
- •Агротуризм курсының мақсаты мен атқаратын міндеттері
- •Агротуризм ғылыми зерттеудің жүйелі нысаны ретінде
- •3. Агротуризмнің түсінігі және мәні
- •4.Агротуризмнің атқаратын функциялары
- •5.Агротуризмді туризмнен бөліп көрсететін 3 басты белгі
- •6.«Ауыл туризмі», «агротуризм», «энотуризм» түсініктері
- •7.Агротуризмде қосымша табыс көздері
- •8. Ауылдағы өмірді жақсарту
- •9. Агротуризм қызметінің 3 тобы
- •10. Агротуризмнің шаруашылық және қоғамдық маңыздылығы
- •11. Агротуризмнің дамуын көрсететін епептер мен құбылыстар
- •12. Адамдардың ауылдардан жаппай қоныс аударуы
- •13. Урбанизация және оның агротуризмге әсері
- •14. Урбанизация оң және кері әсерлері
- •15.Ауыл халқын жұмыспен қамту әдістері
- •16. Агротуристік кеңістік.
- •17. Түнеу базаларын молайту.
- •18. Ауыл дәстүрлерін жандандыру.
- •19. Ауыл инфрақұрылымын қалпына келтіру.
- •20. Ауылдың айналасын көркейту.
- •21. Шаруашылық рецессияларын жеңу.
- •22. Агротуристік кеңістіктің 6 факторы.
- •23. Агротуристік кеңістікті бағалау әдістері.
- •24. Агротуризмнің аймақтық ұйымдасуы.
- •25. Агротуризмнің субъектілері.
- •26. Агротуристік субъектілердің төрт тобы.
- •27. Қожалықтардың типтері мен дефинициялары.
- •28. Агротуристік өнімдер, қызметтер, импондерабилиялар және олардың классификациясы.
- •29. Ауыл шаруашылық және агротуристік кәсіпорындарды басқару ұстанымдары.
- •30. Агротуристік кәсіпорындар типтері.
- •31. Дүниежүзінде агоротуризмді ұйымдастыру рекшеліктері
- •32. Әлемдік тәжірибеде энотуризм дамуы
- •33. Агротуристік қызмет шеңберінде ұсынылатын өнімдер мен
- •34. Ауылдағы қонақжайлылықты ұйымдастыру
- •35. Ауылдағы агрогасторномия
- •36. Агротуризм жіне тікелей сатылым
- •42. Испания энотуризмді дамыту еркшеліктері
- •43. Каталония агротуризмнің дамуы
- •44. Болгария агротуризм дамуы
- •45. Болгария энотуризм дамуы
- •47. Молдовада энотуризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •48.Грузиядағы энотуризмнің дамуы
- •49. Франциядағы агротуризмнің дамуы
17. Түнеу базаларын молайту.
Халықтың тығыздығы және ауылшаруашылық емес қызмет есебінен өмір сүретін адамдар саны урбанизацияның қарқындылығын және өнеркәсіптің дамуын, сондай-ақ локальдық көздерден туындайтын шулардың ластану деңгейін бейнелейді. Ортақтастырылмаған қожалықтар үлесі аграрлық құрылым мен агротуристік әлеуетті жанама анықтайды. Ортақтастырылмаған, қоғамдастырылмаған қожалықтар үлесінің артуы кейбір дәрежеде пейзаждардың алуандығын және далалардың қоныстанылуын, экологиялық қуыстардың сақталуын көрсетеді, осымен қатар ауылшаруашылық кәсіпорындарында түнеу базаларын пайдалануға мүмкіндік береді. Шабындықтар, жайылымдар, ормандар және сулар үлесінің артуы ауылдағы ресурстарды анықтайды. Қоныс типі пейзаждың тартымдылығы тұрғысынан маңызға ие болады. Аталған ауданды агротуризм ауқымы көзқарасы тұрғысынан аттрактивтігі үшін мойындау шарты жоғарыда санамаланып көрсетілген бейнелердің белгілі бір деңгейі болып саналады.
18. Ауыл дәстүрлерін жандандыру.
Ауыл, оның сәулеті және жұртшылығы туристер үшін, егер ауыл оны өзіндік ерекше ете түсетін локалдық дәстүрлер, мәдениет, диалект және т.б. ұсынатын болса ерекше аттракцияға айналады. Агротуристік қожалықтардың ауылмен байланысы – көпқырлы, олар жақсы даму мен қызмет атқаруға мүмкіндік береді. 1-кестеде ауылшаруашылық және агротуристік кәсіпорындарды басқарудың маңызды ұстанымдарын салыстыру келтіріледі.
Қазір ішкі нарықта жалпы отандық өнімдерге қарағанда көрші елдердің тауарларының үлесі әлі басым. Дағдарысқа қарамастан, отандық өнімдердің бағасы қымбаттамаса, арзандай қоймас. Қолөнер бұйымдарын алсақ, фабрика сияқты конвейерден шықпағандықтан, өнім бағасына шикізат, адам еңбегі, ғимаратты жалға алу, салықтық төлемдер, маркетинг пен жарнама және басқа да жұмыстарға жұмсалатын қосымша шығындар әсер етеді. Біз соңғы жылдары дамыған елдердің қатарына қосыламыз деп бағаларымызды әлемнің ең алдыңғы қатардағы елдерімен теңестіріп алдық. Ал өндіріс оған ілесе алмауда. Елімізде жалпы шикізат жеткілікті болса да, оны өңдеу мәселесі әлі күрделі жағдайда тұр. Мысалы мал шаруашылығы сонау есте жоқ ескі заманнан бері үзілмей келе жатқан байырғы кәсібіміз болса да, жүн өңдеу өнеркәсібі әлі ақсап келе жатыр.
Жүн жинаудың өзі өзінше бір мәселе. Ауылды жерлерде жүн жеткілікті, бірақ оны Кеңес үкіметі кезіндегідей қабылдайтын, өңдейтін жер жоқ. Қазіргі бір-екі өңдеу кәсіпорнының, біріншіден, қуаты шағын, екіншіден, олардың өндірісі тек экспортқа бағытталған. Оған қоса дағдарыс та бұл өндірістердің тұрақты жұмыс істеуіне әсерін тигізіп жатыр. Кейде біз өз өндірісімізге қажетті жүнді ақшаға да таба алмаймыз. Өндірістің жағдайы шикізат өңдеуден, оның сапасы мен бағасына тікелей байланысты. Ал ауыл тұрғындары өз қолындағы азын-аулақ малының жүнін, терісін қайда өткізерін білмегендіктен, босқа рәсуа болып, тіпті қоқысқа төгіліп жатыр.
19. Ауыл инфрақұрылымын қалпына келтіру.
Өз өнімдерін қарқындандыруға тырысатын ауылшаруашылық кәсіпорындарына қарағанда, агротуристік қожалықтар әдетте өндірісті экстенсификациялауға, не экологияландыруға ұмтылады, өйткені бұл бағыттар агротуризм сұранысына барынша жауап бере алады. Бүгінгі таңда ауылшаруашылық кәсіпорындары еңбек өнімділігін арттыру үшін, өздерінде техникалық өрлеудің жетістіктерін енгізуге ұмтылады. Заманауи ауылшаруашылық техникалары агротуристер үшін соншалықты аттрактивті емес. Бұл техника әлемнің барлық елдерінде практикалық тұрғыда бірдей және ол туристердің өндірістік үрдіске тікелей қатысуына ықпал етеді, өйткені білікті жұмыс күшінің қызмет көрсетуі талап етіледі. Агротуризм үшін ХХ жүзжылдықтың 60-жылдарының соңына дейін қолданылған және бір елден келесі елге және тіпті аймақтан аймаққа қарай аса алуан түрлі болып ерекшеленетін көне ауылшаруашылық техникалары үлкен маңызға ие. Агротуристік қожалықтар тек туристерге