
- •1..“Құрылымдық геология” пәні және оның теориялық маңызы
- •3.Геологиялық картаның мазмұнына байланысты түрлері
- •4.Шартты белгілер олардың түрлері мен картада орналасу реттілігі
- •5.Стратиграфиялық бағана, оны түсірудің ерекшеліктері
- •6.Геологиялық қима және оларды түсіру ерекшеліктері
- •7.Қабат және оның элементтері
- •8.Қабаттылықтың түрлері
- •9.Қабатталу жазықтықтары түрлері мен ажыратудың маңызы
- •10.Трансгрессивті жатыс типтері
- •11.Регрессивті жатыс типтері
- •12.Миграциялық жатыс типтері
- •14.Үйлесімсіздіктердің негізгі белгілері
- •17.Тектоникалық үйлесімсіздіктер
- •18.Географиялық үйлесімсіздіктер
- •19.Үйлесімсіздіктер беттері құрылысы
- •20.Құрылымдық этаждар, оларды бөлудің принциптері
- •21.Жазықты қабаттар, жазықты жатысты қабаттардың негізгі белгілері
- •22.Еңіс қабаттардың жатыс элементтері мен оларды анықтау әдістері
- •23.Қабаттардың қалыңдықтарының түрлері, олардың жер бедеріне байланыстылығы
- •24.Қатпарлар мен олардың негізгі түрлері мен элементтері
- •25.Қатпарлардың морфологиялық жіктемесі
- •26.Флексуралар мен олардың элементтері
- •27.Қатпарлардың генетикалық түрлері
- •28.Конседиментациялық қатпарлардың қалыптасу ерекшеліктері
- •29.Интрузивті денелердің үйлесімді жатыс түрлеріне сипаттама
- •30.Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
- •31.Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
- •32.Интрузия жапсарлары: белсенді және белсенсіз жапсарлардың белгілері
- •33.Интрузиялардың қышқылды және орта қышқылды құрамды түрлерінің геологиялық картадағы шартты белгілері
- •34.Протрузия анықтамасы, пайда болуы
- •38.Эффузивтік денелердің сыртқы пішіндері
- •39.Эксплозивтік денелердің түрлері
- •40.Экструзивтік денелерге сипаттама
- •41.Эффузивтік таужыныстарының жасын анықтау әдістері
- •42.Эффузивтерді геологиялық картада бейнелеудің ерекше-ліктері
- •43. Таужыныстарындағы жарықтардың жалпы сипаттамасы, олардың геологиялық пен генетикалық жіктемесі
- •44.Кливаж түрлері, оны зерттеудің маңызы
- •46.Лықсымалар (элементтері, жіктемесі)
- •47.Ығыспалар ( элементтері, жіктемесі)
- •48.Топтасқан лықсымалар мен ығыспаларға сипаттама
- •49.Ысырмалар ( элементтері, жіктемесі, ерекшелігі, тегі, жасын анықтау)
- •50.Ажыраулар ( құрылысы, тегі)
- •52.Тектоникалық жамылғылар-шарьяж (морфологиялық элементтері)
- •57.Метаморфтық жыныстардың бітімдік түрлері
- •58.Метаморфтық таужыныстардың жатыс пішіндері
- •60.Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері
- •61. Геосинклиндерге сипаттама
- •62.Геосинклиндердің негізгі белгілері
- •64. Антиклинорий мен синклинорий
- •65.Платформа оның құрылымдары
- •66.Платформалардың негізгі белгілері
- •67.Көне және жас платформалар
- •78.Орталық мұхиттық жоталар және олардың құрылысы
- •79.Трансформдық жатылымдар
- •80.Мұхиттық рифтер
- •81.Диапирлі қатпарлар
30.Интрузивті денелердің үйлесімсіз жатыс түрлеріне сипаттама
Батолиттер (грек. батос- терендік) - көлемі аса ірі(100-200 кв. км. -ден аса), құрамы гранитоидты болып келетін, өзін қоршаған жыныстармен үйлесімді жəне үйлесімсіз орналасқан сопақша немесе дұрыс пішінді интрузивті дене. Батолиттер пайда болуы қатпарлану процесімен бірге немесе одан соң да болуы мүмкін. Пайда болуы əртүрлі жағдайлармен байланыстырылып түсіндіріледі: а ) гранитизация процесімен- магмалық ерітінділер көтерілген кезде жолындағы таужыныстарды ерітіп, өзгертеді, қышқылдандырады; б ) жабыныңдағы таужыныстарының магма камерасына құлап түсіп, еруінен; в ) магма көтерілген кезде жан-жағындағы жыныстар бірте-бірте еріп, магмамен сіңісуінен; г ) жер кыртысына енген магма оның көлемді аймағын көтеріп, бұрын түзілген жыныстар құрылымын бұзбайды. Батолиттер сыртқы жағында диорит, сиенит, габбро пайда болады. Қазақстанда батолиттер біршама жақсы дамыған. Мысалы, Күнгей Алатауындағы- Алматы, Орталық Қазақстандағы- Қызылтау батолиттері жəне т.б. Штоктер (неміс.- таяқ, діңгек) - көлемі100км. кіші болып келетін, жалпы пошымы цилиндрге ұқсас, көбінесе, жарықтары мол белдемдерге немесе тектоникалық жарылыстар түйіскен жерлерде пайда болған үйлесімсіз денелер. Штоктер құрамы да əдетте қышқылды болып келеді. Ол барлық қасиеттері жағынан батолитке ұқсас, айырмашылығы көлемінде ғана. Мысал ретінде Орталық Қазақстанның Қызыларай массивін келтіруге болады жəне т.б. Дайкалар (шотлан.- қабырға) - жер қыртысындағы тік жəне көлбеу жарықтарды магма толтыру нəтижесінде пайда болатын параллельді қабырғалармен шектелген үйлесімсіз интрузивті денелер. Дайкалар параллельді, радиалды жəне сақиналы түрлерге бөлінеді. Құрамы əр түрлі. Қалыңдығы бірнеше жүз метрлерге, ұзындығы ондаған километрге жетеді.
31.Интрузиялардың жасын анықтау әдістері
интрузивті жыныстар түзуші минералдар құрамындағы радиоактивті элементтердің ыдырау өнімінің мөлшерін анықтауға негізделген, абсолюттік геохронология тəсілі жиі пайдаланылады. Оның ішінде изотопты қорғасын жəне рубидий-стронций түрлері жақсы қорытындылар береді. Интрузиялардың салыстырмалы жасы, оны қоршаған жыныстар мен арақатынастылығын зерттеу арқылы анықталады. Интрузиямен оның айналасындағы жыныстар арасыңдағы арақатынастық алғашқылардың сыйыстырушы жыныстарға белсенді əсерімен немесе интрузивті массивтің үгілген бетіне трансгрессивті жабылған кейінгі жыныстар арқылы сипатталады. Алғашқысын белсенді немесе "ыстық", ал кейінгісін белсенсіз немесе "суық" жапсар деп атайды.
32.Интрузия жапсарлары: белсенді және белсенсіз жапсарлардың белгілері
"Белсенді жапсар", белгілеріне: а) интрузияда оны қоршаған таужыныстары кесектерінің болуы; б) интрузиядан жан-жаққа тараған апофизалар; в) жапсарлы метаморфизм əсерінен сыйыстырушы жыныстардың жаңадан кристалдануы жəне басқадай өзгеруі. "Суық жапсар"- деп аталатын жағдайда шөгінді, вулканогенді жыныстарда интрузиялардың үгілген кесектері, малтатастары, кейбір минералдары кездеседі. Сонымен интрузия өзі бұзып-жарған жыныстардан əрқашан жас деген қағиданы есте ұстау керек. 68 суретте гранодаритті интрузиясының «белсенді» жəне «белсенсіз» жапсарларын жақсы байқауға болады. Ол юра мен девон жыныстарымен «белсенсіз», ал кембрий мен төменгі ордовик түзілімдерімен «белсенді», «жапсарлы болып орналасқан.