Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Агротуризм.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.62 Кб
Скачать

14. Урбанизация оң және кері әсерлері

Ауылдық елді мекендер пункттері есебінен қала тұрғындарының санының үнемі артуының көрінісі болып табылатын урбанизация, соңғы жылдардың тұрақты құбылысы болып отыр. Әсіресе ол ХХ ғасырда қатты көрінді. Тек суперагломерация ғана емес, сонымен бірге едәуір шағын қалалар ауылдан қалаға адамдардың ағылуы арқасында пайда болды. ХХ жүзжылдықтың 60- жылдарының өзінде-ақ бүкіл әлемде ауылдық елді мекен 66% пайызға жетті, уақыт өте келе бұл пайыз ауыл халқының жалпы санының өскенімен, үнемі азайып отырды. 2003 жылы әлемдегі қалалық мекендердің пайызы 48,3%-ды, ал ауылдық 51,7% -ды құрады. Еуропада ауыл тұрғындарының саны ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары күрт азайды және 2003 жылы ауыл халқының пайызы 27,1, сол кезде қала халқының саны - 72,9% болды. Бүгінгі таңда бұл деңгейдегі ауыл және қала халқы пропорциясының тұрақталуы байқалады.

Ауыл халқының бәрі бірдей ауылшаруашылығымен айналыспайды. Мұнда ауыл халқына қарағанда ауылшаруашылығы жұмыскерлерінің саны едәуір тезірек азайып бара жатқандығын атап өтпей болмайды.

Қалалардың дамуына халықтың ауылдан қалаға үздіксіз ағылып қоныс аударуы себеп болды. Егер, ауылдан қалаға көшкен адамдар онда жұмыс және тұратын жер табатын болса, онда мұндай көші-қонды оң бағалау қажет, егер олай болмаса, бұл жағымсыз экономикалық және әлеуметтік салдарлар туғызары сөзсіз. Дегенмен көптеген елдерде көптеген жылдар бойы қалаға қоныс аударып жатқан ауыл тұрғындары онда кедейлік, қайыршылық, қаланың ауыр өмір жайлаған түкпірлерін құрайды, онда жастардың келешегі бұлыңғыр және көбінесе дағдарыс пен күйзеліс жайлайды. Мұндай қоныс аудару адамдардың бір мезгілде көшуі мен қайыршылық пен кедейліктің ауыл аумақтарынан қала аумағына ауысуына ықпал етеді. Қалалардың бақылаусыз дамуы барысында бұл құбылыс қоғамдық қауіпті бола бастайды.

Мұндай жағдайда көптеген елдер «ауыл халқын ауылшаруашылық емес жұмыстармен қамтудың» мүмкіндіктерін жасауға тырысады. Бірінші әдіс қалада жұмыс табуды жеңілдету, яғни ауыл тұрғындары таңертең қалаға жетіп, кешкісін үйіне қайта алатындай етіп бір мезгілде инфрақұрылымды жобалау болып табылады. Мұның негіз шарты көлік жүйесін жедел автомобиль жолдарын салу, сондай-ақ теміржол қатынасы арқылы дамыту болып табылады. Голландия, Белгия, Франция немесе Германия елдерінің темір және автомобиль жолдары желісіне жылдам шолу жасау бұл елдерде бір жерден келесі жерге қозғалу өте жеңілдетілгендігін көрсетеді. 100 шақырым қашықтық жақсы дамыған көлік инфрақұрылымы жағдайында ауыл жұртшылығын белсендендіруге кедергі болып табылмайды. Көлік адамдарға ауылда тұрып, қалада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Екінші әдіс ауылдық аумақтарды жандандырумен тұжырымдалады. Ол ауыл тұрғындарының ауылда жұмыс табуына мүмкіндік жасауға негізделеді. Өйткені, ауылдық аумақтарда қандай да бір өнім шығару не қандай да бір қызмет көрсету бойынша әртүрлі тектегі кәсіпорындар ашылуы мүмкін. Инвесторлар ауылдық жерде арзан жұмыс күшін алу тұрғысынан қарағанда өз қаражаттарын ауылдық жерге құлшына салады. Кейбір мемлекеттер, әсіресе Еуроодақ елдері ауыл тұрғындарын ауылда ұстап тұруға бағытталған арнайы бағдарламалар жүргізеді. Бұл бағдарламалар «ауылдық аумақтарды көпфункциональды дамыту» деген жалпы атауға ие. Ол ауыл тұрғындарына әртүрлі текті төлемдерді (мысалы, қоршаған ортаны сақтағаны үшін төлемақы) , ауыл тұрғындарының дәрежесі төмен ауылдық аумақтарда қалуы жағдайында ғана күшіне енетін түрлі жеңілдіктер мен салықтарды төмендетуді қамтиды.

Ауылдық аумақтарды жандандырудың, белсендендіру әдістерінің бірі агротуризм болып табылады. Агротуризм ауылдық аумақтарда қала тұрғындарының демалысы үшін жағдай туғызуға ғана негізделемейді, ол сондай-ақ ауылдық жерлердегі тұрғындар үшін табыстарды қайта бөлу тәсілі болып табылады.

Ауылды қоныстанушылар өз табыстарын ауылшаруашылығы қызметімен қоса әртүрлі тектегі кәсіпорындар – көлік, құрылыс немесе сауда саласындағы кәсіпорындармен айналысу жолымен арттыруға талпынады. Мысалы, Польшада 2002 жылы ауылшаруашылығы емес қызметпен ауылшаруашылық кәсіпорындарының жалпы санынан 12,4% [21] қожалық айналысқан. Олар құрылыспен, көлік және қойма берумен, саудамен, ауылшаруашылық қызметтерін көрсетумен, өнім өндірумен, агротурзммен (қонақ үй ұстау және жалға бөлме берумен ) орманшылықпен, балықшылық және балық аулаумен, сондай-ақ өзге де қызметтер мен жұмыстармен айналысқан. Мұнда ауылды қоныстанушылардың жартысынан көбі (51,8 %), ауылшаруашылық қызметпен байланысты, ауылшаруашылық жұмыстары есебінен алынған табысты пайдаланған.

Агротуризм - бұл қаражатты қаладан ауылға трансферлеудің тиімді және әділ әдісі. Ауыл қауымдастығы агротуризммен айналыса отырып, баюға мүмкіндікке ие болады. Еуропа бойынша немесе тіпті сол Польшада саяхаттай жүріп, туризммен айналысатын ауыл тұрғындарының мұндай мүмкіндігі жоқ азаматтарға қарағанда үлкен материалдық қамтамасыздығы бар екенін жеңіл айыруға болады. Туристік жерлерде барлық үйлер дерлік жаңартылған, аулалар және қоршаулар қажетті тәртіпте ұсталады.

Ауалдық аумақтар үшін агротуризмнің маңызы ауылшаруашылық кәсіпорындардың осы тектес қызметтерге қосылуы арқылы қосымша табыс алуға мейлінше қабілетті бола бастауына негізделеді. Агротуристерге қызмет көрсету бойынша жұмыстардың нәтижесінде агротуристік қызмет ету субъектілеріне түсетін қаржылық құралдар ең ақыры, ауылдық қоғамның кең шеңберіне де жетеді. Ауыл халқын кәсіби белсендендіру ауыл тұрғындарының қалаларға барып-қайтуына қарағанда ауыл қоғамын дамытудың мейлінше арзан тәсілі болып шықты.

Агротуризм ауылдық қауымдастық үшін үлкен маңызға ие. Қала тұрғындары демалысқа қажеттілікті басынан өткізеді, оны дәстүрлі туристік құрылымдар көмегімен қанағаттандыруға болады. Алайда адамдар көбінесе табиғатпен тығыз қатынаста, ауылдық жерлерде жиі демалғысы келеді. Агротуризм демалыстық және уикэндтік уақыттарды пайдаланудың тамаша мүмкіндіктерін ұсынады. Мұнда ол тек жоғары дамыған елдер үшін ғана емес, сонымен бірге әлсіз дамыған елдер үшін де үлкен маңызға ие. Кедей елдерде туристер (әдетте шетелдік) ауылдық жерлердегі өмір сүру тәсілімен немесе өнімдерді өндірумен танысқысы келгені үшін ақы төлейді. Және осылайша бай елдерден кедей елдерге қаржы құралдарының ағылуы жүреді.

Қала тұрғындарының соғыс жағдайы немесе өзге де стихиялық апаттар жағдайларынан шығатын шығындарын азайтумен айналысатын стратегтер әрбір қалалық отбасының ауылдық аумақта таныстары болуын ұсынады. Агротуризм мұндай практикалық жағдайларда пайдалануға болатын қала және ауыл тұрғындары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]