Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.43 Кб
Скачать

33.Интрузиялардың қышқылды және орта қышқылды құрамды түрлерінің геологиялық картадағы шартты белгілері

Интрузия— жердің терең қабаттарындағы байырғы қуыстарға, ішкі қысудан пайда болған бос кеңістерге магманың көтерілуі. Интрузияның түрі жайпақ төмпешіктерге, жалпақ немесе күмбез тәріздес массивтерге ұқсайды. Интрузияның көлемі өте үлкен де болуы мүмкін, кейде ауданы жүздеген шаршы километрге жететін жерді алып жатады. Олар жер бетіне тек қана өзін жауып жатқан шөгінді жыныстардың қабаты денудациялық процестердің әсерінде бұзылып жуылып-шайылғанда ғана шығады. Интрузия қатпарлы тау жоталарының ядроларында да ұшырасады. Интрузия деп жалпы тереңдегі магмалық жыныстардың массаларын түсінеді. петрохимиейКышкылды 34-78% (СиО2) гранит, липарит, порфир, Орта кышкылды (53-64) сиенит, диорит, трахит, андезит

34.Протрузия анықтамасы, пайда болуы

Протрузия - активті тектоникалық зоналарда магмалық жыныстардыңөзін қоршаған тау жыныстары арқылы суық күйінде жылжуы. Интрузивті жыныстар жапсарларын зерттеу нəтижесінде оларды қоршаған жыныстар арасында өзгерістер болып, роговиктер, скарндер, грейзендер жəне т.б. пайда болады. Өзгерген қабаттар жыныстары қалыңдығы бірнеше метрден 1-3 км. шейін жетеді. Ал өзгерген жыныстардың интрузив жабынындағы қалыңдығы, бүйірлеріндегіге қарағанда жоғары болады. Құрамы да алуан түрлі. Интрузивті денелердің жер бетіне шыққан келбеті интрузив пішініне ғана емес, эррозиялану тереңдігіне де байланысты. Интрузия жапсарында өзгерген жыныстар жиектерін тексеру көбінесе, теренде орналасқан интрузивті массив пішіні жайлы мағлүмат бере алады

38.Эффузивтік денелердің сыртқы пішіндері

Жанартаудан атқылаған магма сипатының көптеген себепкерлері бар, бірақ негізгісі газ режимі болып табылады. Атқылаудың эффузивті, эксплозивті, экструзивті сияқты үш басты түрлері болады. Эффузивті атқылаулар кезінде негізгі жəне қышқылды құрамда лавалар бір қалыпты төгіліп əр түрлі пішінді жамылғы мен тасқынды денелер түзеді.

39.Эксплозивтік денелердің түрлері

Эксплозивті атқылаулар қышқылды мен сілтілі құрамды лавалардың бөлінуі кезінде олардың газды қопарылыспен жалғасуымен сипатталады. Газды қопарылыс нəтижесінде əртүрлі мөлшерлі кесектер лавамен қосылып шөгінделіп, қатаяды. Катайған кезде лава кесектері жапырылады, сопақшаланады сөйтіп жік-жапсарлана орналасқан жыныстар арасында жапсарларды бойлай қысылған жəне линзалы шыны тəрізді лавадан тұратын игнимбрит атты құрылым пайда болады. Олардың көлемі ондаған мың км, қалыңдығы 1-2 км жетеді. Игнимбриттен бөлек қабатты денелер жəне кальдералар түзеледі.

40.Экструзивтік денелерге сипаттама

Экструзивті атқылау кезінде тұтқыр лава сығылып шығып, жер бетінде күмбездер, обелиск, дұрыс емес өскен денелер түзеді. Кейде олар жамылғы мен тасқындарға да өтеді. Экструзиялар жиі өте мығым жыныстар түзіп, өзін қоршаған жыныстардан ерекше бөлініп тұрады

41.Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері

Эффузивті жыныстардың жасын анықтау 1) Эффузивті жыныстар жасын су асты жанартаулар лаваларының құрылымына атқылау кезінде енген организмдер мен скелеттер орнын зерттеулер арқылы анықтау. Теңіз фаунасының орны кейде туфтарда да кездеседі. 2) Вулканогенді жыныстар қабаттары арасындағы шөгінді қабаттардағы фауналар мен флораларды зерттеу арқылы анықтауға болады. Əсіресе, тасқа айналған қалдықтар əктастар мен əксаздар құрамында жиі кездеседі. 3) Вулканогенді қабаттар жасы өзінің жабыны мен табанында орналасқан шөгінді жыныстар қабаттары жасын анықтау арқылы да табылады. Мұндағы негізгі шарт - олар шөгінді қабаттармен үзіліссіз алмасуы тиіс. Мысалға: жабынындағы қабаттың жасы таскөмір жүйесінің серпухов ярусында, ал табанындағы - турне ярусында қалыптасса, онда вулканогенді қабат төменгі таскөмірдің виза ярусында пайда болғаны. 4) Эффузивті жыныстардың жасының жоғарғы шегі оның қабатының үстінде орналасқан фауналы қабат жасы көмегімен айқындалады. Эффузивтер жасы мұндайда одан үлкен болады. 5) Ал төменгі жас шегі, лава атқылаған шақтағы бірге ала кеткен жамылғы жыныстар, кесек арасындағы фауналарды зерттеу арқылы анықталады, яғни эффузивтер жасы ксенолиттердікіне қарағанда жас болады. 6) Туфогенді жыныстардың кеңістікке орналасуы да вулканогенді қабаттар жасын дəлдіктеу үшін қосымша көмек болады. Қалыпты жатысты шөгіңді қабаттар арасыңдағы туфогенді қабаттар тамаша тіректі горизонт бола алады. Егер олардың төгілу ошағымен байланысы дəлелденсе, онда атқылау уақытын анықтауға əбден болар еді. 7) Эффузивтер жасы абсолюттік геохронология əдістері көмегімен айқындалады.