Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.07 Mб
Скачать

«5B070500-Математикалық және компьютерлік пішіндеу» мамандығы

«Кәсіби мақсаттар үшін ақпараттық технологиялар» пәні

1 Курс, қ/б, күзгі семестр, 3 кредит

Дәрістердің қысқаша конспектісі

Дәріс № 1. Ақпараттық технология пәні, міндеттері, объектілері және құрамды бөліктері

Дәріс сұрақтары

  1. Ақпараттық технология және міндеттері

  2. Ақпараттық технология құрылымы

  3. Ақпарат: құрылымы, түрлері, қасиеттері, өлшем бірліктері

  1. Ақпараттық технология пәні және міндеттері

Ақпараттық технология – адам өмірінің әр түрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны өңдеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.

Қазіргі замандағы ақпараттық технология - өте көлемді эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым.

Ақпараттық технология ұғымы ақпаратты өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды-техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды.

Ақпараттық технология – жаңа білім алу мақсатында есептеу техникасының көмегімен жинақталған білімді сипаттау, беру, интерпретациялау, формальдау және қолдану туралы ғылым.

Кең мағынада, ақпараттық технология – ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық процестер және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым.

Жоғарыда берілген жалпы анықтамаларлдан оның адамзат әрекетінің барлық салаларында, өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, саудада, қаржы аумағында, медицинада және т.б. кең қолданылуын, яғни технологиялық, практикалық аспектісінің маңыздылығын көреміз.

Кейбір Батыс Европа елдерінде және АҚШ-та бұл ғылымға басқа термин – Computer Science (компьютерлік ғылым) қолданылады.

Ақпараттық технология көзі болып екі ғылым саласын санайды – документалистика және кибернетика.

Документалистика ХІХ ғасырдың аяғында өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты, оның негізгі пәні – құжаттар айналымының тиімділігін арттырудың құралдары мен әдістерін зерттеу.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әр түрлі жүйелердегі автоматты басқару және байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылым кибернетика дами бастады. Оның негізін американ ғалымы Норберт Винердің 1948 жылы жарияланған математикалық логикадан еңбектері қалады, ал бұл аталым гректің kyberneticos – басқару өнерлігі сөзінен шыққан.

Ақпараттық технология пәні – ақпараттық үрдістерге тән жалпы заңдылықтарды зерттеу.

Ақпараттық технологияның негізгі міндеті – есептеуіш техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.

Ақпараттық технологияның негізгі зерттеу объектісі – қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады.

Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – азаматтардың құқығын, мемлекеттік басқару органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ақпараттық қажеттілігі мен іске асырылуын қанағаттандыруға арналған ЕТ құралдарының көмегімен ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және ғылыми-техникалық ұйымдастырылған үрдіс.

Компьютерлендіру – информацияны өңдеу нәтижелерін жедел алуды қамтамасыз ететін компьютерлердің техникалық қоймасын енгізу және жетілдіру үрдісі.

Қоғамның ақпараттық мәдениеті дегеніміз – информациямен белгілі бір бағытта жұмыс істей білу және оны компьютерлік-ақпараттық техноолгияларға жеткізу, алу, өңдеуде қолдану.

Ақпараттық жүйе – алға қойылған мақсатқа жету жолында информацияны сақтауға, тасымалдауға және өңдеуге пайдаланылатын өзара байланысты құралдар, әдістер және қызметкерлер жиынтығы.

Ақпараттық технология – объектілер, процестер, құбылыстар жөніндегі жаңа сапалы ақпарат алу үшін бастапқы информацияны беру және өңдеу процесі.