Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5В071300_ELBD_4209_umkdp_anbiev_kaz — копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.58 Mб
Скачать

Дәріс жоспары

1. Халықаралық электротехникалық комиссия

2. Стандарт ИСО

Дәрісның қысқаша ұстауы

Өнеркәсіп өндірісінің және халықаралық сауданың дамуы әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысында көптеген ұлттық және өңірлік сертифкаттау жүйесінің рәсімдерімен нормативтік базаларының құрылуына әкелді. Осындай жағдайда өзара жарамды халықаралық сертификаттау рәсімі сонымен қатар нормативтік құжаттар, регламенттер, ережелер, директива және т.с құрылуының қажеттілігі туды.

Құрылымға қатысты келісілмеген стандарттың болуы мысалы, автокөліктік жабдық тарифсіз сауда кедергілерін туғызады. Бұл мәселені шешудің үш аспектісі бар:

  • біріншіден, стандарттар жол көлік оқиғасының сараптамасына және өте қымбат тұратын ғылыми зерттеулерге сүйенеді. Бір бірінен айырмашылығы бар. Стандарттарды жасау әр елде шығындардың негізсіз көбеюі мен қайтарымына әкеледі, ал сол кезде бірлескен халықаралық стандарттарды жасау жабдықтарды ғылыми зерттеуге оңтайлы қолданудың жолын қамтамасыз етеді;

  • екіншіден, бір бірінен айырмашылығы бар стандарттар бұйымға бір біріне айырмашылығы бар техникалық талаптарға әкеледі, бұл өндірістік шығындарды көбейтеді және кооперацияны шектейді;

  • үшіншіден стандартпен арнайы бекітулерді өзара тану және көлікті базарда сатуға дейін белгіленген нормаға сәйкестігін қайта тексеруден өткізбеу мүмкіндігі болады және көп түрлілігін жояды және тексеру сипаттамасынан кейін өз еркінше сауданың дамуына кедергі келтіреді. Бұл жағдайда көптеген кемшілік факторларын жою, халықаралық келісім, конвенция келісім шарт жасау арқылы жүзеге асады.

Төменде автокөліктің жабдықтарын сертификаттауға қатысты аса маңызды деңгейлердің келісімдермен конвенциялары келтірілген:

- Дөңгелекті көлік жабдығы, дөңгелекті көліктерде қолданылатын немесе орнатылатын құрал саймандар мен бөліктер үшін біріңғай техникалық ұйғарымды қабылдауға келісім және осы ұйғарымдар негізінде берілген арнайы бекітуді өзара тану шарттары (Женева келісімі 1958 жыл);

- Дөңгелекті көліктер, жаһандық дөңгелектік көліктерде қолданылатын немесе орнатылатын құрал саймандар мен бөліктер үшін жаһандық техникалық ережені енгізу келісімі (Жаһандық келісім 1998 жыл);

- Дөңгелекті көлікті мерзімдік техникалық тексеруден өткізу үшін біріңғай шартты қабылдау және осындай тексерулерді өзара тануына келісім (Келісім 1997 жыл);

- Жол қозғалысының конвенциясы (Вен конвенциясы 1968 жыл.);

- Саудадағы техникалық кедергілер туралы келісім (СТК келісімі);

- Рим келісімі 1957 жыл.;

- Қауіпті жүктерді халықаралық жолдармен тасымалдаудың Еуропалық келісімі (ХЖТЕ келісімі);

- Тез бұзылатын өнімді халықаралық тасымалдау және тасымалдау үшін қолданылатын арнайы жабдықтарға келісім (ТБӨ келісімі).

Қазіргі уақытта өнімді сертификаттаудың немесе қызмет көрсетудің немесе сынақ зертханалары мен сертифкаттау жөніндегі органдарды тағайындау қандай да бір деңгейіне қатыспаған халықаралық ұйымды атау қиын.

Автокөлікке қолданудың өзінің қызметін әлемдік көлемде немесе еуропада және «құрылтайшы» немесе «тең құрылтайшы» қатарында автомобиль құрылыс өнімдерін сертифкаттауды жүзеге асыратын тек аса маңызды халықаралфқ ұйымдарды қарастырамыз.

СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ КОМИССИЯ (ХСҰ/ХЭК).

1947 жылы құрылған ХСҰ және 1906 жылы құрылған ХЭК стандарттау саласында бірігіп қызмет атқарған, осы деңгейде өздерінің қызметін сертификаттау саласының дамуында жалғастырған.

ХСҰ/ХЭК әдістемелік ұйымдастыру қамтамасыз етудің негізін халықаралық көлемде құрды.

ХСҰ көлемінде сертификаттау жөніндегі арнайы комитет құрылды (СЕРТИК), қызмет көрсету саласфнфң ұлғаюына байланысты 1955 жылдан бастап сапа және сертифкаттау комитеті деп аталды (ССКО).

Комитет қызметінің басты бағыттары:

  • өнім сәйкестігінің бағалау әдістерін оқу және әр елде белгіленген талап пен сапа жүйесін қамтамасыз ету;

  • сынақ бойынша әдістемелік құжаттарды (басшылық) инспекциялық бақылауды және өнімді сертификаттауды, шараларды қызметі сонымен қатар қызмет саласында ұйымдастыру және сынақ зертханаларының бағалауы және сертификаттау жөніндегі орган және сапамен қамтамасыз ету жүйесін дайындау;

• өзара тануға көмектесу және ұлттық және өңірлік сапамен қамтамасыз ету жүйесін құру халықаралық стандарттарды сынаққа, бақылауға, сапа жүйесіне қолдану. ХСҰ/ХЭК сертификаттау саласындағы қызметтерінің маңызды қорытындысы болып ХСҰ/ХЭК басшылығының сериясы жұмысы болды.

Бірінші нұсқау ХСҰ/ХЭК 2 1976 жылы құрылды. Ал одан кейін бірнеше нұсқаулар жасалынды. Солардың ішіндегі сертифкаттау саласындағы ең маңыздысы болып мыналар болады: ХСҰ/ХЭК 2, ХСҰ/ХЭК 7, ХСҰ/ХЭК 22, ХСҰ/ХЭК 25, ХСҰ/ХЭК 28, ХСҰ/ХЭК 38, ХСҰ/ХЭК 40, ХСҰ/ХЭК 43, ХСҰ/ХЭК 45, ХСҰ/ХЭК 49, ХСҰ/ХЭК 54, ХСҰ/ХЭК 55.

Өнімді сертифкаттау, өнімді сапамен қамтамасыз ету жүйесін бағалауы және сынақ зертханаларының тағайындалуының методикңалық құжаттарының ХСҰ/ХЭК тізімі төменде келтірілген:

- ХСҰ/ХЭК 2 «Стандарттау және сертификаттау саласындағы жалпы терминдер мен анықтамалар»;

- ХСҰ/ХЭК 7 «Бұйымды сертификаттауда қолданылатын стандарттарға талап»;

- ХСҰ/ХЭК 16 «Стандарт негізіне сәйкес үшінші жақтың сертификаттау жүйесінің ережелер жинағы»;

- ХСҰ/ХЭК 22 «Стандартқа сәйкес немесе басқа техникалық шарттар туралы дайындаушының өтініші туралы ақпарат»;

- ХСҰ/ХЭК 23 «Үшінші жақтың сертификаттау жүйесі үшін стандартқа сәйкестігінің нұсқау әдістері»;

- ХСҰ/ХЭК 25 «Сынақ зертханаларының техникалық құзіреттілігін бағалаудың жалпы талаптары»;

- ХСҰ/ХЭК 27 «Белгі дұрыс қолданылмаған жағдайда сертификаттау жөніндегі органның түзету іс шараларын өткізудің нұсқаулығы;

- сәйкестік немесе мына жағдайда, егер өнімді пайдаланғанда сертификаттау жөніндегі органның берген сәйкестік белгісі бар, денсаулық үшін қаупі бар және мүлікке қаупі бар»;

- ХСҰ/ХЭК 28 «Үшінші жақтың өнімді сертикаттау жүйесінің моделі үшін жалпы ереже»;

- ХСҰ/ХЭК 38 «Сынақ зертханаларын қабылдаудағы жалпы талабы»;

- ХСҰ/ХЭК 39 «Бақылау органдарын қабылдаудың жалпы талабы»;

- ХСҰ/ХЭК 40 «Сертификатау жөніндегі органды қабылдаудың жалпы талабы»;

- ХСҰ/ХЭК 42 «Халықаралық сертификаттау жүйесіне жақындаудың нұсқаулығы»;

- ХСҰ/ХЭК 43 «Тексеру құзіреттіліг өткізу және ұйымдастыру»;

- ХСҰ/ХЭК 44 «Үшінші жақтың өнімді халықаралық сертификаттау жүйесіндегі жалпы ережелер»;

- ХСҰ/ХЭК 45 «Сынақ қорытындыларына мүмкіндік жасау нұсқаулығы»;

- ХСҰ/ХЭК 48 «Үшінші жақтың жеткізіп берушінің сапа жүйесін тіркеуді бағалаудың нұсқаулығы»;

- ХСҰ/ХЭК 49 «Сапа жөнінен сынақ зертханалары үшін нұсқаулық жасаудың басқару жағдайы»;

- ХСҰ/ХЭК 54 «Сынақ зертханаларын аккредетивтеу жүйесі аккредетивтеу жөніндегі органның қабылдаудың жалпы талабы»;

- ХСҰ/ХЭК 55 «Сынақ зертханаларының аккредетивтеу жүйесінің жұмыс істеудің жалпы сипаттамасы».

Нұсқаулық жаңа оқылымды келесі басылымда жариялау арқылы үздіксіз жетілдіріледі.

Келесі ХСҰ қызметінің өте маңызды жетістіктері стандарт ХСҰ сериясы 9000 (9000-9004) жұмыстың жасалуы болып табылады. Бұл стандарттарда өндірістік процестің әртүрі кезеңінде, кәсіпорында сапамен қамтамасыз ету жүйесін құрудың басшылық нұсқалары болады. Бірақ бұл стандарттар өнімді сертификаттау саласына кірмейді, бірақ олардың қолданылуы шығарылған сертификатталған өнімнің тұрақты техникалық деңгейін сақтауда маңызды роль атқара алады.

ХСҰ сериясы 9000 стандарттары америкалық корпоративтік стандарттардың QS 9000 («Форд», «Дженерал моторз», «Крайслер»), құрылуына негіз болды, негізінен басқа автомобиль құрылыс фирмалары кеңінен қолданылады.

ХСҰ сериясы 9000 негізінде еуропалық норма ЕС серия 12000 жасалынды.

Керекті әдебиет:

  1. Бондаренко В.А., Якунин Н.Н. и др. Лицензирование и сертификация на автомобильном транспорте: Учебное пособие. 2-е изд. – М.: Машиностроение, 2004. – 496 с.

  2. Закон Республики Казахстан «О сертификации продукции и услуг»

  3. Рябчинский А.И., Фотин Р.К. Основы сертификации. Автомобильный транспорт: Учеб. для вузов. - М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. 336 с.: ил.

СӨЖ бақылау жұмысы

  1. Халықаралық электро-техникалық комиссия (ХЭК) міндеттері [1, 3, 5].

  2. ИСО міндеттері [1, 3].

Дәріс 8

Тақырып 8 Бүкіл әлемдік сату ұйымы (ВТО) (1/1 сағ.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]