Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Агротуризм.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.62 Кб
Скачать

28. Агротуристік өнімдер, қызметтер, импондерабилиялар және олардың классификациясы.

Кез келген шаруашылық қызмет өнімдер ұсыну не қызмет көрсету мақсатына ие. Өнім – бұл өндірістік үрдістің материалдық нәтижесі. Қызмет көрсету өз формасында – материалдық емес. Уақыт өте келе өнім түсінігі қызмет көрсетуге де таңылуда. Бұл мағынада агротуристік қызметтер тауар ретінде де жіктеледі.

Агротуризм сондай-ақ «импондерабилиа» (imponderabilia) түсінігімен де байланысты, яғни негізінен агротуристік кеңістікке жататын өлшенбейтін құндылықтар, мысалы, пейзаж көркемдігі, таза ауа, ауыл сәулет өнері. Импондерабилии өнім де, қызмет көрсету де болып табылмайды, әйтсе де, мұнымен қатар агротуристік қызметті едәуір жеңілдетеді.

Агротуризм, бәріне белгілі, адамның эмоционалдық, көркемдік және әлеуметтік сұранысын қанағаттандырады, әсіресе ауыл тынышытығын, таза ауаны, бүлінбеген сәулет өнерін аңсау, сағынуды, сондай-ақ жан-жануарлармен тікелей қатынасу тілегін қанағаттандырады. Әсіресе балалар мұндай қажеттілікті өткір сезінеді. Зообақ оларға мұны бере алмайды, өйткені онда жан-жануарлар келушілерден алыстатылған. Тіпті табиғат және жануарлар туралы мейлінше қызықты фильмдердің өзі жан-жануарлармен тән жақындығы сезімін бере алмайтын шығар.

Қаланың көптеген тұрғындары қалада көп сақталмаған, отбасылық жақындық, көршілік және діни қатынастар үзілмеген қоғамда болуды аңсайды. Бұл сондай-ақ бірнеше ұрпақ өкілінен тұратын берік отбасын, сондай-ақ діни құндылықтарды сақтаған дәстүрлерді аңсау сезімі.

Ауыл территориясында болу жаңа піскен өнімдерді, сондай-ақ үй жағдайында әзірленген ас-суды қолдануға қажеттілікті қанағаттандырады. Сондай-ақ, көптеген адамдар ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үрдісі барысына қатысу сұранысын басынан өткереді.

Туризмде өнім, қызмет көрсету немесе импондерабилия түсініктерінен өзге «аттракция» түсінігі қолданылады. Туристік аттракция өнімдер, көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ импондерабилия не олардың жиынтығы болуы мүмкін (4 сурет).

Аттракция аталған территорияға туристерді тартатын өзіндік ерекшелікті білдіреді. Аттракцияны өнім немесе қызмет көрсетумен тікелей бірдей деп саюшылық міндетті емес, өйткені агротуризмнің кейбір өнімдері мен қызмет көрсетуді аттракция деп санауға болады, басқалары ондай болмайды.

Заманауи агротуризм көрсетілетін қызметтер мен өнімдердің кең шеңберін ұсынады. Сондықтан оларды жіктеу (классификациялау) қажеттілігі пайда болды. Жалпы агротуристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтерге жіктеудің екі негізгі критерийлерін бөліп көрсетуге болады. Бірінші критерий олардың маусымдық қолжетімділікпен байланысы болып табылады, ал екіншісі – агротуризмді тармақтарға бөлумен байланысты.

Маусымдық қолжетімділік тұрғысынан агротуристік өнімдер, көрсетілетін қызметтер және импондерабилиялар екі топқа бөлінеді: жыл бойы үнемі қолжетімді және маусымдық қолжетімді. Агротуристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің көпшілік саны маусымдық сипатқа ие. Олардың арасында дәл сол сәтте қолжетімді өнімдер мен көрсетілетін қызметтер, импондерабилиялар едәуір бөлігін құрайды. Маусымдық импондерабилияларға белгілі бір кезеңде бүр жаратын гүлдер (мысалы, дала қызғалдақтары) мысал бола алады. Маусымдық сипатқта ие өнімдер, көрсетілетін қызметтер және импондерабилиялар, жыл бойы қолжетімділерге қарағанда қымбатырақ болады. Бүкіл жыл бойы қолжетімді өнімдер мен көрсетілетін қызметтер арзан өнімдер бола алады. Әлемнің көптеген бөліктерінде туристік қызметтерді бүкіл жыл бойы алуға болады. Жерорта теңізі аралдарындағы демалыс, мысалы, маусымның практикалық тұрғыда жыл бойына созылуы себепті, салыстырмалы түрде арзан болуы мүмкін.

Агротуристік қызмет бұтақтарындағы өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бөлімдері берілген. Келесідей атаулар берілген тоғыз тармақ айқындалған: агроқонақжайлық, агрогастрономия, агротуризмнің өзі, тікелей сатылым, агродемалыс, агроспорт, агроермек, агротерапия және этнография. Олардың әрқайсысының аясында өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің категориялары белгіленген. Әрбір категориядан нақты өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді қосымша жазуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]