
- •Агротуризм курсының мақсаты мен атқаратын міндеттері
- •Агротуризм ғылыми зерттеудің жүйелі нысаны ретінде
- •3. Агротуризмнің түсінігі және мәні
- •4.Агротуризмнің атқаратын функциялары
- •5.Агротуризмді туризмнен бөліп көрсететін 3 басты белгі
- •6.«Ауыл туризмі», «агротуризм», «энотуризм» түсініктері
- •7.Агротуризмде қосымша табыс көздері
- •8. Ауылдағы өмірді жақсарту
- •9. Агротуризм қызметінің 3 тобы
- •10. Агротуризмнің шаруашылық және қоғамдық маңыздылығы
- •11. Агротуризмнің дамуын көрсететін епептер мен құбылыстар
- •12. Адамдардың ауылдардан жаппай қоныс аударуы
- •13. Урбанизация және оның агротуризмге әсері
- •14. Урбанизация оң және кері әсерлері
- •15.Ауыл халқын жұмыспен қамту әдістері
- •16. Агротуристік кеңістік.
- •17. Түнеу базаларын молайту.
- •18. Ауыл дәстүрлерін жандандыру.
- •19. Ауыл инфрақұрылымын қалпына келтіру.
- •20. Ауылдың айналасын көркейту.
- •21. Шаруашылық рецессияларын жеңу.
- •22. Агротуристік кеңістіктің 6 факторы.
- •23. Агротуристік кеңістікті бағалау әдістері.
- •24. Агротуризмнің аймақтық ұйымдасуы.
- •25. Агротуризмнің субъектілері.
- •26. Агротуристік субъектілердің төрт тобы.
- •27. Қожалықтардың типтері мен дефинициялары.
- •28. Агротуристік өнімдер, қызметтер, импондерабилиялар және олардың классификациясы.
- •29. Ауыл шаруашылық және агротуристік кәсіпорындарды басқару ұстанымдары.
- •30. Агротуристік кәсіпорындар типтері.
- •31. Дүниежүзінде агоротуризмді ұйымдастыру рекшеліктері
- •32. Әлемдік тәжірибеде энотуризм дамуы
- •33. Агротуристік қызмет шеңберінде ұсынылатын өнімдер мен
- •34. Ауылдағы қонақжайлылықты ұйымдастыру
- •35. Ауылдағы агрогасторномия
- •36. Агротуризм жіне тікелей сатылым
- •42. Испания энотуризмді дамыту еркшеліктері
- •43. Каталония агротуризмнің дамуы
- •44. Болгария агротуризм дамуы
- •45. Болгария энотуризм дамуы
- •47. Молдовада энотуризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •48.Грузиядағы энотуризмнің дамуы
- •49. Франциядағы агротуризмнің дамуы
15.Ауыл халқын жұмыспен қамту әдістері
Ауыл халқының бәрі бірдей ауылшаруашылығымен айналыспайды. Мұнда ауыл халқына қарағанда ауылшаруашылығы жұмыскерлерінің саны едәуір тезірек азайып бара жатқандығын атап өтпей болмайды.
Қалалардың дамуына халықтың ауылдан қалаға үздіксіз ағылып қоныс аударуы себеп болды. Егер, ауылдан қалаға көшкен адамдар онда жұмыс және тұратын жер табатын болса, онда мұндай көші-қонды оң бағалау қажет, егер олай болмаса, бұл жағымсыз экономикалық және әлеуметтік салдарлар туғызары сөзсіз. Дегенмен көптеген елдерде көптеген жылдар бойы қалаға қоныс аударып жатқан ауыл тұрғындары онда кедейлік, қайыршылық, қаланың ауыр өмір жайлаған түкпірлерін құрайды, онда жастардың келешегі бұлыңғыр және көбінесе дағдарыс пен күйзеліс жайлайды. Мұндай қоныс аудару адамдардың бір мезгілде көшуі мен қайыршылық пен кедейліктің ауыл аумақтарынан қала аумағына ауысуына ықпал етеді. Қалалардың бақылаусыз дамуы барысында бұл құбылыс қоғамдық қауіпті бола бастайды.
Мұндай жағдайда көптеген елдер «ауыл халқын ауылшаруашылық емес жұмыстармен қамтудың» мүмкіндіктерін жасауға тырысады. Бірінші әдіс қалада жұмыс табуды жеңілдету, яғни ауыл тұрғындары таңертең қалаға жетіп, кешкісін үйіне қайта алатындай етіп бір мезгілде инфрақұрылымды жобалау болып табылады. Мұның негіз шарты көлік жүйесін жедел автомобиль жолдарын салу, сондай-ақ теміржол қатынасы арқылы дамыту болып табылады. Голландия, Белгия, Франция немесе Германия елдерінің темір және автомобиль жолдары желісіне жылдам шолу жасау бұл елдерде бір жерден келесі жерге қозғалу өте жеңілдетілгендігін көрсетеді. 100 шақырым қашықтық жақсы дамыған көлік инфрақұрылымы жағдайында ауыл жұртшылығын белсендендіруге кедергі болып табылмайды. Көлік адамдарға ауылда тұрып, қалада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Екінші әдіс ауылдық аумақтарды жандандырумен тұжырымдалады. Ол ауыл тұрғындарының ауылда жұмыс табуына мүмкіндік жасауға негізделеді. Өйткені, ауылдық аумақтарда қандай да бір өнім шығару не қандай да бір қызмет көрсету бойынша әртүрлі тектегі кәсіпорындар ашылуы мүмкін. Инвесторлар ауылдық жерде арзан жұмыс күшін алу тұрғысынан қарағанда өз қаражаттарын ауылдық жерге құлшына салады. Кейбір мемлекеттер, әсіресе Еуроодақ елдері ауыл тұрғындарын ауылда ұстап тұруға бағытталған арнайы бағдарламалар жүргізеді. Бұл бағдарламалар «ауылдық аумақтарды көпфункциональды дамыту» деген жалпы атауға ие. Ол ауыл тұрғындарына әртүрлі текті төлемдерді (мысалы, қоршаған ортаны сақтағаны үшін төлемақы) , ауыл тұрғындарының дәрежесі төмен ауылдық аумақтарда қалуы жағдайында ғана күшіне енетін түрлі жеңілдіктер мен салықтарды төмендетуді қамтиды.
Ауылдық аумақтарды жандандырудың, белсендендіру әдістерінің бірі агротуризм болып табылады. Агротуризм ауылдық аумақтарда қала тұрғындарының демалысы үшін жағдай туғызуға ғана негізделемейді, ол сондай-ақ ауылдық жерлердегі тұрғындар үшін табыстарды қайта бөлу тәсілі болып табылады.
16. Агротуристік кеңістік.
Агротуристік қызмет «агротуристік» деп атау қабылданған кеңістікте жүзеге асырылады. Тар мағынада агротуристік кеңістікке агротуристік қызмет көрсететін ауылшаруашылық кәсіпорындар аумағы, оның құрылысы, аумақтың табиғи құрылысы, сондай-ақ қожайын қызметінің нәтижесі болып табылатын өзгерістер кіреді.
Агротуристік кеңістік кең мағынада тек ауылшаруашылық кәсіпорнының жақын және алыс маңайы ғана емес, сонымен қоса маңайдың беткі формасы және архитектурасы (сәулеті) (мысалы, ауылдың архитектурасы), адамның өндірістік қызметі нәтижесінде пайда болатын пейзажы, сондай-ақ бұл ауаны, суды, иісті, шуды және т.с.с. қамтиды. Егер агротуристік кеңістік пейзажының басым элементі ауыл болатын болса, онда «ауыл кеңістігі» туралы айту керек, егер ауылшаруашылық өндірісі болса, онда сөз «ауылшаруашылық кеңістігі» туралы болуы тиіс.
B. Lane [4] агротуристік кеңістіктің құндылығын анықтайтын алты факторды ажыратып көрсетеді:
1) пейзаж көркемдігі (таулар, теңіз жағалауы, көлдер, аралдар, көркем өзен аңғары, сондай-ақ өзіне тән көркемдікке арнайы артықшылықтары бар аумақтар, мысалы, батпақ немесе орман);
2) жабайы табиғат және құла дүз аумақтары;
3) мәдени материалдық мұралар (тарихи ғимараттар, шағын қалалар, ауылдар), сондай-ақ этностық мұралар;
4) аңшылыққа, балықшылыққа, шаңғымен сырғанауға, серуендеуге арналған ерекше ыңғайлы жағдайлар;
5) тұтынушылардың кең шеңберіне арналған жақсы қолжетімділік;
6) тиімді, промоутерлік және саудалық кәсіби қызмет, сондай-ақ соған жататын басқару.
Кеңістік пен оның ерекшеліктерін құрайтын объективті басты артықшылықтарды бес фактор анықтайды, алтыншы фактор – бұл адам факторы. Туристік қызмет көрсетудегі нақты маркетинг және өндірісті тиімді басқару оның дамуына әсер ете алады, соның өзінде салыстырмалытүрде қысқа уақыт кезеңінде, түнеу базасы мен қызметке ғана. Табиғи және мәдени артықшылықтарды қайтадан жасау мүмкін емес, дегенмен оларды жақсартуға болады. Бұл артықшылықтарды агротуристік кеңістіктің тұрақты сапасының факторы ретінде, бір мезгілде барлық қалғандарын – ауыспалы фактор ретінде тануға болады.
Көптеген елдер көрнекті жерлер не аумақтар тізімін құрастырады. Мысалы, Францияда ең әдемі ағаштар тізімі бар. Осыған ұқсас тізімдер Италияда, Грецияда, Ұлыбританияда, Ирландияда да бар.
Сондай-ақ «туристік икона» (tourismicon) деген түсінік те пайда болды. Оның аясында аталған елге туристерді магниттей тарту қызметін атқаратын ерекше көркем пейзаж түсініледі. Шындығында әрбір турист мұндай иконаны тамашалауы тиіс. Аталған ел туризмінің барлық алдын ала хабары осы иконаны көру қажеттілігінің пайда болуына бағытталады. Әрбір елде көрікті жерлер көп болғандықтан, олардың қайсысын таңдау қажеттігіне шешім қабылдау өте қиын болып табылады. Тек аздаған елдер ғана өз елдерінің туристік иконасы ретінде қандай да бір жерді мойындауға шешім қабылдаған (S.Becken, 2003) [22].
Агротуристік кеңістіктің артықшылықтарын, жақсы жағын анықтау агротуризмді дамыту үшін үлкен маңызға ие. Егер кімде кім тартымды артықшылыққа ие емес (табиғи не сәулеттік) аумақта агротуристік қожалық ұйымдастырғысы келсе, бұл қожалықтың қызметін пайдаланғысы келетін адамдар саны көп бола қоймайды. Егер қожалық тартымды агротуристік кеңістікте орналасқан болып, бірақ қандай да бір лимиттеуші фактор (мысалы, шошқа фермасының жағымсыз иісі) бар болса, онда ол да агротуризм үшін тартымды бола алмайды.
Агротуристік кеңістік адамдардың көп ғасырлық қызметінің нәтижесінде қалыптасады, бірақ оған адамның бүгінгі таңдағы қызметі де үлкен әсер етеді.