Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5В071300_ELBD_4209_umkdp_anbiev_kaz — копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.58 Mб
Скачать

3 Дәрістердің конспектісі

1 Дәріс Сертификаттау, оның мәні мен мазмұны (2 сағат)

Дәріс жоспары

1. Жалпы мәлімдеу

2. Сертификация мағынасы

3. Сертификация маңызы

Дәріс қысқаша ұстауы

Жалпы мағлұмат.

Өнімді дайындаушы өнім көпшілік мақұлдаған стандарт талаптарына сай келеді деп айта бастағанда ғана сертификацияның ең қарапайым түрі пайда болады. Таңбалау, тізімге енгізу, өнімді мақұлдау туралы құжатты алу, сәйкес белгі беру немесе стандартқа сәйкес құптау сертификациясы – бұлардың барлығы сертификацияның әртүрлілігі. Бірақ әлемдік қауымдастықтағы социалдық және экономикалық үздіксіз өзгерістер өздеріне сәйкес қалыптасуды және сертификатты талап етеді. Сертификацияның қарапайым және қымбат емес түрінен күрделі түріне қарай өзгереді, өнімді дайындаушы мен сатып алушы арасындағы алшақтық әсіресе халықаралық сауда деңгейінде өседі.

Осы бағыттағы дамуды бұдан әрі жібермес үшін, көптеген халықаралық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар осы келелі мәселелерге аса қатты назар аударды. Бұған Еуропалық Экономикалық Комиссия ООН(ЕЭК ООН), Әлемдік сауда ұйымы (ӘСҰ), Евроодақ (ЕО), Стандарттаудың халықаралық ұйымы (СХҰ), Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) және басқалары.

Халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жою - әлемдік негіздегі сертификаттау тәжірибесіндегі жалғыз себептер емес. Сертификаттаудың қажеттілігі заңмен бекітіледі және күшейтіледі, күшейтіле беріледі. Заңдар, сақтандыру компанияларының қызығушылықтары және тұтынушылар өнімнің сапалы болуын талап етеді. Сонымен бірге тұтынушылар, үкіметтен тауардың қате сипаттамасынан қорғауды және базардағы өнім ассортиментінің жиі ұлғайып тұратын түрінің сатып алар кездегі нақты хабарламасын білгісі келеді. өнімді дайындаушылар бұл талапқа тез келісті, себебі олардың дайындаған өнімі қабылданған стандартқа сәйкес болғанына нақты сенімді болуларына мүмкіндік береді.

Бірқатар халықаралық ұйымдар халықаралық сертификат туралы жұмыстарға іс жүзінде сараптама жасады, соны негізге ала отырып халықаралық құжат жасады.

ЕЭК БҰҰ ұсыныстарында негізгі міндетті принцптер мыналар:

• сертификат келісіміне кез келген жақ қатыса алады, қабылдаған ережені, міндеттемені сақтай алады;

• құқықтар мен міндеттерінің теңдігі және келісімде қамтылған барлық тауарларға импорттық немесе елімізде өндірілген тауарлардың бірдейлігі;

• сертификат жүйесін өзара құрметтеу және стандартқа сәйкес бекіту үшін экспорттық елде өткізілген зерттеулердің қорытындылары;

• білікті маманның болуы, сертификат туралы келісімдегі талаптарға сәйкес келетін құрал жабдықтардың болуы «ұлттық стандарттың үндестігі»;

• техникалық біліктілігіне өзара сенім, ұлттық ұйымдарға сенімділік пен әділдік ұлттық ұйымдарға сәйкес және сертификаттау жүйесіне қажетті сертификаттау жөніндегі келісімнің тиімділігі;

• сертификаттау жүйесіндегі ұлттық сертификаттау жүйесіндегі жаңалықтар мен айырбастау, олардың техникалық мүмкіндіктері мен әкімшілік жағдайлары, қызметкерлер туралы мәліметтер;

• сертификаттау органдарының эксперттерінің бақылау және қадағалау жүйесін ұйымдастыру мен танысу үшін басқа елдерге баруы.

Сертификаттау жүйесінде біркелкі қалыптастыруда өндіру жұмыстың күрделілігін және қажеттілігін Еуропаның өзінде жүздеген халықаралық және өңірлік сертификаттау туралы келісімдер бар. Халықаралық сертификаттау жүйесіндегі келісімдер өңірлік келісімдер мен басқа келісімдер өзге елдер үшін жаңа кедергілер туғызбауы керек. Сертификаттаудағы келісімдердің негізгі мақсаты сертификаттаудағы ұлттық органдардың өзара келісімдері, сол сияқты ұлттық инспекциясы мен сынақтарының қорытындысында ортақ келісімге келуі.

Керекті әдебиет:

  1. Бондаренко В.А., Якунин Н.Н. и др. Лицензирование и сертификация на автомобильном транспорте: Учебное пособие. 2-е изд. – М.: Машиностроение, 2004. – 496 с.

  2. Закон Республики Казахстан «О стандартизации»

  3. Закон Республики Казахстан «О сертификации продукции и услуг»

  4. Рябчинский А.И., Фотин Р.К. Основы сертификации. Автомобильный транспорт: Учеб. для вузов. - М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. 336 с.: ил.

  5. Аристов А.И. Основы качества, стандартизации и сертификации в автомобилестроении. М.: МАДИ, 2001.

СӨЖ бақылау жұмысы

  1. Сертификация мақсаты [1, 2].

  2. Сертификация маңызы [1, 2].

Дәріс 2 Негізгі терминдер мен анықтамалар (1/1 сағ.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]