Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалык сабактар (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
281.5 Кб
Скачать

Бидай астығының өзінше сұрыпталуы

Сапа көрсеткіштері

Конустың жоғарғы жағы

Конустың табаны

Натуралық салмақ, г/л

707

677

1000 дәннің салмағы, г

16,3

15,2

28-кестенің жалғасы

Майдаланған дән мөлшері, %

1,8

2,2

Жеңіл қоспа мөлшері, %

0,5

2,1

Арам шөп тұқымдарының мөлшері, %

0,3

1,0

Жетілмеген дән мөлшері, %

0,1

0,5

Силостан астық массасын босатқан кезде алдымен үлкен және ауыр денелі дәндер, минералдық қоспалар алдымен түседі. Сонымен жеңіл қоспалар, жетілмеген дәндер кешігіп түседі.

Силосты босатқан кезде астық массасының босатылу жүйесінің әр түрлі ағыту жолын төмендегі 1-суретте көрсетіледі.

1-сурет. Астық массасының силостан босатылған кезде әртүрлі төгілуі

а-суретте астық массасын бірқалыпты ағытуда, ең алдымен шығу тесігінің үстінде орналасқан тік қабаттың босатылуы жүреді. Бұл қабатқа біртіндеп ең жоғарғы бүйірде орналасқан қабаттар ілеседі.

Ортадағы тіреуге ұқсас қабатта астық массасының сапасы басқа қабаттармен салыстырғанда жоғары болады (көлемдік, өзіндік және 1000 дәнінің салмағы, жеңіл қоспалар, шаңдар аздау келеді). Мұндай ағыс көбінесе үлкен диаметрлі силостың қабылдау және босату тесіктері симетриялы ортасында орналасқан кезде кездеседі. Асиметриялы ағыс диаметрі үлкен силостардың қабылдау және босату тесіктері симетриялы орналаспаған жағдайда болады. Бұл схемада астық массасының үлкен тіреу түрінде астығы көп қабаттан жиналған қалыпқа ие болған кезде болады.

Симетриялы ағыс өте тар силостарда кездеседі (в). Бұл жағдайда астық массасы біртұтас жоғарыдан төмен сырғанайды. Егерде астық массасы ылғалдылығы жоғары болса онда симетриялы ағыс бұзылады. Ғылыми зерттеулердің нәтижесібойынша астық массасының ағуын екі түрге бөледі: орталык ағын және массалық ағын.

Орталық ағын деп силостан астық массасының мынандай шығу түрі. силостың қабырғасына байланысты оның төмен қарай қозғалысы болмайды. Өнімнің шығуы оның шығару тесігінің үстіндегі қабаттарындағы тығыздығы төмендеп толық босаңсыған кезде жүреді. Астық массасының ағуы орталык топ тіреу қабаттарында дәндердің орналасу тығыздығы төмендеген кезде болады.

Ол мына – 2-суреттегі түрде жүреді:

2-сурет. Орталық ағын «біріншісі кіргенде – соңғысы шыққанда»

Орталық ағынның негізгі принципі-"бірінші кіруде сонғы шығуда" немесе "соңғы кіруде - бірінші шығуда".

Массалық ағын деп астық массасының біртұтас бұзылмай шығу тесігіне қозғалуын айтамыз. Кесінді қимасы жазық түрінде болып бірінші түскен астық массасы бірінші болып силостан шығады (3-сурет).

3-сурет. Массалық ағын «біріншісі кіргенде – соңғысы шыққанда»

Массалық ағын мына жағдайларда болады:

- босату түбі, өте сүйір және беті тегіс;

- босату түбінде орналасқан қабатқа, силостың үстіңгі орта жағынан қысым берілуі болғанда;

- босату тесігі үлкен жағдайда.

Астық массасының өздігінен сұрыпталуы оны сақтауда кері әсер береді. себебі силостың әр бөлігінде әр түрлі сақтау жағдайын тудырады.