
- •Агротуризм курсының мақсаты мен атқаратын міндеттері
- •Агротуризм ғылыми зерттеудің жүйелі нысаны ретінде
- •3. Агротуризмнің түсінігі және мәні
- •4.Агротуризмнің атқаратын функциялары
- •5.Агротуризмді туризмнен бөліп көрсететін 3 басты белгі
- •6.«Ауыл туризмі», «агротуризм», «энотуризм» түсініктері
- •7.Агротуризмде қосымша табыс көздері
- •8. Ауылдағы өмірді жақсарту
- •9. Агротуризм қызметінің 3 тобы
- •10. Агротуризмнің шаруашылық және қоғамдық маңыздылығы
- •11. Агротуризмнің дамуын көрсететін епептер мен құбылыстар
- •12. Адамдардың ауылдардан жаппай қоныс аударуы
- •13. Урбанизация және оның агротуризмге әсері
- •14. Урбанизация оң және кері әсерлері
- •15.Ауыл халқын жұмыспен қамту әдістері
- •16. Агротуристік кеңістік.
- •17. Түнеу базаларын молайту.
- •18. Ауыл дәстүрлерін жандандыру.
- •19. Ауыл инфрақұрылымын қалпына келтіру.
- •20. Ауылдың айналасын көркейту.
- •21. Шаруашылық рецессияларын жеңу.
- •22. Агротуристік кеңістіктің 6 факторы.
- •23. Агротуристік кеңістікті бағалау әдістері.
- •24. Агротуризмнің аймақтық ұйымдасуы.
- •25. Агротуризмнің субъектілері.
- •26. Агротуристік субъектілердің төрт тобы.
- •27. Қожалықтардың типтері мен дефинициялары.
- •28. Агротуристік өнімдер, қызметтер, импондерабилиялар және олардың классификациясы.
- •29. Ауыл шаруашылық және агротуристік кәсіпорындарды басқару ұстанымдары.
- •30. Агротуристік кәсіпорындар типтері.
- •31. Дүниежүзінде агоротуризмді ұйымдастыру рекшеліктері
- •32. Әлемдік тәжірибеде энотуризм дамуы
- •33. Агротуристік қызмет шеңберінде ұсынылатын өнімдер мен
- •34. Ауылдағы қонақжайлылықты ұйымдастыру
- •35. Ауылдағы агрогасторномия
- •36. Агротуризм жіне тікелей сатылым
- •42. Испания энотуризмді дамыту еркшеліктері
- •43. Каталония агротуризмнің дамуы
- •44. Болгария агротуризм дамуы
- •45. Болгария энотуризм дамуы
- •47. Молдовада энотуризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •48.Грузиядағы энотуризмнің дамуы
- •49. Франциядағы агротуризмнің дамуы
27. Қожалықтардың типтері мен дефинициялары.
Экономикалық, сондай-ақ кәсіби әдебиеттерді күнделікті қолдануда шаруашылыққа қатысты көптеген түсініктер пайдаланылады: үй қожалығы, отбасылық үй шаруашылығы, ауылдағы үй шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, отбасылық ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, ауыл қожалығы немесе агротуристік шаруашылық. Өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызмет тегі тұрғысынан бұдан да жітірек анықтамалар қолданылады, мысалы, мал шаруашылығы қожалығы, сүт шаруашылығы. «Шаруашылық» атауының өзі тарихи тіні бойынша «көбінесе өнім өндіру үшін арналған құрылыстар орналасқан жер ауданын қамтитын ауыл қожалығы» деп түсініледі. Үй шаруашылығы экономикалық түсінік тұрғысынан - бұл бірге тұратын және күнелту үшін бірге табыс табатын адамдар тобы болып табылады. Жалпы айтқанда, үй шаруашылығы – бұл отбасылық қожалық. Үй шаруашылығы көптеген функциялар атқарады, соның ішінде өндірістік функциялар және жұмыспен қамтылу функциясы, оның мақсаты күнелту үшін ақша табу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады. Ауыл шаруашылығы кең мағынада түсінілетін ауылшаруашылық өндірісін қамтиды, соның ішінде – тікелей алғанда мәдени өсімдіктерді өсіру және қолға үйретілген жагуарларды бағып-өсіру, тағам өнімдерін өндіру және қолөнер бұйымдарын жасау. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы көптеген жаңа қызметтерді, мысалы, құрылыс, сауда және туризм сияқты қызмет түрлерін дамытып келеді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындары - тікелей өндіріс құралдарымен – жер, ғимараттар мен тұрғын-жайлар, құрал-жабдықтармен жабдықталған ауыл шаруашылығындағы өндірістік бірліктер. Еуропада, Азия және Африкада ауылшаруашылық кәсіпорындары көбінесе отбасылық сипатқа ие. Ауылшаруашылық кәсіпорындарында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көбінесе тек үй қожалығы қызметінің формаларының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда үй қожалықтары өз қызметтерін кеңейтуге тырысады, және ондай мүмкіндіктердің бірі агротуристік қызмет болып табылады.
Агротуристк кәсіпорындар (қожалықтар) – бұл агротуристік үрдіске (қызметке) қосылған ауылшаруашылық кәсіпорындары [23].
Үй қожалықтарының агротуристік қызметті бастауының мейлінше жиі кездесетін себебі, өз табыстарын арттыру тілегі болып табылады. Мұнда тұрғын үйдің, жұмыстың еркін қорлары (резерв), сондай-ақ өз өнімдерін ақшаға айналдырғысы келу тілегі пайдаланылады. Бұдан шығатыны, агротуристік шаруашылықтарды ұйымдастыруды ойластыру алдында классикалық ауыл шаруашылығы ұйымдарымен жіті түрде танысып алған жөн болатындығы.
Өз құрылымына жаңа бөлім – агротуризмді енгізген ауыл шаруашылығы – агротуристік қожалық, шаруашылық деп аталады. Агротуристік шаруашылық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығынан өзге, агротуристік өнімдер мен қызметтер жасайды. Ауыл шаруашылығы бөлімі мен агротуризм бөлімі шаруашылықта бір-біріне тәуелсіз болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда олардың арасында ешқандай байланыс пен өзара қатынас жоқ болады. Оған дәнді дақыл өндіруге маманданған және живопистік көркем жерде орналасқан, сондықтан туристерге агротуристік қызмет көрсететін шаруашылықтар мысал бола алады.
Алайда бұл бөлімдер бір-біріне тәуелді де болуы мүмкін, мұнымен қоса ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі ішінара не толығымен агротуризм қажеттіліктеріне бағынатын болуы да мүмкін. Шаруашылықтың жалпы кірісіндегі агротуризмнен түсетін кіріс үлесінің көрсеткіші шаруашылық үшін жалпы агротуризмнің маңызы туралы айтады. Агротуризмнен алынатын табыс бөлігі неғұрлым көп болса, соғұрлым ол шаруашылықта рөл ойнайды.