- •7.Масса . Импульс . Ньютон зандары Ньютонның бірінші заңы
- •Ньютонның екінші заңы
- •Ньютонның үшінші заңы
- •8.Импульстин сакталу заны . Масса центиринин козғалыс заны
- •9.Жумыс , энергия , куат
- •11. Согу . Тартылыс куштеринин ориси
- •12. Арнаулы салыстырмалылык теория элементтери
- •13.Катты дене механикасы . Каты дене деформациясы . Инерция моменти . Куш моменти
- •14.Суйык механикасынын элементтери
- •16.Серпимди ортадагы толкындар
- •17.Идеал газдардын молекулалаык кинетикалык теориясы
- •20.Термодинамика негиздери
- •21.Газ улгайганда истелетин жумыс
- •22. Идеал газдын ишкі энергиясы
- •26, Кристалдардын типтери . Катты денелердин жылу сыйымдылыгы
- •27, Электростатикалык ористин кернеулиги , потенциалы . Электростатикалык ористердин суперпозиция принципи
- •28, Гаусс теоремасы , Потенциалдар айырымы
- •29,Электростатикалык орис
- •36, Әр текти тизбек болигине арналган Ом заны
9.Жумыс , энергия , куат
Қуат уақыт бірлігі ішінде істелінген жұмыстың сол уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама
Бірқалыпты жұмыс істейтін жүйе үшін қуат: N=А/t өрнегі бойынша есептеледі, мұндағы А – t уақыт ішінде істелетін жұмыс, жалпы жағдайда лездік қуат -
,
dA – элементар уақыт бірлігі (dt) ішіндегі элементар жұмыс.
Қуат – механизмнің уақыт бірлігінде істейтін жұмысы. Энергия – дененің немесе жүйенің жұмыс істей алатын қабілетін сипаттайтын физикалық шама. E=Ek+Eп
жұмыс — күштің және орын ауыстырудың векторына бағынышты физикалық шама; белгілі бір физикалық процес үстінде энергияның бір түрден екінші түрге айналуын сипаттайтын шама A=F*S*cos
10. Кинетикалык и потенциалдык энергия . Энергиянын сакталу заны
Потенциалдық энергия — жүйенің толық механикалық энергиясының бір бөлігі. Ол жүйені құрайтын материалдық бөлшектердің өзара орналасуына және олардың сыртқы күш өрісіндегі (мысалы, гравитация өрісі) орнына байланысты анықталады. Нүктелік екі зарядтың потенциалдық энергиясы да осылайша анықталады. Eп=mgh
Кинетикалық энергияс – массалар центрінің жылдамдығы, Tc – жүйенің – материалдық нүктенің жылдамдығы. Мех. жүйенің Кинетикалық энергиясы сол жүйе құрамындағы нүктелердің Кинетикалық энергияларының қосындысы бойынша анықталады: Ek=mv2/2
Энергияның Сақталу Заңы, энергияның сақталу– табиғаттағы кез келген материялық тұйық жүйеде өтетін барлық процестер кезінде сол жүйе энергиясының сақталатынын тұжырымдайтын жалпы заң. Энергия бұл жағдайда тек бір түрден екінші бір түрге айналады , егер материялық жүйе сыртқы әсердің нәтижесінде бір күйдегі екінші бір күйге ауысса, онда оның энергиясының артуы (не кемуі) жүйемен әсерлесетін денелер мен өріс энергиясының кемуіне (не артуына) тең болады. Бұл жағдайда жүйе энергиясының өзгеруіне жүйе күйінің біреуіне (бастапқы не соңғы) ғана тәуелді болады да, оның ауысу жолына (тәсіліне) тәуелді болмайды. Басқаша айтқанда, энергия – жүйе күйінің бір мәнді функциясы. Термодинамикада Энергияның сақтау заңы термодинамиканың бірінші бастамасы деп аталады. Энергияның сақталу және айналу заңын 19 ғ-дың 40-жылдары Дж.Джоуль және неміс ғалымдары Р.Майер, Г.Гельмгольц бір-біріне байланыссыз.ашты m1v12/2+m2v22/2=m1v1’2/2+m2v2’2/2
11. Согу . Тартылыс куштеринин ориси
Соққы - шексіз аз уақыт ішінде дененің нүктелерінің жылдамдығының шектелген шамаға өсу құбылысы.
Абсолют серпiмдi емес соққы — соққының бірінші кезеңі біткенде, дененің бүкіл механикалық энергиясының денені деформациялауға және қыздыруға жүмсалуы. Соққының қалпына келтіруші коэффициенті к=0. m1v1+m2v2=( m1+ m2 )v m1v12/2+m2v22/2=( m1+ m2 )v2/2+Q
Абсолют серпiмдi соққы - соққыдан кейін дененің механикалық энергиясының толық алғашқы қалпына келуі. Соққының қалпына келтіруші коэффициенті к=1. m1v12/2+m2v22/2=m1v1’2/2+m2v2’2/2 m1v12+m2v22=m1v1’2+m2v2’2
Соққы түрлері
Қиғаш соққы - дененің массалар центрінің жылдамдығы соққының алғашқы кезеңінде тақта нормалына бір беймәлім бұрышпен бағытталады.
Тiк соққы - дененің массалар центрінің жылдамдығы соққының бастапқы кезінде тақта нормалымен бағытталған соққы,нормаль дененің массалар центрінен өтетін соққы.
Соққы тұтқырлығы — соғумен иген кезде үлгіліктің қирауының меншікті жұмысы.
Тiк центрлiк соққы — екі дене өзара соғысқанда нормальдары ортақ екі дененің жанасу нүктесі арқылы денелердің массалар центрінен өтіп және жылдамдықтары осы ортақ нормальдың бойымен бағытталған соққы.
Центрлік соққы — дененің тақта мен жанасу нүктесінен жүргізілген
