- •Оқытушы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»
- •Мазмұны
- •1 Оқу жұмыс бағдарламасы
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •Пәннің еңбек сыйымдылығы
- •Пәннің сипаттамасы
- •Пәннің мақсаты
- •Пәннің міндеттері
- •Айрықша деректемелер
- •Тұрақты деректемелер
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиеттер тізімі
- •Студенттердің білімін бағалау белгілері
- •Саясат және рәсімдер
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •3 Дәрістердің конспектісі
- •1 Дәріс Сертификаттау, оның мәні мен мазмұны (2 сағат)
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
- •Сертификаттау сызбасын таңдау ұсыныстары
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
- •Дәріс жоспары
- •4 Тәжірбиелік сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •1. Жалпы мағлұмат
- •2 Сертификатталған өнімнің нормативтік құжаттарына талап
- •3. Сертификаттауды өткізу
- •1. Қолдану саласы
- •3. Анықтама
- •4. Жалпы жағдайы
- •5. Сәйкестік белгісі мен таңбалау тәсілдері
- •6. Сәйкестік белгісімен таңбалауды техникалық жабдықтар мен қамтамасыз ету
- •7. Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды өткізу
- •Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •6 Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •6.1 Бақылау жұмыстарының тақырыбы
- •6.2 Емтихандық билеттер (тестілер)
Дәріс жоспары
1. Міндетті сертификация
2. Ерікті сертификация
Дәрісның қысқаша ұстауы
Өнімді сертификаттау және қызметі жұмысын өткізу үшін сертификаттау жүйесі болуы керек. Сертификаттау жүйесі ұлттық, өңірлік және халықаралық дәрежеде жүре алады.
Сертификаттаудың екі түрлі сипаттамасы бар: міндетті және ерікті сертификаттау. Сертификаттауды жүзеге асыру үшін ерікті және міндетті сертификаттау жүйесі құрылады.
Міндетті сертификаттау заң негізінде, заң ережелерімен, өңірлік және халықаралық келісімдермен жүзеге асады және өнімнің техникалық регламенттік талаптарына, экологиялық және қауіпсіздік стандарттарының міндетті талаптарына сәйкестігін анықтайды. Мемлекеттік сертификаттау нысандарының тізімдемесі және міндетті талаптардың тізімін мемлекеттік басқару дәрежесінде белгіленеді.
Ерікті сертификаттау өтініш берушінің бастамасы мен өткізіледі, бұған қоса өтініш беруші сертификаттау сынағын жүзеге асыру үшін нормативтік құжатты өзі таңдайды. Өнімді ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауға жатады, мұндай өнім міндетті сертификатты ауыстыра алмайды.
Міндетті және ерікті сертификаттау үшінші жақтың қатысуымен дайындаушы (бірінші жақ) немесе тұтынушыға (екінші жақ) тәуелді емес орган немесе тұлғамен өткізіледі.
Соңғы кездері ұйымдастырған түрі сәйкестікті бекітудің есті түрі – «өзін-өзі сертификаттау» кең етек алып барады, әр жүйеде және әр елде «жеткізіп берушінің өтініші», «декларация өтініші», «дайындаушының сәйкестік туралы өтініші», «сәйкестік декларациясы» т.б деп аталады.
Сәйкестік декларациясын қабылдау мынаны білдіреді: дайындаушы (сатушы) өзінің тікелей жауапкершіліг мен өнім нормативтік құжаттардағы нақты талаптарға жауап береді деп мәлімдейді. Бұл дайындаушының жауапкершілікті сезінуін білдіреді. Сәйкестік декларациясы белгіленген тәртіппен қабылданған сертификаттау жөніндегі аккредитивті органдарда тіркелген және сәйкестік сертификаты мен заңды күші тең.
Жеткізіп беруші өзінің барлық жұмыстарының түрін бақылау керек, өнімнің сапасына әсер ететін нормативтік құжаттардағы немесе стандарттардағы талаптарға сай екендігін өзінің өтінішінде көрсетеді. Ол үшін жеткізіп беруші өзінің қарамағындағы мұндай бақылауды өткізу үшін барлық қажетті нәрсе болуы керек (шикізат және материалдар, қамтамасыз ету, өндіріс, дайын өнім, орамы т.б). Қажетті жағдайда сапа жүйесіне сынақ жүргізудің қорытындылары туралы ақпаратты жеткізуі керек.
Сәйкестік өтінішінде өнімнің сипаттамасы толық болу керек, өнімді сипаттау үшін. Оған ең аз дегенде мынандай мәліметтер қажет:
• атауы және жеткізушінің мекен-жайы өтініште көрсетілуі керек;
« бұйым идентификациясы (атауы, түрі, моделі, партияның номері мен сериясы, бұйымның жинақтық номері);
• нормативті құжат пен стандарта тура, толық және нақты ақпарат болуы керек, өтініште көрсетілген сілтеме бойынша;
• егер қажет болса басқа да ақпараттарды береді, мысалы өнімнің сорты, категориясы;
• өтініштің жарияланған уақыты (декларация);
• қол қойған қызмет адамның фамилиясы аты-жөнінің толық болуы немесе басқа да эквивалентті тұлға;
«өтініш осы өтініш (декларация) жеткізушінің жауапкершілігімен жарияланады. өтініш құжат түрінде, тауар белгісі (этикетка) немесе басқа түрде берілуі мүмкін, сонымен қатар мөрленген және штампталған өтініш түрінде католог, есеп-фактура, қолдану ережесі түрінде осы өнімге қатысты сертификаттаудың бұл әртүрлілігі АҚШ-та, Канадада, Германияда, Нидерландыда және басқа елдерде де кеңінен қолданылады.
Бірақ та жеткізіп беруші өтініш сәйкестігі арқылы жарияланған өздерінің сертификатталған өнімге мемлекеттік органдармен қоса қоғамдық ұйымдардың бақылауынан босата алмайды. Мысалы, АҚШ-та жол қауіпсіздігінің агенствасы қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін сатуға қойылған кез-келген машинаны тексере алады. тексерістің дұрыс қорытындысында жабдықтаушы ешқандай шығын шығармайды. Егер де тексеру қорытындысы теріске шықса, жабдықтаушыға қатаң жаза қолданылады. Ол тексерістің шығынын өтейді, айыппұл төлейді, өнім дайындаудағы кемшілікті жояды, шыққан өнімнің барлық кемшілігін түзейді, сатылып кеткен автомашинамен қоса. Сонымен өтініш сәйкестігін жариялау жолымен сертификаттау қарапайым және арзан болып көрінетін орынды және дәлелденген дамыған елдердегі жоғарғы өндірістік ұйымдарда жэәне оның озық фермаларында қолданылады.
Өтініш сәйкестігін жариялау жолымен сертификаттаудан айырмашылығ стандарт талаптары өнімнің сәйкестігін қамтамасыз ету іс шаралары. Дайындаушы өндірістің толық жауапкершілігімен өткізіледі, сертификаттаудың үшінші жағы ұйымның қолдаушыларын қабылданған ережеге сәйкес өткізілген іс шараның дұрыстығын бағалайды және құптайды, үлгілерді сынауды жүзеге асырады, өндіріс процесінің жағдайые қадағалайды.
Сертификаттаудың барлық жүйесінде белгіленген шектеулер бар. Жалпы шектеулердің бірі болып барлық өнімнің толық, соңғы бұйымына дейін стандартқа сәйкестігі мүмкін емес. Соған қарамастан сертификаттаудың жүйесін енгізу жақсы өндірілген өнімнің, өндірістің жағдайының коммерциялық заңды және социалды жағдайының оңтайлы кепілін қамтамасыз етеді. Сертификаттаудың мұндай жүйесі сатып алушының сапасы стандартқа сай талаптардан төмен өнімді сатып алу қаупін мейлінше қысқартады.
Сертификаттау жүйесі өнімнің түрлерімен сәйкес оны дайындау технологиясы мен талартары мен бар заңдарымен және сатып алушылармен ұсынылған сәйкестікті енгізу қажет.
Кейбір өнімдерге сертификаттаудың осындай сызбасын (жүйесін)таңдау қажет, әрбір нақты жағдайда экономикалық тәжірибелік талаптарға жауап береді. Өкінішке орай бұл дұрыс принцип әртүрлі себептермен мемлекеттік органмен жиі бұзылады. Сызбаны таңдаудағы басқа маңызды жағдай болып әртүрлі ұлттық сертификаттау жүйесі бір ғана өнімнің өзіне техникалық талап бірдей болғанның өзінде сауда кедергілерін тудыру жағдайлары болуы мүмкін.
Сертификаттау жүйесі жинақталған мәліметтердің өнімнің сапасына және олардың өтімі мен дайындаудағы өзгерістерге әсерін жетілдіреді.
Егер сертификаттау жүйесі өнімнің нақты түріне сәйкестігін анықтаса, біртекті өнімді сертификаттау жүйесі өзінің тәжірибесінде өнімнің нақты осы түріне қатысты стандартты, ереже мен үрдісті қолданады. Біртекті өнімді сертификаттау жүйесінің бір немесе бірнешеуі жалпы біртекті өнімді сертификаттау жүйесін құрады. Барлық жүйелер жиынтығы ұлттық сертификаттау жүйесі.
Ұлттық сертификаттау жүйесі өңірлік және халықаралық сертификаттау жүйесінің біртекті өнімді жеке түрдегі сертификаттау түріне қатыса алады. Ұлттық сертификаттау жүйесінің жалпы құрылымы сурет 1.1 –де көрсетілген.
Сертификаттау жүйесіндегі ұлттық органның қызметі ережеге сәйкес мемлекеттік органдардың біреуіне жүктеледі және мыналардан тұрады:
• сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты құру;
• сертификаттаудың жалпы ережесін белгілеу;
• біртекті өнімді сертификаттау жүйесін құру;
• жүйедегі басқару мен үрдіс ережелерін белгілеу;
• біртекті өнімді сертификаттау жүйесінің орталық органдарын анықтау;
• сынақ зертханалары мен сертификаттау жөніндегі органдарды тағайындау;
• сертификаттау нысандары мен қатысушыларына мемлекеттік тізім жүргізу;
• шет елдік сертификат пен сынақ қорытындыларын тану ережесін белгілеу;
сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау жасау тәртібін және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруды белгілеу;
сертификаттау жөнінде халықаралық, өңірлік және шетелдік ұйымдардың өзара әрекеті;
•сертификаттау жөніндегі шағым арыздарды қарау.
Біртекті өнімді сертификаттау жүйесінің орталық органы мына қызметтерді атқарады:
біртекті өнімді сертификаттау жүйесін құрады және оны басқарады;
сертификаттау жөніндегі органмен сынақ зертханаларын анықтайды;
осы жүйедегі сертификатталған өнімнің тізімдемесін істейді;
сертификаттау құжаттарының тізімін жүргізеді;
сертификаттау органдарының іс әрекеті мен және сынақ зертханаларының шағым арыздарын қарайды.
Сертификаттау жөніндегі органның міндетіне мыналар жатады:
сертификаттауды өткізу, сертификат беру;
берілген сертификатты тоқтату немесе жою;
• сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау жасау;
• сертификаттау жүйесінде қолданылатын нормативті құжаттардың қорын жаңарту және құру. Аккредитивтелген сынақ зертханалары өнімнің нақты түріне сертификаттау сынағын өткізеді, сынақ хаттамасын рәсімдейді және береді.
Өтініш беруші (дайындаушылар, сатушылар, орындаушылар), өз кезегінде бір қатар міндеттерді орындау шарт:
сертификаттау жүйесіндегі ережеге сәйкес техникалық құжаттарды көрсету керек;
өндірілген өнімге нормативтік құжаттардың талабы сәйкес болуын қамтамасыз ету керек;
сертификатталған өнім туралы ақпаратты тұтынушыға жетуін қамтамасыз ету;
сертификатталған кездегі нормативтік құжаттардағы талапқа сай келмесе өнімді өткізуді тоқтатады;
сертификатталған өнімнің техникалық құжаттарында немесе дайындау технологиясында өзгеріс болса, сертификаттау органына хабарлау керек;
өнімді сертификаттау және сертификатталған өнімге инспекциялық бақылауды жүзеге асыру өкілеттік лауазымды адамдардың құзырына қамтамасыз етеді.
Сертификаттау жүйесі сәйкестік белгісі және сертификат формасын белгілейді.
Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттау жүйесінде өткізе алады, егер ол міндетті сертификаттау жүйесінде қаралса, егер осы жүйеде ерікті сертификаттаудың сәйкестік белгісі болса.
Сурет 1 – Ұлттық сертификация жүиесінің структурасы
Керекті әдебиет:
Бондаренко В.А., Якунин Н.Н. и др. Лицензирование и сертификация на автомобильном транспорте: Учебное пособие. 2-е изд. – М.: Машиностроение, 2004. – 496 с.
Закон Республики Казахстан «О стандартизации»
Закон Республики Казахстан «О сертификации продукции и услуг»
Рябчинский А.И., Фотин Р.К. Основы сертификации. Автомобильный транспорт: Учеб. для вузов. - М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. 336 с.: ил.
Ибраев К.А., Рошаль Л.Я. Основы сертификации на автомобильном транспорте: Учебно – методическое пособие. М.: Трансконсалтинг, 1994. 112 с.
СӨЖ бақылау жұмысы
Сертификация органдарының міндеттері және функциялары [3, 5].
Сертификат түрлері. [1, 2, 5]
Дәріс 5
Тақырып 5 Сертификаттау сызбалары (2/2 сағ.)
