Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.43 Кб
Скачать

61. Геосинклиндерге сипаттама

Геосинклиндер (грекше гео - жер; син - бірге, бірегей; клино - еңкейтемін). Жер қыртысының аса қозғалмалы жəне барынша сырт аймақтарын бір- біріне қарама-қарсы қою нəтижесінде пайда болған қазіргі тектониканың маңызды түсініктерінің бірі. В. Е. Хаин бойынша геосинклин литосфераның аса қозғалмалы, кіріктіруші қасиеті жоғары, өзінің дамуының бастапқы сатысында төмендеу пəрменділігі, ал соңында - жоғарылау пəрменділігі басым, қатпарлы-бастырылулы деформациямен қосымшалана өтетін белдемі. Оған геодинамикалық кернеу көрсеткіштерінің құбылмалылығы, түзілімдер қабатының қалыңдығы (10-25 км), жер қыртысының магмалық пен метаморфтық үрдістер белсенділігі, дамуы терең жарылымдармен байланысты жер қыртысының сызық бойы созылуы, доғатəрізді иілуі мен көтерілуі тəн. Геосинклиндер көлемінде жер қыртысы гравитациялық пен магниттік аномалдығымен, сейсмикалық пəрменділігімен, геотермикалық градиент мөлшерімен, тік бағытты қозғалыстар амплитудасының жоғарылығымен сипатталады. Геосинклин дамуының алғашқы сатылары геосинклиндық аймақтың жаппай ойысуымен, сөйтіп, осы аймақта теңіздер мен мұхиттардың қалыптасуымен сипатталса (кəдімгі геосинклиндық саты) кейінгі сатылары ойысқан аймақтың жаппай көтеріле бастауымен, яғни геосинклин орнына биік-биік тау жоталарының пайда болуымен ерекшеленеді (орогендік саты). Сөйтіп қозғалмалы аймақтың геосинклиндық қатпарлы жүйеге айналуының соңғы сатылары бүкіл геосинклиндық үрдіс барысында қалыптасқан барша түзілім қабаттарының жаппай иіліп қатпарлануымен сипатталады.

62.Геосинклиндердің негізгі белгілері

Геосинклиндер тектоникалық құрылысында В. Е. Хаин геосинклиндік облыстар, геосинклиндік жүйелер, орталық массивтер, жекелеген геосинклиндар мен геоантиклиндар жəне миогисинклин мен эвгеосинклин атты құрылымдарды бөлді. Геосинклиндық белдеулер - ұзындығы ондаған мың километрмен өлшенетін платформалар арасындағы немесе оның шетін жағалай дамып өзіндік тектоникалық режиммен сипатталатын салыстырмалы енсіз аймақ (Батыс Тынық мұхиттық, Жерорта теңіздік белдеулер). Геосинклиндық облыстар — геосинклиндық белдеулердегі оның созылмалы бағыттарына бөлінетін өзіндік қазіргі құрылысы мен дамуы бар бөлігі. Геосинклин жүйелер — аса қозғалмалы линиялы белдем, ол дамуының басында пəрменді төмендеген, ал соңғы сатысында күшті қатпарланумен, тау көтерілумен сипатталады. Көлденең қимасында геосинклиндық белдеулер мен облыстар орталық массивтермен бөлінген бірнеше жүйелерден тұрады. Орталық массивтер — тектоникалық режимі жағынан платформаға ұқсас литосфераның салыстырмалы аз қозғалғыш бөлігі. Жекеленген геосинклиндер мен геоантиклиндер - геосинклиндық жүйелер ішіндегі енсіз жəне жүздеген километрге созылған ойыстар мен көтермелер. Эвгеосинклиндер - жоғары магмалық белсенділік тəн, орталық массивке жапсыра орналасқан геосинклиндық жүйенің ішкі ойысы. Миогесинклиндер - геосинклиндық жүйенің жанартау əрекеттері өте болымсыз, тіпті мүлдем көрініс бермейтін мейлінше салғырт өңірі. Орогендер. Бұл терминнің түсінігін алғаш рет неміс геологы Л. Кобер (1921ж) геосинклиндер орнында пайда болған таулы-қатпарлы құрылыс деп берді. Л. Кобер бойынша орогеннің құрылысы желпуіш тəрізді болып орталық массивтен екі тармағы платформаға қарай бастырыла орналасады. Алпысыншы жылдары бірқатар ғалымдар (А. Л. Яншин, В. Е. Хаин, С. С. Шульц) орогендер ішінен екі жеке типін бөлуді ұсынды: эпигеосинклиндік жəне эпиплатформалық орогендерді. Алғашқысы Л. Кобер түсінігіндегі орогенге, ал соңғысы геосинклиндер орнына емес, платформалар үстінде дамығандарға сəйкес келеді.