
- •Агротуризм курсының мақсаты мен атқаратын міндеттері
- •Агротуризм ғылыми зерттеудің жүйелі нысаны ретінде
- •3. Агротуризмнің түсінігі және мәні
- •4.Агротуризмнің атқаратын функциялары
- •5.Агротуризмді туризмнен бөліп көрсететін 3 басты белгі
- •6.«Ауыл туризмі», «агротуризм», «энотуризм» түсініктері
- •7.Агротуризмде қосымша табыс көздері
- •8. Ауылдағы өмірді жақсарту
- •9. Агротуризм қызметінің 3 тобы
- •10. Агротуризмнің шаруашылық және қоғамдық маңыздылығы
- •11. Агротуризмнің дамуын көрсететін епептер мен құбылыстар
- •12. Адамдардың ауылдардан жаппай қоныс аударуы
- •13. Урбанизация және оның агротуризмге әсері
- •14. Урбанизация оң және кері әсерлері
- •15.Ауыл халқын жұмыспен қамту әдістері
- •16. Агротуристік кеңістік.
- •17. Түнеу базаларын молайту.
- •18. Ауыл дәстүрлерін жандандыру.
- •19. Ауыл инфрақұрылымын қалпына келтіру.
- •20. Ауылдың айналасын көркейту.
- •21. Шаруашылық рецессияларын жеңу.
- •22. Агротуристік кеңістіктің 6 факторы.
- •23. Агротуристік кеңістікті бағалау әдістері.
- •24. Агротуризмнің аймақтық ұйымдасуы.
- •25. Агротуризмнің субъектілері.
- •26. Агротуристік субъектілердің төрт тобы.
- •27. Қожалықтардың типтері мен дефинициялары.
- •28. Агротуристік өнімдер, қызметтер, импондерабилиялар және олардың классификациясы.
- •29. Ауыл шаруашылық және агротуристік кәсіпорындарды басқару ұстанымдары.
- •30. Агротуристік кәсіпорындар типтері.
- •31. Дүниежүзінде агоротуризмді ұйымдастыру рекшеліктері
- •32. Әлемдік тәжірибеде энотуризм дамуы
- •33. Агротуристік қызмет шеңберінде ұсынылатын өнімдер мен
- •34. Ауылдағы қонақжайлылықты ұйымдастыру
- •35. Ауылдағы агрогасторномия
- •36. Агротуризм жіне тікелей сатылым
- •42. Испания энотуризмді дамыту еркшеліктері
- •43. Каталония агротуризмнің дамуы
- •44. Болгария агротуризм дамуы
- •45. Болгария энотуризм дамуы
- •47. Молдовада энотуризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •48.Грузиядағы энотуризмнің дамуы
- •49. Франциядағы агротуризмнің дамуы
20. Ауылдың айналасын көркейту.
Ауылшаруашылық және агротуристік кәсіпорындар өз арасында оларды жүргізу мен басқару ұстанымдарымен және көбінесе өнімдерінің құрылымымен айрықшаланады. Бұл әсіресе жерді пайдалану, өндірістің қарқындылығы, жұмыс резервтерін басқару, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға қатысты. Ауылшаруашылық кәсіпорнының мақсаты әдетте шаруашылық етуді қарқындандырудың арқасында кірісті жоғарылату болып табылады. Осыған орай, ауылшаруашылық кәсіпорындары өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін мүмкіндігінше көп жерді арнауға тырысады, бұл мейлінше көп кіріске кепіл болады, мұнымен қоса агротуристік қожалық ауылшаруашылық айналымнан ғимараттар, паркингтер, көгалдар мен гүлдер клумбаларына, сондай-ақ – спорттық және рекреациондық қызметтер үшін алаңдарға арналған, яғни агротуристік кеңістік жасауға арналған жерлердің көп мөлшерін шығарып тастайды.
21. Шаруашылық рецессияларын жеңу.
22. Агротуристік кеңістіктің 6 факторы.
Агротуристік кеңістік кең мағынада тек ауылшаруашылық кәсіпорнының жақын және алыс маңайы ғана емес, сонымен қоса маңайдың беткі формасы және архитектурасы (сәулеті) (мысалы, ауылдың архитектурасы), адамның өндірістік қызметі нәтижесінде пайда болатын пейзажы, сондай-ақ бұл ауаны, суды, иісті, шуды және т.с.с. қамтиды. Егер агротуристік кеңістік пейзажының басым элементі ауыл болатын болса, онда «ауыл кеңістігі» туралы айту керек, егер ауылшаруашылық өндірісі болса, онда сөз «ауылшаруашылық кеңістігі» туралы болуы тиіс.
B. Lane [4] агротуристік кеңістіктің құндылығын анықтайтын алты факторды ажыратып көрсетеді:
1) пейзаж көркемдігі (таулар, теңіз жағалауы, көлдер, аралдар, көркем өзен аңғары, сондай-ақ өзіне тән көркемдікке арнайы артықшылықтары бар аумақтар, мысалы, батпақ немесе орман);
2) жабайы табиғат және құла дүз аумақтары;
3) мәдени материалдық мұралар (тарихи ғимараттар, шағын қалалар, ауылдар), сондай-ақ этностық мұралар;
4) аңшылыққа, балықшылыққа, шаңғымен сырғанауға, серуендеуге арналған ерекше ыңғайлы жағдайлар;
5) тұтынушылардың кең шеңберіне арналған жақсы қолжетімділік;
6) тиімді, промоутерлік және саудалық кәсіби қызмет, сондай-ақ соған жататын басқару.
Кеңістік пен оның ерекшеліктерін құрайтын объективті басты артықшылықтарды бес фактор анықтайды, алтыншы фактор – бұл адам факторы. Туристік қызмет көрсетудегі нақты маркетинг және өндірісті тиімді басқару оның дамуына әсер ете алады, соның өзінде салыстырмалытүрде қысқа уақыт кезеңінде, түнеу базасы мен қызметке ғана. Табиғи және мәдени артықшылықтарды қайтадан жасау мүмкін емес, дегенмен оларды жақсартуға болады. Бұл артықшылықтарды агротуристік кеңістіктің тұрақты сапасының факторы ретінде, бір мезгілде барлық қалғандарын – ауыспалы фактор ретінде тануға болады.
Көптеген елдер көрнекті жерлер не аумақтар тізімін құрастырады. Мысалы, Францияда ең әдемі ағаштар тізімі бар. Осыған ұқсас тізімдер Италияда, Грецияда, Ұлыбританияда, Ирландияда да бар.
Сондай-ақ «туристік икона» (tourismicon) деген түсінік те пайда болды. Оның аясында аталған елге туристерді магниттей тарту қызметін атқаратын ерекше көркем пейзаж түсініледі. Шындығында әрбір турист мұндай иконаны тамашалауы тиіс. Аталған ел туризмінің барлық алдын ала хабары осы иконаны көру қажеттілігінің пайда болуына бағытталады. Әрбір елде көрікті жерлер көп болғандықтан, олардың қайсысын таңдау қажеттігіне шешім қабылдау өте қиын болып табылады. Тек аздаған елдер ғана өз елдерінің туристік иконасы ретінде қандай да бір жерді мойындауға шешім қабылдаған (S.Becken, 2003) [22].