-ліктері
- •43. Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
- •44.Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
- •46.Лықсымалар (элементтері, жіктемесі)
- •47.Ығыспалар ( элементтері, жіктемесі)
- •48.Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
- •49.Ысырмалар ( элементтері, жіктемесі, ерекшелігі, тегі, жасын анықтау)
- •50.Ажыраулар ( құрылысы, тегі)
- •52.Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)
- •57.Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері
- •58.Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері
- •60.Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
- •61. Геосинклиндерге сипаттама
- •62.Геосинклиндердің негізгі белгілері
- •64. Антиклинорий мен синклинорий
- •65.Платформа оның құрылымдары
- •66.Платформалардың негізгі белгілері
- •67.Көне және жас платформалар
- •78.Орталық мұхиттық жоталар және олардың құрылысы
- •79.Трансформдық жатылымдар
- •80.Мұхиттық рифтер
- •81.Диапирлі қатпарлар
14.Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
Үйлесімсіздік жазықтығы шекаралары кəдімгі қабаттар арасындағы шекаралардан өзге, өзіндік белгілермен ерекшеленеді. Оларға үйлесімсіздіктің мынадай белгілерін жатқызуға болады: 1. Əдеттегі қабаттасу беттерінен өзге, үйлесімсіздік жазытықтары беттерінде кедір-бұдырлардың, үгілу іздерінің болуы; 2. Əртүрлі жасты свиталар арасындағы бұрыштық үйлесімсіздіктер; 3. Астыңғы жэне үстіңгі қабат фауналарының жас аралық өзгешелігі (бор фауналары мен триас фауналары); 4. Түйісіп жатқан свиталар метаморфизмінің əртүрлілігі жəне оларда желілі түзілімдердің жиі кездесуі; 5. Үйлесімсіз орналасқан көрші сериялардың табанында базалық конгломераттардың орналасуы; 6. Теңіздік шөгінділердің кенеттен континеттікке алмасуы немесе
керісінше; 7. Үйлесімсіздік жазықтың беттерінде əртүрлі үгілу іздерінің (мору қыртысының пайда болуы) сақталуы. 8. Үйлесімсіздікпен бөлінген қабаттар арасында интрузивтік пен желілік жыныстардың белгілі типтерінің кездесуі. Үйлесімсіздіктердің геологиялық картада бейнеленуі: 1. Əртүрлі қатқабаттар шекараларының бір-біріне кіріге түйісуі; 2. Параллелдік үйлесімсіздік жағдайында қимадан жекеленген стратиграфиялық бөлімшелердің түсіп қалуы; 3. Геологиялық картаның стратиграфиялық бағанасында толқынды жəне сынықты сызықтармен көрсетілуі.16.Стратиграфиялық үйлесімсіздіктер
Стратиграфиялық үйлесімсіздік қабаттар арасында стратиграфиялық реттіліктің бұзылуынан және белгілі бір стратиграфиялық кешендердің қимада болмауынан пайда болады. Үйлесімсіздік бұрыш мөлшеріне байланысты: параллельдік, бұрыштық және географиялық болып бөлінеді.
Параллельдік үйлесімсіздік – параллель жатқан қабаттар арасында үзілістің пайда болуынан түзіледі (10Б-сурет).
Бұрыштық үйлесімсіздік - көлбеу бұрыштары әртүрлі екі қабаттар кешендері арасындағы үзілістерге байланысты пайда болады, мұндай үзілістер геологиялық картада және геологиялық қимада анық көрінеді. Үйлесімсіздік бұрышы 0-180° дейін өзгереді (10В-сурет). Егер үйлесімсіздік бұрышы 30° аспаса, онда ол жай бұрыштық, ал 30° асса, онда ол шұғыл бұрыштық деп аталады.
Географиялық үйлесімсіздік деп – үйлесімсіздік бұрышы 2° тан кем болып, үлкен аймақтарды алып жатқан қабаттарды айтамыз. Үйлесімсіздік жазықтары беттерінің анықтылығына қарай анық байқалатын және жасырын үйлесімсіздік болып бөлінеді. Үйлесімсіздіктердің таралу ауданына байланысты аймақтық және жергіліктік түрлері бар. Олар пайда болу жағдайларына байланысты: нақты, жалған және ішкі формациялық болып бөлінеді.
17.Тектоникалық үйлесімсіздіктер
Тектоникалық үйлесімсіздік таужыныс қабаттары жарылым бойымен жылжып, ауысуымен сипатталып, құрылысы жағынан стратиграфиялық үйлесімсіздік беттерінен тез ажыратылады. Тектоникалық жапсар төменгі және жоғарғы түзілім қабаттастықтарын қиып өтеді, ал стратиграфиялық тек көне түзілімдерді. Əртүрлі жасты жəне литологиялык құрамды қабаттар арасындағы үйлесімсіздік жапсары, тектоникалык бұзылыстар мен олардың бойымен ауысқан таужыныстар бөліктерімен сипатталады. Таужыныстары қабаттарының жер бетінде жақсы байқалуы мен геологиялық зерттеудің дəлділігі жоғары болғанда, аталған үйлесімсіздікті ажырату онша қиындық туғызбайды. Далалық жағдайда оны төмендегі белгілер арқылы анықтаймыз: 1. Жоғарғы свитаның төменгісіне қарағанда көне болып келуі; 2. Қабаттар арасында сырғу айнасы мен ұнтақталған тектоникалық женттастардың болуы; 3. Жоғарғы свита табанында (негізінде) конгломераттардан, гравелиттерден, полимиктілі құмтастардан тұратын базалық қабаттардың кездесуі. Мұндағы негізгі үйлесімсіздік белгісі қатар орналасқан таужыныстар блоктарының көлбеу жарылысты бұзылыс бойымен ауысуы (бастырма немесе тектоникалық жамылғы) болып табылады.
