Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.07 Mб
Скачать

Курс бойынша тестілік тапсырмалар тақырыптары

  1. «Информация және информатика»

  2. «Пернелік»

  3. «ЕТ даму тарихы

  4. «ДК архитектурасы»

  5. «MS-DOS»

  6. «Norton Commander»

  7. «Windows негіздері»

  8. «Word»

  9. «Word пернелік аналогтары»

  10. «Excel»

  11. «Excel пернелік аналогтары»

  12. «Access»

Емтиханға дайындық сұрақтары

  1. Информатика. Курстың міндеті мен мақсаттары

  2. Ақпарат ұғымының анықтамасы, түрлері, қасиеттері. Ақпараттық үрдістер

  3. Мәліметтердің негізгі құрылымы және олармен жасалатын операциялар

  4. Ақпараттың ЭЕМ-да бейнеленуі. Ақпараттың өлшем бірліктері

  5. Санау жүйелері, түрлері

  6. Екілік сандарды қосу, көбейту, бөлу ережесі

  7. Сандарды екілік санау жүйесінен ондық, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне ауыстыру

  8. Ондық сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесіне ауыстыру

  9. ЭЕМ –нің даму тарихы. ЭЕМ буындары

  10. ЭЕМ-нің жіктелуі

  11. ДК базалық конфигурациясы

  12. ДК –дің қосымша құрылғылары

  13. Жүйелік блоктың аппараттық компоненттері және олардың функционалдық қызметі

  14. ЭЕМ-ның жады және оның түрлері

  15. Жадты ұйымдастырудың адрестік принципі. Фон-Нейман принципі

  16. Жүйелік бағдарламалық жасақтама.

  17. Аспаптық бағдарламалық жасақтама

  18. Қолданбалы бағдарламалық жасақтама

  19. Файлдар және файлдық жүйе

  20. Операциялық жүйе ұғымы және оның негізгі функциясы

  21. Бірнеше операциялық жүйелердің салыстырмалы мінездемесі

  22. Windows ОЖ. Windows ортасындағы компьютерлік технологиялары. Point-and-Click, Double Click, Drag-and-Drop, Plug-and-play технологиялары

  23. Windows (ClipBoard, OLE, DDE) ортасында деректермен тиімді алмасу технологиясы

  24. Windows –тың стандартты қолданбалы бағдарламалары

  25. Windows ОЖ-нің негізгі ерекшеліктері

  26. Windows ОЖ графикалық интерфейсінің негізгі элементтері

  27. Windows объектілерімен жұмыс

  28. Сілтеуіш бағдарламасының қызметі

  29. Paint графикалық редакторының сурет салу саймандарын атаңыз

  30. Калькулятор бағдарламасында қолданылатын санау жүйелері

  31. Дискіні күтуші бағдарламалар

  32. Мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар. MS Word мәтіндік редакторы

  33. MS Word мәтіндік процессордың мүмкіндіктері

  34. Мәтіндік редактор мен процессордың айырмашылығы

  35. Microsoft Word пернелік аналогтары

  36. MS Word процессорында пішімдеу операциялары (символдарды, абзацтарды, беттерді, құжатты, ендірілген объектілерді)

  37. Мәтіндік құжаттар пішімдері

  38. Microsoft Word –тағы объектілермен жұмыс.

  39. Microsoft Word –та кестелерді құру жолдары

  40. Табуляцияның қолданылуы

  41. Формула редакторымен жұмыс

  42. Мәтіндерді өңдеудің негізгі қадамдары, олардың қысқаша сипаты

  43. MS Excel электрондық кестесінің қызметі, құрылымы

  44. Жұмыс парақтарымен жұмыс жасау технологиясы

  45. Диаграммалар типтері, элементтері. Диаграмма құру жолдары

  46. Microsoft Excel-де формулаларды қолдану. Функция шебері, функциялар түрлері

  47. Microsoft Excel пернелік аналогтары

  48. MS Excel –дегі сілтемелер түрлері және олардың атқаратын міндеттері

  49. EXCEL –дегі мәліметтер типтері

  50. МҚБЖ (СУБД) жіктелуі

  51. МҚБЖ MS Access

  52. Мәліметтер қоры түсінігі, негізгі объектілері.

  53. Форма анықтамасы, қызметі, құру жолдары

  54. Кесте құрылымы, құру жолдары

  55. Сұраныстың анықтамасы мен қызметі. Сұраныс құру тәсілдері

  56. Есептер қызметі, құру жолдары

  57. Компьютерлік желілер, желілер түрлері

  58. Internet –тің даму тарихы

  59. World Wide Web жүйесі

  60. Электрондық почта

. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер

  1. Байжұманов М.Қ. Информатика: Жоғары оқу орнының студ. арналған оқу құралы / М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева. – Астана: ТОО «ЭВЕРО», 2004.-232 бет.

  2. Беркінбаев К.М. Информатика. Оқулық. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005. – 408 б.

  3. Қаленова Б.С. Практикалық информатика курсы: оқу құралы / Б.С. Қаленова; ҚР білім және ғылым министрлігі.-Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2003.-126 бет.

  4. Апышева Х.К. Упражнения по экономической информатике среде Word и Excel: Методические указания/ Х.К. Апышева, Ж.З. Жантасова: ВКГУ. – Усть-Каменогорск: Издательство ВКГУ, 2003. – 63 с.

  5. Апышева Х.К., Оразалина З.З. Эффективная работа в редакторе Word (учебно-методическое пособие), г. Усть-Каменогорск, 2002

  6. Симонович С.В. Информатика. Базовый курс: Учебник для вузов. – СПб: Питер, 2003. – 640 с.

  7. Каленова Б.С. Тестовые задания по информатике / Каленова Б.С., Апышева Х.К., Зарубин Н.П., Жантасова Ж.З., Попова Г.В., Сабыржанова А.Т., Уалханова А.Т., Сыздыкпаева А.Р., Шарапова М.М. – Усть-Каменогорск: ВКГУ им С.Аманжолова, 2004. – 94 с.

  8. Могилев А.В., Пак Н.И., Хеннер Е.К. Информатика: Учебное пособие для студентов пед.вузов. – М.,1999. – 816 с.

Қосымша әдебиеттер

  1. Е.М. Байбурин и др. Практикум по текстовому редактору Word: учебное пособие, г. Усть-Каменогорск, ВКГУ, 1998 г. – 32 с.

  2. Е.М. Байбурин и др. Практикум по электронным таблицам Excel: учебное пособие, г. Усть-Каменогорск, ВКГУ, 1998 г. – 40 с.

  3. Симонович С.В., Евсеев Г.А. Практическая информатика: Учебное пособие. Универсальный курс. – М.:АСТ-ПРЕСС: Инфорком-Пресс, 1999. – 480 с.

  4. Фигурнов В.Е. ІВМ РС для пользователя. –М: ИНФРАМ, 1998, -328с

Ақпарат термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін “information” сөзінен шыққан. Ақпарат – бұл қоршаған орта туралы анықталмағандықты білдіретін мәліметтер.

Ақпараттық үрдіс - ақпаратты қабылдау, алмастыру, өңдеу және қолдану үрдісі.

Ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа шығуын, оның ұрлануын, жоғалуын, рұқсатсыз жойылуын, өзгертілуін, рұқсатсыз көшірмеленуін болдырмау үшін жүргізілетін шаралар кешені.

Ақпараттандыру – адам қызметінің қоғамдық мәні бар барлық түрлерәнде ақиқат білімдердің толық және дер кезінде пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру.

Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқалар

Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны.

Ақпараттық ресурстар – кітапханаларда, мұрағаттарда, қорларда, мәліметтер банкілерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.

Алгоритм-орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті ұйғарым.

Алмасу буфері – құжаттар мен қосымша программалар арасында мәтіндік немесе графикалық информация алмасуға арналған жад аймағы.

Антивирустық программа – компьютер программаларына зақым келтіретін вирустарды табатын, әрі олардың кері әсерін жоятын программа.

Архивтеу – файлды немесе файлдар тобын тығыздау процесі.

Аппараттық жасақтама – компьютерлік жүйенің жұмыс істеуіне қажетті барлық аппараттық құралдар жиынтығы.

Байт – 8 биттен тұратын ЭЕМ жадының немесе ондағы мәліметтердің бірлігі.

Бейнеадаптер – монитордағы бейнені басқару үшін бас тақшаға орнатылған немесе кеңейтуге арналған қосқыштарға жалғанатын схемалық тақша.

Бейнекарта – бейнекамера, бейнемагнитафон немесе кез-келген басқа композитті сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы

Гипермәтін экранда ашық тұрған құжаттың бір бөлігінен екінші бөлігіне жылдам ауысуды жүзе асырады.

Дербес компьютер – жеке пайдаланушыға арналған кіші өлшемді жән бағалы, әмбебап микропроцессор; үстелге қоятын, ықшамды, қалтаға салып жүретіндей етіп жасалған, жеке пайдаланушыға арналған компьютер.

Десте – желі арқылы тасымалданатын мәліметтерді сипаттайтын жалпы аталым.

Домен – бір бір компьютерден басқарылатын немесе желілік түйіннің жалпы басшылығымен жұмыс істейтін қатынастар әрекетінің немесе желілік ресурстардың тобы.

Драйвер – сыртқы құрылғылармен байланыс жасайтын жүйелік программа.

Жад – мәліметтерді қабылдауға, сақтауға және беруге арналған ЭЕМ-нің функционалдық бөлігі.

Жедел жад – берілген мезетте атқарылатын программалар мен оларға дер кезінде қажетті мәліметтерді сақтайтын электрондық жад.

Жергілікті желі (локальная сеть) – жалпы мақсаттағы байланыс құралдарын пайдаланбайтын, бір-біріне жақын орналасқан компьютерлердің есептеу желісі.

Компьютерлік желі – мәліметтерді компьютер арасында жеткізетін бір-бірімен телеқатынас құру құралдары.

Конструктормәліметтер қоймасы нысандарының (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтап, құрастыру режимі.

КЭШ жад – процессор мен жедел жад арасында буфер ретінде қолданылатын мәліметтер алу уақыты жедел жадқа қарағанда өте жылдам жад түрі.

Информатика-адам өмірінің әр түрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.

Программалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған про-граммалар жиынтығы; компьютерлерге арналған алгоритмдер мен программаларды әзірлеу.

Санау жүйесі – сандық мәліметтерді көрсету үшін керек тәсілдер мен ережелердің келісілген жиынтығы.

Қолданбалы программалық жасақтама – қолданушының нақты есептерін шешуге арналған программалар жиынтығы.

Сыртқы жад – мәліметтерді ұзақ сақтауға арналған алынып-салынатын жад құралдары (магниттік диск, иілгіш магниттік диск т.с.с.).

Слот – компьютердің жүйелік тақтасында кеңейтудің алып-қосу ойығы.

Стример – қатқыл дискідегі мәліметтерді резервке сақтап қоюға арналған көлемді мәліметтер жинақтайтын магниттік таспадағы компьютерлік магнитофон.

Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) – мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы.

Мәліметтер қоры (МҚ) дегеніміз – ол бір-бірімен байланысқан әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бір жерге жинақтап сақтау.

Модем – компьютерлік желілері жүйесінде цифрлық сигналдарды аналогты түрге және керісінше түрлендіретін модулятор және демодулятор құрылғылары.

Операциялық жүйе – компьютер мен қолданушы арасындағы диалогты ұйымдастыратын, компьютерді және оның ресурстарын басқаратын, компьютердің барлық аппараттық құралдарының жұмысын үйлестіретін өзара байланысқан жүйелік программалардың жиынтығы.

Файл - белгілі бір атаумен аталып, реттеліп жазылған байттар тізбегі, дискідегі аталған аймақ.

Файл пішімі – файл мәліметтерін дискілрде сақтау, экранда немесе қағазда бейнелеу тәсілдерін анықтайтын оның құрылымы.

Электрондық почта – компьютер желісі бойынша хабарларды жөнелтуді, хабарларды оқу мен сақтауды жасақтайтын қызметтік программалар жүйесі.

Шебер (Мастер) – белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа.

Утилиттер – операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін көмекші программалар.

Форма – мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері.

12