Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
til_bilimi_2.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31 Кб
Скачать
☆

13. Синхрония мен диахронияның айырмашылығы неде?

Тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын, жүйесін зерттеуді- синхрондық тіл білімі. Ал тілдің тарихи өзгеруі мен дамуын зерттеуді- диахрондық тіл білімі деп атайды. Ф. Де Соссюр синхронияны жүйемен байланыстырса, диахронияны жүйеден тыс деп біледі. Оның пікірінше, синхрондық тіл білімі тілді жүйелі құбылыс ретінде, яғни тілдегі құбылыстарды бір-бірімен байланысында, бірақ дамудан тыс қарастырғаны жөн екен, ал диахрондық тіл білімі тілдегі құбылыстарды даму тұрғысында, бірақ өзара байланыстан тыс, яғни тілдік элементтерді бір-бірінен ажыратып, бөлек зерттегені орынды сияқты.

16. Тілдегі түрленіс-варирование, өзгеріс, даму дегендердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

Қозғалыс, яғни даму - тілдің барлық жағдайындағы синхрондық жағдайындағы, диахрондық жағдайындағы куйіне тән қасиет. Бірақ бұдан тілдің осы екі жағдайындағы даму бірдей деген қорытынды шықпауға тиіс. Шартты түрде мұның алғашқысын-түрленіс,(варирование), соңғысын- өзгеріс -изменение деп атауға болады. Даму дегеніміз - міне , осы екеуінің жиынтығы.  Түрленіс тілдің сихрониялық жағдайындаығ күйіне тән.Мұнда тілдің жүйесі , құрылысы өзгермейді. Құрылымның барлық қабаттарында да тек тек сандық қозғалыстар , түрленістер , болады. Сөйтіп , олар бірте- бірте болатын сапалық өзгеріске әзірлік жасайды. Ал , өзгеріс - тілдің диахрониялық жағдайындағы күйіне тән қасиет. ОЛ-тілдің синхрондық күйіндегі түрленістерден келіп туады. , Соның жоғарғы сатысы,яғни аяқталуы болып табылады. Мұндағы өзеріс тілдің құрылымына , жүйесіне әсерін тигізеді. Өзеру дегеніміз -бір элементтің екінші бір элементті ығыстырып шығаруынан, соның орнын басуынан бастап , белгілі тұлғаның бірте-бірте формалық функциялық немесе семантикалық өзгеріске ұшырауына дейінгі процесс. Ал түрленіс дегеніміз - бұрынғы мен жаңа тұлғаның қатар өмір сүруі.

15 Тілдің дамуның сыртқы мәнбілерінің ішіндегі бастысы қоғам, қоғамдық құбылыс.

Қоғамның дамуы тілдің дамуына әсер етеді. ТД 2түрлі процессі болады: 1Бөліну -біртүтас тілдің өз ішінде ыдырап, жеке диалектілерге тілдерге бөлшектенуі. (Қоғамның бөлшектенуіб тілдің бөлшектенуіне әкеп соғады)2Бірігу — жеке диалектілердің бір бірімен жақындасу, бірігу процессі.(әр тілде сөйлейтін қауымдардың бірігуі, тілдің бірігуі)

ТДСМ ең күштісі Қоғамдық процес. Егер өоғам экокномика, техника, ғылым, мәдени жағынан дамыса тіл де дамиды.( телефон, телеграф, теледидар, компьтер). Тағы бір түрі тілдің бір бірімен байланысы қарым қатынасы. Жақсы қарым өатынастағы тілдер жақсы дамиды,

Тілдің дамуның ішкі мәнбілері заңы:

  1. Айтуды жеңілдету. Мақсаты: Сөйлеуге жеңіл болуы, сөйлеу мүшелеріне күш түсірмеу.

(Сарыарқа сарарқа, келе алмады келалмады)

  1. тілдік элементтерді жалпылап қолдану заңы. М: бір сөздердегі толық мағыналы сөздер келе келе грам.морфемаларға, шылау сөздерге айналып кетеді. «бара тұрған баратын, келе тұрған келетін»

  2. Бөліну заңы. Бір сөз бірнеше сөзге сараланады. « арабша хукумат:өкімет, власть, үкімет, Ар. Ғилм: ғылым, ілім, білім»

  3. Тілдік элементтерді үнемдеп н/е ықшамдап қолдану заңы. Тілдегі күрделі элементтерді ықшамдалып, қолдануға ыңғайлы, пайдалануға жеңіл болады. « ақ дәрісі аю дәрісі аюдәрі н/е ақдәрі, бұл күн бүгін»

  4. басы артық элеиенттерді қолданбау заңы. «мен бардым бардым, сен келдің келдің»

  5. jҰқсастық заңы. Тілде бұрыннан бар құбылысқа ұқсастырып, басқа бір тілдік элнменттер туады. « жатақ ұшақ, сәлемдеме аялдама, аларман көрермен»

Тәл дамып отыратын құбылыс. Заман өткен сайын оның фонетикасы, лексикасы, грамматикасы деген қабаттары да өзгеріске ұшырап, дамып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]