Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Агротуризм.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.62 Кб
Скачать

5.Агротуризмді туризмнен бөліп көрсететін 3 басты белгі

Агротуризм - defacto– бұл туристік қызметтерді (туристерге қызмет көрсету) ұсынатын ауыл шаруашылық өндірушілерінің мүддесін көздейтін ұсыныс жасаушы тараптар өкілдерімен енгізілген термин. Қазіргі кезде бұл термин (агротуризм) тек туристерге ғана емес, демалушыларға да қызмет көрсетумен байланысты алуан түрлі қызметтердің кеңейтілген түсінігін білдіреді. Осыдан барып агротуризм түсінігі туристер және агротуристік қызметтер ұсынатындар тарапынан әртүрлі түсініледі. Туристер үшін агротуризм ауыл шаруашылық өнімдерін танып-білуге және (немесе) ауылдық жерде демалуға ниет етушілердің туристік белсенділігін білдіреді. Мұнымен қатар, агротуристік қызметтерді ұсынатын шаруашылық жүргізетін субъектілер агротуризм түсінігі аясына әртүрлі қонақжайлық – агроқонақжайлық, гастрономия – агрогастрономия, рекреация - агрорекреация, демалыс – агродемалыс, спорт – агроспорт, тіпті емдеу мен оңалту (реаблитация) – агротерапия формаларын кіргізеді.

Агротуризмді туризмнен бөліп көрсететін үш басты белгі мыналар.

Бірінші айырмашылығы - адамның өнімді өндіру үрдісіне, ауыл отбасының өміріне, сондай-ақ ауылдың қоғамдық өміріне практикалық тұрғыда қатысуына байланысты қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі. Турист өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге қатысуға ғана мүмкіндік алып қоймайды, сонымен бірге ауылшаруашылығы өндірушілерінің отбаслық өміріне де қатыса алады. Бұлайша түсінілетін агротуризм қиын да, бірақ өте абыройлы туризмнің түрі. Бұған барлық туристер қызыға қоймайды, тек қана өз демалысын тәжірибелік дағдылар алумен байланыстырғысы келгендер тілек білдіреді.

Агротуризмнің кәдімгі туризмммен салыстырғандағы екінші өзіне тән сипаты адамның этнография немесе ауылшаруашылық өнімдер өндірісі саласындағы қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі болып табылады. Агротуризм ауыл тұрғындарының өмірін, олардың мәдениеті мен дәстүрлерін танып-білуге мүмкіндік береді.

Агротуризмнің үшінші айырмашылығы үй жануарларымен, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерімен, оларды қайта өңдеу өнімдерімен тікелей қатынаста болу талап-тілегіне негізделген эмоционалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, ауыл тынысымен, оқиғалар елесімен немесе тіпті ауыл және ауылшаруашылық қожалығы иісін сезінумен қатысты арман-мұраттарды басынан өткізу сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

6.«Ауыл туризмі», «агротуризм», «энотуризм» түсініктері

Шетелдік және отандық (ТМД) ғылыми әдебиеттерге талдау жасау ауыл туризмі, агротуризм және энотуризм түсініктеріне анықтама беруде әртүрлі тәсілдер орын алатынын көрсетті. Олай болса, бұл түсініктерді

3B. Lane [4], ауыл туризмі ерешелігіне талдау жасай отырып, келесідей айырмашылықтарды келтіреді: ауыл аумағында, тікелей алғанда ашық кеңістіктерде іске асады, ауыл жағдайына бейімделген (салыстырмалы түрде туристердің шағын саны, табиғатпен, мәдени мұрамен, дәстүрлермен қатынасқа түсу), байланысы бар елді мекендердің және нысандардың шағын ауданы, жергілікті ресурстарды қамқорлықпен пайдаланады, ауқымдар сипатын бұзбайды, керісінше қолдау көрсетеді.нақтылау қажеттігі бар деген сөз. Диссертациялық жұмыста қолда бар трактовкаларды ескере отырып, олар келесі тұрғыда анықталды:

- ауыл туризмі - ауыл немесе орман шаруашылығымен, жер өңдеу не мал шаруашылығымен байланысы бар, күнделікті өмірінде табиғи және мәдени аттракцияларды немесе мақтаныштарды пайдаланатын ауыл тұрғындарының және ұйымдасқан субъектілердің, бұл өңірмен қоғамдық немесе қожалық тұрғыда байланысты болуы міндетті емес ауылдық елді мекендерге адамдардың келуі және саяхаттауы кезінде туындайтын қатынастар мен құбылыстардың жиынтығы;

- агротуризм – кәсіпорындардың иелері тарапынан өз ресурстарын, сондай-ақ елді мекен маңайындағы туристік көзтартарлық нысандарды пайдалану арқылы ұйымдастырылып, қызмет етіп жатқан ауылшаруашылық кәсіпорындарына адамдардың келуі мен саяхаттауы кезінде туындайтын қатынастары мен құбылыстарының жиынтығы. Бұл тыныштық пен жайлылық іздеумен айналысатын, ауылдың өмірі мен тұрмыс салтына қызығушылық танытатын адамдардың айналысатын ауыл туризмінің формасы;

- энотуризм – бұл адамдардың агротуристік қожалықтарға келуі және саяхат жасауы кезінде туындайтын қатынастар мен құбылыстардың жиынтығы, оның негізгі уәждемесі жүзімдіктерді, шарап өндіру орындарын аралау және шарапқа қатысты рәсімдерге оны татып көру немесе жүзімдік аудандарды танып-білу мақсатында қатысу болып табылады.

Мұнымен қоса, «ауыл аумағындағы туризм» деп аталатын ауыл әкімшілігі бірлігі алаңдарында әдетке айналдырылған туризм түрін айыра білген жөн, алайда ол қоныстану, өлкетану және тіпті функционалдық тұрғыдан ауыл шаруашылығымен байланысты бола бермеуі де мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]