Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Агротуризм.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.62 Кб
Скачать

33. Агротуристік қызмет шеңберінде ұсынылатын өнімдер мен

көрсетілетін қызметтер (тармақтар мен категорияларға бөлінуі)

АГРОТУРИЗМ

АГРОҚОНАҚЖАЙЛЫҚ

- Қожалықта болу

- Ауылдық үйде болу

- Агроотель (агромотель)

- Өзін-өзі қам тамасыз ететін түнеу орны

- Агрокемпинг

- Арнайы агроқонақжайлық

АГРОГАСТРОНОМИЯ

- Үйде тамақтану

- Асхана

- Мейрамхана

- Пикниктер

АГРОТУРИЗМНІҢ ӨЗІ

- Өндіріс үрдісін бақылау

- Өндіріс үрдісіне қатысу

- Оқу жаяу және айналып өту сүрлеулері

- Қожалық зообақтар, сафари,

Табиғат және үй жануарларымен тікелей араласу

ТІКЕЛЕЙ САТЫЛЫМ

- Қожалықта өнімдерді тікелей сату

- «Өзің алып кет» типіндегі сатулар

- Қожалықтағы, не кәсіпорындардағы дүкендер

АГРОДЕМАЛЫС

- Деалыстық демалу

- Уикэндтік демалу

- Мерекелік демалыс

АГРОСПОРТ

- Серуендер, маршруттар, велосипедпен жүру

- Атпен серуендер

-Үлкен көлікті талап ететін ермектер

- Жаңа генерациядағы аумақтық ойындар

- Аң аулау

- Балық аулау

АГРОЕРМЕКТЕР

- Саябақтар мен бақтарға бару

- Ауыл аумақтарын аралаулар мен серунедер

- Жүгері немесе соя лабиринттері

- Сындырылған конструкциялар

АГРОТЕРАПИЯ

- Өсімдіктер мен жануарлар ерекшеліктерін пайдаланатын терапия

- Өзіне тән ерекшелігі бар диеталар

- Минисанаториялар

ЭТНОГРАФ ИЯ

-Тарихи қожалықтар – ескі фермалар

- Тарихи ауылдар

-Халық шығармашылығы және ауылшаруашылық мұражайлар

- Отбасылық және ауылдық салтанаттар мен фестивальдар

-Белгілі бір фольклоры бар ауылдарда болу

34. Ауылдағы қонақжайлылықты ұйымдастыру

Қонақжайлылық - адамның келген қонаққа деген ілтипат пен әзетпен қарауы. Әр ұлтта өз мәдениетіне сай әр түрлі әдет ғұрыппен сипатталады. Қазақтардыңқанына ана сүтімен даритын қазақ ұлтына ғана тән асыл қасиет. Сондықтан да қонақты сыйлау, құрметтеу, қонаққа деген ілтипат көрсету бала кезден қалыптасады. Шақырылған қонақты әйел адамның жылы жүзбен бетіне күле қарсы алуы, хал ақуалын сұрап төрге отыргызып, дайындаған ас тағамдарын беріп, ренжітпей қайтаруы қонақты сыйлау мен оған көрсетілетін құрмет болып саналады. Егер шақырылған қонақтардың ішінде келе алмағаны болса, әйелі сарқыт салып беріп, оған өз тарапынан сәлем айтады. Жоғарыда аталған құрмет тек қана шақырылған қонаққа көрсетілетін сый-сыяпат емес, ол кез келген уақытта келген қонаққа корсетіледі. Егер келген қонақ асығыс болса, онда әйелі ауыз тию жосынын жасайды. Қонақты күту, сыйлау көбінесе әйел адамға қатысты болады. Сондықтан қазақ әйелдері қонақты сыйлау, күту мәселесін терең меңгерген және оны бала тәрбиесінде катаң ұстанады, егер үйде ата-анасы болмаған жағдайда баласы келген қонақты үйге кіргізіп, қонаққа шай береді. Қазақтар арасында келген қонақты үйге кіргізбей сырттан қайтару ұят болып есептелініп, ата-анасына сын болған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығында отбасында алған тәрбиенің кез келген уақытта көрініс табатындығын меңзейді. Сондай- ақ, әйел адам қонақ келген кезде бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі, қонақ отырғанда баласына ұрыспайды немесе дауысын көтеріп сойлемейді. «Қонағын сүймеген, баласын ұрады, не үйін сыпырады» деген мақал осыған қатысты айтылған.

Ертеде әйелдер ат тергеу мәселесіне өте абай болған, егер қайын ата, қайын аға, қайын ене, қайынапасымен аттас, көрші-қолаң, әріптес, таныс адамдары болса, олардың атын атамай аттеріс көрші, аттеріс бала, аттеріс аға, аттеріс апа деген атауларды жиі пайдаланады. Осыған қатысты қазақтар арасында аттеріс ұғымы кең қолданысқа ие.

Қонақ күтіп алу әдебі[өңдеу]

Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немес бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме – дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй – иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі. Қонақ шақырудағы ескерту. Қазақ дәстүрінде, әсіресе, қазіргі кезде қонақты көбінесе үй иесі өзі барып шақыруы немесе арнайы шақыру қағазын жіберуі тиіс. Қонақты бір жұма бұрын шақыру бұл күндері әдетке айналған, өйткені әркімнің алдағы уақытқа жоспарлап қойған әр түрлі жұмыстары болады. Егер қонақ шақырылған жерге бара алмайтын болса, себебін бірден айтқан жөн. «Көрермін, мүмкін барып қалармын» бара алмасам, ренжіме» - деген сөздер шақырушыға жайсыз тиеді. Шама келсе халықтың көнеден келе жатқан дәстүрі бойынша «Шақырған жерден қал ма, шақырмаған жерге бар ма» деген мақал сөзін берік ұстаған жөн. Бұрыннан таныс немесе жақын туыстары болмаса, сыйлы қонақтарды телефонмен шақыру ыңғайсыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]