- •31.Франк - Герц тәжірибесі
- •35.Шредингер теңдеуі
- •36.Толқындық функция
- •37. Кванттық теориядағы сутегі атомы мен теориясы
- •38.Кванттық сандар
- •39.Паули принципі
- •46.Лазер
- •47. Конденсияланған күй.
- •48.Қатты денелердің зоналық теориясы туралы түсінік
- •49.Жартылай өткізгішті диодтар
- •50. Төмен өлшемді жүйелер
- •51Атом ядросының құрылысы. Атом ядроларының байланыс энергиясы
- •52.Ядролық реакция
- •53Радиоактивтілік
- •54Радиоактивті ыдырау
- •56.Тізбекті бөліну реакциясы
- •57.Ядролық реактор
- •58. Атом ядроларының синтез реакциясы
- •59.Іргелі өзара әрекеттесулер
- •60. Элементар бөлшектер
46.Лазер
Лазер (ағылш. laser, ағылш. light amplification by stimulated emission of radiation - жарықты мәжбүрлі сәулелену арқылы күшейту қысқашасы) — лазер, оптикалық кванттық генератор — толтыру (жарық, электр, жылу, химиялық және т.б.) энергиясын когерентті, монохроматты, поляризацияланған және тар бағытталған сәулелену ағынының энергиясына түрлендіруші аспап.
1. Лазер сәулесін беретін аспап. Оның түрлері: газ лазері, жартылай өткізгіш лазері, қатты дене лазері және сұйық зат лазері. Стоматология тәжірибесінде баяу ағынды гелий-неондық лазер қолданылады. Қанжел (пародонт) ауруларын, зақымданған тканьдерді емдеуде, организмнің әр түрлі ауруларға бейімділігін (сенсебилизаңия) кеміту, иммундық қасиеттерін күшейту т. б. клиникалық жұмыстарда жақсы нәтиже беріи келеді. Ауыз қуысында болатын стоматиттерді (ауыздың уылуы) ерін мен тіл жараларын, глоссалгияны (тоқтаусыз ауыратын тіл кеселі), глосситті (тіл кабынуы) лазер сәулесімен емдеудің нәтижесі жақсы. Бұл сәулені сондай-ақ жақ сүйектері сынғанда, бетке пластикалық операциялар жасағанда қолданады
Лазерлік көрсеткіші бар Револьвер2. кванттық генераторлар мен оптикалық диапазондағы күшейткіштер. Лазер атауы ағылшынның "Light Amplification by Stimulated Emission of Radiation" сөзін қысқартқандағы LASER атауынан шыққан ("индуктивті сәулеленудің комегімен жарықты күшейту"). Лазердің негізгі бөлшектері: белсенді зат, резонатор, козғаушы көз бен жабдықтаушы көз. Лазер жарық толкындары диапозоныңда жұмыс істейді әрі кванттық-механикалық қондырғының бір түрі болып табылады. Оның жұмысы белсенді заттың козғаушы микробөлшектерін квант жарығына индуцивті жіберуге негізделген. Лазер өте жұқа шашырамайтын (шоғырланған), энергиясының тығыздығы жоғары жарық сәулесін алуға мүмкіндік береді. Бұл сәуле байланыс құралы (оның ішінде аса алыс ғарыштық), локация, навигация және талқандайтын қару ретінде де қолданылуы мүмкін. Шетелдік мамандар Лазердің көмегімен әр түрлі соғыс міндеттерін орындауға: мысалы, жер үсті, әуе, су асты, су үсті нысаналарының координаттарын анықтауға, бірнеше корреспондент арасылда көп каналды байланыс орнатуға, қарсыластың тірі күштерінің көзін шағылыстырып, құртуға, басқарылатын ракеталарды жер үсті және әуе нысаналарына бағыттауға болады деп есептейді. Соңғы уақытта АҚШ-та көптеген зерттеулер радиациялық карулар (ракетаға қарсы "өлім сәулесі") ойлап табуға, оптикалық кванттық генераторлар жасауға бағытталған. Инфрақызыл диапазондағы Л. жасалуда: ол 1 млн. градус температураға сәйкес келетін сөулелену туғызуы керек. Мұндай құрал қарсыластың 60-320 KM қашықтықтағы ғарыштық снарядын балқытып (буға айналдырып) жіберуге тиіс. Сондай-ақ жеке кару ретінде қолдану әрекеті де АҚШ-та бақылаушыны соқыр етуге арналған оптикалық кванттық генераторы бар винтовка жасалуда.
47. Конденсияланған күй.
48.Қатты денелердің зоналық теориясы туралы түсінік
Еркін электрондар моделіне сәйкес металл атомдарының валенттілік электрондары үлгінің шегінде еркін орын ауыстыра алады. Металдардың электр өткізгіштігін нақ осы валенттілік электрондар жасайды, осы себебтен оларды өткізгіштік электрондар деп атайды. Еркін электрондарды кристалда бір-біріне жақындатқанда валенттік электрондардың энергиясы квазиүздіксіз өзгереді. Бұл,рұқсат етілген энергия мәндерінің өте көп жақын орналасқан дискретті деңгейлерден тұратынын білдіреді. Шын мәнінде кристалда валенттілік электрондар толығымен еркін қозғала алмайды – оларға тордың периодтық өрісі әсер етеді. Бұл жағдай, валенттік электрондардың энергияларының мүмкін болатын мәндерінің спектрінің бір қатар, рұқсат етілген және тыйым салынған зоналарға ыдырайды (1-сур.). Рұқсат етілген зоналар шегінде энергия квазиүздіксіз өзгереді. Тыйым салынған зоналардағы энергия мәндерін қабылдау мүмкін емес.
Зоналардың пайда болуын түсіну үшін атомдардың кристалдарға бірігу процесін елестетіп көрейік. Айталық алғашқыда кейбір заттың N оқшауланған атомдары болсын. Атомдар бір-бірімен жеке – дара тұрғанда олардың бәрін де бірдей сұлбада энергетикалық деңгейлер болады. Әрбір атомда энергетикалық деңгейлердің электрондармен толықтырылуы басқа атомдардың сәйкес деңгейлерінің толықтырылуына тәуелсіз болады. Атомдар біріне-бірі
жақындаған сайын бірте-бірте күшейе беретін өзара әсерлесу пайда болады, бұл деңгейлердің орналасу жағдайларының өзгеруіне алып келеді. Барлық N атомға бірдей деңгейлердің орнына, N өте жақын орналасқан, бірақ бір-біріне дәл келмейтін деңгейде р пайда болады. Сонымен оқшау тұрған атомның әрбір деңгейі кристалда ыдырап, N тығыз орналасқан деңгейлер жолақ немесе зона құрайды.
Әртүрлі деңгейлер үшін ыдыраудың шамасы бірдей емес. Атомда сыртқы электрондармен толтырылған деңгейлер күшті ауытқиды. 2 – суретте
деңгейлердің ыдырауының атомдар аралық қашықтыққа r функциясы ретіндекөрсетілген. Сұлбадан, кристалда ішкі электрондардың орын алған деңгейлерінің ыдырауы өте аз екендігі көрініп тұр. Тек валенттік электрондармен толтырылған деңгейлер едәуір ыдырайды. Атомның негізгі күйінде электрондармен толтырылмаған жоғарырақ деңгейлер де осындай ыдырауға ұшырайды.
