
- •Агротуризм курсының мақсаты мен атқаратын міндеттері
- •Агротуризм ғылыми зерттеудің жүйелі нысаны ретінде
- •3. Агротуризмнің түсінігі және мәні
- •4.Агротуризмнің атқаратын функциялары
- •5.Агротуризмді туризмнен бөліп көрсететін 3 басты белгі
- •6.«Ауыл туризмі», «агротуризм», «энотуризм» түсініктері
- •7.Агротуризмде қосымша табыс көздері
- •8. Ауылдағы өмірді жақсарту
- •9. Агротуризм қызметінің 3 тобы
- •10. Агротуризмнің шаруашылық және қоғамдық маңыздылығы
- •11. Агротуризмнің дамуын көрсететін епептер мен құбылыстар
- •12. Адамдардың ауылдардан жаппай қоныс аударуы
- •13. Урбанизация және оның агротуризмге әсері
- •14. Урбанизация оң және кері әсерлері
- •15.Ауыл халқын жұмыспен қамту әдістері
- •16. Агротуристік кеңістік.
- •17. Түнеу базаларын молайту.
- •18. Ауыл дәстүрлерін жандандыру.
- •19. Ауыл инфрақұрылымын қалпына келтіру.
- •20. Ауылдың айналасын көркейту.
- •21. Шаруашылық рецессияларын жеңу.
- •22. Агротуристік кеңістіктің 6 факторы.
- •23. Агротуристік кеңістікті бағалау әдістері.
- •24. Агротуризмнің аймақтық ұйымдасуы.
- •25. Агротуризмнің субъектілері.
- •26. Агротуристік субъектілердің төрт тобы.
- •27. Қожалықтардың типтері мен дефинициялары.
- •28. Агротуристік өнімдер, қызметтер, импондерабилиялар және олардың классификациясы.
- •29. Ауыл шаруашылық және агротуристік кәсіпорындарды басқару ұстанымдары.
- •30. Агротуристік кәсіпорындар типтері.
- •31. Дүниежүзінде агоротуризмді ұйымдастыру рекшеліктері
- •32. Әлемдік тәжірибеде энотуризм дамуы
- •33. Агротуристік қызмет шеңберінде ұсынылатын өнімдер мен
- •34. Ауылдағы қонақжайлылықты ұйымдастыру
- •35. Ауылдағы агрогасторномия
- •36. Агротуризм жіне тікелей сатылым
- •42. Испания энотуризмді дамыту еркшеліктері
- •43. Каталония агротуризмнің дамуы
- •44. Болгария агротуризм дамуы
- •45. Болгария энотуризм дамуы
- •47. Молдовада энотуризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •48.Грузиядағы энотуризмнің дамуы
- •49. Франциядағы агротуризмнің дамуы
30. Агротуристік кәсіпорындар типтері.
Агротуристк кәсіпорындар (қожалықтар) – бұл агротуристік үрдіске (қызметке) қосылған ауылшаруашылық кәсіпорындары [23].
Үй қожалықтарының агротуристік қызметті бастауының мейлінше жиі кездесетін себебі, өз табыстарын арттыру тілегі болып табылады. Мұнда тұрғын үйдің, жұмыстың еркін қорлары (резерв), сондай-ақ өз өнімдерін ақшаға айналдырғысы келу тілегі пайдаланылады. Бұдан шығатыны, агротуристік шаруашылықтарды ұйымдастыруды ойластыру алдында классикалық ауыл шаруашылығы ұйымдарымен жіті түрде танысып алған жөн болатындығы.
Өз құрылымына жаңа бөлім – агротуризмді енгізген ауыл шаруашылығы – агротуристік қожалық, шаруашылық деп аталады. Агротуристік шаруашылық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығынан өзге, агротуристік өнімдер мен қызметтер жасайды. Ауыл шаруашылығы бөлімі мен агротуризм бөлімі шаруашылықта бір-біріне тәуелсіз болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда олардың арасында ешқандай байланыс пен өзара қатынас жоқ болады. Оған дәнді дақыл өндіруге маманданған және живопистік көркем жерде орналасқан, сондықтан туристерге агротуристік қызмет көрсететін шаруашылықтар мысал бола алады.
Алайда бұл бөлімдер бір-біріне тәуелді де болуы мүмкін, мұнымен қоса ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі ішінара не толығымен агротуризм қажеттіліктеріне бағынатын болуы да мүмкін. Шаруашылықтың жалпы кірісіндегі агротуризмнен түсетін кіріс үлесінің көрсеткіші шаруашылық үшін жалпы агротуризмнің маңызы туралы айтады. Агротуризмнен алынатын табыс бөлігі неғұрлым көп болса, соғұрлым ол шаруашылықта рөл ойнайды.
Бүкіл ауыл шаруашылықтың табысындағы агротуризмнен түсетін табыс үлесі өте біртекті емес. 2000 жылы Польшада жүргізілген зерттеуге сәйкес [21], агротуризмнен түсетін табыс үлесі жалпы алғанда аса жоғары емес: 21,3% зерттелген шаруашылықтарда ол 6-10%-ды құрады, 17,5% шаруашылықтарда ол 11-20% -ды құрады және тек 8,7% зерттелген қожалықтарда агротуризмнен түсетін табыс 50% цифрдан асты.
Айырмашылық бар ма, және бар болса, онда ауылшаруашылық кәсіпорны мен агротуристік кәсіпорын арасында қандай? деген сұрақ туады. Бұл айырмашылық, ең алдымен соңғысы қонақтарды қабылдауға мүмкіндік тудыратын «туристік» инфрақұрылымға ие болуы керек, онда таза ауылшаруашылық кәсіпорны, әсіресе өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруге мамандандырылған кәсіпорын ретінде, тіпті тұрғын жайлары жоқ, мұнымен қоса шаруа қожалықтан тыс жерде тұра алады. Алайда, мұндай жағдай Еуропада сирек кездесетін жағдай болып табылады.
31. Дүниежүзінде агоротуризмді ұйымдастыру рекшеліктері
Агротуризм адамның шынайы және үнемі дамып келе
жатқан қызметі. Бұл қызмет жөнінде хабарламалар әлемнің әр түкпірінен
келіп жатады, АҚШ-тың барлық штаттарынан дерлік, Канададан, бүкіл
Батыс Еуропадан, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Еуропадан,
Австралиядан, Жаңа Зеландиядан және тіпті Африкадан. Агротуризмді
дамытуға агро қызмет көрсетудің сұранысы ретінде де, ұсынысы ретінде де
дем беріледі. Қала тұрғындарында азық-түліктердің қайдан алынатыны
және қалай өндірілетініне қызығушылық үнемі туындап отырады.
Агротуризм, оқу пәні ретінде көптеген оқу орындарында оқытылады.
Осы орайда қандай ЖОО мен факультеттер агротуризм саласында
дидактикалық сабақтар өткізу, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуге
құзыретті болып табылады деген сұрақ туады. Бұл сұрақ агротуризмді
әртүрлі кәсіби бағыттағы университеттік факультеттер дамытып
жатқандықтан өте заңды. Қазіргі кезде мұнымен ауыл
университеттеріндегі, ауылшаруашылық академиясындағы және дене
тәрбиесі академиясындағы ауылшаруашылық және тіпті аумақтық
ұйымдардың, экономика, география, туризм сияқты факультеттерінің
қызметкерлері айналысуда [6-15].
Ең ақыры, агротуризмнің шаруашылық маңызы жөнінде де ойланған
жөн. Көптеген елдердегі ауыл тұрғындары өмірлерінің деңгейі өте төмен
болып табылады. Соңғы онжылдықта жүргізілген зерттеулер, әлемнің
көптеген елдеріндегі бүгінгі ауыл халқының басым бөлігі тек өсімдік
шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру есебінен қалыпты өмір сүре алмайтындығы фактісін растауға мүмкіндік беріп отыр. Өзге
құралдар есебінен қосымша табыс іздеу осымен ақталынады.
Әлемнің көптеген елдерінде тұрғылықты жерінде өзінің материалдық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі жоқ ауылдық елді мекендер
орасан зор агломерация туғыза отырып, қалалық аумақтарға жатқызылады,
алайда көбінесе жұмыс таппайды. Мұндай миграциялардың нәтижелері аса
мәз емес. Алуан түрлі қоғамдық патологиялардың артуына ықпал ететін
мұқтаждықтар кварталдары пайда болуда. Әсіресе Еуроодақ елдерінде
шаруашылық, қоғамдық және ауылшаруашылық саясаты ауыл халқының
едәуір бөлігін ауылдық аумақтарда ұстап тұруға бағытталған. Материалдық
сұраныстарды қанағаттандыру қажеттілігі өсімдік шаруашылығы және мал
шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ауыл халқының ауыл
шаруашылық қызметімен емес, соның ішінде агротуризммен айналыса
бастауына әкеліп отыр.
Еуропалық Одақ елдерінің шаруашылығы мен ауылшаруашылығын
дамыту қоғамдық саясаты болып табылады, ол ауыл шаруашылығын
көпфункционалды дамыту, сондай-ақ ауыл аумағын көпфункционалды
дамыту ретінде танымал. Агротуризм жекелей айтқанда, ауылшаруашылық
кәсіпорындарын және ауылдық аумақтарды ауылшаруашылық емес
дамытудың мысалы болып табылады.
Агротуризм бүгінгі күннің өзінде экономика, ұйымдастыру, маркетинг
және басқару аспектісінде ұсынылатын білімнің кең ортасын қамтиды.
Агротуризм ауыл халқы үшін де, сондай-ақ қала жұртшылығы үшін де
үлкен маңызға ие көптеген функцияларды орындайды. Олардың ішінен
келесілерді бөліп көрсетуге болады: кірісті, жұмыспен қамту, бос тұрғын үй
қорларын пайдалану, ауыл аумағын жандандыру, табиғи қорларды
консервациялау, сондай-ақ қала халқының демалысы, рекреация және білім
беру қызметтері.
Көбінесе агротуризм қызметінің үш тобы жиірек атап көрсетіледі:
әлеуметтік-психологиялық, экономикалық және экологиялық. Мұндай
қызметтерін, мысалы, Я. Сикора айқындап көрсетеді [16]. Мұнымен қоса Р.
Дудек Войтыла (1997) қосымша қоғамдық-мәдени немесе әлеуметтік-
мәдение қызметтерін бөліп көрсетесе, ал Я. Сикора мен Б. Рашке [17] – тағы
да инфрақұрылымдық қызметін атайды. Әлеуметтік-психологиялық
қызметтер ауыл жұртшылығына құрмет көрсетуді арттырумен, ауыл және
қала мәдениеттерінің өзара бір-біріне бойлап енуімен, сондай-ақ ауыл
жұртшылығы өмірінің дәстүрлі мәнерімен жанасу мүмкіндігіне
байланысты. Экономикалық функциялар ауылшаруашылық өндірісін, бау-
бақшалық не мал шаруашылығы қожалықтарын дамытуды жандандыруға,
ауылдық үй шаруашылығы үшін де (көбінесе үлкен инвестициялық
салымдарсыз), сондай-ақ ауылдық аумақтық өзін өзі басқару органдары үшін
де қосымша табыстар көзін құруға қатысты. Экологиялық функциялар
ауылды қоршаған табиғатты қорғау мен қамқорлық көрсетумен байланысты.