Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.07 Mб
Скачать
    1. Жүйелік программалық жасақтама

Компьютердің жұмыс істеу қабілетін жүйелік програмалық жасақтаманы құрайтын программалар қамсыздандырады.

Жүйелік программалық жасақтама – компьютерді функционалдауды қолдауға арналған және есептеу жүйесінің құрылғыларын басқаратын программалық тәсілдердің жиынтығы. ЖПЖ-нің негізгі элементтеріне операциялық жүйелер, диалогтық (файлдық) қоршамдар, драйверлер мен утилиттер (сервистік программалар) жатады.

Жүйелік программалық жасақтаманың негізгі компоненті – ОЖ. ОЖ- компьютер мен қолданушы арасындағы диалогты қалыптастыратын, компьютерді және оның ресурстарын басқаратын (үйлестіретін) өзара байланысқан жүйелік программалардың жиынтығы.

ОЖ-ден ДК-дің жұмыс істеу сапасы, қолданушының жұмыс жасау икемділігі анақталады.

Қазіргі уақытта жүздеген ОЖ-лер құрастырылған. Олардың ішіндегі ең танымалдары - MS-DOS, Linux (Европада таралған), Unix (АҚШ-та таралған). Ең алғашқы ОЖ MS-DOS 1981 ж. Microsoft фирмасымен шығарылған.

Ресейде және біздің елімізде Windows операциялық жүйесі кең таралған. Бұл ОЖ басқа жүйелермен салыстырғанда тек өзінің интерфейсімен ғана емес (сыртқы түрі) және жұмыс істеу концепциясымен (тұжырымдамасымен) ерекшеленеді: Windows негізіне терезелік технология тән - әрбір программа үшін мәліметтермен амалдар орындауға арналған төртбұрышты аймақ (терезе пайда болады).

Қазіргі уақытқа дейін Windows ОЖ-нің келесі нұсқалары таралған: Windows 95, 98, 2000 (Millenium Edition), XP. Әрбір жаңа нұсқа алдыңғысын толықтырып, олардың мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Файлдық жүйе мен аппараттық құралдарды басқарудан басқа ОЖ-нің негізгі қызметтеріне мәліметтерді енгізу-шығару, командаларды өңдеу, қолданушы интерфейсін қалыптастыру жатады.

Диалогтық қоршамдар – қолданушыға ыңғайлы интерфейс қалыптастыратын, қолданушы мен компьютердің арасындағы диалогты жеңілдететін, ОЖ-нің объектілерімен (файлдармен, каталогтармен) орындалатын базалық операцияларды көрнекі және қарапайым ететін программалардың жиынтығы. Сыртқы түріне қарай диалогтық қоршамдар текстік (NC), графикалық (Windows 3.1) болып бөлінеді.

Драйверлер – қолданбалы программалар мен ОЖ-нің сыртқы құрылғыларының өзара байланысын жасақтайтын программалар. Драйверлер тышқан, пернетақта, принтер және сканер сияқты құрылғылардан келіп түскен ақпаратты өңдеуге жауап береді.

Утилиттер (сервистік программалар) – қосымша сервис (дискеттерді форматтау, жойылған файлдарды қалпына келтіру, дискідегі файлдарды дефрагментациялау және т.с.с) қалыптастыратын көмекші қызметті программалар. Утилиттер дегеніміз – ОЖ-нің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін және толықтыратын қосымша құралдар.

Бұл топтың барлық программалары шартты түрде архивтеу программаларына, антивирустық программаларға және дискілерге қызмет көрсету программаларына жіктеледі.

Архивтеу программалары арнайы қысу әдістерін қолданып информацияны тығыздауға арналған.

Антивирустық программалар – вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар.

Дискілерге қызмет көрсету программалары дискілік информацияның жүйелік өңделуіне жауап береді.

Жүйелік программалық жасақтама (ЖПЖ) құрамына енетін программаларды күнделікті өмірмен ұқсастыққа келтіруге болады.

Программалық жасақтама

Адамның комфортты өмір сүруі үшін қолданылатын барлық құралдар

ЖПЖ

Ас үйдегі, ванна бөлмесіндегі заттар

ОЖ

Үй қожайыны

Диалогтік қоршамдар

Үй қызметшісі

Драйверлер

Құрылғыларды қолдануға арналған нұсқаулар

Утилиттер

Тұрмыстық техника

Антивирустық программа

Дәрілері бар аптечка

Дискілерге қызмет көрсету программалары

Шаңсорғыш, кір жуатын машина, ас үй комбайні