
- •8. Тіл мен ойлаудың бірлігі неде?
- •9. Тіл мен ойлаудың айырмашылығы неде?
- •10. Тіл мен сөйлеудің қандай өзгешеліктері бар?
- •11. Лингвистикалық таңбалар мен лингвистикалық емес таңбалардың ортақ қасиеттеріне не жатады?
- •12. Лингвистикалық таңбалар мен лингвистикалық емес таңбалардың айырмашылықтары неде?
- •13. Синхрония мен диахронияның айырмашылығы неде?
- •16. Тілдегі түрленіс-варирование, өзгеріс, даму дегендердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
- •15 Тілдің дамуның сыртқы мәнбілерінің ішіндегі бастысы қоғам, қоғамдық құбылыс.
- •23 Отбасы, ұй іші сөздерінің орнына кеңес үкіметінде семья сөзін қолдануы тілдік дамудың ішкі мәнбісіне жатады, бөліну түріне жатады.
23 Отбасы, ұй іші сөздерінің орнына кеңес үкіметінде семья сөзін қолдануы тілдік дамудың ішкі мәнбісіне жатады, бөліну түріне жатады.
Тіл дамуының ішкі манбілеріне жатады. Ішкі мәнбілер барлық дәуірде бірдей және үздіксіз әсерт етеді. Тіл дамуына тән тагы бір заңдылык бөліну (дифференциялану) заңы деп аталады. Бұл заң бойынша, бір сөз бірнеше сөзге сараланады.
17. Тіл дамуның түпкі мақсаты –
Тіл механизмін жетілдіре, дамыта беру; оның икемділігін, орамдылығын арттыра түсу. Қоғаммен бірге дамып, Қоғамның барлық саласында адамдар арасында қарым қатынас құралы болу қызметін атқару.
Адамзат тілі пайда болуының ғылыми теориясы ?
Маркстік ілім бойынша дыбыс тілінің шығуы үшін екі түрлі шарт қажет. Оның бірі – биологиялық , екіншісі – әлеуметтік шарт . Биологиялық алғы шартқа жататын нәрсе – алғашқы адам тектес маймылдың дене құрылысының адами дене құрылысы болып қайта құрылуы. Ф Энгельс өзінің “Маймылдардың адамға айналу процесіндегі еңбектің рольі” атты шығармасында адам баласының арғы тегі адам тектес маймылдар екенінін айтады . Ф Энгельс “Табиғат диалектикасы” атты еңбегінде : Мыңдаған жылдық дамудан кейін , яғни қол аяқтан жекеленіп , тік жүретін болған кезде маймылдан өлініп шықты . Сөйтіп , мидың қарыштап дамуы үшін , сөйлеу мүшелерінің жетілуі үшін негіз жасалынды », - деп жазды. Сонымен , дыбыс тілінің пайда болуы адам баласының , қоғамның пайда болуымен тығыз байланысты бірте – бірте қалыптасқан тарихи құбылыс екен.
Тілдің өзіндік ішкі даму заңы дегеніміз не?
Тілдің өзіндік ішкі дамуы қоғамға тікелей байланысты ,ол адамдардың қатынас құралы ретінде барлық қоғамға қызмет ете береді . Сондықтан да ,ол қоғамдық құрылыстың жойылуына байланысты жойылып қетпейді . Себебі тіл таптық емес , оны белгілі бір тап жасамайды . Ол сло тілде сөйлейтін барлық ұрпақтың күшімен жасалынады.
Тіл негізінен алғанда, өзіндік нысандық заңы бойынша дамиды , бірақ, оның дамы қоғамның дамуымен тығыз байланысты . Өйткені қоғам өмірінде болған өзгерістер белгілі бір мөлшерде тілге де әсерін тигізеді , онда өзін яғни ізін қалдырады.
Тіл қандай құбылыс ?
Адам балсының сөйлеу тілі – қыры да мол , өте күрделі құбылыс.
Тіл білімі тарихында тілге берілген анықтамалар көп . Себебі анықтама берушілер тілдің қоғам өмірінде атқаратын әр түрлі түсінген . Мәселен , тілдің экспресивтік қызметін басшылыққа алған адамдар : “Тіл – ойдың дыбыстық көрінісі”А ,Шлейхер, “Тіл –ойдың Формасы” А, Потебня ,” Тіл – ой сананың сыртқы көрсеткіші” Гегель, - дейді .Және бұл айтылған пікірлер тілдің құбылысын күрделі екенін көрсетеді .
Оның қандай қызметтері бар?
Қатынас құралы болу – тілдің ең негізгі қызметі . Тілдің басқа қызметтерінің барлығының оның осы негізгі қызметіне тәуелді . Тілдік бірліктер (морфема ,сөз, сөилем т,б) қатынас жасасу қажеттілігінен тұған . Тілдің мән мағынасы , қасиеті , өзіндік сипаты – оның коммуникативтік қызметінде . Тілдің ойлаумен , қоғам өмірімен қарым- қатынасын да , өзіндік даму заңдылығын да оның қатынас құралы қызметіне байланысты . Егер тіл адамдар арасында қатынас құралы қызметіе атқарып тұрса ,ол тіл тірі тіл деп аталады, ал ондай қызмет атарудан қалса ,ол өлі тіл деп аталады.
Тіл дегеніміз – қатынас құралы ,экспрессивтік қызмет атқарушы таңбалардың тарихи түрде қалыптасқан жүиесі .
Тілдік элементтерге не жатады?
Тілдік элементтер жеті түрге бөлінеді: Сөз, сөз тіркесі, сөйлем , жай сөйлем ,құрмалас сөйлем және морфема – түбір және қосымша , яғни тіл дегеніміз – “Жүйелердің жүйесі”
Тілдік элементтедің арасындағы қатынастардың қандай түрлерін білесіз?
Тілдік элементтер белгілі бір жүйеге түсу арқылы , белгілі бір тәртіппен топтасу арқылы тіл деп аталатын үлкен жүйе құрайды
Әрбір тілдік элементтің екі жағы болады бірі- оның сыртқы сипаты, екіншісі – ішкі мазмұны. Бұл екеуі бір-бірімен шартты қатынаста
Тілдік жүйелік сипаты мен құрылымдық сипатының айырмашылығы неде?
Тіл – әр түрлі элементтердің кездейсоқ жиынтығы емес, бөлшектері бір біріне тәуелді ,өзара тығыз байланысты, шартты қатынаста тұратын біртұтас жүйе . Оның бір -бүтін күрделі тұлға екеніналғаш айтқан ғалым В .Гумбольт . Ф .де Соссюрдің ойынша әрбір тіл – бөлек-бөлек жүйелер, ол жүйелер тығыз байланыста тұратын элементтерден тұрады .Жүйе элементтерінің мәні оларды бір біріне ұқсастыру ,я қарама қарсы қойып қарау арқылы айқындалады . Тілдік құрылым , тілдік жүйе деген терминдер өзара тығыз байланысты , және озіндік ерекшеліктері де бар .Мысалыға тілдік жүйе – таңбалар жүйесі элементтер қатынастарының жүиесі , болып ерекшеленеді.