Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Агротуризм.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.62 Кб
Скачать
  1. Агротуризм курсының мақсаты мен атқаратын міндеттері

  2. Агротуризм ғылыми зерттеудің жүйелі нысаны ретінде

  3. Агротуризмнің түсінігі және мәні

  4. Агротуризмнің атқаратын функциялары

  5. Агротуризмді туризмнен бөліп көрсететін 3 басты белгі

  6. «Ауыл туризмі», «агротуризм», «энотуризм» түсініктері

  7. Агротуризмде қосымша табыс көздері

  8. Ауылдағы өмірді жақсарту

  9. Агротуризм қызметінің 3 тобы

  10. Агротуризмнің шаруашылық және қоғамдық маңыздылығы

  11. Агротуризмнің дамуын көрсететін епептер мен құбылыстар

  12. Адамдардың ауылдардан жаппай қоныс аударуы

  13. Урбанизация және оның агротуризмге әсері

  14. Урбанизация оң және кері әсерлері

  15. Ауыл халқын жұмыспен қамту әдістері

16. Агротуристік кеңістік.

17. Түнеу базаларын молайту.

18. Ауыл дәстүрлерін жандандыру.

19. Ауыл инфрақұрылымын қалпына келтіру.

20. Ауылдың айналасын көркейту.

21. Шаруашылық рецессияларын жеңу.

22. Агротуристік кеңістіктің 6 факторы.

23. Агротуристік кеңістікті бағалау әдістері.

24. Агротуризмнің аймақтық ұйымдасуы.

25. Агротуризмнің субъектілері.

26. Агротуристік субъектілердің төрт тобы.

27. Қожалықтардың типтері мен дефинициялары.

28. Агротуристік өнімдер, қызметтер, импондерабилиялар және олардың классификациясы.

29. Ауыл шаруашылық және агротуристік кәсіпорындарды басқару ұстанымдары.

30. Агротуристік кәсіпорындар типтері.

31. Дүниежүзінде агоротуризмді ұйымдастыру рекшеліктері

32. әлемдік тәжірибеде энотуризм дамуы

33. Агротуристік қызмет шеңберінде ұсынылатын өнімдер мен

көрсетілетін қызметтер (тармақтар мен категорияларға бөлінуі)

34. Ауылдағы қонақжайлылықты ұйымдастыру

35. ауылдағы агрогасторномия

36. Агротуризм жіне тікелей сатылым

37. ауылдағы агродемалыс

38. агроспорт және агроермектер

39. агротерапияны ұйымдастыру

40. ЭТНОГРАФИЯны ұйымдастыру

41. Испанияда агротуризмнің дамуы

42. Испания энотуризмді дамыту еркшеліктері

43. Каталония агротуризмнің дамуы

44. Болгария агротуризм дамуы

45. Болгария энотуризм дамуы

46.Молдова Республикасында агротуризмнің дамуы

47. Молдовада энотуризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері

48.Грузиядағы энотуризмнің дамуы

49. Франциядағы агротуризмнің дамуы

50. Францияда энотуризмді ұйымдастыру ерекшеліктері

51. Польша агротуризмінің дамуы

52.Польшада энотуризмді ұйымдастыру ерекшеліктері

53. Қазақстан Республикасында агротуризмнің даму жолдары мен мәселелері

54.Қазақстан энотуризмінің бүгінгі күнгі мәселелері.

55. Қазақстандағы энотуристік маршруттар

56.Агротуристік категориялар

57. Қазақстандағы энотуризм жағдайы

58. Қазақстандағы шарап шығару зауыттары

59. Қазақстанда энотуризмді дамыту перспективасы

60. Ауылдағы табиғатты сақтап қалу шаралары.

  1. Агротуризм курсының мақсаты мен атқаратын міндеттері

Агротуризм - defacto– бұл туристік қызметтерді (туристерге қызмет көрсету) ұсынатын ауыл шаруашылық өндірушілерінің мүддесін көздейтін ұсыныс жасаушы тараптар өкілдерімен енгізілген термин.

Курстын мақсыты: Ауылдық аймақтарды белсендіру ретінде агротуризм және оның түрлері туралы ойдың қалыптасуы.

Курс міндеттері:

- Агротуризмге анықтама беру және оның шаруашылық маңызын қоғамдық маңыздылығын көрсету.

- «Агротуризм кеңістік» түсінігін беру.

- Агротуризм салалық құрылымын айқындау және турмизмнің әлемдік нарық ретінде сигменті.

- Агротуризм біртүрі ретінде энотуризмге анықтама беру. Оның даму ерекшеліктері мен аймақтық ұйымдастыруын көрсету.

- Қазіргі энотуризмнің негізгі бағыттарын көрсету және әлемнің кейбір елдерінде оның даму тәжірибесімен танысу.

- Қазақстанның энотуризм әлеуметтік-экономикалықтдаму негізіне сүйеніп оңтүстік қазақстан көрініс тапқан мәселелерді шешу.

  1. Агротуризм ғылыми зерттеудің жүйелі нысаны ретінде

Агротуризмді жаңа ғылыми пән деп атауға бола ма? деген сұрақ туындайды. Дәстүрлі тұрғыда, ғылымның қандай да бір тарауын жаңа пән ретінде тану үшін, оның білімнің белгілі бір бөлігін қамтуы қажет, зерттеу пәні айқын анықталған болуы, ал пән оған тән әдістерді қолдануы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, агротуризмнің зерттеу пәні айқын анықталмаған болып табылады, әйтсе де жақын келешекте бұл айқындық туады деп ойлаймыз.Әзірге агротуризмді зерттеуге арналған деп тануға болатын арнайы әдістер жетіспейді. Олар болашақта пайда бола бастайды деп болжауға болады, оған белгі ретінде M. Drzewieckiego-дің агротуристік аумақтарды бағалау әдісі қызмет етеді [5]. Нақты дефиниция мен зерттеудің өзіндік әдістерін ойлап табу агротуризмді ғылыми пән деңгейіне дейін көтерер еді. Әзірге ол статистика, экономика, агрономия, зоотехника, зоология, география, этнография, сондай-ақ әртүрлі өзге ғылыми пәндерден сызылып тасталған әдістерді қолданады.Бұдан шығатыны, агротуризмді дербес ғылыми пән ретінде бөліп қарау асығыстық. Оны экономика, география, биология, ауыл шаруашылығы, құқық, экология және т.б. ғылыми пәндермен сипатталатын және зерттелетін адамның шаруашылық қызметінің түрі ретінде таратып айтқан жөн болар. Агротуризм адамның шынайы және үнемі дамып келе жатқан қызметі. Бұл қызмет жөнінде хабарламалар әлемнің әр түкпірінен келіп жатады, АҚШ-тың барлық штаттарынан дерлік, Канададан, бүкіл Батыс Еуропадан, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Еуропадан, Австралиядан, Жаңа Зеландиядан және тіпті Африкадан. Агротуризмді дамытуға агро қызмет көрсетудің сұранысы ретінде де, ұсынысы ретінде де дем беріледі. Қала тұрғындарында азық-түліктердің қайдан алынатыны және қалай өндірілетініне қызығушылық үнемі туындап отырады.

Агротуризм, оқу пәні ретінде көптеген оқу орындарында оқытылады. Осы орайда қандай ЖОО мен факультеттер агротуризм саласында дидактикалық сабақтар өткізу, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуге құзыретті болып табылады деген сұрақ туады. Бұл сұрақ агротуризмді әртүрлі кәсіби бағыттағы университеттік факультеттер дамытып жатқандықтан өте заңды. Қазіргі кезде мұнымен ауыл университеттеріндегі, ауылшаруашылық академиясындағы және дене тәрбиесі академиясындағы ауылшаруашылық және тіпті аумақтық ұйымдардың, экономика, география, туризм сияқты факультеттерінің қызметкерлері айналысуда [6-15].

Ең ақыры, агротуризмнің шаруашылық маңызы жөнінде де ойланған жөн. Көптеген елдердегі ауыл тұрғындары өмірлерінің деңгейі өте төмен болып табылады. Соңғы онжылдықта жүргізілген зерттеулер, әлемнің көптеген елдеріндегі бүгінгі ауыл халқының басым бөлігі тек өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру есебінен қалыпты

өмір сүре алмайтындығы фактісін растауға мүмкіндік беріп отыр. Өзге құралдар есебінен қосымша табыс іздеу осымен ақталынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]