
- •Агротуризм курсының мақсаты мен атқаратын міндеттері
- •Агротуризм ғылыми зерттеудің жүйелі нысаны ретінде
- •3. Агротуризмнің түсінігі және мәні
- •4.Агротуризмнің атқаратын функциялары
- •5.Агротуризмді туризмнен бөліп көрсететін 3 басты белгі
- •6.«Ауыл туризмі», «агротуризм», «энотуризм» түсініктері
- •7.Агротуризмде қосымша табыс көздері
- •8. Ауылдағы өмірді жақсарту
- •9. Агротуризм қызметінің 3 тобы
- •10. Агротуризмнің шаруашылық және қоғамдық маңыздылығы
- •11. Агротуризмнің дамуын көрсететін епептер мен құбылыстар
- •12. Адамдардың ауылдардан жаппай қоныс аударуы
- •13. Урбанизация және оның агротуризмге әсері
- •14. Урбанизация оң және кері әсерлері
- •15.Ауыл халқын жұмыспен қамту әдістері
- •16. Агротуристік кеңістік.
- •17. Түнеу базаларын молайту.
- •18. Ауыл дәстүрлерін жандандыру.
- •19. Ауыл инфрақұрылымын қалпына келтіру.
- •20. Ауылдың айналасын көркейту.
- •21. Шаруашылық рецессияларын жеңу.
- •22. Агротуристік кеңістіктің 6 факторы.
- •23. Агротуристік кеңістікті бағалау әдістері.
- •24. Агротуризмнің аймақтық ұйымдасуы.
- •25. Агротуризмнің субъектілері.
- •26. Агротуристік субъектілердің төрт тобы.
- •27. Қожалықтардың типтері мен дефинициялары.
- •28. Агротуристік өнімдер, қызметтер, импондерабилиялар және олардың классификациясы.
- •29. Ауыл шаруашылық және агротуристік кәсіпорындарды басқару ұстанымдары.
- •30. Агротуристік кәсіпорындар типтері.
- •31. Дүниежүзінде агоротуризмді ұйымдастыру рекшеліктері
- •32. Әлемдік тәжірибеде энотуризм дамуы
- •33. Агротуристік қызмет шеңберінде ұсынылатын өнімдер мен
- •34. Ауылдағы қонақжайлылықты ұйымдастыру
- •35. Ауылдағы агрогасторномия
- •36. Агротуризм жіне тікелей сатылым
- •42. Испания энотуризмді дамыту еркшеліктері
- •43. Каталония агротуризмнің дамуы
- •44. Болгария агротуризм дамуы
- •45. Болгария энотуризм дамуы
- •47. Молдовада энотуризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •48.Грузиядағы энотуризмнің дамуы
- •49. Франциядағы агротуризмнің дамуы
29. Ауыл шаруашылық және агротуристік кәсіпорындарды басқару ұстанымдары.
Ауылшаруашылық және агротуристік кәсіпорындар өз арасында оларды жүргізу мен басқару ұстанымдарымен және көбінесе өнімдерінің құрылымымен айрықшаланады. Бұл әсіресе жерді пайдалану, өндірістің қарқындылығы, жұмыс резервтерін басқару, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға қатысты. Ауылшаруашылық кәсіпорнының мақсаты әдетте шаруашылық етуді қарқындандырудың арқасында кірісті жоғарылату болып табылады. Осыған орай, ауылшаруашылық кәсіпорындары өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін мүмкіндігінше көп жерді арнауға тырысады, бұл мейлінше көп кіріске кепіл болады, мұнымен қоса агротуристік қожалық ауылшаруашылық айналымнан ғимараттар, паркингтер, көгалдар мен гүлдер клумбаларына, сондай-ақ – спорттық және рекреациондық қызметтер үшін алаңдарға арналған, яғни агротуристік кеңістік жасауға арналған жерлердің көп мөлшерін шығарып тастайды.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарын бөлу, айқындау ұстанымдары жалпы айрықша, ал ара-тұра тіпті агротуристік қожалық жүргізу ұстанымдарына да қайшы келеді. Мысалы, ауылшаруашылық кәсіпорындары бір не бірнеше бағыттарға көңіл бөле отырып, өнімдер өндіру бойынша мамандануға тырысады, ал агротуристік шаруашылықтар үшін өндіретін өнімдерінің құрылымын кеңейту мейлінше пайдалы болып табылады, себебі осы тәсілмен олар туристер үшін мейлінше аттрактивтік бола бастайды.
Өз өнімдерін қарқындандыруға тырысатын ауылшаруашылық кәсіпорындарына қарағанда, агротуристік қожалықтар әдетте өндірісті экстенсификациялауға, не экологияландыруға ұмтылады, өйткені бұл бағыттар агротуризм сұранысына барынша жауап бере алады. Бүгінгі таңда ауылшаруашылық кәсіпорындары еңбек өнімділігін арттыру үшін, өздерінде техникалық өрлеудің жетістіктерін енгізуге ұмтылады. Заманауи ауылшаруашылық техникалары агротуристер үшін соншалықты аттрактивті емес. Бұл техника әлемнің барлық елдерінде практикалық тұрғыда бірдей және ол туристердің өндірістік үрдіске тікелей қатысуына ықпал етеді, өйткені білікті жұмыс күшінің қызмет көрсетуі талап етіледі. Агротуризм үшін ХХ жүзжылдықтың 60-жылдарының соңына дейін қолданылған және бір елден келесі елге және тіпті аймақтан аймаққа қарай аса алуан түрлі болып ерекшеленетін көне ауылшаруашылық техникалары үлкен маңызға ие. Агротуристік қожалықтар тек туристерге қызмет көрсету саласында ғана техникалық үрдісті қолданады.
Нарық және агротуристік қожалықтарға көзқарастың ауылшаруашылық кәсіпорындарға көзқарастан айырмашылығы бар. Қазіргі заманғы өткізу рыноктары тауар қожалықтары үшін қажет, ал агротуристік қожалықтар туристердің өзін өз өнімдерін өткізудің маңызды рыногы ретінде қарастырады. Осыдан барып өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру құрылымы, сондай-ақ мал шаруашылығы да ең болмағанда ішінара осындай көзқарас тұрғысынан реттелген болып шығады.
Ауыл және оның қоғамдық жұртшылығының өзі осы шаруашылықтың екі типінде айырмашылыққа ие. Әсіресе қазіргі заманғы ауылшаруашылық кәсіпорындары ауыл мен оның жұртшылығы байланысының әлсіреуіне ықпал етеді. Барған сайын ауыл ауылшаруашылық кәсіпорындары үшін өткізу рыногына айналудан мүлдем қалып барады, ал кәсіпорынның өзі ауыл тұрғындарына жұмыс орнын ұсынбайды. Байланыстар көбінесе өзге ауылшаруашылық кәсіпорындармен бірлескен жұмысқа қатысты болады (аумақтық кірігу), ол мысалы, қымбат ауылшаруашылық машиналарын бірлесе пайдалану, не кейбір жұмыстарды орындау барысында көмек беру сияқты болады.
Ауыл, оның сәулеті және жұртшылығы туристер үшін, егер ауыл оны өзіндік ерекше ете түсетін локалдық дәстүрлер, мәдениет, диалект және т.б. ұсынатын болса ерекше аттракцияға айналады. Агротуристік қожалықтардың ауылмен байланысы – көпқырлы, олар жақсы даму мен қызмет атқаруға мүмкіндік береді. 1-кестеде ауылшаруашылық және агротуристік кәсіпорындарды басқарудың маңызды ұстанымдарын салыстыру келтіріледі.