- •7.Масса . Импульс . Ньютон зандары Ньютонның бірінші заңы
- •Ньютонның екінші заңы
- •Ньютонның үшінші заңы
- •8.Импульстин сакталу заны . Масса центиринин козғалыс заны
- •9.Жумыс , энергия , куат
- •11. Согу . Тартылыс куштеринин ориси
- •12. Арнаулы салыстырмалылык теория элементтери
- •13.Катты дене механикасы . Каты дене деформациясы . Инерция моменти . Куш моменти
- •14.Суйык механикасынын элементтери
- •16.Серпимди ортадагы толкындар
- •17.Идеал газдардын молекулалаык кинетикалык теориясы
- •20.Термодинамика негиздери
- •21.Газ улгайганда истелетин жумыс
- •22. Идеал газдын ишкі энергиясы
- •26, Кристалдардын типтери . Катты денелердин жылу сыйымдылыгы
- •27, Электростатикалык ористин кернеулиги , потенциалы . Электростатикалык ористердин суперпозиция принципи
- •28, Гаусс теоремасы , Потенциалдар айырымы
- •29,Электростатикалык орис
- •36, Әр текти тизбек болигине арналган Ом заны
14.Суйык механикасынын элементтери
Сұйықтардың механикасының элементтері
Сұйықтар мен газдардың қозғалысын және тепе-теңдік заңдарын, сол сияқты олардың қатты денелермен әсерлесуін зерттейтін физиканың тарауын гидромеханика деп атайды. Гидромеханикада сұйықтың не газдың нақты құрылысы ескерілмейді, олар кеңістікте үзіліссіз таралған тұтас орталар ретінде қарастырылады. Тұтас орта моделі аса сиретілген газдар үшін қолдануға жарамсыз. Сұйықтар мен газдардың қатты денелерден айырмашылығы – олар өз пішіндерін сақтамайды, құйылған ыдыстың пішінін қабылдайды. Сұйықтар газдардан оларда беттік қабаттың болмайтындығымен, бірдей жағдайларда тығыздығының үлкендігімен (кризистік күйден басқа жағдайда), тығыздықтың қысымға тәуелділік сипатымен және сұйықтардың іс жүзінде сығылмайтындығымен ерекшеленеді. Кез келген тыныштықтағы сұйыққа жұқа пластина салатын болсақ, онда пластинаның ауданына жан-жағында тұрған сұйықтың бөлігіне күшпен әсер етеді. Әсер күші модулы жағынан бірдей, әрі пластинаның қалай тұрғанына байланыссыз, ол бағыты жағынан ауданға перпендикуляр әсер етеді де пластинаны қозғалысқа келтіреді. Сұйықтың жағынан бірлік ауданға нормаль күштің әсерінен анықталатын физикалық шама қысым деп аталады:
15. Механикалык тербелистер Механикалық тербелістердің физикалық процесс ретіндегі жалпы белгісі қозғалыстың белгілі уақыт аралығында қайталанып отыруы болып табылады
Еріксіз тербелістер
Сонымен еріксіз тербелістер дегеніміз — сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.
Еркін тербелістер
Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады,Серіппеге бекітілген жүктің не жіпке ілінген жүктің тербелістері еркін тербелістерге мысал бола алады
Өшетін Тербелістер– уақыт өтуімен бірге амплитудасы мен энергиясы азая беретін тербеліс.
16.Серпимди ортадагы толкындар
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
Ортаның бөлшегі тербеліс жасауы үшін оған энергия берілуі қажет. Бұл энергия толқын көзінен немесе тербелмелі қозғалысқа түскен көршілес бөлшектен беріледі. Сондықтан серпімді ортада тербелістердің таралуы кезінде энергияның бір бөлшектен екінші бөлшекке берілуі жүзеге асады, бірақ тербелістегі бөлшектер толқынмен тасымалданбайды. Бұдан шығатын қорытынды:
Толқын тербелістпегі бөлшекттерді тасымалдамайды, тек энергияны ғана тасымалдайды.
Біз қарастырған мысалдардағы толқындар көлденең толқындар деп аталады, өйткені орта бөлшектері толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта тербеледі.
17.Идеал газдардын молекулалаык кинетикалык теориясы
Идеал газ деп молекулалардың өзара әсерлесуi ескерусiз аз шама болғанда айтады. Молекулалардың өзара әсерлесуi олардың соқтығысуы кезiнде серпiмдi ұрылуы түрiнде байқалады.
Молекулалық-кинетикалық теория (МКТ) негiзi мынадай үш қасиеттен тұрады:
1,барлық денелер бөлшектерден – атомдардан, молекулалардан, оң және терiс зарядталған иондардан – тұрады;
2,бұл бөлшектер барлық уақытта үздiксiз және бейберекет қозғалыста болады;
3,бөлшектер арасында өзара әсерлесу күштерi – тартылу және тебiлу күштерi бар. Ол күштер электрлiк сипатқа ие. Бөлшектердiң өзара гравитациялық
Ьүл тендеуге барлық үш күй параметрлері де кіреді, сондықтан да ол идеал газ күйінің тендеуі болып табылады.
18.
19. Тасымалдау құбылысы
Тасымалдау Құбылыстары – физикалық жүйеде электр заряды, масса, импульс, энергия, энтропияның, т.б. физикалық шамалардың кеңістікте тасымалдануы (бөлінуі) арқылы өтетін кинетикалық процестер. Жүйеге сыртқы электр өрісінің әсер етуі нәтижесінде, жүйе температурасының құрамының және жүйені құрайтын бөлшектердің (атом, молекула) орташа жылдамдығының кеңістіктік біртекті болмауы салдарынан да Тасымалдау Құбылыстары пайда болады
Тасымалдау Құбылыстары жүйені тепе-теңдік күйге жақындатады. Тасымалдау Құбылыстарына электрөткізгіштік , диффузия , жылуөткізгіштік , т.б. құбылыстар жатады. тасымалдау құбылыстары деп заттың жеке қабаттарының реттелген орын ауыстыру жылдамдығының, тығыздығының немесе температурасының біртекті емес жағдайларымен байланысты процестерді атайды.
