
- •7.Масса . Импульс . Ньютон зандары Ньютонның бірінші заңы
- •Ньютонның екінші заңы
- •Ньютонның үшінші заңы
- •8.Импульстин сакталу заны . Масса центиринин козғалыс заны
- •9.Жумыс , энергия , куат
- •11. Согу . Тартылыс куштеринин ориси
- •12. Арнаулы салыстырмалылык теория элементтери
- •13.Катты дене механикасы . Каты дене деформациясы . Инерция моменти . Куш моменти
- •14.Суйык механикасынын элементтери
- •16.Серпимди ортадагы толкындар
- •17.Идеал газдардын молекулалаык кинетикалык теориясы
- •20.Термодинамика негиздери
- •21.Газ улгайганда истелетин жумыс
- •22. Идеал газдын ишкі энергиясы
- •26, Кристалдардын типтери . Катты денелердин жылу сыйымдылыгы
- •27, Электростатикалык ористин кернеулиги , потенциалы . Электростатикалык ористердин суперпозиция принципи
- •28, Гаусс теоремасы , Потенциалдар айырымы
- •29,Электростатикалык орис
- •36, Әр текти тизбек болигине арналган Ом заны
12. Арнаулы салыстырмалылык теория элементтери
Арнаулы салыстырмалылық теориясының басты қағидалары ретінде Эйнштейн екі постулаты, принципті алды
1) Салыстрымалық принципі
2) жарық жылдамдығының жарық көзінің жылдамдығына тәуелсіздігі.
БІРІНШІ ПОСТУЛАТ.Галилейдің салыстырмалық принципі кез келген физикалық процестерге жалпылау болып табылады: барлық физикалық құбылыстар барлық инерциалық санақ жүйелерінде бірдей өтеді: табиғаттың барлық заңдары және оларды сипаттайтын теңдеулер инвариантты болады, яғни олар бір инерциалдық санақ жүйесінен екіншісіне өткен кезде өзгеріссіз қалады.
ЕКІНШІ ПОСТУЛАТ.Жарық жылдамдығы вакуумде жарық көзінің қозғалысына тәуелсіз және барлық бағыттарда да бірдей болады деген тоқтам болып табылады. Бір санақ жүйесінен екіншісіне өткенде өзгеріп отыратын барлық жылдамдықтардай емес , жарық жылдамдығы бостықта инвариантты шама болып табылады.
13.Катты дене механикасы . Каты дене деформациясы . Инерция моменти . Куш моменти
Жалпы
өмірде кездесетін жағдайда дененің
деформациясын елемеуге болатын немесе
дененің екі нүктесінің (яғни екі
бөлшегінің) ара қашықтығы өзгермей
сақталатын денелерді абсолют қатты
денелер деп
айтамыз. Айналмалы қозғалысты сипаттау
үшін кеңістіктегі айналу осінің қалпын
және әрбір уақыт мезетіндегі дененің
бұрыштық жылдамдығын білу керек. Қатты
дененің айналысын қарастырған кезде
инерция
моменті
деген ұғым енгіземіз. Қатты дененің
немесе материалдық нүктенің айналу
осіне қатысты инерция моменті
деп
дененің немесе материалдық нүктенің
массасы мен қарастырылып отырған оське
дейінгі арақашықтығының
квадратының көбейтіндісіне тең физикалық
шаманы айтады:
Қатты дененің өлшемдері мен көлемінің және пішінінің өзгеруін деформация деп атайды.Деформациялар қатты денелерді қыздыру мен суыту кезінде және сыртқы күштердің әсерінен пайда болады. Деформация кезінде кристалл тордың түйіндерінде орналасқан бөлшектер өздерінің тепе-теңдік қалыптарынан ығыстырылады. Осының әсерінен деформацияланған қатты денеде серпінділік күші пайда болады.
Дененің деформациясы кезінде пайда болатын және бөлшектердің ығысу бағытына қарсы бағытталатын күшті Fc серпінділік күші деп атайды.
Сыртқы күштердің әсері тоқтағаннан кейін жойылатын деформациялар серпінді деформациялар деп аталады. Бұл кезде деформация кезінде ығысқан бөлшектерөздерінің бастапқы орындарына қайтып оралады.
Сыртқы күштердің әсері тоқтағаннан кейін жойылмайтын деформациялар пластикалық деформациялар деп аталады. Инерция моменті – материалдық нүктенің немесе жүйенің механикалық қозғалысының динамикалық сипаттамаларының бірі. Күш моменті тәрізді қозғалыс мөлшерінің моменті центрге (нүктеге) және оське де қатысты анықталады.
Aйналмалы қозғалыстағы қатгы дененің инерттілігінің өлшемі.
Күш моменті - күштің әсер ету сызығынан күш әрекеті қарастырылатын өске дейінгі ара кашықтығымен күштің көбейтіндісіне тең шама. Күш моменті векторы - ось бағытымен қарағанда күштің денені сағат тіліне қарсы бағытта айналдырғандай көрінетін күш пен моменттік нүктеден өтетін жазықтыққа перпендикуляр болып бағытталады.
M=Fd импульстің сақталу заңы m1v12+m2v22=m1v1’2+m2v2’2