Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5В071300_ELBD_4209_umkdp_anbiev_kaz — копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Дәріс жоспары

1. Сертификация схемасының бөлінуі

2. Сертификация схемасы

Дәрісның қысқаша ұстауы

Өнімдердің көптеген әртүрлі түрі сертификаттаудың әртүрлі органдармен және әртүрлі жүйеде өткізілген сертификаттау рәсімі мен ережесін белгіленген біркелкіліктің қажеттілігін анықтайды.

Бұл мақсатқа жетудің бір жолы сертификаттау сызбасындағы біркелкілікті белгілеу болып табылады. Сертификаттау сызбасы – белгілеген іс әрекеттің жиынтығы сертификаттау жиынтығы органның сертификаттау өткізу кезіндегі және сертификатталған өнімнің шығарылған мерзімінде жүзеге асады.

Бұл сұрақтың маңыздылығын есепке ала отырып ХСҰ 1980 жылдары «Сертификаттау. Принциптері мен іс тәжірибесі» құжатын жариялады. Онда үшінші жақтың сертификаттаудың классификациялық сызбасы көрсетілген. Сертификаттаудың бұдан әрі дамуын классификацияның жан-жақты және тиімді болатының растайды, келесі сызбаларды өзіне қосқанда (кесте 1.1).

  1. Типтік сынақ.

  2. Типтік сынақтан кейін сауда саласындағы өнімнің алынған үлгілерін мерзімдік қадағалауды жүзеге асырады.

  3. Типтік сынақтан кейін өнімді дайындайтын өндірістен алынған іріктеулерді мерзімдік сынауды қадағалауды жүзеге асырады.

  4. Типтік сынақтан кейін өнімді дайындайтын өндірістен, сауда саласынан алынған іріктеулерді мерзімдік сынауды қолдануды жүзеге асырады.

  5. Типтік сынақ және өндірістегі сапа басқару жүйесінің бағалауы, тексеру қорытындысы үлгілерді сынау өнімді дайындайтын өндірістен сауда саласынан алынған үлгелерді қадағалауды жүзеге асырады.

6. Өндірістегі сапа басқармасының жүйесін бағалау және оны мақұлдау.

7. Өнімнің тобын сынау.

8. 100%-тік сынақ.

Өнімнің стандартқа сәйкестігін тексеретін басқа да жолдары бар. Мсыалы кейбір жағдайларда, өндірісте, типтік сынаққа дейін сызбадағы 2-4 тексерісті қолдануға болады. Негізінде бұл үкіметтің заңды деңгейі немесе әр елде сертификаттау жөніндегі орталық органның жұмысы. Сертификаттаудың әр сызбасының нақты мазмұны мыналардан тұрады.

Сертификаттау сызбасын таңдау ұсыныстары

1. 10-шы және 1-6 сертификаттау сызбаларын сериялы шығарылатын өнімді сертификаттағанда, ал 7, 8, 9 сызбаларын шығарылған өнімді сертификаттағанда қолданылады.

2. 1-ші сызбаны өндірілетін өнімнің көлемін алдын ала дайындағанда шектеулі түрде ғана қолданылады.

3. 2-ші сызбаны импортталған өнімді сертификаттауда қолданылуы мүмкін, ұзақ мерзімдік келісім немесе сериялы өнімді жеке келісім бойынша жеткізіп тұруға қолданылады.

4. 3-ші сызбаны сериялы өнімді сертификаттау үшін өндірістің тұрақтылығы күмән келтірмеген кезде қолданылады.

5. 4-ші сызбаны өнімнің мінездемесіне тұрақтылық және жан жақты қатаң бақылау болғанда қолданылады.

6. 5-ші және 6-шы сызбалар мынадай өнімді сертификаттағанда қолданылады:

- шығарылатын өнімнің бағалануы үшін сынаққа жеткіліксіз іріктеудің нақты көлемі болғанда;

- технологиялық үрдістің сыртқы ортаның әсеріне сезімталдығы;

- шығарылатын өнімнің мінездемесіне тұрақтылықты белгіленген жоғарғы талап;

- өнімнің жарамдылық мерзімі сынақ өткізу үшін және ұйымдар үшін өте қажет;

- өнімнің модификациялық ауысымының сипаты;

- тұтынушы монтаждағаннан кейін ғана өнімді сынауға болады.

6-шы сызбаның айырмашылығы соңғы бұйымды сертификаттау қарастырылмайды және жинақтық бұйымды сертификаттау үшін ұсынылған.

6-шы сызбаны жеткізушінің импортталған өнімін сертификаттауға қолданылады, Қазақстан аумағында нормативтік құжаттардағы талаптарға сәйкес олардың мәндері мен мінездемелері сертификаттау кезіндегі тізімдемедегі сапа менеджментінің барлық жүйесіне сертификат болса.

7. 7-ші және 8-ші сызбаны өндіріспен өнімнің біркелкі сипаттамасы болғанда ғана қолданылады (партиясы, бұйымның бір данасы).

8. 9-шы сызба импортталған өнім үшін мынадай жағдайларда қолданылады:

- жеке кәсіпкерлермен, кіші және орта бизнес үшін;

- өнімді өзінің қажетіне жарату үшін (жинақталған өнім) шикі зат және жартылай фабрикат өндіріс үшін, технологиялық жабдықтар, аспаптар және құрал саймандар бұл да өндіріс үшін (монтаж үшін құрал саймандар) шеттен әкелу:

- кәсіпорындарда өңірде сынақ зертханасы болмаған жағдайда өнімді шеттен әкелу.

9. 10-шы сызба отандық өндірістің өнімін сертификаттағанда уақытылы шығарылмаған немесе өндірістің аз көлемде шығарылуын қолданғанда қолданылуға ұсынылады.

Сызбаны кіші өнеркәсіптің өтінілген субъектісінде өнімді сертификаттағанда қолдану керек.

10. 9-шы және 10-шы сызбаны біртекті өнімнің мына топтарын сертификаттағанда қолдануға болмайды: балалар тағамы, ойыншықтар, автомобиль жанармайы, дәрілер.

Сызба 1. Типтік сынақ. Бұл тексеру әдісі өнімнің техникалық талаптарға сәйкестігін растау мақсатында өнімнің үлгісін сынайды. Бұл өнімді сертификаттаудың ең қарапайым тәуелсіз түрі, өнімді дайындаушының көзқарастары мен өнімнің шығарылуын құптаған үкімет органдары.

Типтік сынаққа арналынған техникалық талаптар белгіленеді. Техникалық талаптардың сынақ үшін жарамдылығын, сынақ әдісін бағалау керек, олар типтік сынаққа жарамдылығын жарияламас бұрын үрдістің ережелерін белгілейді. Ережелердің негізгі жүйесі құрылу керек, сонымен бірге саналатын бұйыға қолданылатын ерекше ереже болу керек. Белгіленген ережеге сәйкес тәуелсіз сынақ өткізу үшін арнайы ғимаратты сәйкес органдар бекітеді.

Әр сертификаттаудың сынақ қорытындысының есебі стандарттың түрі белгіленеді.

Өнімнің шығарылуын мақұлдаған орган ғана типтік сынақтың сертификатына және сынақтың қорытынды есебіне жауап береді және дайындаушының осы сертификат негізінде жасалған өтінішіне тек дайындаушы ғана жауапкер болады және бұл өтініш типтік сынақтан өткен бұйымға ғана жарайды. Дайындаушының бұл шектеулер мен үрдістер ережесі мен келісімі типтік сынақ өткізу шарты мен келіскен болып есептеледі. Сертификаттың жарамдылығы құжаттарда белгіленеді.

өнім және оның нақты моделі толығымен анықталады, мысалы, жазбаша (техникалық шарттары), сызбада, суретте, катологта номері мен атауы көрсетіледі. Сыналатын іріктеме саны белгіленеді. Техникалық шарттарға сәйкес келген іріктеме алынады. Мысалы өндірістегі дайын өнімнен саудаға түскен немесе өндіріліп жатқан өнімнен алынады.

Іріктемені сынау тәуелсіз қадағалаушының егер өздерінің құрал саймандары болса, дайындаушы өндірістің сынақ құрал жабдықтарын қолдана отырып жүзеге асырады. Дайындаушы өнім техникалық шарттарға сәйкес тәуелсіз сынақтан өткеніні айта алады. Сынаққа байланысты шығындар аз. Тек қана модел немесе нақты үлгі ғана техникалық шарттар сәйкестігінің сынағына ұшырайды.

Өнімнің шығарылуын мақұлдаған орган, типтік сынақтан кейін ешқандай қадағалау жүргізбейді. Сол себепті келесі өндірістегі нақ осы бұйымның моделінің техникалық шарттардағы талаптарға сәйкес келуінің кепілі жоқ.

Типтік сынаққа түсетін үлгі немесе бұйым моделі арнайы жасалуы мүмкін және типтік сынақтан өткен, техникалық шарт талаптарына сәйкес келетін сапалы бұйым мен қамтамасыз етіп тұруға дайындаушының жағдайы келетінің, көрсететін мәлімет жоқ.

Типтік сынақта өндірістегі сапа туралы сұрақ қарастырылмайды.

Өнімнің жеке түрлерін таңбалауды өнімнің қате сипаттамасы деп қарастыру керек, егер типтік сынақта шектеу түсіндірілмесе және көрсетілмесе. Бұндай таңбалаудың жауапкершілігін заң талап етсе де жауапкершілікті тек дайындаушы ғана ие және типтік сынақтың құзырына жатпайтын мұндай таңбалау сертификаттау жөніндегі органға ешқандай қатысы жоқ.

Осы себептер күмәнді, себебі тексерілген тауарлардың жарияланған тізімі қандай да шынайы бағалаудың кіргізілуі.

Сызба 2. Типтік сынақтан кейін сауда саласынан алынған іріктемені мерзімді сынау арқылы тауар сапасын қадағалауды жүзеге асырады. Бұл сызба типтік сынаққа негізделген, бірақ тексеру мақсатында қадағалау типтік сынақтан кейін шығарылған өнімнің техникалық шарттарға сәйкес келуі қажет. Өнімді мерзімді сынау, кезінде типтік сынақтан өткен сауда саласындағы бұйым үлгісін бақылауды білдіреді (сызба 1-ді қара).

Қорытындысында сауда саласындағы өнімнің сапасына қадғалауды жүзеге асырады. Мұндай сынақтар үшін мерзімдік сынақтың жиілігіне бұйым іріктемесінің санын анықтайды. Мерзімдік сынақты сертификаттау жөніндегі органның көрсеткен зертханасында өткізеді, бірақ тексерілетін өнімді шығаратын дайындаушы өндірістің сынақ зертханасындада өткізе алады.

Шығарылған өнімнің базардағы сату бөліміне қатысты кейбір мәліметтер анықталады.

Өнімді дайындаушы өнімнің құрамына енгізілген кез келген өзгерістерді сертификаттау жөніндегі органға хабарлайды.

Дайындаушы өндіріс мерзімді сынақтарға кеткен шығындарды төлеуге келісім береді. Белгіленген дәрежеден жоғары өткізілген мерзімдік сынақтың шығыны дайындаушы өндірістің есеп шотына қарайды, егер өнім стандартқа сай келмесе немесе құрамында рұқсат етілмеген өзгеріс болған жағдайда.

Артықшылығы:

  • өнімнің стандартқа тұрақты сәйкестігін бақылауды аз көлемдегі шығынмен жүзеге асыратын жүйе;

  • сертификаттау жөніндегі орган өндіріс стандарттарына қадағалау жүргізуді;

  • алынған ақпараттар өнімнің соңғы тұтынушыға жеткен кездегі сапасына әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

Кемшілігі:

  • типтік сынаққа қарағанда дайындаушы өндірістің шығындары өте жоғары;

  • өнімнің базардағы сату бөліміне жеткізілген кездегі сенімді қорытындыларын алуда әртүрлі қиындықтар кездесуі мүмкін;

  • өнімнің стандартқа сәйкес келмегені анықталған жағдайда тексеру органдарының іс әрекеті сақтандары алмайды. Типтік сынақ сертификатын күрделі бұйымды дайындауда көптеген өндірістің қатысатынын ескере отырып бір ғана бақылау сынағын өткізіп алып қоюы тәжірибеде қолданылмайды және саналы ойға қарама қайшы келеді;

  • өндірістегі сапа басқармасының сұрақтары қарастырылмайды.

Сертификаттау жөніндегі орган өнімнің жеке түрлерін таңбалайды. Осы тексеріс арқылы оларды стандартқа сәйкестігін куәландырады. Шектеулі бақылауға қарамай-ақ оларға бір ғана таңбалау қолданылады. Бұл 6-шы сызбадағы қолданылғаннан өзгеше болады.

Тексерілген тауарлар тізілімге енгізіледі.

Сызба 3. Типтік сынақтан кейін дайындаушы өндірістен алынған іріктемені мерзімді сынақтан өткізу жолдары қадағаланады. Бұл сызба типтік сынақта негізделген (сызба 1-ге қара), бірақ сату саласында жіберілмес бұрын дайындаушы өндірістен өнімнің құрамынан алынған масса, типтік сынақтан жиі тексерілген өткен өнімнің іріктемесі.

Мерзімдік сынақтың жиілігі және тексерілуге жататын бұйәым саны сол орында белгіленеді. Мерзімдік сынақ сертификаттау жөніндегі органның анықтаған зертханасында немесе өнімді дайындаушы өндірістің зертханасында өткізіледі.

Өнімді дайындаушы өндіріс сертификаттау жөніндегі органға бұйымның құрылымына енгізген барлық өзгерістер туралы мәлімет беріп тұрады.

Өнімді дайындаушы өндіріс мерзімдік сынаққа байланысты барлық шығындарды төлейді. Сертификаттау жөніндегі органмен жүргізілген қосымша тексеру сынақтарының шығындары, егер өнім стандартқа сай келмесе немесе құрылымда рұқсат етілмеген өзгеріс болса дайындаушының есеп шотынан алынады.

Артықшылығы:

  • сызба өнімнің стандартқа ылғи да сәйкестігін аз шығынмен тексерудің кейбір мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді;

  • өнімді дайындаушы өндірісте стандарттың сақталуына үздіксіз қадағалау жүргізеді;

  • өнімді дайындаушы өндірістің өлшемдерін тексеруге мүмкіндік береді және сынақ қорытындыларын бақылайды.

Кемшіліктері:

  • типтік сынаққа қарағанда дайындаушының шығыны көп болады;

  • сынақ жұмысына іріктемені таңдауға инспектор қажет.

Дайындаушы өндірісте іріктемені сынақ стандартына сәйкес емес бұйымның болуына ескерту жасайды.

Бұл сызба өнімнің жеке түрлеріне таңбалау жасау мүмкіндігін қарастырады. Сертификаттау жөніндегі орган 5-ші сызба бойынша қоысмша бақылау шараларын қолданыла алады. 5-ші сызба бойынша сәйкестік белгісін қолдануға болатынын не болмайтыны шешіледі. Данная схема предусматривает возможность маркировки отдельных видов продукции.

Өнімді тізілімге енгізеді.

Сызба 4. Типтік сынақтан кейін осы өнімді дайындайтын өндіріс саласы, сауда саласынан алынған іріктемені мерзімдік сынақтан өткізу жолдарын қадағалауды жүзеге асырады. Сызба типтік сынаққа негізделген (1-ші сызбаны қара), шығарылған өнімнің белгіленген талапқа сәйкестігін бақылау өнімді дайындайтын өндірістен алынған, сауда саласынан алынған іріктеменің мерзімдік сынағы өткізіледі.

Мерзімдік сынақ өткізудің жиілігі мен бұйым саны, сыналатын іріктеме саны сауда саласынан алынған, өндірістен алынған іріктеме саны белгіленеді.

Дайындаушының сауда органдарында өзінің өнімін сату үшін бірнеше мәлімет анықталады.

Дайындаушы сертификаттау жөніндегі органға бұйымға енгізілген өзгеріс туралы мәлімет береді.

Дайындаушы мерзімдік сынаққа байланысты барлық шығындарды келісім шарт бойынша төлеуге келіседі. Сертификаттау жөніндегі органның өткізушісі кез келген қосымша сынақ, егер бұйым белгіленген талапқа сай келмейтіні анықталса немесе келісілмеген өзгеріс болса, онда дайындаушының есеп шотынан алынады.

Артықшылығы:

  • сынаққа түскен іріктеменің санына тәуелді бұл жерде 2-ші сызба мен 3-ші сызбадан артықшылығы бар;

  • сауда саласынан алынған іріктемені сынау белгіленген дәрежеде осы өнімді дайындайтын өндірістен алынған іріктемені сынауды бақылайды.

Кемшілігі:

• сауда саласынан және өндірістен алынған іріктелген іріктемені бақылайтын қосымша қызметкер қажет. Осы сызба өнімнің жекеленген түрін таңбалауға мүмкіндік береді, ал сертификаттау органдары 5-ші сызбаны жүзеге асыру үшін бақылау шараларын толықтыру жолын қарастырады. 5-ші сызбада көрсетілген сәйкестік белгісін қолдану не қолданбау шешіледі.

Өнім тізілімге енгізіледі.

Сызба 5. Типтік сынақ және кәсіпорындағы сапа басқарма жүйесінің бағалауы, сауда саласының және кәсіпорыннан алынған дайындалған өнімді іріктеме сынақтары мен тексеру қорытындысын есепке ала отырып басқарма келісімімен келесі қадағалауды жүзеге асырады. Бұл сызба типтік сынақтың бағалауы мен кәсіпорыннан сауда саласынан алынған іріктемені мерзімдік бақылау сынағы мен кәсіпорындағы сапа басқармасы жүйесінің инспекторлық тексеру жолымен өнімнің белгіленген стандартқа сәйкестігін өндірістегі сапа басқармасы уақыты қадғалауға негізделген.

Артықшылығы:

  • сызба өндірілген өнімнің бекітілген параметрінің сақталуын сенімді және нақты тексерілуін қамтамасыз етеді;

  • тексеру жүйесінің оралымының өндіріске тиімділігі.

Кемшілігі:

• бұл сызба бұрынғыға қарағанда күрделілерік. Кәсіпорындағы сапа басқармасын қадағалайтын басқару қызметінің алыстығы маңызды кемшілік болуы мүмкін.

Бұл жүйенің маңыздысы сертификаттау жөніндегі орган бұйымның жеке түрін арнайы белгімен таңбалай алады.

Кәсіпорын мен өнім тізілімге енгізіледі.

Бұл сызбаның міндетті жалғамалы элементтері:

  • өнімнің стандарты мен техникалық жағдайы арнайы құжатта көрсетілген;

  • бақылау мен қадағалаудың бағдарламасы;

  • өнімді сертификаттауға өтініш берудің тәртібі;

  • кәсіпорындағы сапа басқармасы жүйесін бағалауы, техникалық шарт пен стандарт талаптарына сәйкес өнімді дайындауды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кәсіпорында алдын ала тексеру;

  • типтік сынақтан өткен өнімнің техникалық шарттарға немесе стандартқа сәйкестігін анықтау;

  • кәсіпорында шығарылған өнімнің сапасын мақұлдау, кәсіпорындағы сапа басқарма жүйесін мақұлдау;

  • өнімді өндіруге құқық беру;

  • кәсіпорындағы сапа басқарма жүйесіне инспекторлық бақылау;

  • іріктемені мерзімдік сынау.

Сызба 6. Кәсіпорында сапа басқармасы жүйесін бағалау және оны мақұлдау. Бұл сызбаны кейде кәсіпорынды сертификаттау әдісі деп те атайды. Осы сызба арқылы сертификаттау жөніндегі органның өкілдері кәсіпорынның стандартқа сәйкес өнімді шығаруға болатынын сонымен бірге бұйымды жобалаған ұйымды, олардың кәсіпорының және сапа басқарма жүйесін бағалайды. Бұл әдістің жарамдылығы шығарылған өнімнің түрін стандарт жарияламаған кезде бірақ сол кезде дайын өнім әр түрлі түрін ала алады. Олар нормативтік талаптарға сәйкес келмейді.

Кәсіпорын сапа басқармасы жүйесін бағалауды мақұлдау, тексеру сызба 5-дей өткізіледі. Осы өндірістің шығару мүмкіндіктері ғана қарастырылмайды. Мысалы, материалдың техникалық талаптарға қойылған жауапкершілігі мен осы материалдан өнімді өндіру мүмкіндіктері қарастырылуы кәсіпорынның өлшемдік жабдықтары тексеріледі.

Соңғы өнім сынаққа стандартта қарастырылған шама бойынша тексеріледі, ал сынақ аралығындағы тексеріс әдеттегідей өткізіледі.

Әдеттегі тексерілу мен мерзімдік сынақтар сызба 5-дей тексеріледі.

Сәйкестік белгісін таңбалауға рұқсатты немесе мақұлдауды соңғы өнімге емесе өнімнің жеке элементіне береді.

Бұл сызба 5-ші сызбаның әдісіне сәйкес, бірақ соңғы бұйымның сертификаты жоқ.

Артықшылығы:

  • кәсіпорын мүкіндігі мақұлданады және нақты соңғы өнімді өндіруге кәсіпорын әкімшілігі бұл жағдайды қолдана алады;

  • сәйкестік белгісі бар өнім элементтерінің шығарылуын мақұлдаған орган кәсіпорындағы сапа басқармасы қадағалауды жүзеге асырады;

  • бұл жүйе үкіметтік ұйымдарда кеңінен қолданылады.

Кемшілігі:

- сертификаттау жөніндегі орган стандартқа сәйкес емесе соңғы өнімге сертификат бере алмайды.

Бұл сызба арқылы өнімнің жекелеген түрлеріне таңбалау қолданылмайды.

Осы сызба бойынша өнімнің өндірісіне мақұлдау не рұқсат лаған кәсіпорын өнімнің жекеленген түрі бойынша тізілімге енгізілуі мүмкін, ол осы кәсіпорынның нақты өнеркәсіптік өндіріс мүкіндіктерін көрсете алады.

Сызба 7. Өнімді сынау. Бұл сызба арқылы іріктеменің орнына сынаққа өнімнің барлық тобы алынады және сынақ қорытындысы негізінде өнімнің стандартқа сай немесе сай емес екендігін білдіретін қорытынды шығарылады.

Өнімнің толық мәліметі болу керек, мысалы сызбалары, суреті, техникалық сипаттамасы, модельдің аты немесе оның номері көрсетілуі керек.

Сынақ үшін іріктеменің саны топтың көлемі мен сапа дәрежесіне байланысты.

Іріктемелер сертификаттау жөніндегі органның тексеру үшін белгіленген зертханадан алынады және тексеру белгіленген ережеге сәйкес өткізіледі.

Тексерілген өнімнің барлық тобына қорытындыны стандарт бойынша толық сыналған және белгіленген статистикалық ережелерге сәйкес береді.

Стандартта топтық өлшемі көрсетілуі керек және іріктеменің қажетті саны, сонымен қатар алынған іріктеме қорытындыларының саны топтың стандарт талаптарына сәйкестігін санау үшін қажет. Кез келген нақты өлшемнің тобы үшін алдын ала сапа дәрежесінің жарамдылығын статистикалық әдістер мен тәсілдер негізінде белгіленеді.

Сертификат нақты өнімнің сынау қорытындыларын алғаннан кейін қолма қол беріледі. Ереже бойынша таңбалау қолданылмайды.

Сызба 8. 100%-дық сынақ. Бұл сызба арқылы әрбір бұйым стандарт талаптарына сай сынақтан өтеді. Сынау үшін өнімнің сапалы мінездемесі болу керек және өлшемдерінің әдісін білу керек.

Әрбір бұйым сынауға жатады.

Сынақтан өткен бұйым сертификат алады. ал өте алмағаны – алмайды.

Сертификаттау жөніндегі орган басқасына қарағанда осы сызбамен бойынша тексергенде жауапкершілігі көп, себебі әрбір бұйымға берілетін сертификат қауіпсіздігіне. Бұл сызба бұдан бұрын сипатталған сызбалардан айырмашылығы көп. Баға кәсіпорындағы сапа басқарма жүйесіне емес тек бұйымға беріледі.

Әрбір бұйымды таңбалау жүргізіледі.

100%-дық сынақтан өткен өнімді шығаратын кәсіпорын тізілімге енгізілуі мүмкін.

Барлық сызбаны сертификаттаудың негізі сынақ болып саналады. Сынақ қымбат тұрады, сол себепті сертификаттау жүйесінің көпшіліг сынаудың қорытындыларын өзара қарастырады. Бұл екі жақтың, өңірлік және халықаралық келісімдерде ескеріледі. Сынақ қорытындыларын танудың өзара шарттары ескеріледі, бұдан мыналарды қарастыруға болады:

• өндіріске жеткізілгенге дейінгі және бұйымның жасалуына дейінгі маңызды парметрлерінің бағалауын қамтамасыз ететін сынақ зертханаларының болуы;

• кірудегі бақылау материалдарының, шикі заттың және бұйымның жинақталуы, дайын өнімнің өндірісіндегі бақылау сынағының болуы;

• дамыған нормативтік базаның болуы, бұйымның жарнамалау параметрі, белгіленген сынақ әдістері және сыналатын жабдықтарға талап, бақылау аспаптары, стендылар тексерумен оларды аттестаттаудың әдістерінің болуы. Сертификаттау сызбасының көрсетілгендері міндетті сертификаттауда қолданылады, себебі ол маңызды талаптарды өңірге қауіпсіздігін, денсаулыққа, азаматтардың мүлкіне және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігіне қолданылады. Бұл талаптар ережеге сәйкес заңдастырылған және жеткізіп берушіге оларды орындамау мүмкін емес.

Ерікті сертификаттау - өнімнің талаптарға сәйкестігін растайды, заңмен міндеттелмейді, бірақ жоғарғы дәрежедегі сапаны растайды немесе тапсырыс берушінің өнімге ерекше немесе көпшілік мақұлдаған талаптарға сәйкестігін растайды. Ерікті сертификаттау өндірушінің өзін өзі жарнамалауға жақын, бірақ міндетті сертификаттауға қосымша болады, ол бәсекелесуге қабілетті болуына және өнімнің дәрежесінің қызмет етуіне қызмет етеді.

Кесте 1 Сертификация схемаларының таптастыруы

Схема сертификации

Аттестация предприятий, систем качества

Типовые испытания образцов продукции в испытательных центрах

Последующий контроль качества продукции

Испытания образцов, взятых из торговли

Испытания образцов, взятых с производства

Надзор за функционированием систем обеспечения качества продукции на предприятии

1

+

2

+

+

3

+

+

4

+

+

+

5

+

+

+

+

+

6

+

7

На выборках

8

100%

Керекті әдебиет:

  1. Закон Республики Казахстан «О сертификации продукции и услуг»

  2. Рябчинский А.И., Фотин Р.К. Основы сертификации. Автомобильный транспорт: Учеб. для вузов. - М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. 336 с.: ил.

  3. Ибраев К.А., Рошаль Л.Я. Основы сертификации на автомобильном транспорте: Учебно – методическое пособие. М.: Трансконсалтинг, 1994. 112 с.

СӨЖ бақылау жұмысы

1. Классификации схем сертификации. [1, 2, 5]

2. Конкретное содержание каждого вида сертификации. [1, 2]

3. Преимущества и недостатки каждого вида схем сертификации

Дәріс 6

Тақырып 6 Сертификаттауды әдістемелік ұйымдастыруды қамтамасыз ету (2/2 сағ.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]