
- •Агротуризм курсының мақсаты мен атқаратын міндеттері
- •Агротуризм ғылыми зерттеудің жүйелі нысаны ретінде
- •3. Агротуризмнің түсінігі және мәні
- •4.Агротуризмнің атқаратын функциялары
- •5.Агротуризмді туризмнен бөліп көрсететін 3 басты белгі
- •6.«Ауыл туризмі», «агротуризм», «энотуризм» түсініктері
- •7.Агротуризмде қосымша табыс көздері
- •8. Ауылдағы өмірді жақсарту
- •9. Агротуризм қызметінің 3 тобы
- •10. Агротуризмнің шаруашылық және қоғамдық маңыздылығы
- •11. Агротуризмнің дамуын көрсететін епептер мен құбылыстар
- •12. Адамдардың ауылдардан жаппай қоныс аударуы
- •13. Урбанизация және оның агротуризмге әсері
- •14. Урбанизация оң және кері әсерлері
- •15.Ауыл халқын жұмыспен қамту әдістері
- •16. Агротуристік кеңістік.
- •17. Түнеу базаларын молайту.
- •18. Ауыл дәстүрлерін жандандыру.
- •19. Ауыл инфрақұрылымын қалпына келтіру.
- •20. Ауылдың айналасын көркейту.
- •21. Шаруашылық рецессияларын жеңу.
- •22. Агротуристік кеңістіктің 6 факторы.
- •23. Агротуристік кеңістікті бағалау әдістері.
- •24. Агротуризмнің аймақтық ұйымдасуы.
- •25. Агротуризмнің субъектілері.
- •26. Агротуристік субъектілердің төрт тобы.
- •27. Қожалықтардың типтері мен дефинициялары.
- •28. Агротуристік өнімдер, қызметтер, импондерабилиялар және олардың классификациясы.
- •29. Ауыл шаруашылық және агротуристік кәсіпорындарды басқару ұстанымдары.
- •30. Агротуристік кәсіпорындар типтері.
- •31. Дүниежүзінде агоротуризмді ұйымдастыру рекшеліктері
- •32. Әлемдік тәжірибеде энотуризм дамуы
- •33. Агротуристік қызмет шеңберінде ұсынылатын өнімдер мен
- •34. Ауылдағы қонақжайлылықты ұйымдастыру
- •35. Ауылдағы агрогасторномия
- •36. Агротуризм жіне тікелей сатылым
- •42. Испания энотуризмді дамыту еркшеліктері
- •43. Каталония агротуризмнің дамуы
- •44. Болгария агротуризм дамуы
- •45. Болгария энотуризм дамуы
- •47. Молдовада энотуризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •48.Грузиядағы энотуризмнің дамуы
- •49. Франциядағы агротуризмнің дамуы
9. Агротуризм қызметінің 3 тобы
Агротуризм бүгінгі күннің өзінде экономика, ұйымдастыру, маркетинг және басқару аспектісінде ұсынылатын білімнің кең ортасын қамтиды.
Агротуризм ауыл халқы үшін де, сондай-ақ қала жұртшылығы үшін де үлкен маңызға ие көптеген функцияларды орындайды. Олардың ішінен келесілерді бөліп көрсетуге болады: кірісті, жұмыспен қамту, бос тұрғын үй қорларын пайдалану, ауыл аумағын жандандыру, табиғи қорларды консервациялау, сондай-ақ қала халқының демалысы, рекреация және білім беру қызметтері.
Көбінесе агротуризм қызметінің үш тобы жиірек атап көрсетіледі: әлеуметтік-психологиялық, экономикалық және экологиялық. Мұндай қызметтерін, мысалы, Я. Сикора айқындап көрсетеді [16]. Мұнымен қоса Р. Дудек Войтыла (1997) қосымша қоғамдық-мәдени немесе әлеуметтік-мәдение қызметтерін бөліп көрсетесе, ал Я. Сикора мен Б. Рашке [17] – тағы да инфрақұрылымдық қызметін атайды. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер ауыл жұртшылығына құрмет көрсетуді арттырумен, ауыл және қала мәдениеттерінің өзара бір-біріне бойлап енуімен, сондай-ақ ауыл жұртшылығы өмірінің дәстүрлі мәнерімен жанасу мүмкіндігіне байланысты. Экономикалық функциялар ауылшаруашылық өндірісін, бау-бақшалық не мал шаруашылығы қожалықтарын дамытуды жандандыруға, ауылдық үй шаруашылығы үшін де (көбінесе үлкен инвестициялық салымдарсыз), сондай-ақ ауылдық аумақтық өзін өзі басқару органдары үшін де қосымша табыстар көзін құруға қатысты. Экологиялық функциялар ауылды қоршаған табиғатты қорғау мен қамқорлық көрсетумен байланысты.
10. Агротуризмнің шаруашылық және қоғамдық маңыздылығы
Агротуризмнің шаруашылық және қоғамдық маңызын көптеген қиылыстардарда қарастыруға болады, мысалы, макроэкономикалық қиылысуда, яғни агротуризмнің бүкіл ел шаруашылығы үшін маңызы, мезоэкономикалық - локалдық жұртшылық үшін, ал сондай-ақ бұл тауарлар мен қызметтерді тұтынушылар үшін өнімдер мен қызметтер өндіретін агротуристік нысандар үшін, яғни агротуристер үшін – микроэкономикалық.
Агротуризмнің дамуына мейлінше күшті әсер ететін құбылыстарға келесілерді жатқызуға болады:
1) ауылшаруашылық кәсіпорындарының төмен табыстылығы;
2) урбанизация;
3) қала тұрғындарының табыстарын агротуристік шауашылықтарға, соған сәйкес бүкіл ауыл тұрғындарына қайта бөлу;
4) ауыл инфрақұрылымының жағдайы және осыған байланысты оның «урбанизацииясы»;
5) өзін-өзі басқарудың локальдық өкіметтерінің саясаты.
Ауыл шаруашылығын және ауылдық аумақтардың даму тарихы бұл аумақтарды мекендейтін адамдардың жалпы әрқашан дәсүрлі, дінге сенетін, үнемі шаруақор, кедей болғандығын көрсетеді. Әдеттегідей, ауыл шаруашылығынан тыс жұмыс істейтін адамдар байырақ болғандығы және азырақ еңбек ететін болған. Қала тұрғындары мен ауылшаруашылығында жұмыс істейтін ауыл тұрғындарының табыстарын салыстыру соңғылары үшін әрқашан тиімсіз – олардың еңбекақылары үнемі салыстыруға келмейтін аз болады. Олардыкінен төмен табыс тек қана кездейсоқ табыс табумен күнелтетіндерде ғана болады (бір жұмыс істеуші үшін есептегенде).
XX ғасырда ауылшаруашылық жұмыскерлерінің табысына қатысты жағдайлар әлемнің немесе елдің аймағына тәуелді дамыды. Кейбір елдерде ауыл жұртшылығын ары қарай біріктіруге аяқ басты, сонымен бір кезеңде өзгелерде – материалдық жағдай жөнге басты. Қазіргі кезде бұл мәселені ауыл жұртшылығы үшін қосымша жалақы табуға мүмкіндік туғызу арқылы шешу қадамдары жасалуда, бұған мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты бағытталған. Ауыл шаруашылығында еңбек ететін адамдардың табысының өсуі, бір жағынан ауыл тұрғындарында негізі жоқ үміттер туғызатын, ал екінші жағынан олардың көңілін қалдыратын мемлекеттің араласуымен емес, ең алдымен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырумен байланысты болуы тиіс. Дегенмен, мемлекет ауылдық аумақтарды көпфункционалды дамытуға бағдарланған сәйкес макроэкономикалық саясат көмегімен өз есебіне жұмыстан түсетін табыстың маңызы артуы үшін ұмтылуға тиіс. Үй шаруашылығы табысының құрылымында бірінші немесе екінші орында қоғамдық көрсеткіштер тұратын жағдай пайдалы болып табылмайды және ауыл шаруашылығының нашар жағдай туралы куәландырады.
Әлемнің көптеген елдеріндегі ауыл шаруашылықтарында табыс көздері құнсыздануға ұшырауда. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында ауылшаруашылық кәсіпорындарына қатысты, әсіресе ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 адамға есептегенде ауыл шаруашылық табыстары да, үй қожалығы табыстары да күрт төмендеуге аяқ басты. Өткен жүз жылдықтың 90 жылдарындағы жүйелердің трансформациялануы ауыл мен ауыл шаруашылығының соңынан қалмайтын – жасырын жұмыссыздық пен жұмыстың төмен өнімділігін айқын көрсетті. Осы арқылы ауыл шаруашылығындағы экономикалық жағдайдың, соның ішінде табыс жағдайының да одан ары нашарлауына әсер етті.